Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет38/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92

89 
 
Өзінің  территориясындағы  жер  асты  суларын  талдап  карталау 
саласында  қазақстандық  гидрогеологтар  үлкен  жетістіктерге  жетті.  Оны  ең 
информативті 1:200 000 масштабта зерттелуі қазіргі уақытта 95% жақындап 
келе  жатыр.  Ресей  Федерациясының  Қорғаныс  министрлігі  Қазақстаннан 
жалға 
алатын 
көптеген 
әскери 
полигондар 
территорияларында 
гидрогеологиялық-геологиялық барлау жұмыстары өткізілмеген. 
Қазіргі  уақытта  геоақпараттық  жүйелер  ең  кең  гидрогеологиямен 
шектес салаларда таралды.  
Индиана  штатының  (АҚШ)  геологиялық  қызметі  мен  Табиғи  қорлар 
департаменті  су  тұтқыш  кешендер  мен  қабаттардың  құрылымы  мен  күйі, 
суға  төзімді  жыныстар  және  т.б.  туралы  картографиялық  және  сонымен 
байланысты  анықтауыш  мәліметтері  бар  ГАЖ  жасады.  Оған  бұрынырақ 
жарияланған «Индиана су тұтқыш қабаттарының гидрогеологиялық атласы» 
негіз болды. Ақпарат Shapefile түрінде ұсынылған. 
Balkh  пен  Khulm  (Ауғаныстан)  бассейндерінің  жер  асты  су  қорларын 
бағалау  үшін  жер  асты  суларының  деңгейлі  режимі  мен  сапасы  туралы 
қазіргі  заманға  сай  мәліметтерді,  КСРО  кезінде  қолдан  құрастырылған 
гидрогеологиялық  карталардың  географиялық  бекітілуі  мен  цифрленуін 
қосатын ArcGis пен Manifold 6.0 базасындағы геоақпараттық жүйе жасалған 
[44].  [45]  жұмысында  Батыс  Бенгалия,  Миднапур  (Үндістан)  аймағының 
гидрогеологиялық  жағдайын  зерттегенде  ГИС  қолдануы  бейнеленген. 
Жердің 
дистанционды 
барлау 
мәліметтері 
геологиялық 
картаны 
құрастырғанда  қолданылған,  тік  электр  барлау  мәліметтері  –  су  тұтқыш 
қабаттың  меншікті  кедергі  картасын  құрастыру  үшін.  Нәтижелі  карталар 
ГАЖ шегінде салыстырылған және талданған. 
[46]  жұмысы  Иорданияның  оңтүстік-батысында  құрғақ  аймақта 
орналасқан  Вади  әл-Карак  бассейнінің  геоақпараттық  жүйесін  жасауға 
арналған.  Жер  үсті  су  қорларының  аздығынан  және  көп  жылдық 
құрғақшылықтан  бұл  жерде  жер  асты  сулары  негізгі  су  қорлары  болып 
есептеледі.  Бассейннің  жер  асты  су  қорларын  зерттеу  мен  бағалау  үшін 
ArcGIS жүйесінде бедердің цифрлі үлгісін, дренаж жүйесінін картасын, еңіс 
картасын,  гидрогеологиялық  қабаттарды,  жауын-шашынның  таралу 
картасын  және  т.б.  қосатын  ГАЖ  жасалған.  Көптеген  карталар  жерді 
дистанциялық барлау тәсілін қолданып құрастырылған. 
Гидроэлектростанцияның  сарқырамасын  құрастыру  жұмыстарының 
барысында  гидрологиялық  және  гидродинамикалық  талдау  жасау  үшін 
Ханчжоудағы  (Қытай)  Чжэцзян  университетінің  ғалымдары  ArcGIS  пен 
Oracle  арқылы  мәліметтер  базасымен  интегралданған  ГАЖ  жасады. 
Сонымен қатар ол үлгілеудің нәтижелерін көрсетуге қолданылған [47]. 
[48]  жұмыста  Австралияның  су  қорларын  бағалауға  арналған  AWRA 
(Australia  Water  Resources  Assesstment)  жүйесі  негізденді.  Ол  бір  бірімен 
байланысты  бірнеше  сыңарлардан  тұрады,  сонымен  қатар  өзен  ағысын, 
ландшафты  және  жер  асты  суларын  (AWRA-G),  үлгілеу  үшін  және 
MODIFLOW  қолданғанда  континенталды  көлемде  су  балансын  жоғары 


90 
 
дәлдікпен  есептей  алады.  Алынған  мәліметтер  Австралия  ақпараттық  су 
қорлар  жүйесі  мен  жер  асты  сулар  жөніндегі  ұлттық  ақпараттық  жүйесіне 
қосылады. 
Су  қорларын,  әсіресе  жер  асты  суларын  ұтымды  пайдалану 
саласындағы  мемлекеттер  арасындағы  қарым-қатынастың  дамуына 
салмақты  үлес  ол  –  Қазақстан  ғалым  гидрогеологтары  мен  ЮНЕСКО 
арасындағы тығыз қарым-қатынас. Қазіргі уақытта бұл беделді халықаралық 
ұйым трансшекаралық су ресурстарын, оның ішінде жер асты сулары да бар, 
мәдениетті қолдануына ерекше назар аударады. Бұл жоспарда Қазақстан ОА 
мен  Кавказ  елдерінен  алда.  ЮНЕСКО  үлгісі  бойынша  Қазақстан 
гидрогеолог  ғалымдары  мемлекеттік  шекараның  бүкіл  периметрі  бойынша 
орналасқан, 
соның 
ішінде 
Ресей 
Федерациясымен, 
Қырғыз 
Республикасымен,  Түркіменстанмен  трансшекаралық  су  тұтқыш  қабаттар 
мен жер асты суларының бассейндерін анықтау жұмыстарын атқарды.  
Осы жұмыстың арқасында Қазақстан Үкіметінің уәкіл етілген мекемесі 
СҚК  бетінде  трансшекаралық  бассейндердің  жер  асты  су  қорларын 
қолдануын  ретке  келтіру  туралы  мәселе  көтере  алады.  Бұл  мәселені  шешу 
үшін Институттың ғалымдары мен «Казгидек» серіктестігі шекараның бөлек 
жерлерінде  ішерлік  жер  асты  суларының  едәуір  көлемін  шығару  үшін 
мемлекеттік  деңгейдегі  келісу  туралы  ұсыныстар  дайындады.  Мысалы 
«Сарыағаш»  курорт  аймағында  Өзбекстанмен,  Павлодарда  Ертіс 
жағажайында  Ресей  Федерациясымен,  Шу  өзені  алқабында  Қырғыз 
Республикасымен және т.б. 
Сонымен  қатар  ЮНЕСКО  желісінде  Экологиялық  қордың  жаһандық 
бағдарламасы  (ГЭФ)  шегінде  Институт  Қазақстанға  жататын  Каспий 
теңізінің  жағажайындағы  трансшекаралық  жер  асты  суларымен  тіреліп 
тұрған  акваторияның  экологиялық  күйі  туралы  Ұлттық  баяндама 
дайындады. 
Институтта  экология  саласында  техногенез  бен  адамның  шаруашылық 
әрекеті  нәтиже-сінде  жер  асты  суларының  ластану  ошағын  табу 
бағытындағы  тақырыптар  жүзеге  асырылып  жатыр.  Мысалы,  Ақтөбе 
облысындағы  Ілек  өзенінің  алқабында  үйінді  су  тұтқыш  қабаттардың  жер 
асты суларының ластануы табылған аймақтарда қазіргі уақытта ластанған су 
тұтқыш  қабаттарды  бор  мен  алты  валентті  хромнан  зарарсыздандыру  үшін 
практикалық  жұмыстар  жүргізіліп  жатыр.  Қазіргі  заманға  сай  ғылым  мен 
практиканың  қоршаған  ортаның  тазалығы  үшін  күресу  және  жер  асты 
суларын  ластанудан  қорғау  мүмкіндіктеріне  қарағанда  берілген  мысал 
бірегей болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  У.М. Ахмедсафин  атындағы  Гидрогеология  мен 
геоэкология  институты  жоғары  дәрежедегі  ғылыми  кадрлардың  қатты 
жетіспеушілігін сезінеді, ал лабораторияларды кадрлармен толтыру ең төмен 
қиын-қыстау  деңгейге  жетті.  Жоғары  дәрежедегі  кадрлардың  орташа  жасы 
60–63  жақындады,  бұл  Қазақстанда  осы  ғылым  саласына  болашақта 
сақталуына  қатер  төніп  тұрғанын  білдіреді.  ҚР  БҒМ  басшылығына  ғылым 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау