Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет57/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92

130 
 
Жұмыс  нейрохирургия  саласында  инновациялық  сипатқа  ие.  Әлемдік 
стандарттарға  сәйкес  нейропатологияны  емдеудің  40-тан  аса  жоғары 
технологиялық  әдісі  ендірілген.  Аталған  әдісті  қолдану  арқылы  1394 
операция жүргізілді. 11 облыстық орталықтар мен қалаларда инновациялық 
технологиялар ендірілді. 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  География  институты  ұсынған, 
авторлары – ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Медеу  А. Р. – жетекші, Акиянова Ф. Ж., 
Бейсенова  Ә. С.,  Благовещенский  В П.,  Кунаев  М. С.,  Мальковский  И. М., 
Нұрмамбетов  Э. И.  болып  табылатын  «Қазақстан  Республикасының 
атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы» 
ие болды. 
Қазақстанда  алғаш  рет  орындалған  атластың  көп  функционалды 
жиынтығы ұсынылды. Әзірленген атлас картографиясының тұжырымдамасы 
мемлекеттік,  өңірлік  және  салалық  бағдарламалардың  әлеуметтік-
экономикалық  дамуы  мен  табиғи  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етуге 
бағытталған. 
Атластар  жаңа  геоақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 
құрылған  (ГАТ)  және  жоғары  деңгейдегі  полиграфиясымен  ерекшеленеді. 
Үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалған.  
 
2013  жылы  Ғылыми-техникалық  бағдарламалар  және  жобалар 
аясында маңызды жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. 
Тау  кен-металлургия  саласында  әлемдік  металлургия  саласындағы 
үздік  жетістіктермен  қатар  тұруға  лайық  технологиялар  дайындалды. 
Қазақстандағы  уран  кеніштерінің  (Уванас  кен  орны)  жерастылық 
сілтісіздендірілген  ерітінділерінен  ренийді  бөліп  алу  технологиясы  өндіріс 
жағдайында  жасалып,  сынақтан  өткізілді.  Көлемді  қаржы  шығындарынсыз 
жобаланған технология қазір жұмыс істеп тұрған уран өндірісіне қосылатын 
болады. 
Балқашта  орналасқан  «Қазақмыс  Смелтинг»  ЖШС  мыс  қорыту 
өндірісінің  күкірт  қышқылы  цехында  металлургиялық  газдардан  шаюдан 
қалған ерітінділердің құрамынан ренийді бөліп алу технологиясы ұсынылды. 
Ағызылатын ерітінділерден ренийді бөліп алуды қолға алу арқылы аммоний 
перренаты шығарылымын едәуір ұлғайтады. 
«Қазақмыс  Смелтинг»  ЖШС-те  өндірілетін  қара  селенді  рафинаттауға 
арналған экологиялық қауіпсіз технология мен аппаратура дайындалды. Осы 
орайда қосымша алынатын маркалық металдың құны 10 есеге дейін өседі. 
Коктал  бокситтерін  өңдеудің  инновациялық  Байер-гидрогранаттық 
қалдықсыз  технологиясы  жобаланды.  Бұл  жоғары  технологиялық  және 
экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жымдастыру 
шегін  болдырмау  арқылы  жүзеге  асырылатын  бокситтердің  өңдеудің  жаңа 
технологиясы отын мен электр энергиясын пайдалануды төмендетуге (35%-
ға  дейін),  зиянды  қалдықтардың  атмосфераға  таралуын  айтарлықтай 
азайтуға  (2-3  есеге  дейін),  металлургиялық  глиноземмен  бірге  галлий, 
ванадий  сынды  сирек  металдар,  сонымен  қатар  құрылыста  пайдалануға, 


131 
 
шойын,  цемент,  құрамында  титаны  бар  қоқыс  алу  арқылы  экономикалық 
тиімді өңдеуге жарамды гидрогранаттық шлам алуға мүмкіндік береді. 
Алтын  өндірісі  саласының  асыл  металдарды  штейнге  бөліп  алу 
арқылы алтынның байытылуы күрделі және ашылуы қиын түпкі кеніштерін 
тікелей  электрлік  балқыту  технологиясы  жасалды.  Ол  алтынның 
кеніштерден алынуын 60-70%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 
«Теріскей»  ЖШС  өндірістік  жағдайында  тәжірибелік-зауыттық  сынақтар 
сәтті жүзеге асырылды. 
Құрамында  алтын  бар  минералды  және  техногенді  шикізатты 
деарсенациялауға  арналған  әмбебап  вакуум-термикалық  технология  мен 
үздіксіз  жұмыс  істейтін  аппаратура  жасалды.  Күшән  шағын  токсиндік 
сульфид  түрінде  жоюдың  вакуумдық  технологиясы  экологиялық  қауіпсіз 
технология  болып  табылады.  Ол  Саяқ-4  кен  орынында  тірек 
флотоконцентраттарды  өңдеуде  тиімді  қолданыс  табуы  мүмкін  және  осы 
орайда  күшәнның  аз  тұқылы  алынып  (құрамында  0,3%-тен  0,9%-ға  дейін 
күшән  бар),  белгілі  әдістермен  алтын  және  кобальт  өндіруге  жіберілетін 
болады. 
Тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайда жіңішке алтынды желілердің кестесі 
жасалды.  
Ашық жағдайда «Бағалы кендерді» ұштастырылған контурлық жарудың 
параметрлерін  есептеу  әдістемесі  әзірленді.  Әртүрлі  таулы-геологиялық 
кеніштерден алтынды желілерді алудың негізгі параметрлері ұсынылды.   
Әртүрлі  геологиялық-өндірістік  кеніштердегі  нанопішіндерді  қоса 
алғанда  алтынның  фазалық  пішіндерін  толықтай  анықтауда  сараптамалық 
әдістер  кешені  анықталды.  Кеніштерден  алтынды  толық  шығару 
технологиясының әдістемелік нұсқаулықтары әзірленді. 
Кеніштерден  контейнерді  көтеру  –  қайта  тиеу  және  көтерудің 
конструкциялық  элементінің контейнерлік  сұлбасы  технологиясы  әзірленді. 
Алтынды  үйінді  күйінде  қарқынды  түрде  сілтіден  айырудың  инновациялық 
технологиясы жасалған және оның зертханалық сынағы жүргізілген.  
Жартылай  өндірістік  флотоаппараттардың  технологиялық  сынағы 
жүргізілген  және  өнеркәсіптік  үлгінің  жобасына  ұсыныстар  берілген 
наноқуысты  сорбенттерді  қолдану  арқылы  технологиялық  ерітінділерден 
алтынды бөліп алу технологиясы енгізілген.   
Электрбалқыту 
жинақтаушысы 
арқылы 
алтын-мышьякты 
концентраттан  мышьякты  уытсыз  шпейза  мен  алтын  қорғасынға 
айналдырудың  жаңа  технологиясы  әзірленді;  гальваникалық  өндіріс 
қалдықтарындағы және радиотехнологиялық өнеркәсіптегі алтынды анықтау 
тәсілдері анықталды. 
Химиялық  технологиялар  саласында  зертханалық  жағдайда 
изомерлеудің  белсенділігі  жоғары  қызуы  тұрақты  катализаторлар  мен 
көмірсутектерді алкирлеу; майда бөлшектенген және механикалық қоспалар 
тау-кен  бұрғылауда  қалдық  суларды  тазарту  үшін  және  полиграфиялық 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау