87
аллельдер мен генотиптердің алты комбинаторлық ассоциациясы және
қауіпті сипатқа ие бес комбинаторлық ассоциациясы анықталды.
Обырды диагностикалаудың барынша ақпараттық әрі дәл әдісі қазіргі
кезде Астана қаласындағы ННМЦ базасында ғана жүргізілетін позитронды-
эмиссиялық томография (ПЭТ) болып табылады. Мемлекет басшысының
тапсырмасына сәйкес қазіргі кезде Алматы қаласында КазНИИОиР
базасында және Семей қаласында РОД базасында ПЭТ-орталық құру
жұмысы жалғасуда, мұнда радиологиялық орталықтың ІІІ блогының
құрылысы аяқталуға жақын.
Қазақстанда ИГХ әдісі 2011 жылы енгізілді, алайда 2006 жылға дейін
мұндай зерттеулер КазНИИОиР зертханасында ғана, ал 2006 жылдан бастап
Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансер базасында жүргізілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен КазНИИОиР, Семей
қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансер және Қарағанды облыстық
онкологиялық диспансер базасында 3 референс-орталық құрылды. Басқа 10
онкологиялық диспансерде ИГХ зертханалары ашылды. Имуноцито-
химиялық және молекулалық-генетикалық диагностикалау әдістері қазіргі
кезде КазНИИОиР-де жүргізіледі.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері – ісікалды ауруларын және сүт безі,
жатыр мойны, ащы ішек, қуықасты безі, өңеш және асқазан обырын ерте
анықтау бойынша онкологиялық қызмет мамандарына арналған әдістемелік
нұсқаулық өңірлерде медициналық ұйымдардың жұмыстарында пайдалану
үшін енгізілуде.
2013 жылы Шеберлік-сыныптар аясында диагностикалау мен емдеудің
15 тәсілі, соның ішінде бауыр резекциясы, бауыр артерияларын химиоэмбо-
лизациялау, бүйрек кистасы қабырғасын лапароскопиялық резекциялау
саласында диагностикалау мен емдеудің 2 кезеңдік хаттамасы ғылыми түрде
негізделіп, әзірленді және енгізілді.
Қазақ НИИОиР Қазақстанда (2012 ж.) адам папилломасы вирусының
(ВПЧ) таралуын анықтау бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілді.
Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында және ШҚО-да тұратын 18-65 жас
аралығындағы 3726 әйелге жасалған популяциялық кросс-зерттеу 28,3%
жағдайда ВПЧ жұқтырғандығын анықтады. Зерттеу нәтижелері алғаш рет
2013 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында өткен «Вакциналар және иммуно-
профилактиканың тиімділігі» атты халықаралық конференцияда баяндалды.
Медицина саласының 2011-2013 жылдардағы дамуын талдау негізінде
ғылыми-зерттеу
жұмыстарын
жүргізуге
және
инновациялық
технологияларды клиникаға енгізуге қажет мүмкіншіліктердің тиісті
деңгейден төмендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеу
әдістерінің, технологиялары мен техникалық құралдарының жетіле
түскендігін көрсетеді. Дегенмен оларды тәжірибеге енгізілу жағы артта
қалып келеді.
Ғылымды жоспарлаудың халықаралық стандарттары мен ұстанымдары
бойынша ғылыми орталықтарда ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімін
88
құру қажет. Ол ғылыми-әдіснамалық және кеңес беру-әдістемелік көмек
көрсету (патенттік-ақпараттық, математикалық-статистикалық құралдар
арқылы), халықаралық және республикалық ғылыми гранттардың
дереккөзімен қамтамасыз ету, зерттеудің сауатты дизайнын жасау, ғылыми
әдіснамалық негізді қалыптастыру, осы орайда заманауи GSP (Good
Scientific Practice) стандарттары бойынша материалды өңдеу тәсілдерін
қолдану сынды қызметпен айналысады.
Ғылымды стратегиялық жоспарлау және басқару мақсатында бұл –
ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін аса маңызды кезең:
- ірі ғылыми ортталықтарда біртұтас ғылыми кеңістік қалыптастыру,
ғылыми бәсекеге қабілеттілікті кеңейте отырып, пәнаралық және салааралық
кооперацияға дем беру;
- зерттеу және білім беру үдерістерінің интеграциясы, жұмыс сапасына
қойылатын талаптарды күшейту;
- заманауи медициналық ғылым мен денсаулық сақтау саласын
дамытудың технологиялық базасы ретінде биомедициналық зерттеулердің
басым бағыт ретінде дамуы;
- «идея – зертхана – өндіріс – клиника» біртұтас инновациялық тізбегін
қалыптастыруға бағытталған трансляциялық медицина механизмдерін
дамыту.
Елімізде кадр мәселесі аса өзекті мәнге ие. Бұл мәселе ғылыми
зерттеулер менеджменті саласындағы мамандардың, биостатистиктердің
және медицина ғылымының жаңа бағыттары бойынша мамандардың
жоқтығына байланысты туындап отыр.
Қазіргі таңда биомедицина ғылымдары саласында бәсекеге қабілетті
ғылыми орта қалыптастыру аса маңызды. Мұндай ортада елдің денсаулық
сақтау саласына қажет жаңашыл іргелі және қолданбалы зерттеулер
бойынша озық білім мен идеялар жасақталатын болады.
«Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы
Гидрогеология саласы бойынша зерттеулер
Гидрогеологиялық ғылым әлемде, сонымен қатар Қазақстанда өзінің
көптеген бағыттарында табысты дамып келе жатыр. Соның ішінде атап
өтетіні – құрғақ елдерде жер асты суларының қалыптасуы, мұнайлы және
газды аймақтардың гидрогеологиясы, руда, мұнай, газ шығатын жерлерді
іздеу гидрогеохимиясы, минералды емдік, геотермалды және өнеркәсіпті
суларды іздеу, техногендік гидрогеология, мелиоративтік гидрогеология,
гидрогеологиялық процестердің математикалық өңдеуі мен қолдануды
басқаратын және жер асты суларының қарқынды игеру аймақтарын
мониторингтейтін автоматтандырылған геоақпараттық жүйе жасау. Аталған
бағыттардың барлығы У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология мен
геоэкология институтында әлемдік стандарттарға сәйкес ең жоғарғы
деңгейде іске асырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |