91
үшін кадрлар дайындауына назар аудару керек, соның ішінде қазіргі уақытта
докторлар hD дайындауға рұқсат етілген Ұлттық университеттер докторан-
турасы арқылы гидрогеология мен инженерлік геология саласында.
Елдегі су қорларын басқару аса маңызды мәселе болып қалды. Ол әзірге
онша нәтижелі емес. Осы бағыттағы әлемдік тәжірбие сумен қамтамасыз
ететін объектілерінің мемлекеттік мониторинг жүйесін автоматтандыру,
соның ішінде жер асты суларындағы су бөгеттер, жер асты сулары тәртібінің
өзгерістеріне жылдам шағылысуға және су алуды тұрақтандыру үшін
барабар шаралар қолдануға мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Мысалы, АҚШ-
та әрекеттегі және бақылығыш ұңғымалардың орасан зор жүйесін қосатын,
жер асты суларын мониторингтейтін бірыңғай мемлекеттік жүйе жұмыс
істейді. Елдің кез келген жеріндегі жер асты суларының негізгі
көрсеткіштері туралы жетерлік ақпарат алу үшін, ғаламторға онлайн
режимінде кіру ғана жеткілікті.
Су саласында басқару мекемелерді қайта құрғанда, Қазақстан сияқты
Жердің құрғақ аймақтарында орналасқан және өз халқы мен экономика
салаларын сумен қамтуда едәуір нәтижелерге жете алған елдердің (Үндістан,
Израиль, Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр және т.б.). тәжірибесімен
танысу керек. Қазіргі уақытта оның жағдайын жоғарылату және бір
министрлік ішінде барлық су қорларын (жер үстіндегі және жер астындағы)
қосу қажеттілігі қалыптасты. Қазіргі кезде ҚР Президентінің 2014 жылғы 4
сәуірдегі №786 Жарлығымен барлық су ресурстары (жерүсті және жерасты)
бір министрлікке – Қоршаған ортаның қорғау және су ресурстары
министрлігіне біріктірілген.
Каспий маңының осы мұнай өңдеуші ауданында мұнай ұңғымаларын
пайдалану кезінде жыл сайын, мұнаймен қоса, пайдалы компоненттерінің
концентрациясы бар, 30 млн м
3
астам тұздықтар алынады. Осылайша,
қандай да болсын компоненттің минималдық рұқсат етілген шегінен асатын
құрамы бар, компоненттерді алу тиімділігі, КМК Нұсқаулығындағы және
қандай
да
болсын
елдің
өнеркәсібінде
пайдаланылатын,
гидрометаллургиялық
және
арнайы
химиялық
технологиялардағы
талаптарға байланысты.
Мұнай-газ
гидрогеологиясын,
техногендік
гидрогеологияны
математикалық үлгілеу бағыттарын, табиғи, болжамдық өңірлік қорлар мен
жер асты суларының пайдаланылатын барланған қорларын бағалауды
айрықша атап өткен жөн.
Тұщы шаруашылықтық-ауыз су жер асты суларын, сондай-ақ емдік
минералдық суларды барлау және ұтымды пайдалану саласындағы
зерттеулерді, жоғары әлемдік деңгейіне жатқызуға болады. Соңғыларына
қатысты, минералдық суларының емдік бальнеологиялық қасиеттерін қамту
түрлері мен кеңдігінің әртүрлілігі бойынша, Қазақстан мұндай суларға бай
деп айтуға болады. Әртүрлі ауруларды емдеуге тәжірибелік пайдалану үшін,
оларды
тежеп
тұрған
бірден-бір
фактор,
дүниежүзілік
атақты
92
бальнеоемханалармен салыстырғанда, санаторийлердің және курорттардың
жеткіліксіз жабдықталмағандығы болып табылады.
Ауқымды қаржылық шығындар қажеттігіне байланысты, әзірше бұл
саланы игеруде жеке инвесторлар зауықсыз.
Басқа тежегіш фактор – емдік минералдық көздері бар, санаторийлердің
және курорттардың орналасу орындарына баратын, заманауи сападағы
автокөлік жолдарының ішкі желілерінің дамымағандығы болып табылады.
Сондай-ақ туристік саланың дамымауы мен әртүрлі ауруларды емдеуге
арналған, Қазақстанның минералдық суларының бальногеологиялық
көрсеткіштерінің кеңінен жарнамаланбауы да өз әсерін тигізіп отыр,
Институттың ғылыми зерттемелерді енгізу саласындағы жетістігін
бұдан әрі да нығайту керек. Қызылорда қаласын жоғары сапалы, тамаша жер
асты суымен сумен жабдықтау мәселесі, қазіргі кезде ауыз сумен
жабдықталуда айтарлықтай қиындықтарды басынан кешіріп отырған,
республиканың басқа да аумақтары бойынша да ұқсас жұмыстардың
бастамасы болуы тиіс. Атап айтқанда, 2011 жылы жасалған, 2020 жылға
дейінгі кезеңге бағдарланған, «Мониторинг аясында, Қазақстанның жер асты
суларын, өнеркәсіптерге және экономиканың басқа салаларына, ауыз су
қажеттіліктеріне, суаруға және суландыруға кешенді пайдалану»
бағдарламасындағы тәжірибелік ұсыныстарда назар аударылған, батыс,
солтүстік және Орталық Қазақстанның аудандары.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан–2050: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Қазақстан халқына деген міндеттеріне ерекше көп көңіл бөлінуі
қажет.
Каспий теңізінің проблемаларын зерттеу де, Каспий аумағы елдерінің -
Иран Ислам Республикасының, Әзірбайжанның, Түркіменстанның, Ресей
Федерациясының ғалымдарымен, Еуропалық Одақ – Нидерландия,
Германия, Ұлыбритания өкілдерімен тығыз қатынаста жүргізілді. Сонымен
қатар, Каспийдің экологиялық мәселелерін зерттеу, Каспий қайраңында
мұнайды барлау және өндіру бойынша инвесторлар мәртебесіне ие болған,
мұнай компанияларының Халықаралық Консорциумы мүшелерімен тығыз
қатынаста жүргізілді. Басында бұл «ОКИОК» Консорциумы басшылығы,
кейіннен «Аджип ККО» болды.
Каспий теңізі мәселелерін кешенді зерттеуде, Каспий мәселелері
бойынша Техникалық-Экономикалық Баяндама (ТЭБ) жасау мен теңіз
деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты, жағалау маңындағы мұнай
кен орындарының су басудың және батудың алдын алу бойынша ұсыныстар
жасау айтарлықтай нәтижелі болды. Каспий теңізі бойынша ҒЗЖ негізгі
ұйымы бола отырып, Институт, Ресеймен бір мезгілде дерлік, Қорғаныш іс-
шаралары жобасын жасады және теңіздің жағалау маңының қазақстандық
бөлігіндегі экологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі ұзақ мерзімдік
жоспар белгіледі және экономиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік
бойынша тәжірибелік шаралар тізімін ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |