Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет8/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7.3 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме және жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптарды оқып білуі керек.

Мысалы жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме төмендегідей:

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiздеме болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті.

Ал жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар мынандай:

1) жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;

2) кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын сақтау;

3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болғызбау;

      4) барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;

      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;

      6) жер қойнауының, әсiресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау;

      7) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөнiндегi белгiленген тәртiптi сақтау;

      8) қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

      9) автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердiң аумағын азайту;

      10) топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау;

      11) сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшiн оларды оқшаулау;

      12) жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану;

13) бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану;

   14) бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою;

      15) мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы:

1) жұмыстарды жүргiзудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;

2) жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.

Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар, жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезiндегi экологиялық талаптар және су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптардан түсінігі болуы керек.

 Бақылау сұрақтары:

1 Қазақстанның жер қойнауы.

2 Мемлекеттік кен немесе жер қойнауы кадастры, оның түрлері және ол не үшін жүргізіледі?

3 Кен орындары және пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң мемлекеттiк кадастры дегенімз не?

4 Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастры және оның құрамы.

5 Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастры және оның мазмұны.

6 Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.

7 Жер қойнауын пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар.

8 Жер асты суларын барлау және (немесе) шығару кезіндегі экологиялық талаптар.

9 Су асты кабельдері мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.



Әдебиет:

1, с. 114-118; 2, с. 208-225; 3, с. 331-335; 4, 201-210б.; 5, 144-154 б; 6, 181-198 б.; 405-419 б; 7, с.265-271; 10, 182-217, 293-312 б; 12, 178-218, 251-260 б.; 13, 392 б; 25, с.193-223; 29, 65б.


8 Тақырып Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайлар

Мақсаты: Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайлармен танысу

Жоспар:

8.1 Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайлар

8.2 Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар
 8.1 Қазақстандағы экологиялық жағдайларды оқып білу барысында студент бұл жағдай оның аумағында радиоактивтік-қауіпті объектілердің орналасуына байланысты екенін білуі керек. Мысалы бұндай объектілердің әсер ету аймағына Қазақстанның барлық территориясының шамамен 13% келеді (шамамен 350 тыс км2), немесе Семей полигоны ауданынан 19 есе артық.

Қазіргі уақытта мамандардың тұжырымдамалары бойынша Қазақстан аумағының радиоактивтік ластану деңгейі Чернобыльда болған апаттан кейін ластанған аумақтың деңгейінен 1,5 есе артық.

Алдын ала жүргізілген есептемелер бойынша радиоактивтілігі жоғары аудандарда 1 млн. артық адамдар тұрады, бұл фактордың адам денсаулығына деген әсерін тыңғылықты зерттеу керек.

Жалпы радиоактивті ластанудың негізгі факторларын немесе көздерін, сонымен қатар радиоактивті ластанудың техногендік көздерін білу керек.

Қазақстан аумағының жасанды радионуклидтермен ластануына ерекше көңіл бөлу керек. Олар мына жағдайларға байланысты:

- Семей полигонында (ауданы 18500 км2) көп жылдар бойы ядерлік қаруларды сынау, сонымен қатар «бейбітшілік» мақсатында деген ядерлік жарылыстар;

- ядерлік өндірістер мен ғылыми негізде пайданылған реакторлардың әсерлері, олардың бірі - БН-350 өндіріс реакторы Актау қ.) (қазіргі кезде жұмысы тоқтатылған);

- өндірісте, медицинада, ғылымда иондайтын сәуле шығаруды пайдалану.

Сонымен қатар Қазақстан табиғи ортасының, оның ішінде ауаның, радиациялық аясына басқа елдерде жер үстінде және ауада жүргізілген ядерлік жарылыстардан болған ғаламдық атмосфералық радиоактивтік ластаулар әсер етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі елімізді радиоактивтік ластанудан сауықтыру үшін үлкен көңіл береді.

Республикамызда радиоэкологиялық жағдайды жақсарту ең бір мемлекеттік маңызы бар мәселе болып саналады. Ол үшін келесі шараларды жүргізу керек:

1. Сенімді құқықтық ақпараттық базаны құру, радиоактивтік қалдықтармен айналысу заңдарын жасау, радиоактивтік жағдайды зерттеу жұмыстарын аяқтау, қауіпті объектілерде тұрақты мониторинг жүргізу. Тұрғындар қай жерде радиациялық қауіп бар екенін және одан қалай қорғану керек екенін білуі керек.

2. Жақын арада радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге арналған арнаулы комбинатты құруға қаржы мәселесі шешілуі керек. Шамалы және орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын жасау (уранды кендер карьерлерінде).

3. Көмілген уран өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу, бұл жұмыстар эксперттердің бағалауы бойынша шамамен 800 млн долла­р (американдық).

4. Уранемес және мұнай өндірісінің радиациялық қалдықтарын жинау және көму. Мемлекетке ең ауыр жұмыс ластанған аумақтарды қалпына келтіру және радиоактивтік қалдықтарды көму проблемалары.

Сонымен осы кезде тәуелсіз мемлекет болдық, енді әр саналы және сауатты азамат қазақ жерінде экологиялық апаттардың болмауына тырысу керек. Радиоэкологияны тәрбие құралы ретінде пайдалу қажет.


8.2 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптарды және ең алдымен радиоактивті қалдықтар мен материалдарды трансшекаралық ауыстыру кезінде қойылатын экологиялық талаптарды білуі керек.

Мысалы, өңдеу үшін басқа мемлекеттерге әкетілген Қазақстан Республикасының өз радиоактивті қалдықтарын қоспағанда, радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму мақсатында басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады. Радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізбей радиоактивті қалдықтар мен материалдарды жер бетіне және жер қойнауына көмуге (орналастыруға) тыйым салынады.

Қазақстан Республикасына радиоактивті материалдарды, радиациялық қауіпсіздік нормаларында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радиоактивтік заттарды қамтитын жартылай фабрикаттарды, шикізаттарды, жинақтаушы бұйымдарды әкелу мемлекеттік экологиялық сараптаманың алдын ала оң қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

Радиоактивті материалдарды трансшекаралық ауыстыру кезінде табиғат пайдаланушы халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті. Бұл ретте:

1) табиғат пайдаланушы межелі мемлекеттің рұқсаты және алдын ала хабардар етілуі, сондай-ақ келісімі бойынша ауыстыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті;

2) транзит мемлекеттері арқылы трансшекаралық ауыстыру нақты пайдаланылатын көлік түрлеріне сәйкес келетін халықаралық міндеттемелерді орындау шартымен жүзеге асырылуға тиіс;

3) пайдаланылған отынды немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму үшін оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай 60 градус межелі орынға жөнелтуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптардан хабардар болуы керек. Олар кодексте былай жазылған:

1. Жеке және заңды тұлғалар радиоактивті материалдарды өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың және жоюдың белгіленген ережелерін сақтауға, радиациялық әсердің жол берілетін шекті деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

2. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы байқалған жағдайда жеке және заңды тұлғалар бұл туралы атом энергиясы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына кідіріссіз түрде хабарлауға тиіс.

3. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезінде табиғат пайдаланушылар:

1) радиоактивті материалдарды пайдалану мерзімі ішінде оларға әсер етуі мүмкін барлық факторларды бағалауды;

2) радиоактивті материалдардың халық денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды;

3) азаматтарға және қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты қоспағанда, радиоактивті материалдардың сипаттамасы мен оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттың берілуін;

4) Қазақстан Республикасының халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес радиациялық қауіпсіздіктің негізгі нормалары мен ережелерін ескере отырып, халық денсаулығына және қоршаған ортаға радиациялық, оның ішінде авария салдарынан болатын радиациялық әсерді шектеу шараларын;

5) радиоактивті қалдықтар түзілуінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

Ал радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар мынандай:

1. Қазақстан Республикасының аумағында түзілетін радиоактивті қалдықтар олардың ықтимал қауіптілігі болуы мүмкін уақыт кезеңі ішінде халық пен қоршаған ортаның радиациядан қорғалуын қамтамасыз ететіндей түрде көмілуге тиіс.

2. Радиоактивті қалдықтарды орналастыру радиоактивті қалдықтардың түзілуіне алып келетін қызметтің кез келген түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және техникалық құжаттамада көзделуге тиіс. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау мен көму тәртібі және оларды ұйымдастыру осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезінде табиғат пайдаланушылар:

1) өздігінен жүретін тізбекті ядролық реакцияларды болғызбауды және жылудың көп бөлінуінен қорғауды;

2) радиациялық қауіпсіздік ережелері мен нормаларына сәйкес тиісті қорғау әдістерін қолдану арқылы халықтың және қоршаған ортаның тиімді қорғалуын;

3) радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтаумен байланысты болуы мүмкін биологиялық, химиялық және басқа да тәуекелдердің есебін;

4) көму объектісінің орналасқан жеріне, конструкциясы мен құрамына қатысты есеп құжаттарының сақталуын;

5) радиоактивті материалдарға санкциясыз қол жеткізуді бақылау мен шектеу, сондай-ақ радиоактивті заттардың қоршаған ортаға жоспарланбаған шығарылуын болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

 Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар жайында былай делінген:

1. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ережелерге және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау ережелері жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, қауіпсіздік, физикалық жағынан қорғалу шараларын, оқиғалар мен аварияларға жол бермеу жөніндегі келісілген шаралар жүйесін, буып-түюге, таңбалауға және көлік құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың салдарын тұмшалау жөніндегі іс-шараларды көздеуге тиіс.

Кодексте елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және мұнай операциялары кезіндегі радиациялық қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Онда былай деп жазылған:

1. Радиациялық бақылауды ұйымдастыру радиациялық қауіпсіздіктің белгіленген нормативтік шамаларынан асуына жол бермеуін, сондай-ақ халыққа дозалық жүктемені төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуді өзіне міндет етіп қояды.

2. Елді мекен пункттерінің, тұрғын үй-тұрмыстық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, демалыс және рекреация аймақтарының, бағбандық серіктестіктерінің құрылысына жер учаскелері бөлініп берілген кезде, міндетті іздестіру жұмыстары көлеміне бөлініп берілген учаске аумағындағы сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу енгізілуге тиіс. Нәтижелері құрылысқа учаске таңдау жөніндегі комиссияның хаттамасымен ресімделеді.

3. Тұрғын үй объектілері пайдалануға берілген кезде сыртқы гамма-сәуленің экспозициялық мөлшерінің қуаты - әрбір пәтерде, ал радонның шоғыры әрбір кіреберістің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өлшенеді. Радонның жол берілетін шоғырлануы асып кеткені анықталған жағдайда зерттеу үйдің барлық пәтерлерінде жүргізіледі.

4. Сыртқы гамма-сәуленің дозалық қуатын өлшеу жер бетінен немесе үй-жай еденінен 1 метр биіктікте жүргізіледі.

5. Радонның баламалық тепе-тең көлемді белсенділігінің болуын бақылау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның әдістемелік нұсқауларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған басқа да әдістемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Пайдалануға берілетін құрылыс объектілеріндегі өлшеулердің нәтижелері радиациялық тексеру актісі түрінде ресімделіп, оның бір данасы объектіні пайдалануға енгізу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне тіркеледі. Өлшеулерді өткізу үшін жауапкершілік объект құрылысын жүзеге асыратын және оны пайдалануға ұсынатын ұйымға жүктеледі.

7. Үй-жайлардағы гамма-фонды және радонның мөлшерін азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу мүмкіндігін, қажеттілігін, көлемі мен мерзімдерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының өкілдерін міндетті түрде қатыстыра отырып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының комиссиясы айқындайды.

8. Табиғат пайдаланушы құрылыс материалдары, минералдық тыңайтқыштар, мелиоранттар мен отын-энергетика шикізаты кен орнын игеруді бастағанға дейін олардың радиациялық қауіптілік деңгейі мен пайдаланылу шарттары туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс. Қорытындыны геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша пайдалы қазбаларды радиациялық-гигиеналық бағалау бөлімі қамтылатын, кен орындарын игеру жобасының негізінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган береді.

9. Табиғат пайдаланушының радиациялық бақылау қызметі кен орындарын игеру жөніндегі жоба талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, радиациялық бақылау нәтижелері құжатпен ресімделеді.

10. Өнімнің радиациялық сапасы аккредиттелген зертханалар орындаған зертханалық зерттеулер негізінде мемлекеттік бақылау органдарының қорытындысымен расталады. Өнімнің сапасын растаудың тәртібі мен кезеңділігі кен орындарын игеру жобаларының сараптамасы кезінде белгіленеді.

Бақылау сұрақтары:

1 Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар.

2 Радиоактивтік ластанудың негізгі факторлары (көздері).

3 Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай немен байланысты?

4 Қазақстан аумағының жасанды радионуклидтермен ластануы немен байланысты?

5 Зымырандық құрауыштар мен зымырандарды ұшырудың қоршаған ортаға әсері қандай?

6 Қазақстанның сынау (сынақ) полигондарының қоршаған ортаға әсері қандай?

7 Қазақстанның радиологиялық жағдайын жақсарту шаралары.



Әдебиет:

4, 290-295б; 5, 188-195б; 9, с.191-201; 229-264; 20, 74-77 б; 28, с.400-408; 30, 124-176б.



9 Тақырып Өндіріс және тұтыну қалдықтары, проблемалар және оларды шешу жолдары

Мақсаты: өндіріс және тұтыну қалдықтары және оларға байланысты проблемаларды шешу жолдарымен танысу.

Жоспар:

9.1 Қалдықтардың жалпы сипаттамасы, олардың құрамы және жіктеу

9.2 Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және ақаба суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры.

9.3 Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптар


9.1 Өндіріс және тұтыну қалдықтарын оқып білу барысында студент ең алдымен қалдықтар дегеніміз не, олардың пайда болу себептерін білуі керек.

Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады.

Жалпы қалдықтар дегеніміз түзілген жерінде тікелей қолданылмайтын өндіріс, тұрмыс, көлік және т.б. қалдықтарды айтады. Қалдықтар халық шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде пайдалануы мүмкін, ал пайданылмайтын қалдықтар қоқыс деп аталады. Зиянды қалдықтар бейтарапталады. Қалдықтар қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Жалпы қалдықтар қабылданған жүйесімен жалпылама сәйкес белгілері бар өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жиынтығы.

Сонымен қатар қалдықтар шығаратын негізге көздерге байланысты өнеркәсіп, ауыл шаруаышылығы, тұрмыстық (коммуналдық), құрылыстық және т.б. бөлінеді.

Қауіпті қалдықтар дегеніміз адамның технологиялық әрекеттерінің, сондай-ақ қаіпті қасиеттері (улы, жалылуға қауіпті, өртке қауіпті, реакциялық қабілеті жоғары) немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, немесе өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті қалдықтар.

Радиоактивтік қалдықтар ядролық реактормен жұмыс кезінде және оларды өндіргенде, радиоактивтік изотоптарды қолданғанда түзілетін, бұдан әрі қолданылмайтын радиоактивтік заттектер.

Студент сонымен қатар Қазақстанда қалдықтар қалай орналасқан және радиоактивтік қалдықтардың сақтау және көму орындарынан хабардар болуы керек.

Қазақстанда бос жерлер және үлкен аумақтар болғандықтан бұл проблемаға ұзақ уақыт бойы көңіл бөлінбеді. Сонымен қатар қалдықтарды қайтадан өңдеу керектігі жайында заңды нормалар да болмады. Осы уақытқа дейін өнеркәсіп қалдықтары, улыларды қоса, экологиялық нормалар мен талаптарға сай емес жағдайларда сақталуда, осыған орай республикамыздың көптеген аймақтарында жер үсті және жер асты сулары интенсивті ластануына жол берілуде. Мысалы, Ақтөбе облысы – алты валентті хроммен; Жамбыл облысы – фтор және фосформен; Шығыс Қазақстан облысы – ауыр металлдар тұздарымен ластанған. Ауыр металлдар және мұнай өнімдерімен Кызылорда, Атырау және Батыс-Қазақстан облыстарының жерлері ластанған.

Республикада жылына 50 мың т мұнай шламдары мен мазутталған грунттар пайда болады. Қазақстан Каспий бойында мазутталған жерлердің ауданы 194 тыс. га артық, ал топырақ қабаты бірнеше сантиметрден 10 м-ге дейін мұнаймен қаныққан.

Өнеркәсіп қалдықтардың жылғы шығымы 1 млрд., ал тиімді пайдалануы 100 млн. т шамасында. Карьерлер, террикондар, бұрғы скважиналары, қоймалар 60 мың га артық жерлерде алып қойған.

Өнеркәсіп қалдықтарының көлемі жылда артуда, осыған орай жаңа техногендік ландшафттар қалыптасуда.

Өндіріс тізбегінің (шығару-байыту-металлургия) үйінділерінде қалдықтармен бірге түсті және асыл металлдар рудаларында шығарылатын көлемінің 1/3 артығы шығындалады. Мысалы, тура шығындар (%): қорғасын - 33, цинк - 28, мыс - 21, алтын - 41, күміс - 35 (1996 ж. байланысты).

Қатты тұрмыстық қалдықтар сақталатын көптеген полигондарда жұмыс барысында технологиялық талаптар орындалмайды. Полигондар көбінесе тұрғын комплекстер, елді мекендер, өзендер, су қоймалары және көлдерге жақын орналастырылады. Бұл санитарлық нормалар мен экологиялық талаптарға мүлдем қарсы.

Республикамызда қалдықтар проблемасын шешу жолдар шетелдік донорлардың қатысуымен мемлекеттік көрсету және пилоттық жобалар арқылы іске асырыла бастады. Кейбір жобалар бойынша техникалы-экономикалық негіздер дайындала бастады.

Қазіргі уақытта республикада бұл проблема құқықтық жағынан реттелуде және салалық заңдар негізінде жүзеге асырыла бастады.
9.2 Студент республикада өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры жүргізілетінін білуі керек.

Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) – бұл қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.

Барлық қалдық түрлерi және қалдықтарды орналастыру объектiлерi Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрында есепке алынуға тиiс.

     Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрының мақсаттары мен мiндеттерi мынандай болады:

      1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.

      2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелердi және деректер банкiн қалдықтар, оларды өңдеудiң қасиеттерi мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Ал қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртібі мынандай:

      1. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға мына құжаттаманы:

1) қауiптi қалдықтардың паспортын;

2) қалдықтарды түгендеу материалдарын;

3) нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган  бекiтетiнқауiптi қалдықтар бойынша есептердi;

4) мыналарды:

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiн;

жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шеңберiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi растаған, жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтаманы;

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiн;

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға арналған мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындыларын қамтитын, қалдықтарды орналастыру объектiсi бойынша кадастр iсiн ұсынады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған құжаттама есеп беру жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан 1 наурызына дейiнгi жағдай бойынша жыл сайын электрондық және қағаз жеткiзгiштермен берiледi.

Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында аталған құжаттама оны өзгерткен жағдайда қайта ұсынылады.

Ал қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi туралы ақпарат мынандай:

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу нәтижелерi бойынша жыл сайын ақпараттық шолу жасайды.

      2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жеке безендiрiлген кiтап түрiнде қағаз жеткiзгiште бес жылда бiр рет мерзiмдiлiкпен басып шығарылады.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау