Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет33/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92

78 
 
оңтайлы  шешімдер  қалыптастырудағы  рөлін  бағалау  үшін  тудырушы  жүйе 
сипаттамаларын пайдалану болып табылатын әдіс қарастырылған. 
Жоғарыда  аталған  тәсiлдердің  теориялық  маңызы  аса  зор,  алайда 
олардың  есептеу  рәсімдері  өзгешеленудің  сипатына  қойылатын  аса  қатаң 
шектеулерді орындаумен байланысты және жуықтатылған шешімдерге ғана 
алып келеді. 
 
 
«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы 
 
Медицина саласындағы зерттеулер (хирургия, пульмонология) 
Хирургия  саласында  2013  жылы  Қазақстандағы  ғалым-хирургтар 
(А. Сызғанов атындағы ҰХҒО) алғаш рет төрт реципиент адамға бір мезетте 
бауырды,  жүректі  және  екі  бүйректі  «мультимүшелік  жинақтау»  әдісі 
бойынша  ауыстыру  операцияларын  жасады.  Бір  донордан  үш  мүшені 
ауыстырып  салу  сериясын  жүзеге  асырып,  тірі  донорлардан  бауырды 
ауыстырып салуды клиникаға енгізілді. Аса қуатты медициналық ресурстар, 
иммуносупрессивтік  препараттардың  қарқынды  қолданысы,  сондай-ақ  – 
пациенттерді 
мұқият 
таңдау, 
әрбір 
жағдайға 
қатысты 
графты 
қалыптастыруға қажетті донор бауырының фрагментін таңдау, қажетті графт 
көлемінің  және  донорда  қалатын  бауыр  фрагменті  көлемінің  нақты 
есептеулеріне  сүйене  отырып  жүзеге  асырылады.  Рецепиентке  сәтті 
операцияны  жасаудың  шартына  рецепиенттің  бауырынан  35%-дан  кем 
болмайтындай  көлемдегі  донор  бауырының  фрагментін  алу  жатады.  Донор 
бауыры  фрагменттерінің  көлемін есептеудің  қазіргі  заманға  сай  нақты  әдісі 
ретінде  донор  бауырының  виртуалдық  үлгісін  құрастыруға  негізделетін 
волюметрия жатады (6.3-сурет).  
 
 
 
6.3-сурет. Донор бауырының сегменттері мен тамырлы құрылымдарын көрсету 
 
Иммуносупрессивтік 
терапияда 
клиникалық 
тәжірибелердің 
көрсеткеніне  байланысты  иммуносупрессивтік  және  иммунокомпетенттілігі 


79 
 
арасындағы  тепе-теңдікті  сақтап  қалу  үшін  Такролимус  және  Микофенолат 
Мофетил (MMF) комбинациясы қолданылады. 
Қарынша  қалқасының  туа  біткен  ақаулары  (ҚҚТБА).  Қарынша 
қалқасындағы  ақауға  окклюдерді  имплантациялау  жұмыс  істеп  тұрған 
жүректе,  кеуде  жасушалары  мен  жүрек  қуысын  ашпай-ақ  эндоваскулярлық 
әдіспен  орындалады,  бұл  әдіс  ашып  жасаған  кездегі  болатын  бірқатар 
асқынулардан  сақтандандырады.  Эндоваскулярлық  әдіс  операция  уақытын 
қысқартып,  пациенттің  стационарда  ұзақ  жатпауына  мүмкіндік  береді. 
Кеселді оперативтік әдіспен түзетуден кейінгі қарынша қалқасына туа біткен 
реканализацияланған ақаулардың проблемасы 28-32%-ды құрайтын болады. 
Резидуалдық  шунтты  жабуда  қолданылатын  окклюдерлік  технология 
қайталап  жасалатын  хирургиялық  килігудің  баламасы  және  тиімді  әрі 
қауіпсіз әдіс болып табылады.  
«Соңын  соңына»  анастомозымен  таңа  отырып  кеңірдекті  циркулярлық 
резекциялау  -  қысқа  мерзім  ішінде  дем  алу  жолдарын  қайта  қалпына 
келтіріп,  зақымдалған  бөлікті  алып  тастап  емдеудің  негізгі  түрі.  Кеңірдекті 
кесіп  алып  тастағаннан  кейінгі  болатын  асқынулар  6,2-28%  құраса,  кейбір 
мәліметтер бойынша сәтсіз операциялар 10% құраған.  
Кеңірдектің  тыртық  салдарынан  қайта  тарылуының  алдын  алу  үшін 
тыртықтарды эксцизиялаған кейін дем алу жолдарына жол ашып тұратын әр 
түрлі  қаңқалы  құрылымдарды  енгізуге  болады.  Ұзақмерзімдік  стенозы  бар 
аурулардың кеңірдегіне жасалатын кезеңдік пластика емдеудің бір ғана әдісі 
болып саналады және де ауру адамдардың 98,8% жазылып кетуіне мүмкіндік 
береді.  
Рестенозацияның  алдын  алу  үшін,  эндоскопиялық  әдіспен  қайта  жол 
ашылған  соң,  кеңірдекке  әртүрлі  эндопротездер  мен  қабырғалық-
протекторлар  орнатылады.  Дұрыс  таңдалып  алынған  уақытша  эндопротезді 
адам  ағзасы  жақсы  қабылдайды,  кеңірдек  қабырғасын  репарациялауға 
қажетті  уақытқа  жетеді.  Пластикалық  операция  нәтижесінде  дем  алу 
жолдарын  айтарлықтай  ашып  болып,  уақытша  қолданылатын  эндопротезді 
алып  тастаған  соң  маңайдағы  ұлпалар  арқылы  пластикалық  жабу  жүзеге 
асырылады.  Кеңірдектегі  күрделі  ақауларды  жою  кезінде  маңайындағы 
ұлпалармен  жай  ғана  жауып  қою  жеткіліксіз  болады,  бұл  жаңа  амалдарды 
қарастыруды талап етеді.  
Кеңірдектегі қолқа тармағы стеноздарының эндоскопиялық анықтаудың 
тиімді  алгоритмі  ұсынылып  отыр,  ол  қажетті  іс-әрекеттердің  реті  мен 
тәртібін 
қамтамасыз 
ететін 
тағайындалған 
ережелерге 
сүйенеді: 
а) диагностикалық  эндоскопия  биопсия  амалына,  консервативтік  немесе 
оперативтік  емдеу  түрін  таңдауға  мүмкіндік  береді;  б) тікелей  биопсия 
міндетті  түрде  морфологилық  верификацияға  арналып  өзгертілген  ұлпаны 
көріп  тұрып  орындалады;  в) патологиялық  үрдістің  жанама  эндоскопиялық 
сипаттарын  анықтау  барысында  (іштен  өсіп  шығуы,  пайда  бола  бастауы, 
деформация,  қабырғаларындағы  ебейсіздіктер)  ісіктің  орналасуын,  көлемі 
мен  құрылымын  анықтау  үшін  кеңірдекті  спиралдық  компьютерлік 


80 
 
томографияға түсіру керек болады; г) стенозды хирургиялық түзету әрекетін 
(трахеофиссура, 
протездеумен 
бірге 
жүзеге 
асырылатын 
ларинготрахеофиссура)  кешенді  түрде  және  ларинготрахеоскопиялық 
бақылау арқылы жүзеге асыру керек.  
Нейрохирургтар  (НҰО,  Астана)  ауру  адамдардың  мүгедектікке  душар 
болуын  төмендетіп,  барынша  еңбекке  қабілеттілігін  сақтап  қалып, 
ауруларды  қайта  қалпына  келтіруді  жүзеге  асырып,  өлімді  азайту 
мақсатында  бас  миы  тамырларының  ауруын  анықтау  мен  емдеудің 
технологияларын өңдеп, жетілдіру үстінде.  
Нейрохирургиялық  цереброваскулярлық  патологиясы  бар  және  
геморрагиялық  инсультпен  ауыратын  адамдарға  жүргізілген  клиникалық 
және  аспаптық  зерттеулердің  кешені  еліміздегі  геморрагиялық  инсульттің 
672-ін анықтаған екен.    
Ғалымдар алғаш рет стенттік және баллондық ассистенцияны қолданып 
тамырларды  мақсатты  түрде  қадағалап  отыратын  эмболизациялау  арқылы 
артериявеналық  мальформацияларды  (АВМ)  емдеудің  эндоваскулярлық  
әдісін енгізді.  Эндоваскулярлық емдеуді мидың алдыңғы артерияларындағы 
аневризмалары  барысында,  вертебробазилярлық  бассейндегі  аневризмалар 
барысында  қолданған  жөн.  Артериявеналық  соустийлерді  эмболизациялау 
кезінде  микроспиральдарды  Onyx  желімдік  композиясымен  бірге  
пайдаланған  кезде  ішкі  ұйқы  артериясын  қайта  құру  мен  каротидтік-
каверналы соустийлерді толықтай өшіруге мүмкіндік береді. 
Қанды  ісікті  хирургиялық  әдіспен  алып  тастаса,  қанды  ісіктің  қаны 
бөлетін  нейропатикалық  заттарға  тосқауыл  жасалып  және  патологиялық 
үрдістердің  қанқасы  шығаратын  ми  ұлпасы  мен  қанды  ісіктің  араласып 
кетпеуіне 
жол  берілмейді.  Геморрагиялық  инсультпен  ауыратын 
адамдардың  өліп  кетуіне  көбінесе  дамып  келе  жатқан  ісік  пен  кейбір  ми 
бөліктерін жылжуы себеп болады (30-40%). Операцияны ауру адамға дұрыс 
тағайындап,  кіші  инвазивтік  оперативтік  килігулерді  жүзеге  асыру  арқылы 
бас  сүйегі  ішіндегі  қан  қысымы  ұлғаюының  алдын  алып,  геморраниялық 
инсультпен  ауратын  пациенттердің  өлімін  азаютуға  және  өлімді  35%-дан 
21,5%-ға дейін төмендетуге болады.  
Жаңа  зерттеулердің  нәтижелері  клиникаға  енгізілді,  соның  ішінде: 
артериялық  тамырлардағы  аневризмалар  мен  бас  миының  артерия-веналық 
мальформациясын 
эндоваскулярлық 
эмболизациялау, 
соустийлерді 
каротидтік-каверналы  эндоваскулярлық  эмболизациялау  және  жабынды 
стендтар  арқылы  бас  миы  тамырларындағы  ауруларды  эндоваскулярлық 
емдеу,  сондай-ақ  бас  миындағы  қан  айналымы  жеткіліксіз  бола  бастаған 
кездегі  қолданылатын  вакуумдық  терапия  және  бульбарлық  синдроммен 
ауыратын адамдарға  Вокастим аппаратын қолдану. 
Бел омыртқа бөлігі сегменттеріндегі тұрақсыздықты интраоперациялық 
жолмен анықтаудың тәсілі мен оны жүзеге асыратын қондырғы жасалынды. 
Ертеректегі  және  операциядан  кейінгі  кезеңдердегі  нәтижелерге  талдау 
жасай  отырып,  омыртқаның  бел-құйымшақ  бөлігіндегі  дегенеративтік 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау