Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92

10 
 
табылады. Библиометриялық бағалауда библиографиялық мәліметтер қорына 
(МҚ)  кешенді  талдау  жүргізіледі.  Әлемдік  ғылыми  ортада  зор  беделге  ие 
болған  ғылыми  журналдарда  қай  елдің  ғалымдары  қаншалықты  мақала 
жарияласа,  сол  елдің  ғылымы  тиісінше  дамыған  болып  саналады.  Осындай 
сараптамалық  талдауларды  жасап,  қай  елдің  ғылымды  дамытуда  қаншаншы 
орында  тұрғанын  және  ғылымды  дамытудағы  рейтингі  қандай  дәрежеде 
екенін  анықталады.  Мұндағы  бағалаулар  мен  рейтингді  айқындауда 
ғалымдардың  халықаралық  ғылыми  журналдарға  жариялаған  материалдары 
басшылыққа алынатынын айтуға тиіспіз [3,4].  
Қазақстандағы  ғылымның  даму  деңгейін  анықтау  үшін  Web  of  Science 
халықаралық  ақпараттық  ресурсына  кең  көлемде  библиометриялық  талдау 
жасалынды.  Аталған  ақпараттық  ресурсқа  бүгінде  әлем  бойынша  рейтингісі 
жоғары 12 мыңнан астам рецензиялық журналдар еніп отыр. Зерттеу жұмысы 
барысында  Web  of  Science  мәліметтер  қорына  енген  Science  Citation  Index 
Expanded;  Social  Sciences  Citation  Index;  Arts  &  Humanities  Citation  Index; 
Conference Proceedings Citation Index- Science; Conference Proceedings Citation 
Index-Social  Science  &  Humanities  жан-жақты  талдау  жасалынды.  Ғылыми 
журналдарды  бағалауда  ISI  Web  of  Knowledge  –  Journal  Citation  Reports 
платформасындағы  библиометриялық  анықтама,  статистикалық  мәліметтер 
пайдаланылып,  ғылыми  журналдарда  жарияланған  мақалалар  сарапқа 
салынды.  Зерттеу  барысында  хронологиялық  көрсеткішке  де  ерекше  назар 
аударылып,  2009-2013  жылдары  және  13.05.2014  кезеңдерде  жарияланған 
ғылыми мақалалар талданды. 
Белгіленген  мерзім  аралығына  зерттеу  жүргізгенімізде  Web  of  Science 
мәліметтер  қорына  10 214 314  ғылыми  мақала  жарияланғаны  мәлім  болды. 
Олардың  арасынан  жаратылыстану,  гуманитарлық  және  әлеуметтік 
ғылымдар  бойынша  жарияланымдар  бар.  Осы  ретте  ғалыми  ақпараттық 
ресурсқа  дүниежүзінің  233  елінің  ғалымдары  ғылыми  мақалаларын 
жариялағанын айта  кетуіміз керек. Зерттеу барысында  жарияланған  ғылыми 
жұмыстардың 75%-ы дүниежүзіндегі жетекші 10 елдің үлесіне тиіп, олардың 
әрқайысы  300  000  мақала  жариялағаны  мәлім  болды.  Бұл  ретте  АҚШ  көш 
бастап  тұр.  Американдық  ғалымдар  ақпараттық  ресурстағы  ғылыми 
мақалалардың  үштен  бір  бөлігіне  иелік  етсе,  екінші  орында  11,9%-дық 
көрсеткішпен  Қытай  тұр.  Ғылыми  мақала  жариялауда  көшбасшы  елдердің 
қатарында  Германия  (6,4%),  Англия  (6,4%)  және  Жапония  (5,2%)  сынды 
дамыған елдерді де көруге болады (2.1-кесте). 
Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы елдері ғаламдық геосаяси кеңістікте 
өз  орнын  айқындап,  дамудың  даңғыл  жолына  түсіп  келеді.  Аталған 
аймақтағы  дамушы  елдер  экономикалық  өсім  мен  дамуға  қол  жеткізу  үшін 
жоғары  білімді  дамытып,  ғылыми-зерттемелерді  күшейтіп  ғылымның 
тиімділігін  арттыруға  күш  салуда.  Бұл  бағытта  ғылымды  дамытудың  тиімді 
жолына,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  сараптаудың  жағдайына  және 
ғылымды бағалаудың әдістемелеріне жан-жақты талдау жүргізіп келеді.  


11 
 
2.1-кесте. Web of Science мәліметтер қорына 2009-2013 жылдар аралығында  
ғылыми мақала жариялаған елдердің рейтингі 
 
№ 
Мемлекеттер 
Жарияланымдар 
саны 
10214314  
% үлесі 
 
1.
 
 
АҚШ 
2763847 
27,059 
2.
 
 
Қытай 
1217851 
11,923 
3.
 
 
Германия 
657390 
6,436 
4.
 
 
Англия 
651896 
6,382 
5.
 
 
Жапония 
529032 
5,179 
6.
 
 
Франция 
448145 
4,387 
7.
 
 
Канада 
409276 
4,007 
8.
 
 
Италия 
391609 
3,834 
9.
 
 
Испания 
335972 
3,289 
10.
 
 
Австралия 
307936 
3,015 
94. 
Қазақстан 
2523 
0,025 
96. 
Өзбекстан 
2222 
0,022 
143. 
Қырғызстан 
464 
0,005 
153. 
Тәжікстан 
330 
0,003 
184. 
Түркіменстан 
76 
0,001 
233. 
Батыс Сахара 

0,00 
 
Есеп  барысында,  яғни  жоғарыда  атап  көрсетілген  мерзім  аралығында 
Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық ғылыми журналдарға жариялаған 
мақалаларының  саны  1000-нан  10 000-ға  дейін  артып,  94-ші  және  96-шы 
орынға шыққан. Ал Орталық Азияның өзге елдері Web of Science мәліметтер 
қорының бағалауы бойынша төмендегідей орындарға ие болған. Қырғызстан 
– 143; Тәжікстан – 153; Түркіменстан – 184-ші орынға табан тіреген.  
Библиометриялық көрсеткіштің негізгі индикаторы ретінде жарияланған 
ғылыми  мақаланы  өзге  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында 
мейлінше  пайдалануы,  яғни  орташа  сілтеме  жасауы  ғылыми  жұмыстың 
маңыздылығының  басты  көрсеткіші  болып  табылатыны  белгілі.  Бұл  ретте 
жарияланған  ғылыми  мақалаға  өзге  ғалымдардың  сілтеме  жасауы  есепке 
алынады.  Осылайша  ғылыми-зерттеу  жұмысының  тиімділігін  анықтауға 
мүмкіндік туады. Өкінішке орай, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық 
Азия  елдері  арасында  Түркіменстанмен  тең  түсіп,  тек  Тәжікстанның  ғана 
алдына шыққан (2.2-сурет). 
Web  of  Science  мәліметтер  қорының  құрамына  халықаралық  және 
аймақаралық  басылымдар  енетіні  белгілі.  Олар  –  бағыттары  мен 
тақырыптары  бойынша  ғылымның  151  саласын  қамтиды.  Ғылыми 
ақпараттық  ресурс  –  ғылыми  ақпараттар  қорын  бес  топқа  бөліп  жіктеген: 
өмір  туралы  ғылым  және  биомедицина,  физика  ғылымы,  техникалық  және 
қолданбалы  ғылым,  өнер  және  гуманитарлық  ғылым,  әлеуметтік  ғылымдар 
деп бөлінген.   
 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау