Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет6/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бақылау сұрақтары:

1 Орман ресурстары және олардың табиғаттағы, адам тіршіліндегі рөлі.

2 Орманға деген антропогендік ықпалдарды атаңыз?

3 Сексеуілдер мен бұталарды қоса Қазақстанның ормандылығы қанша?

4 ҚР Орман Кодексі қашан қабылданды?

5 Мемлекеттік орман кадастры дегеніміз не?

6 Не үшін орман қорының мемлекеттік есебі жүргізіледі?

7 Орман заңдарының талабына сай ормандар қандай қызметтерді (функцияларды) атқарады?

8 Мемлекеттік орман кадастры қандай атқарушы орган жүргізеді?

9 Қазақстанда орман жамылған аудандардың қаншасын пайдалануға (эксплуатация) болады (%)?

10 Мемлекеттік орман кадастры құжаттары.

11 Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесудi жүзеге асырған кезіндегі және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру кезiндегi экологиялық талаптар.

12 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру кезiндегi және ормандарды молықтыру мен орман өсiру кезiндегi экологиялық талаптар.

13 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар.



Әдебиет:

1, с.127-128; 157-160; 2, с. 204-207; 3, с. 221-230; 4, 231-250, 274-283, 302-307 б.; 5, 156-161, 173-175 б; 6, 240-248 б; 9, с. 265-292, 273-292, 303-314; 14, с. 29-80; 89-98; 17, № 180-181; 19, №17 – 18; 20, 81-106 б.



6 Тақырып Қазақстанның жануарлар әлемі, олардың экологиясының проблемалары және экологиялық кадастрдың рөлі

Мақсаты: Қазақстанның жануарлар әлемі және олардың экологиясының проблемаларымен танысу.

Жоспар:

6.1 Жануарлар әлемі және оның маңызы

6.2 Жануарлар әлемінің мемлекеттік есебі және мемлекеттік кадастры

6.3 Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар


6.1 Жануарлар әлемі биосфераның ең маңызды бөлігі екені айқын мәселе болып саналады. Жануарлардың заттар айнылымы мен энергия ағымындағы рөлі олардың организмде өтетін энергетикалық процестердің жоғары деңгейі, ерекше сан алуандылығы (шамамен 2 млн түрлері) және орын ауыстырумен анықталады. Олар гетереторфтық организм бола тұрып биоценоздарда жоғарғы трофтық (қоректік) деңгейлерде орын алады. Өсімдіктермен қоректенетін жануарлар олардың белгілі бір түрлері және бөліктерімен қоректенеді, ал етқоректілер өсімдік қоректілер арқылы өмір сүреді. Жемтікжегілер (сапрофаги) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдерін пайдаланады, олардың өліктерін жейді. Өсімдікқоректілер және етқоректілер, сонымен қатар жемтікжегілер араларында паразитті-жануарлар бар. Сонымен, жануарлар өсімдіктермен және бірімен-бірі күрделі қоректік тізбектермен байланысқан. Биоценозда организмдер әралуандылы неғырлым көп болса, қоректік тізбегі созылмалы және күрделі болса соғұрлым ол тұрақты болады.

Сонымен бірге жануарлардың ландшафтың қалыптасуындағы да рөлі жоғары. Мысалы, теңіз жануарлары, негізінен бірклеткалылар арқылы шөгінді тау жыныстары қалыптасады. Сыртында бақалшықтары бар планктонды организмдер өлген кезде теңіз түбіне шөгеді. Бұрынғы геологиялық замандағы теңіз шөгінділері қалың бор, әктас және мәрмәр шоғырларын құрайды.

Жануарлардың топырақтың пайда болуындағы рөлі аса зор екені жалпыға белгілі. Топырақты мекендейтін қарапайымдар, жұмыр және буылтық құрттар, коллемболар, кенелер, жәндіктер және олардың балаңқұрттары (личинки), сүтқоректілер топырақты қопсытады, оған ауа және ылғалдың енуін қамтамасыз етеді, органикалық заттармен байытады, құнарлылығын қамтамасыз етеді.

Жануарлардың қатысуымен жер үстіндегі және жер асты суларының химиялық құрамы қалыптасады.

Студент сонымен қатар жануарлардың өсімдіктер тіршілігінде де орасан зор маңызы барын білуі керек. Көптеген жәндіктер, құстар (колибри, шірнеліктер (нектарницы), гүлтасушылар (цветоч­ницы) және жарғанаттардың кейбір түрлері өсімдіктерді тозаңдатады. Құстар мен сүтқоректілер жемістер мен тұқымдарды таратады. Өсімдіктердің кейбір түрлері жануарлардың көмегінсіз тозаңтатыла және жылыстай алмайды. Сонымен қатар көптеген өсімдікқоректілер өсімдіктерді жей отыра өсімдік жамылғысын жай-күйін жақсартады немесе нашарлатады (шамадан тыс жаю). Жануарлар арасында өсімдіктерді ауруға шалдыратын түрлері де бар, түпті зақымдайды және жояды. Сонымен жануарлар табиғаттағы заттар айналымына қатыса отырып, олардың құрауыштарының жай-күйі мен дамуына әсер ете отырып биосфераның динамикалық тепетеңдігін сүйемелдейді.

Сонымен қатар жануарлардың көптеген түрлері адамдарға азық-түлік, шикізат және дәрі-дәрмек көздері болып санлады. Олар ауыл шаруашылығы жануарлары, ауланатын аңдар, құстар, балықтар және кейбір омыртқасыздар. Жабайы жануарларды қолға үйрету адамзат қауымының алғашқы даму кезінен басталып осы уақытқа дейін жалғасуда. Қазіргі кезде қолға үйретуге бұлғындар, су күзені, ақтүлкі, сазкәмшат (нутрия), ондатра, түлкі, бұлан, түйеқұс, саңырау құрлар және т.б. табысты пайдаланады.

Жануарларды ғылыми зерттеулер жүргізуге, мәдени-ағарту ісіне, әсемдік сезім тәрбиелеуге пайдаланады. Ауыл шаруашылығы зиянкестерін жоятын жануарлар түрлері де бар, олар адамға үлкен көмек береді. Бұл жануарлардың көбін ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өсімдіктері зиянкестерімен биологиялық күресу тәсілдерінде пайдаланады. Сонымен қатар жануарлар зиянкестік те жасайды, олардың арасында адам, қолға үйренген жануарлар және ауыл шаруашылығы зиянкестері ауруларының қоздырғыштары және таратушылары да бар.

Жануарлар санын реттеуде әр түр (адамдар мен қолға үйренген жануарлар паразиттерінен басқа) маңызды екенін, немесе келешекте пайдалы екенін ұмытпау керек. Кезкелген биологиялық түрді мүлде жоғалту биосфераға өте орынсыз, үйткені әр түр заттар айналымына қатысады, табиғи экожүйелерде тепе-теңдікті сүйемелдейді, олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.



Адамның жануарларға деген әсері. Бір түрдің жойылуы және басқа да түрлердің пайда болуы эволюция жүрісінде, климат жайдайлары, ландшафттардың өзгеруінде, өзара бәсекелестік қатынастардың нәтижесінен болады. Жаратылыстық жағдайларда бұл процесс баяу жүреді. Д. Фишердің (1976) есептеулері бойынша Жерде адам пайда болғанға дейін құстардың орташа өмір сүру ұзақтылығы шамамен 2 млн жыл, сүтқоректілер шамамен 600 мың жыл болған. Адам көптеген түрлердің жойылуын жылдамдатқан.

Жойылып кеткен жануарлар мен құстар түрлерінің есебін халықаралық табиғат қорғау Одағы (МСОП) 1600 жылдан бастайды. Себебі осы кезден бастап жануарлар түрлері ғылыми еңбектерде жазылып, жұршылыққа мәлім бола бастады. Содан бері құстардың 94 түрі (1,09%), сүтқоректілердің 631 түрі (1,48 %) жойылған. Жоғарыда аталған сандардың сүтқоректілер түрлерінің 75 % және құстар түрлерінің 86 % адамның іс-әрекетіне байланысты.

Табиғатта қалыптасқан арақатынаспен санаспай, ақыры не боларын ойламаған адамдар жануарлар дүниесіне қасқырдай тиді. Жыртқыштар да тез ұшатын құстар да, жер бауырлап жүрген, ешкімге зияны жоқ аңдар да олардан құтыла алмады.

Еуропа құрлығында осыдан 100 мың жыл бұрын өмір сүрген орман пілдері, жүнді мүйіз тұмсықтар, үңгір аюлары, мамонттар, алып бұғылар т.б. түгел жойылып бітті. Еуропа ормандарынан Ладож көліне көліне, Дон өзеніне, Кавказ тауларына дейінгі аралықты мүйізді ірі қара малдың арғы атасы болып саналатын жабайы тур жайлады. XVI-ғасырда олар тек Польша мен Литва елдерінде кісі өтпейтін ормандарда қалып, XVII-ғасырдың басында түгел жойылып болды.

Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Еуропа даласында жабайы жылқы-тарпан көп болатын. XIX-ғасырдың басында олар Азов-Қаратеңіз маңындағы далада ғана қалса, 1979 жылы ең соңғы тарпанды атып, бұл түрді жер бетінен түгел жойды.

Солтүстік Америкада осыдан 3 мың жыл бұрын адамдардың кінәсінен мастодонттар (піл тектес), алып ламалар (түйе тұқымдас), үлкен мысықтар, алып ягуарлар (жыртқыш хайуан), өте үлкен жыртқыш құс – тераторондар т.б. жойылып бітті.

Көптеген түрлердің ареалдары кенет азайды, олар кейбір аймақтардан жоғалды, ал басқаларда сирек бола бастады. Көптеген түрлер жойылу шегінде деуге болады.

Студент Қазақстан жануарлар әлемі омыртқалы жануарлар 837 түрінен тұратынын білуі керек, оның ішінде: сүтқоректілер - 178, құстар - 489, бауырымен жорғалаушылар - 49, қосмекенділер - 12, балықтар – 104 түрі және омыртқасыздар түрлері шамамен 1 млн-дей.

Сүтқоректілер түрлерінің ең көп бөлігі таулы-тауалды аудандарды (еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, шығысы), ал балықтар түрлерінің ең көп бөлігі Каспий теңізінің бассейндерін мекендейді. Сулы-батпақты және дала кешендеріндегі құстардың ең көп бөлігі күз-қыс кезеңдерінде біздің жерлерді тастап кететін алысқа және жақынға қоныс аударушылар болып саналады.

Қазақстанда кәсіпкерлік сүтқоектілер түрлері 33 вида (тұяқтылардың 7 түрлері, 17 - жыртқыштар, 2 - қоянтектілер және 7 - кеміргіштер), сайғақтардың жай-күйі және саны толық зерттелген.

Қазастанның қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 125 түрлері және омыртқасыздардың 99 түрлері енгізілген. Жыл сайын Қызыл кітапқа кірген жануарлардың саны артуда. Мысалы ҚК тізбесіне кірген көптеген жануарлар: қабылан, қызыл қасқыр, итаю, құлан, сырдарияның күрекмұрыны, іленің қарабалығы табиғатта 30-50 жыл шамасындай кездеспейді.

6.2 ҚР 1993 жылы 21 қазанда қабылданған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 54 б. былай делінген: жануарлар дүниесін қорғауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жануарларды мемлекеттік есепке алады және жануарлардың географиялық таралуы, олардың жай-күйі мен саны, мекен ету орындарының сипаттамасы, шаруашылық пайдалану және басқа да деректер туралы мәліметтер жүйесі мемлекеттік кадастр жүргізіледі.

Жануарларды мемлекеттік есепке алу және жануарлардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібі ҚР Үкіметінің 1995 жылы 21 тамызда қабылданған қаулысында бекітілген.

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу және мемлекеттік кадастрын жүргізу, сонымен қатар оларды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету сол саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде жинақталады.

ҚР жануарлар дүниесінің генетикалық қорын жүргізу және кітап басып шығару ҚР АШМ және мүдделігі бар министерство мен ведомстволардың қатысуымен ҚР Ұлттық академиясына жүктелген.

Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды жүргізу және оны пайдалану, сонымен қатар жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және олар туралы барлық құжаттарды жинақтау, сақтау төменгідей міндеттелген:

- жабайы жануарлар және олардың аң аулау объектілері бойынша АШМ – жалпы пайдалану объектілеріне жататын алқаптары бойынша аң аулау шаруашылығын жүргізуші кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға;

- балық ресурстары және басқа да су жануарлары бойынша, оның ішінде сирек және жойылу қаупі бар балықтар түрі мен басқа да су жануарлары – АШМ-нің балық шаруашылығы комитетіне;

- өсімдіктер жәндіктері-зиянкестері (орман жәндіктері-зиянкестерінен басқа) және ауыл шаруашылығы дақылдарына– ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне; орман жәндіктері-зиянкестері және орманға пайдалы жәндіктер бойынша – Орман шаруашылығы және аң аулау шаруашылығы комитетіне (АШМ), сонымен қатар басқа да министрліктер мен ведомстволардың орман шаруашылығын жүргізуші кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдарына;

- Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар бойынша – АШМ және мүдделігі бар ұйымдар мен ведомстволардың қатысуымен ҚР Ұлттық академиясына;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы барлық жануарлар бойынша - олардың бағынышты министрлігіне, ведомстволары және ұйымдарына;

- адамдарға қаупі бар табиғи жұқпалар таралған ошақтардағы жануарлар бойынша – ҚР денсаулық сақтау министрлігіне міндеттеледі.

Мемлекеттік есепке алу және мемлекеттік кадастрды жүргізу бірыңғай әдістеме бойынша жүргізіледі, оны АШМ-нің орман және аң аулау шаруашылығы комитеті, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ұлттық академиясы дайындайды.

Сонымен қатар жануарларды мемлекеттік есепке алу мен оларды пайдалану және мемлекеттік кадастрды жүргізу ережелері, сонымен бірге мемлекеттік есепке алуға жататын жануарлар тізімін Орман және аң аулау шаруашылығы комитеті, ҚР Ұлттық академиясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындайды.

Жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры жануарларды есепке алу мәліметтері және оларды мөлшерлі және сапалы көрсеткіштер бойынша пайдалану, жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті басқа да мәліметтер, аң аулау және балық шаруашылығын мамандандыру, орналастыру, жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау, болжау, жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің санын реттеу шараларын ұйымдастыру туралы мәліметтерден тұрады.

ҚР "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңы 1997 жылғы 15 шілде айында қабылданды және ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді және реттейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алу мыналардан тұрады: бұл аумақтар туралы мәліметтерді жинау, олардың географиялық орны және шекаралары, белдемдеу, бұл аумақтарды қорғау және пайдалану режимдері, олардағы мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерінің сапалы және мөлшерлі өзгерулері. Ерекше қорғалатын аумақтар мемлекеттік кадастры ресми құжат болып саналады, онда бұл аумақтар туралы тұрақты жаңартылатын мәліметтер болады.



6.3 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану кезiндегi экологиялық талаптарды оқып білуі керек және ең алдымен жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану кезiндегi экологиялық талаптарды.

Олар мынандай:

1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы  заңнамасынасәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.

2. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

3. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады.

Ал, елдi мекендердi, кәсiпорындарды, темiр жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желiлерiн, каналдарды, бөгеттердi, өзге де құрылыстар мен объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу кезiндегi экологиялық талаптар мынандай болады:

1. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер орналастырылатын орын, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн жаңа техниканы, технологияны, материалдар мен заттарды енгiзу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiледi.

2. Жануарларды және олардың тiршiлiк ету ортасын қорғау құралдарымен қамтамасыз етпей объектiлердi пайдалануға беруге және технологияларды қолдануға тыйым салынады.

3. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi айқындау, туристiк маршруттарды әзiрлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау  жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

4. Кәсiпорындар, құрылыстар мен басқа да объектiлер салу мен реконструкциялау жобаларын экологиялық сараптамадан өткiзу, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгiзу кезiнде олардың жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, тiршiлiк ету ортасына, жануарлардың өрiс аудару жолдарына және көбею жағдайларына әсерi мiндеттi түрде ескерiледi.

5. Жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн кез келген қызметтi жүзеге асырған кезде жануарлардың тiршiлiк ету ортасының, көбею жағдайлары мен өрiс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндiрiстiк процестердi жүзеге асырған уақытта, оның iшiнде жануарларға қауiптi препараттарды, химиялық заттар мен қоспаларды сақтау, тасымалдау, қолдану, қалдықтарды жинап қою, жою, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ағаш дайындау және басқа жұмыстар жүргiзген кезде, сондай-ақ электр желiлерi мен көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жануарлардың қырылуын болдырмауға арналған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.

6. Темiр жолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбырларды, электр беру және байланыс желiлерiн, сондай-ақ каналдарды, бөгеттердi және өзге гидротехникалық құрылыстарды жобалау мен салу кезiнде жануарлардың өрiс аудару жолдарының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.

7. Жануарлардың көбею жерлерiнде жоғары шуыл көздерi болып табылатын жару және басқа да жұмыстар жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен шек қойылады.

8. Су объектiлерiнде гидротехникалық және басқа құрылыстарды пайдалану, су объектiлерiнiң гидрологиялық режимi мен олардан су тұтыну режимiн, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне әсер ететiн және әсер етуi мүмкiн басқа да қызметтердi белгiлеу жануарлар дүниесiн қорғау талаптары, балық және аң шаруашылығы мүдделерi ескерiле отырып жүзеге асырады.

Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен шаруашылық және өзге де қызметте пайдаланылатын басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау мен қолдану, жаңа препараттар жасау кезiнде қойылатын экологиялық талаптарға ерекше көңіл бөлу керек.

Сонымен қатар студент жануарларды жаңа тіршілік ету орындарына көшіру, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жануарлар түрлерін жерсіндіру, жануарларды қайта жерсіндіру мен будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету кезіндегі экологиялық талаптармен таныса білуі керек. Олар мыналар:

1. Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі.

2. Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады.

3. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

4. Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.

5. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Студент сонымен қатар аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, аңшылықты ұйымдастыру кезіндегі экологиялық талаптармен танысу керек. Ол талаптар мынандай: аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, сондай-ақ аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Ал, су жануарларын аулауды қоса алғанда, балық аулау кезіндегі экологиялық талаптармен таныса келсек олар былай деп жазылған:

1. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының (учаскелерінің) резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.

3. Сулы-батпақты алқаптар мен су жануарларының тіршілік ету орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

4. Өндірістік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптар мынандай:

1. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

2. Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.

3. Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Ал жануарлардың санын реттеу кезіндегі экологиялық талаптар кодексте былайша жазылған:

      1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауылшаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс.

2. Жабайы жануарлардың санын реттеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

Студент аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу, жануарлардың санын реттеу және аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезіндегі экологиялық талаптармен таныса білуі керек.

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, өсімін молайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайда өсіріп-өндіру, шектеулі шаруашылық тұрғыда пайдалану жөніндегі экологиялық талаптарға, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі туралы былай жазылған:

      1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін (шағын түрлерін, популяцияларын) қамтиды.

2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.

3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.

Табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту жайлары жайында былай делінген (5 пункт):

Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің өсімін молайту мақсатында:

1) табиғи өсімін молайту жағдайларын жақсарту;

2) қонысын ауыстыру, жерсіндіру, қайта жерсіндіру;

3) қолдан өсірілген жануарларды тіршілік ету ортасына жіберу жүргізілуі мүмкін.

Осы баптың 5-тармағында аталған іс-шаралар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздемелер негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау және өсімін молайту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылады, сондай-ақ олардың айналасында осы аймақтардың шегінде жануарлар дүниесінің жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.

Шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасы мен көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленуге тиіс, сондай-ақ осы жануарлардың тіршілік ету ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын, бөлініп берілетін учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау