Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет9/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9.3 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптармен танысуы керек, онда былай делінген:

  1. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

   2. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін.

     3. Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады.

4. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.

Ал, иесіз қалдықтар деп меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз қалдықтар иесіз қалдықтар болып табылады.

Жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар өз жер учаскелерінде иесіз қалдықтарды анықтаған кезде оларды пайдалануға кірісіп не қалдықтарды өз меншігіне айналдыруды куәландыратын өзге де әрекеттер жасай отырып, осы қалдықтарды өз меншігіне айналдыруға құқылы.

Басқа иесіз қалдықтар, егер сот қалдықтарды иеленуге кіріскен тұлғаның өтініші бойынша оларды иесіз қалдық деп таныса, осы тұлғаның меншігіне түседі.

Өзге жағдайларда, иесіз қалдықтарды тапқан тұлғалар бұл жөнінде тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлауға міндетті. Аумағында иесіз қалдықтар анықталған облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы иесіз қалдықтардың бар екендігі жөнінде хабарлама алған кезден бастап бір жыл ішінде бұл қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар мынандай:

Ең алдымен өндіріс және тұтыну қалдықтары мен олардың түрлері білу керек, олар өндіріс және тұтыну қалдықтары қауіптілік деңгейі бойынша қауіпті, қауіпті емес және инертті болып бөлінеді.

Содан кейін қауіпті қалдықтарды сыныптау жүргізіледі, олар бір немесе бірнеше келесі мына заттардан тұрады: 1) жарылғыш заттардың; 2) жеңіл тұтанатын сұйықтардың; 3) жеңіл тұтанатын қатты заттардың; 4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтардың; 5) қышқылданатын заттардың; 6) органикалық пероксидтердің; 7) улы заттардың; 8) созылмалы және тұрақты ауру туғызатын уытты заттардың; 9) жұқтырушы заттардың; 10) коррозиялаушы заттардың; 11) экоуытты заттардың; 12) сумен әрекеттесу кезінде тұтану қаупі бар газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың; 13) ауамен немесе сумен әрекеттесу кезінде уытты газдар бөле алатын заттардың немесе қалдықтардың; 14) жоғарыда аталған қасиеттердің бірін иеленетін басқа материалдарды құрауға қабілетті заттар мен материалдардың біреуін немесе бірнешеуін қамтитын қалдықтар қауіпті қалдықтарға жатқызылады.

Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсатында олардың қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:

1) Жасыл - G индексі;

2) Янтарь түсті - А индексі;

3) Қызыл - R индексі.

Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар мынандай:

1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

2. Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.

3. Қалдықтарды орналастыру орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.

4. Қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшін Қазақстан Республикасына әкелу олармен жұмыс істеуге техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады.

5. Қалдықтардың меншік иелері өндірістік циклдың барлық сатысында олардың құралу көлемін қысқартуды, оның ішінде өндірістік процестерді жетілдіру, қалдықтарды қайталап пайдалану (рециклинг), қалдықтарды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға оларды беру арқылы бірте-бірте қысқартуды қамтамасыз етуге тиіс.

6. Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7. Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы мүмкін.

Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады.

Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар мыналарды қарастырады:

1. Пайдалану процесінде қалдықтар құралатын объектілерді жобалау кезінде:
      1) жобалау құжаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды ескеру;

3) қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі техникалық және технологиялық құжаттама әзірлеу қажет.

2. Тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ пайдалану процесінде қалдықтар құралатын өндірістік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы қызметі саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ережелерге, нормативтер мен талаптарға сәйкес осындай қалдықтарды жинауға арналған орындар (алаңдар) көзделуі қажет.

Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарға байланысты мыналарды орындауы міндетті:

1. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

1) қалдықтардың санын азайту мақсатында оларды орналастыру нормативтерінің жобаларын әзірлеуге;

2) ең жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қалдықты аз шығаратын технологиялар мен қалдықтардың құралуын төмендету жөніндегі ұйымдастыру шараларын енгізуге;

3) қалдықтар мен оларды орналастыратын объектілерге түгендеу жүргізуге;
      4) қалдықтар орналастырылған объектілердің аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге;

5) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етуге;


      6) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты авариялардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтауға және оларды жою жөнінде шұғыл шаралар қолдануға;

7) қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қоршаған ортаға, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін немесе залал келтіруі мүмкін авариялар туындаған немесе олардың қатері төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органдарға дереу хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар студент коммуналдық қалдықтар және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптардан хабардар болуы керек.

Ал қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар кодексте былай деп жазылған:

1. Қауіпті қалдықтардың құралуы мен олардың тасымалдануы барынша азайтылуға тиіс.

2. Қауіпті қалдықтарды мынадай жағдайларда:


      1) қауіпті қалдықтар тасымалдау мақсатында тиісті түрде орап-буылған және таңбаланған болса;

2) арнайы жабдықталған және арнаулы белгілермен жарақтандырылған көлік құралдары бар болса;

3) қауіпті қалдықтардың паспорты және тасымалданатын қауіпті қалдықтардың саны, оларды тасымалдау мақсаты мен межелі орны көрсетілген, қауіпті қалдықтарды тасымалдау мен беруге арналған құжаттама бар болса;

4) қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде қойылатын, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары сақталса, тасымалдауға жол беріледі.

3. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау мақсатында буып-түю және таңбалау тәртібі Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленеді.

4. Қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады.

5. Қалдықтар көлік құралына тиелген және қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға оларды қабылдап алған кезден бастап олар белгіленген жерде көлік құралынан түсірілгенге дейін осы көлік құралы тиесілі көлік ұйымы немесе адам олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптарға келетін болсақ, қалдықтарды сақтау және көму орындары туралы былай жазылған:

1. Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде (алаңдарда, көмбелерде, қоймаларда) жүргізіледі.

2. Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.

3. Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан өтуге жатады.

5. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті объектілер болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1 Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптар.

2 Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар.

3 Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.

4 Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пунктеріне қойылатын экологиялық талаптар.

5 Өндіріс және тұтыну қалдықтарына сипаттама беріңіз.

6 Қалдықтардың пайда болуының негізгі себептері қандай?

7 Қалдықтардың негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.

8 Радиоактивтік қалдықтар, олардың пайда болу факторлары, сипаттамасы және жіктеу.

9 Өндіріс және тұтыну қалдықтары, олардың проблемалары және шешу жолдары.

10 Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры.

11 Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және ақаба суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры.



Әдебиет:

2, с. 298-322; 5, 107-110, 197-222б; 9,с.202-228; 20, 223-238 б. .

.

10 Тақырып Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторинг

Мақсаты: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторингпен танысу.

Жоспар:

10.1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында экономикалық реттеу механизмі

10.2 Қоршаған орта қорғау және табиғи ресурстар мониторингі.
10.1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы экономикалық реттеу механизмін оқып-білу барысында студент экономикалық реттеу механизмі табиғатты қорғау мәселесін тиімді басқаруға бағытталғанын білуі керек. Бұндай басқаруды жүзеге асыру табиғатты пайдаланушыға әртүрлі экономикалық тұтқыштарды қолдану, мемлекеттік және аумақтық табиғатты қорғау бағдарламаларын игеру арқылы мүмкін болады.

ҚР Экологиялық кодексі бойынша (2007 г.) қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi мыналар:

1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;

3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;

6) экологиялық сақтандыру;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.

Ал қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.

Ал қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар:

1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;

2)  қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;

3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;

4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;

5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;

6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;

8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Жаңа экономикалық механизмнің маңызды міндеті – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік-коммерциялық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ету болып саналады.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және ұтымды пайдаланудың тиімді құралдары экономикалық тұтқыштар, олар рұқсат құжаттар, келісім шарттар және шектер (лимиты).

Лицензия – белгіленген мерзімде белгілі бір аңдар санын атып алуға, дәрілік өсімдіктерді жинауға, балық аулауға, қоршаған ортаға ластаушылар шығаруға және тағы біраз қатаң реттелетін табиғатты пайдалану мен оған әсер процестеріне рұқсат алғандар құқығын білдіретін құжат.

Табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға берілген лицензиялар экономикалық болады, ал шығарындылар, төгінділер, улы заттарды және т.б. көмуге берілген рұқсат экологиялық болып саналады.

Лимиттер – табиғатты пайдалануды белгілі бір мерзімге шектеу немесе белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың (шығарындылар, төгінділер, улы заттар, өндіріс қалдықтарын орналастыру және т.б.) нормативтік көлемі.

Табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі маңызды бағыттың бірі - кешенді түрде мақсатты бағдарламаны жасау болып табылады. Кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі экологиялық жағдайдың талаптарына сай жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың кешені бойынша бағдарлама жасалуы тиіс. Кәсіпорынның төменгі звеносынан бастап, аудан, облыс жэне республика бойынша бағдарлама қажет-ақ.

Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды сақтамай кәсіпорын келтірген зиянның орны толтырылсын деп заңда қарастырылган. Қоршаған ортаның ластануына орай белгіленген мөлшерде төлемдер де анықталган. Сондықтан, әр-бір бірлестікке, кәсіпорынға, үйымдарға қоршаған ортаның заттектермен ластаганы үшін төлемнің мөлшері айтылып, жеткізіледі.

Табиғатты корғау қорының негізгі қаржысын қалыптастыратын көздер: табиғи ресурстар ұшін төлемдер; кәсіпорын төлемдері; мөлшерден тыс тастаулар мен түрлі шығарындыларға айыппұл төлемдері; сот және әкімшілік жолымен өндіріліп алынатын айыппұлдар, лауазымды немесе жеке азаматтар табиғатты қорғау заңдарын бұзғандары үшін айыппұлдар жэәе т.б.

Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін жергілікті өкімет орындарына каржыны үйлесімді пайдалануға кең өкілеттілік берілген. Бұл қаржылар табиғатты қорғаудың жаңа техникалары мен технологиясын құруға, мониторингтің автоматты жүйесіне, алдын ала сақтандыратын шараларға пайдаланылады. Табиғатты қорғау зандарын бұзу салдарынан алынатын әлеуметтік-экономикалық өтемдер; қоршаған ортаны қорғауға тигізетін әсері бойынша бағалау жүргізілетін жұмыстар мен шаруашылық қызметінің жобаларына мемлекеттік экологиялык сараптаманы жергілікті деңгейде атқарады; сол аймақтың құрушы аумағында өндіріс қалдықтарын қолдану үшін кәсіпорындар құру; табиғат­ты қорғау шараларына кәсіпорындар алған капиталдың сыйымды банк несиелерінің орнын толықтай немесе жартылай жабу істерімен жергілікті өкімет орындары айналысады.

Сонымен, нарықтық қатынастарға өтудің және жеке шаруашылық жүргізудің, табиғатты пайдаланудың ақылы ісін енгізудің құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарты жасалды.

Қоршаған ортаның ластану төлемдерін анықтайтын нормативтер бойынша екі түжырымдама жасалды, экономикалық зиянның көрсеткіш базасындағы тұжырымдама мен шығын тұжырымдамасы.

Қазақстан Республикасында табиғат ресурстарын пайдалану табиғатты пайдаланудың жалпы және арнаулы тәртібімен іске асырылады.

Республика азаматтарының қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жалпы табиғатты пайдалануда ресурстар бекітілмейді жэне ол тегін жүзеге асырылады. Табиғатты пайдаланудың арнаулы тәртібі мен оны пайдаланушыға айналым немесе жалга, шаруашылық және баскадай ісін жүзеге асыру үшін беріледі. Бүл бағдарлама акылы негізде жүргізіледі.

Арнаулы табиғатты пайдалану үшін төлеу жүйесіне екі төлем тобы кіреді:

1 -топ - қоршаған табиги ортаға калдықтарды орналастыруға жататын ластанған шығарынды мен зиянды заттек тастандыларына төлемдер:

- нормативтерден тыс белгіленген ластаушы заттек шығарындылары мен қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер;

2-топ - жерді, су ресурстарын, су қоймаларының биоресурстарын, жануарлардың ресурстар әлемін, орман жэне өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер. Бүл топтың төлеміне жататындар:

- белгіленген шама нормативтерінде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- белгіленген норматив шамасынан тыс табиғи ресурстарды пайдаланганы үшін төлемдер;

- табиги ресурстарды ұдайы өндіру мен қорғау үшін төлемдер.

Ластаушы заттек шығарындысы мен өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтерін арттыру үшін төлем­дер бекітілген нормативті мөлшерлеме еселік келемінде белгіленеді. Нормативтен асып түскен ластанудың нақты келемінің маңыздылығынан еселік артық.

Заңға байланысты барлық табиғи ресурстар маңыздылығына карай республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық деңгейдегі ресурстарға төлем мөлшерін коршаған ортаны қорғау министрлігінің ұсынуымен мемлекет белгілейді. Ал, жергілікті ресурстар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомстволар мен өзге органдардың ұсынуымен облыстық ұйымдар төлем деңгейін белгілейді.

Акылы табиғатты пайдаланудың жазалаушы қызметінің міндетімен қатар, әсіресе, нормадан тыс шығарындылар үшін табиғатты қорғау қызметінің материатдық жағынан ынталандыру мәселесін карастырған жөн. Шығарындыларды болдырмау коғамға қажетті азық ретінде ұсынылуы мүмкін. Демек, қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың бір формасы «өнімді» сату болып табылады. Қоршаған ортаны корғау кызметінде кәсіпорындар арасындағы бұл жүмыс мемлекет пен кәсіпорын арасында тауар алмасу жолымен жүзеге асырылады.. Нарық экономикасы дамыған елдерде белгіленген аумақ үшін белгілі көлемде, зиянды заттектердің шығарындыларына құқық беретін сертификатгарды сату жүйесінің тәжірибесі кеңінен өріс алуда.

Ластану нормасын сақтайтын кәсіпорын шығарындыларды қосымша қысқартқаны үшін тиесілі сыйақының бір бөлігін аламын деп есептеуіне болады. Әрине, ол кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларына қосқан үлесіне де байланысты болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:



  1. бюджет қаражаты;

  2. табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.

Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.

Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.

Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.

Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзiлуi мүмкiн.

Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстанның қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөнiндегi квоталар саудасына қатысу мүмкiндiгi көзделген жағдайда, табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен тиiстi шарттық қатынастарға түсе алады.

Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн осы Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау