Сабаќќа ќойылатын талаптар



жүктеу 0,89 Mb.
бет1/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,89 Mb.
#1417
  1   2   3

Информатика сабағында сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ерекшеліктері.

Ихсанова Фарида Меңдігерейқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі, информатика пәнінің мұғалімі,

мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
«Жаңа ақпарат, жаңа ғасыр, жаңару-

жасампаз жастың жетістігі бүгінгі»

Н.Ә.Назарбаев
Білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Елбасының жолдауында әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізу керектігін атап көрсеткен. Осы орайда, ұстаздар қауымының атқаратын қызметі ерекше.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық

технологияларды пайдалана отырып, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің өте шапшаң

қарқынмен дамуы және ақпарат көлемінің әр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы бүгінгі жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіне әлеуметтік сұраныс- ой еңбегі дамытуды сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр.

Бұл талапқа өз деңгейінде жауап беру, мақсатын орындау- бәсекелес

елдің бәсекеге қабілетті болашағын дайындау барысында оқытудың жаңа технологиясын енгізу қажеттігін туғызды.

Қай кезеңде де білім беру ісіне қойылар талап зор. Осы талаптардың

орындалуы білімді, жаңа технологиялармен қаруланған жаңашыл ұстаздардың міндетінде.

Ұстаз білім беруші ғана емес, сонымен бірге оқушы мен ұстаз арасындағы іс-әрекеттің ұйымдастырушысы.Тек тиімді ұйымдастырылған оқу процесі ғана оқушының ой-өрісін дамытып, білімін арттырып, тұлға қалыптастыра бастайды.Яғни, негізгі мәселе - сабақтың нәтижелілігі.

Сабақ ұстаздың көп ізденуі мен еңбектенуінен туатын шығармашылық.Қазіргі таңда жаңа сабақтардың түрлерін қолдану білім жүйесін жан-жақты жетілдіруге әсер етеді. Сабақ құрылымының жүйелі болуы негізгі шарт.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың әр түрлі формаларын үйлестіру,

оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту міндетіне, олардың ынта-ықыластарын анықтауға шығармашылық қабілет деңгейін анықтай отырып, одан әрі дамытуға бағытталуы тиіс.Сабақтардың тиімділігі жөнінде :

  • біріншіден:оқушылардың алған білімдерінің дағдыларының тереңдігіне қарап;

  • екіншіден: материалды меңгеруіне;

  • үшіншіден: тәрбиелік міндетті шешуге; оқушыларды жеке тұлға ретінде дамытуға сабақтың қаншалықты көмектескеніне қарап бағалайды.

Сабақтың тиімділігі сабақта қолданатын оқу материалын баяндау

әдісін, оқушының іс-әрекетін, оның білім дағдысын қалыптастыру мен тексеруді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жоғарылайды.

Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы,

Көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамда алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының

қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Сондықтан да қазіргі мектептегі оқу процесі баланың жеке ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Мұғалім оқушылардың субъект ретінде өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстап, сол тәжірибеге сүйенуі керек. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.
«Оқушылардың білімдерін күнделікті тексеріп, есепке алып отырған жағдайда ғана мұғалімнің жұмысын сапалы деп санауға болады.» деп В.Чистяков атап көрсеткен болатын.Оқытудың негізгі формасы – сабақ.


Қазіргі кезде педагогикалық ой-тұжырымдағы негізгі идеялар –

оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, ой-өрісін өсіру, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру және шығармашылықпен жұмыс істей алатындай жағдай туғызу.

Білім беру үрдісін жүзеге асыру жолы, оқытудың негізгі формасы-

сабақ.Мәселен, әдіске ғалым В.Онищук оқу үрдісін кесте бойынша белгілейді. [2]

Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне қолдану

Білім-адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін

құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, жетпеген олқылықтарын толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлемнен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуда, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Сондықтан әрбір ұстаз өз кәсібінің шеберлігін ашу бағытында әр түрлі оқыту технологияларын іскерлігіне сай меңгеріп, жұмыс жасауы қажет.

Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер,

жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, даралап саралап оқыту- педагогтың басты міндетіне айналуда.

В.М.Шепельдің айтуынша: «Технология –бұл өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңдеу әдістерінің жиынтығы» десе, Волков айтқандай : педагогикалық технология дегеніміз-оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процестерін жазу болса, олардың бірнеше формаларын сабақтың тиімділігін арттыруға қолдануға болады.

Олар :

1.Жеке тұлғамен гуманды қатынас жасауда Амонашвилидің педагогикалық қатынастарды гуманитарландыру және демократияландыру;

2.Оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында Қараевтың деңгейлік саралап оқытуын қолдану;

3.Оқушының қойылған мақсатты меңгеруін анықтау мақсатында Монаховтың болжамдық оқытуын қолдану;

4.Сабақтағы негізгі түсінікті жадыға сақтау мақсатында Шаталовтың тірек-сигналдарына сүйену арқылы оқыту;

5.Оқушының өзін-өзі тексеруін жүзеге асыру мақсатында тестік оқыту технологияны қолданып оқыту сабақтың тиімділігін арттырады.

Педагогикалық технология төмендегідей негізгі параметрлерден құралады :

а) оқыту іс-әрекетінің теориясы – технологияның психологиялық негізі ретінде қарастырылады.Мұнда оқыту танымдық іс-әрекеттің үрдісін іске асыруға (қабылдау, ойлау, еске сақтау, қолдану, жүйелеу т.б) бағытталады.

ә) диагностикалық мақсат қою-нәтиженің болжамына негізделеді.

б) жеке тұлғаны дамытудағы әр түрлі деңгейдегі оқыту.

6.Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатындағы өзіндік іс-әрекет жасауына бағытталған оқытуды ұйымдастыру.Мұнда оқу материалының мазмұнын және одан тысқары материалды пайдалана отырып, блоктық, модульдық, дидактикалық технологиялық карталар даярланады.

7.Оқушыларды бағыттау. Мұның мақсаты-оқу әрекетін бағалау, бақылау және түзету.

8.Оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту сабақтарының барысын ұйымдастыру. Мұнда оқытудың барлық түрлері қолданылады: топпен ұжыммен, жеке, деңгейлік тапсырмалар.

9.Білімді қабылдау деңгейі-үш түрлі бақылаумен жүзеге асырылады.

а) оқушының жұмысқа дайындық деңгейі;

ә) әрбір оқу элементінен кейінгі материалды қабылдау;

б) қорытынды қабылдау.

10.Білімді қабылдау деңгейі мен әрекет – дағдыны бағалау.Мұнда дәстүрлі бақылау, тестілік жұмыстар, информатикалық диктант т.б бірнеше жұмыстарды қорытындылай отырып, рейтингілік бағалау әдісі қолданылады.

Оқытудың педагогикалық технологиясын қолданудағы тәжірибеме

келетін болсақ, негізінен отандық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді талдау технологиясын» оқытуды басқа технологиялармен ұштастырып жүрмін. Бұл технология, әсіресе тарауды қорытындылағанда өте тиімді.

Информатика пәнін оқытуда сатылай кешенді талдау

технологиясын қолдану, яғни отандық технологияның тиімділігі бүгінгі күннің талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда оқушылардың есте сақтау, көру, түйсіну т.б. қабілеттерін дамыту үшін өз бетімен ізденуге, уақытты тиімді пайдалануға жол ашады, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелейді. Бұл технологияның басты мақсаты тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай, уақытты тиімді пайдалана отырып, талдау жасайды.

Сатылай кешенді талдау технологиясы оқулықтағы тақырыптарға

байланысты сабақ типтері мен оқыту әдістерімен қоса, өзінің біліктілігіне қарай түрлі сабақтар өткізуіне, кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.


А
АҚПАРАТ
нықтамасы.


        1. Ақпарат - бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдар көмегімен бейнелеу.

  1. Тану

Ақпарат - қабылданады, өңделеді, сақталады, таратылады

  1. Қасиеттері

Толықтылығы, анықтылығы, ақиқаттылығы, нәтижелілігі, жаңашылдылығы, бағалылығы, өзектілік, құндылылығы.

  1. Түрі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық,

  2. Сипаты бойынша-статистикалық (тұрақты), динамикалық ( айнымалы), ағашқы (кірістік), туынды (аралық), шығыстық.

  3. Берілу жолдары

Ауызша, жазбаша, қимыл не қозғалыс түрінде, сигнал

  1. Ақпаратты қабылдау тәсілі

Көру, есту, дәм, иіс сезу, физиологиялық

  1. Сигнал

  2. Қоғамдық мәні

Көпшілік, анайы, жеке

  1. Ақпараттың өлшем бірліктері

8 бит =1байт

1Кбайт =1024 байт

1Мбайт =1024 Кбайт

1Гбайт =1024 Мбайт

  1. Ақпаратты тарату құрылғылары

Радио, компьютер, газет-журнал, телефон, интернет

  1. Қорытынды

Ақпарат – қоғамды дамытудың қозғаушы


АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІС



  1. Анықтамасы

Ақпараттық үдеріс –қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс- әрекет.

  1. Әлемнің ақпараттық бейнесі:

МЕГАӘЛЕМ- галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар үлкен көлемді нысандар.

МАКРОӘЛЕМ- адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

МИКРОӘЛЕМ- өлшемдері өте кішкентай нысандардан- молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.

  1. АҚПАРАТТЫҚ ОРТА компьютерлік желілер адамдар қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін құрылған орта.

  2. АҚПАРАТТЫ ҚАБЫЛДАУ – әрқашан екіжақты-бір нысан оны береді, екіншісі қабылдайды.

  3. Ақпараттық үдеріс түрлері: Сақтау, өңдеу, қабылдау (беру)



АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ



  1. ВИРУС- өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.

  2. АНТИВИРУС (Вирусқа қарсы программа) –зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге, сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға арналған программа.

  3. ВИРУС ТҮРЛЕРІ:

  • Тарихтағы ең бірінші интернет- вирус – «ЧИХ» немесе «Чернобыль» MORRIS 1988 жылы пайда болды.

  • Ең кең жарнамаланған вирус- Тайваньнан 1998 жылғы маусым айында келген.

  • Ү үлгісіндегі Sober вирусы ең қызықтырғыш және ең алдамшы вирус 206 жылғы Германияда өткен дүниежүзілік футбол додасына тегін билет алуға дәмелендіріп, зақымдаудың едәуір деңгейіне қол жеткізді.

  • Ең дөрекі вирус-Сіsum.A. Бұл вирус- зақымданған компьютерлердегі вирустан қорғану жүйелерін істен шығарып, тұтынушыға: «Сен ақымақсың» деген хабарлама жібереді.

  • Ең сезімсіз вирус Zar.A-ол тұтынушыларды зақым әкелетін коды бар файлды ашуға мәжбүр ету үшін Азиядағы цунами нәтижесінде жәбір шеккендерге қайырымдылық көрсету тақырыбын пайдаланды.

  • Ең тез тарайтын вирус- Melissa. Бір күн ішінде 1999 жылы 26 наурызда, бүкіл дүниежүзі бойынша 100000 компьютер зақымданды.

  • I love you-2000 жылы 3 мамырда Гонконгте көзге түскен. Ол .txt.vbs. кеңейтулері бар тіркемеленген файлмен тарады.

  • Ең қауіпті вирус Writer.F-қатты дискінің барлық мазмұнын жоятын «мейірімді» код.

  1. Мұрағаттау программалары - сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту.

5.Программа – мұрағаттағыштар: WIN Rar, WINZip, IZARC, 7-Zip

6.Кеңейтулері: Rar, zip, 7z, өздігінен ажыратылып алынатын SFX



ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Б.д.д 3000 жыл бұрын Римдік Абак-ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы б.т

ХХ ғасырдың ортасында Шоттар

1642 жылы механикалық есептеу құрылғысы Паскалина (ондық сандарды қосу, айыру)

1673 жылы Лейбниц арифметикалық машина (4 амалды орындады)

1820 жылы арифмометр

1833 жылы Чарльз Беббидж аналетикалық машина, 4000 құрыш детальдан құралды, салмағы 3 тонна.

1843 жылы Бэббидж машинасы үшін алғашқы программа жазылған, Ада Лавлейс

1890 халық санағының нәтижелерін өңдеуді жылдамдату үшін американдық Герман Холерит табулятор құрды.

1924 жылы Холериттің электромеханикалық машинасын жасайтын кәсіпорынның негізінде IBM фирмасы құрылды.

1937 жылы неміс студенті Конрад Цузенің дипломдық жобасы –Z1 машинасы жұмыс істеді.Ол 22 мәнді 2-лік сандарды өңдеді.
ЭЕМ кезеңдері

  • І буын (1946-1958) – электрондық лампалар, жадында 20 сөз сақтауға арналған.

  • 1946 жылы 15 ақпанда Электрондық есептеуіш машина ЭНИАК АҚШ-та жасалынды.

  • ІІ буын (1958-1964) –жартылай өткізгіш транзисторлар

  • Ақпарат тасығыш ретінде-магниттік таспалар пайдаланылды. БЭСМ-6, Минск-2, Урал-14, ЭЕМ

  • ІІІ буыны (1964-1972)-алғашқы интегралдық сызбалар (микросызба) жұмыс өнімділігі секундына 10 млн. амалдан асты.,

  • ІҮ буын (1972 жылдан бүгінге дейін)-үлкен интегралдық сызбалар

  • Болашақ Ү буын-жасанды интелектісі бар жақын болашақтың машинасы («дауыстық байланысу», «машиналық көру», «машиналық сезу»)

ДК саулетінің заманауи даму бағыттары

  • Компьютердің конфигурациясы-ақпаратпен қамтылуы, программамен қамтылуы

  • Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерінің сипаттамасы.

  • Джон фон Нейманның принципі 1946 жылы Артур Беркс, Герман Голдстайн, Джон фон Нейман – «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады.

  • Екілік принципі- деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.

  • Программалық басқару принципі- программа бұйрықтар жиынтықтарынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі ретпен орындайды.

  • Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады.

  • Жадтың мекенжай принципі-жады номерленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.

  • Тізбектеп программалық басқару принципі-барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.

  • Шартты көшу принципі-программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды.





ДК сәулеті-процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.

  • Шиналар –дк электрондық компонентері біріктірілген сымдар тобы.

  • Шинаның сипаттамасы-разрядтылығы.

  • Аналық тақша- заманауи дк –дің есептеу жүйесінің негізі-екітнегізгі үлкен микросызбадан тұрады.

  • Солтүстік көпір- орталық процесордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.

  • Оңтү тік көпір- ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.


АЛГОРИТМ



Анықтамасы.

Алгоритм- берілген есептерді шешуде жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

Орындаушы- алгоритмді жүзеге асырушы

жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау