Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет60/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92

137 
 
ашады.  Мұндай  материалдар  адамдардың  қоршаған  орта  туралы  білімін 
толықтырады, қауіпсіздікті жақсартып, тұлғаның дербес аясын тарылтады. 
Болашақта  ақпараттық  технологиялар  индустрия  дамуының  да 
қозғаушы  күші  болып  қала  береді.  Қаржылық  қызмет  көрсету  мен 
транзакцияның әрбір буыны заманауи ақпараттық технологияларды қолдану 
жағынан алдыңғы қатарда.  
Жаңа  коммуникациялық  технологияларды  жасап  шығару  бойынша 
үлкен  жетістіктер  күтіледі.  Осы  орайда  дыбыс  пен  көріністі  жеткізу 
технологияларына  иісті,  әсерді,  тіпті  адамның  эмоциялық  ахуалын  беру 
технологиялары  қосылады.  Интернет-технологиялар  сапалық  тұрғыдан  гөрі 
сандық  тұрғыда  дамитын  болады;  дербес  компьютерлер  мен  мобильді 
телефондар,  дыбыс  пен  суретті  көшіріп  көрсететін  құралдар,  сондай-ақ 
кеңістікте  бағдар  алуға  арналған  құрылғылар  қолдануға  мейлінше  қолайлы 
әрі әлемнің кез келген нүктесінде қол жетімді біртұтас жүйеден орын алатын 
болады. Ақпаратты өткізу мен сақтаудың құны ХХ ғасыр соңындағы жедел 
қарқынмен төмендей бермек.   
Энергияны үнемдеу технологиялары едәуір дамиды. Батыс елдерінің, 
әсіресе  американдықтардың  өмір  салты  дербес  көлікті  пайдалану 
саласындағы  ауқымды  энергия  шығындарынан  бас  тартуға  мүмкіндік 
бермейді.  Ал  экономикалық  саясат  ұстанымдары  дамушы  елдерде 
өндірілетін биоотынның кеңінен қолданыс табуына жол бермейді. Осындай 
шектеулермен  құрсалған  постиндустриалды  мемлекеттер  экономиканың 
энергия  мен  материалға  негізделуін  төмендетуге  мүмкіндік  беретін 
технологияларды жасап шығаруға барынша күш жұмсайтын болады. 
Жақын  болашақта  аса  маңызды  пайдалы  қазбаларды  ештеңе 
алмастырмайды.  Оның  үстіне,  өткен  жылдар  тәжірибесінен  шикізат 
бағасының  өсуі  дамыған  елдердің  экономикасына  қауіп  төндіре 
алмайтындығы  айқындалып,  бұл  жайындағы  бұрынғы  көзқарас  едәуір 
өзгерді.  1973-1975  жылдары  американдық  экономикада  пайдаланылған 
энергоресурстардың  сомалық  құны  16%  ЖІӨ-ге  дейін  жететін;  қазір  ол  8-
8,5%-дан аспайды. 
Еуропа  елдерінде  бұл  көрсеткіш  шамамен  екі  есе  төмен.  Сондықтан 
дамыған елдер шикізат бағасын көтеруге дайын. Себебі бұл жағдай олардың 
экономикасына  қауіп  төндіре  алмайды,  керісінше  жаңа  технологиялық 
шешімдерді  іздестіруге  ынталандырады,  сондай-ақ  жаңа  технологияларға 
салынған салымдардың тиімділігін арттыра түседі. 
 
Web  of  Science  (Thomson  Reuters)  бойынша  қазақстандық 
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының белсенділігі 
Әдетте сілтемелік көрсеткіш ғылыми мақаланың ғылымға қосқан үлесін 
айқындайтын  басты  көрсеткіші  болып  саналады.  Кей  жағдайда  осы 
сілтемелер  арқылы  кез  келген  елдегі  ғылымның  даму  деңгейін  бағамдауға 
болады.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша  халықаралық  басылымдарға 
жарияланған  ғылыми  мақаланың  орта  деңгейлі  сілтемелік  көрсеткіш  қол 


138 
 
жеткізгенін  белгілі  бір  уақыт  аралығында  (әдетте  3-5  жыл)  анықталды. 
Өйткені  ғалыми  мақала  жарық  көрген  сәтте  өзінің  тиімділігін  көрсете 
алмайды.  Халықаралық  мәліметтер  базасынан  орын  алған  ғылыми  мақала 
арада  біраз  уақыт  өткеннен  кейін  ғана  ғалымдар  тарапынан  бағаланып, 
сілтемелік көрсеткішке ие болады [5, 81].   
2009-2013 жылдары Web of Science (Thomson Reuters, АҚШ) мәліметтер 
базасында  қазақстандық  ғалымдар  мен  білікті  мамандардың  2529  ғылыми 
жұмыстары жарияланып, олар орташа есеппен 4735 сілтемеге ие болды. Бұл 
көрсеткішті  пайызға  шақсақ,  қазақстандық  жарияланымдар  1,87  сілтемелік 
көрсеткішке  ие  болғанын  байқаймыз  (2014  жылдың  18  мамырына  дейінгі 
жағдай).    
Қазақстандық халықаралық ғылыми кеңістікте физика саласы бойынша 
жарияланған  ғылыми  мақалаларымен  танымал  болуда,  ғалымдарымыздың 
бұл бағытта жариялаған мақалалары 1238 жетіп, оның сілтемелік көрсеткіш 
деңгейі 2 жеткен. Жалпы ғылымның барлық саласы бойынша қазақстандық 
ғалымдардың  көрсетілген  5  жылдық  уақыт  аралығындағы  ғылыми 
мақалаларының  сілтемелік  көрсеткішінің орташа  деңгейі  1,06-ға  тең болған 
(7.1-кесте).  
 
7.1- кесте. Web of Science бойынша 2009-2013 жылдардағы Қазақстан ғылымының 
орташа сілтемелік көрсеткіші 
 
Ғылым саласы 
Орташа сілтемелік 
көрсеткіш  
Жарияланымдар 
саны 
Физика ғылымы 
2,68 
1238 
Өмір туралы ғылым және биомедицина 
1,51 
708 
Техникалық және қолданбалы ғылым  
1,49 
547 
Әлеуметтік ғылымдар  
0,35 
334 
Өнертану және гуманитарлық ғылымдар  
0,00 
19 
Бәрі 
1,87 
2529 
 
Белгіленген  мерзім  аралығында  отандық  ғалымдар  негізінен  өмір 
туралы  ғылым  және  биомедицна  саласы  бойынша  кең  көлемде  ғылыми 
мақалалар  жариялаған.  Бұдан  басқа  техника  және  қолданбалы  ғылым 
салаларында  да  ауыз  толтырып  айтатындай  жетістіктерге  қол  жеткізген. 
Аталған  салалардың  орташа  сілтемелік  көрсеткіштері  бірден  біршама 
жоғары болған.   
Маңыздылығы  төмен  ғылымның  салалары  саналатын  әлеуметтік 
ғылымдар  бойынша  жарияланған  мақалалардың  сілтемелік  көрсеткіші 
әдеттегідей  төмен  болғанын  кестеден  байқауға  болады.  Ал  өнертану  және 
гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  жарияланған  ғылыми  мақалалардың 
сілтемелік көрсеткіші нөлге тең болғаны.  
Қазақстандық  ізденушілердің  әлемдік  ғылыми  қауымдастықпен 
ынтамықтастық  орнату  деңгейін  отандық  ғалымдардың  шетелдік 
әріптестерімен  бірлесіп  ғылыми  мақала  жазу  ісі  айқындайды.  Ал  бірлесіп 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау