Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет61/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92

139 
 
жазылған  ғылыми  мақалаға  жасалған  сілтемелер  екі  жақты  ғылыми 
ынтмақтастықтың  жемісті  болғанын  көрсететін  негізгі  көрсеткіш  болып 
саналады.  2009-2013  жылдар  аралығында  қазақстандық  жарияланымдарды 
мұқият  зерттегенде  Web  of  Science  ақпараттық  ресурстар  қорына 
қазақстандық  және  шетелдік  ғалымдардың  бірлесіп  жазған  1157  ғылыми 
мақаласы  жарияланып,  олар  3,52  сілтемелік  көрсеткішке  ие  болған. 
Салыстыру  үшін  алсақ,  Қазақстан  елімен  ынтымақтастық бағытта  жазылып 
жарияланған  мақалаларда  (1366  бірл.)  сілтемелік  көрсеткіші  орта  есеппен 
0,48 болады. 
Ендігі  кезекте  Web  of  Science  мәліметтер  базасы  бойынша 
Қазақстанның 5 облысы ішіндегі сілтемелерге ие болған ғылым салаларына 
жасаған талдауларымызды ұсынамыз. 
Физика  ғылымдары.  Қазақстанның  әлемдік  ғылыми  кеңістікте 
шоқтығын биіктетіп тұрған физика саласы деп нық сеніммен айтуға болады. 
Ғалымдарымыздың  бұл  бағытта  жазған  ғылыми  жұмыстары  импакт-
факторлық 
рейтингісі 
жоғары 
журналдарға 
жариялануы 
және 
жарияланымдардың көптеген сілтемеге ие болуы пікірімізді қуаттай түседі.  
Web  of  Science  мәліметтер  базасы  бойынша  2009-2013  жылдар 
аралығында  қазақстандық  ғалымдар  физика  саласы  бойынша  16  ғылыми 
бағыт бойынша 1238 ғылым мақала жариялаған. Дегенмен 12 ғылыми бағыт 
бойынша  ғана  10  астам  ғылыми  мақалалар  жарияланғанын  айта  кетуіміз 
керек.  Қазақстанның  орташа  сілтемелік  көрсеткішімен  салыстырғанда  да 
физика саласы бойынша жасалған сілтемелердің айтарлықтай жоғары екенін 
байқаймыз.  Физика  салаласы  бойынша  жасалған  сілтемелер  2,70  құраған 
(7.2-кесте). 
 
7.2-кесте. Web of Science 2010-2012 жылдардағы Қазақстанның физика саласы бойынша 
жарияланымдарының орташа сілтемелік көрсеткіші 
 
№ 
Зерттеу саласы 
Орташа 
сілтемелік 
көрсеткіш 
Жарияланым 
саны 
1.
 
 Астрономия және астрофизика 
6,83 
89 
2.
 
 Метеорология. Атмосфера ғылымы 
5,08 
12 
3.
 
 Физика 
3,89 
493 
4.
 
 Геология 
2,57 
63 
5.
 
 Геохимия және геофизика 
2,24 
29 
6.
 
 Химия 
2,06 
368 
7.
 
 Полимер туралы ғылым  
1,45 
11 
8.
 
 Минералогия 
1,25 
16 
9.
 
 Оптика 
1,20 
20 
10.
 
 Пайдалы қазбаларды өңдеу және өндіру  
0,76 
25 
11.
 
 Математика 
0,67 
209 
12.
 
 Термодинамика 
0,50 
14 
 


140 
 
Ғылымның көптеген бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жазған  қазақстандық  ғалымдардың  еңбегін  әлемдік  ғылыми  қоғамдастық 
жоғары  бағалап,  айтарлықтай  сілтеме  жасаған.  Осы  ретте  астрономия  және 
астрофизика,  метеорология  салалары  бойынша  жарияланған  қазақстандық 
ғылыми  мақалалар  сілтемелік  көрсеткіші  6,83-5,08  дейін  жеткенін  айта 
кетуіміз  керек.  Бұдан  басқа  физика,  геология,  геохимия  және  геофизика 
бағыттарындағы  қазақстандық  жарияланымдар  да  ғылыми  ортаның 
қызығушылығын  туғызған.  Ал  пайдалы  қазбаларды  өңдеу,  математика, 
термодинамика,  математика  және  минералогия  салаларына  біршама  ғана 
сілтемелер жасалғанын байқадық.  
Физика  саласы  бойынша  жоғары  сілтемелік  көрсеткішке  ие  болған 
қазақстандық  ғалымдардың  тобын  Еуразия  Ұлттық  университеті  арнайы 
шақырған  білікті  маман  Сергей  Одинцов  мақаласы  көшбастап  тұр. 
Ғалымның  мақаласы  ғылыми  мәліметтер  базасында  жарияланған  күннен 
бастап  оған  әлемдік  ғылыми  орта  айрықша  қызығушылық  танытып, 
дүниежүзінің әр еліндегі ғалымдар 162 рет сілтеме жасағанын үлкен жетістік 
деп бағалауға болады.  
Бұдан  басқа  Физика-техникалық  институттың  ғылыми  қызметкерлері 
Э. Боос,  Б. Жәутіков,  Н. Покровский,  А. Барақбаевтың  ғылыми  жұмыстары 
да әлемдік ғылыми қоғамдастық тарапынан өз бағасын алды. Физика саласы 
бойынша  жоғарғы  энергия  бойынша  халықаралық  авторлармен  бірлесіп 
жазылған  ғылыми  жұмысқа  138  сілтеме  жасалынған.  Осы  ретте  ғылыми-
зерттеу  жұмысын  дайындауға  әлемнің  111  ғылыми  мекемелерінің 
қызметкерлері атсалысқанын айта кетуіміз керек.    
Тағы  да  Л. Гумилев  атындағы  Еуразиялық  ұлттық  университетінің 
ғылыми  қызметкерлері  И. Іргебаева  мен  Д. Бірімжановалардың  химия 
саласы  бойынша  жариялаған  мақалаларына  101  рет  сілтеме  жасалынып, 
еліміздің абыройын асқақтатты.   
Әдеттегідей  физика  ғылымдары  бойынша  да  шетелдік  ғалымдармен 
бірлесіп  ғылыми  зерттеу-жұмысын  жазу  ғылыми-техникалық  саланың 
ынтмақтастық  көрсеткішін  айқындай  түседі.  Мысалы,  белгіленген  мерзім 
аралығында  тек  қана  қазақстандық  ғалымдар  физика  ғылым  бойынша  592 
ғылыми  жұмыстарды  жариялап,  орташа  сілтемелік  көрсеткіштері  0,88 
құрағанын  айта  кетуіміз  керек.  Соның  отандық  ғалымдар  шетелдік 
әріптестерімен  ынтмақтастып  64  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындаған. 
Зерттеу  барысында  бұл  жұмыстардың  сілтемелік  көрсеткіші  4,38  деңгейге 
дейін жеткеніне куә болдық.    
Отандық  ғалымдардың  ғылыми  жұмыстарын  жариялаған  ғылыми 
журналдардың  импакт-факторлық  көрсеткіші  5,62-0,18  аралығын  болған. 
Ғылыми  жұмыстардың  үштен  екісі  импакт-факторлық  көрсеткіші  0,60  тең 
болатын  посткеңестік  елдерде  жарық  көретін  ғылыми  журналдарда  жарық 
көріпті.  Қазақстандық  ғылымдардың  ғылыми  жұмыстарын  жариялауда 
Russian  Journal  of  Applied  Chemistry,  Russian  Journal  of  General  Chemistry, 
ранее  отмеченное  узбекское  издание  Chemistry  of  Natural  Compounds,  а 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау