Т. И. Есполов ҚР ҰҒА академигі, профессор



жүктеу 1,69 Mb.
Pdf просмотр
бет35/92
Дата19.01.2020
өлшемі1,69 Mb.
#27104
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92

83 
 
байланыстырады. Туберкулез мәселелері Ғылыми орталығы, М.Ә. Айтқожин 
атындағы  ИМБиБ  және  Назарбаев  Университеті  ғалымдары  M. tuberculosis 
микобактериялар  штамдарының  генетикалық  вариабельділігін  зерттеуді 
жалғастыруда.  
Beijing  тұқымдас  штамдар  Қазақстан  үшін  аса  эпидемиялық  қауіп 
төндіреді,  өйткені  ол  көптік  дәрілік  тұрақтылығы  бар  туберкулез 
жағдайларының  басты  себебі  болып  табылады,  бірақ  бұл  штамдардың 
таралу ошағын анықтау мүмкін емес. Туберкулезге қарсы диспансерлер мен 
пенитенциарлы  мекемелердің  пациенттерінен  бөлінген  штамдар  анализі. 
Бұрын  жүргізілген  зерттеулерде  бір  емес  бір  уақытта  бірнеше  
M. Tuberculosis  штамдарымен  ауру  шақырылған  жағдайларды  анықтады.  
Бұрын 
анықталған 
160 
қазақстандық 
изоляттардың 
генетикалық 
профильдері  жасалған  дерекқордың  негізі  болды  және  молекулалы-
эпидемиологиялық жұмыстар жүргізу кезінде рефернс ретінде қызмет етеді.  
24-MIRU-VNTR  анализінде  қолданылатын  24  вариабельді  локустардың 
ішінде жеке аллелді нұсқалардың кездесу жиілігі туралы алынған  деректер 
негізінде  10  ең  көп  ақпаратты  локустармен  негізделген  типтеудің 
редуцияланған схемасы әзірленді. Бұл комбинацияны қолдану ҚР аумағында 
генетикалық тұқымдарды  және  жеке  генотиптерді  дифференциациялауға  ең 
аз  қажет  локустар  санын  айтарлықтай  азайтуға  мүмкіндік  береді,  бұл 
сондай-ақ  жеткілікті  дискриминациялау  қабілеттілікті  сақтай  отырып, 
анализ жасау жұмыстарының көлемін азайтуға себепкер болады.   
Қазақстанда туберкулезге қарсы үдемелі технологияларды енгізу өзекті 
мәселе  болып  тұр.  ҚР  туберкулез  жұқпасының  таралуын  бақылау  құралы 
ретінде  бірыңғай  кешенді  молекулалы-эпидемиологиялық  мониторинг 
жүйесін іске асыру мақсатында менеджмент жүйесінің ИСО 9001-2009 (2011 
ж.  маусым  айынан)  сәйкес  GLP  сапа  сертификатын  және  Германиядағы 
Борстель 
(БДСҰ 
туберкулез 
орталығы) 
Супранационалды 
лабораториясының  сыртқы  сапаны  бақылау  халықаралық  сертификатын 
алған  МҰО  референс  –  лабораториясы  құрылды.  Қазіргі  күнде  туберкулез 
ауруына  шалдыққандардың  Ұлттық  тіркелімі  және  үнемі  жұмыс  істейтін 
мониторинг  және  республика  бойынша  ТМҒО  өткізілетін  туберкулезге 
қарсы 
іс-шараларды 
бағалау 
жүйесі 
енгізілген. 
Туберкулезді 
диагностикалаудың инновациялы молекулалы-генетикалық экспресс әдістері 
енгізілді  (2  тәулік  ішінде  мультирезистентті  туберкулезді  анықтауға 
мүмкіндік  беретін  HAIN–тест,  2  сағат  ішінде  анықтайтын  Xpert–TB). 
Клапанды бронхоблокациямен бірге силиконды имплантты қолдану арқылы 
өкпенің  туберкулезбен  зақымдалған  жерінің  гиповентиляциясы  мен 
ателектазын  шақыра  отырып  дренаждаушы  кеңірдек  тарамдарын 
оқшаулауға  бағытталған  кең  ауқымды  дәрілік  тұрақтылығы  бар  туберкулез 
ауруларын    хирургиялық  жолмен  емдеудің  жетілдірілген  әдісі  енгізілуде. 
Бұл әдіс дені сау халыққа өте қауіпті болып табылатын кең ауқымды дәрілік 
тұрақтылығы бар ТБ ауруларды емдеп шығаруға және аурулар контингентін 
азайтуға мүмкіндік береді.  


84 
 
ТМҰО  соңғы  2-3  жылдағы  басты  жетістіктері:  өте  ауыр  емделетін 
туберкулездің  мульти-  және  супертұрақты  түрлерімен  ауыратын  ауруларды 
емдеудің жаңа схемасы енгізілді. Дер кезінде тіркеуге және ауырған кезінен 
бастап  диспансерлік  тіркеуден  шыққанға  дейінгі  аурудың  тағдырын 
қадағалауға  мүмкіндік  беретін  туберкулезге  шалдыққандардың  Ұлттық 
тіркелімі енгізілді. 
MTBDR-plus  молекулалы-генетикалық  әдісі  негізінде  алғаш  рет 
Қазақстанның  әртүрлі  аймақтарындағы  туберкулезге  шалдыққандардың 
rpoB, katG, inhA генасындағы туберкулез микобактерияларының ДНК –дағы 
мутациялар ерекшеліктері зерттелді.  
ҚР  азаматтық  және  пенитенциарлық  денсаулық  сақтау  секторларында  
алғаш  анықталған  және  созылмалы  дәрілік  тұрақтылығы  бар  өкпе 
туберкулез  түрлеріне  шалдыққан  аурулардың  rpoB,  katG,  inhA 
геналарындағы  туберкулез  микобактерияларының  ДНК-дағы  мутациялар 
ерекшеліктері зерттелді.  
MIRU-VNTR-анализ  әдісімен  типтелген  M.  Tuberculosis  штамдарының 
молекулалы-генетикалық әртүрлілігін кешенді бағалау жүйесі әзірленді. 
Алғаш  рет  Қазақстанның  азаматтық  секторында  тұратын  өкпе 
туберкулезі 
ауруына 
шалдыққандардан 
бөлінген 
туберкулез 
микобактерияларының 
изоляттарын 
MIRU-VNTR 
типтеу 
негізінде 
генетикалық  тұқымдастықтың  6  түрі  анықталды,  бірақ  Beijing  тұқымдас 
изоляттар басым (82%). 
Алғаш  рет  КДТ  ТБ  ошағында  байланыста  болған  балалар  мен 
жасөспірімдерге  химиопрофилактиканың  тиімділігі  зерттелді  және  оларды 
бақылау  ұсынымдары  берілді.  Туберкулез  гонитінің  экспериментті  үлгісін 
емдеу  үшін  туберкулезге  қарсы  ПИРЭФ  4  препараты  арқылы  теңіз 
шошқасына құйылған наномайды клиникаға дейінгі зерттеу жүргізілді. 
Онкология саласында, обыр (рак) шартты түрде емдеуге болатын  ауру 
саналатынына  қарамастан,  ол  жыл  өткен  сайын  миллиондаған  адамдардың 
өмірін  жалмауда.  Хирургиялық  амалдар,  сәуле  және  химия  терапиясы 
сияқты  ісікке  қарсы  емдеудің  дәстүрлі  әдістері  көбінесе  осы  қорқынышты 
аурудың алдында дәрменсіз болып отыр. 
Қазақстанда  онкологиялық  аурулардан  болатын  өлім-жітім  халықтың 
жалпы  өлім-жітімінде  екінші  орында.  Жыл  сайын  обырдан  17000  адам  көз 
жұмады,  олардың  42%-ы  –  еңбекке  қабелітті  жастағы  адамдар.  Халыққа 
онкологиялық көмек көрсетуді бас ұйым – Қазақ онкология және радиология 
ғылыми зерттеу институты, 17 онкологиялық диспансер (ООД – 13, РОД – 2, 
ГОД  –  2),  2  онкологиялық  бөлімше  (Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университетінің Ақтөбе МО және Жезқазған өңірлік көпбейінді ауруханасы 
жанында)  жүзеге  асырады.  Жыл  сайын  Қазақстанның  стационарлық 
онкологиялық  ұйымдарында  80  мыңға  жуық  науқас  емделеді  және 
Қазақстанның  шамамен  2,5  миллион  тұрғыны  скринингтік  онкологиялық 
тексерістен өтеді. 


жүктеу 1,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау