Сынып жетекшісінің функционалдық міндеттері:
сынып оқушыларын жеке зерттеу;
сынып оқушыларының қарым-қатынасын талдау, үйлестіру, түзету;
сыныптық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру және қорытынды жасау;
сынып оқушыларын әлеуметтік қорғау;
оқушылардың ата-аналарымен жұмыстар атқару;
оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін қамтамасыз ету;
оқушылар күнделігі мен журналын уақытылы толтырылуы мен жүргізілуін қадағалау, ұйымдастыру;
сыныптағы оқу жылының басында, күнделікті, әр аптада, ай сайын, тоқсан аралығында, тоқсан соңында, каникул кезінде, жартыжылдық аяғында, оқу жылының аяғында төмендегідей қызметтерді атқаруға тиісті.
а) оқу жылының басында:
• сынып тізімін жасайды және сынып журналы мен тәртіп дәптерін толтырады;
• мектеп кітапханасынан оқулықты алуды ұйымдастырады;
• оқушылардың отбасындағы тәрбиесімен танысады;
• сыныптың әлеуметтік паспортын жасайды;
• сынып оқушыларының қосымша білім мекемелеріне қатысуы туралы толық ақпарат жасайды;
• оқушылардың бейімділігін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, шараларға тарту жұмысын жүргізеді;
• сынып өмірінің қызметін ұжымдық жоспарлауын ұйымдастырады;
• сынып жетекшілерінің ӘБ жетекшісімен келісе отырып, сынып жұмысының тәрбие жоспарын жасап, тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасарына бекітуге тапсырады.
ә) күнделікті:
• оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады;
• сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқару органына педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асырады;
• оқушылардың сырт пішінін бақылауды жүзеге асырады;
• іс-шаралар өткізу кезіндегі сынып оқушыларының тәртіп мәдениетін бақылауды жүзеге асырады;
• асханада оқушылардың ыстық тамақпен тамақтануын бақылауды жүзеге асырады;
• оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды;
• оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау дәптерін толтырады.
б) әр аптада:
• оқушылар күнделігін тексереді;
• пән мұғалімдерінің сынып журналын толтыруын қадағалайды;
• сынып сағатын және жарты сағаттық ақпарат және пікірлесуді жүргізеді;
• сыныптарға бөлінген жер үлескілерінің тазалығын бақылауды жүзеге асырады.
г) ай сайын:
• мектеп жұмыстарына сынып ұжымының қатысуын ұйымдастырады;
• жол жүру ережелері, құқықтық жалпыға міндетті оқу туралы сабақтар, өмір мен техника қауіпсіздігі бойынша жоспарланған нұсқаулықтар өткізеді;
• мектеп жоспарына сәйкес жалпы мектептік кештерде және басқа да іс-шараларда кезекшілік атқарады;
• ерекше педагогикалық қадағалауды қажет ететін өз сынып оқушыларының үйірме, секция, клуб т.б. бірлестіктерге қатысуын бақылайды.
Тоқсан аралығында:
• оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің ұсынысын орындауды ұйымдастырады;
• сынып жетекшілердің ӘБ-не, семинарларға, тәрбие жұмысы жөніндегі жиналыстарға қатысады;
• ата-ана жиналысын өткізеді;
• педагогикалық консилиум өткізеді.
Тоқсан соңында:
• оқу-тәрбие жөніндегі мектеп орынбасарына сыныптың үлгірімі туралы есепті және сынып журналын тапсырады;
• оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастырады және ұйымдастыру есебін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсырады.
Каникул кезінде:
• сынып жетекшілердің ӘБ-ң демалыстағы жұмысына қатысады;
• оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеттерін тексереді;
• әлеуметтік педагогпен рейдке шығады.
Жарты жылдық аяғында:
• сыныптың тәрбие жұмысына есеп береді (мәтіндік есеппен қоса фото коллаж тапсырады).
Оқу жылының аяғында:
• оқу жылындағы сынып жұмысының қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;
• сыныптың оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық сараптама жасап, оны ТЖЖ мектеп орынбасарына өткізеді;
• сынып кабинетін жөндеуді ұйымдастырады;
• мектеп кітапханасына оқулықтарды өткізуді ұйымдастырады;
• баласының жазғы демалысы туралы ата-анасынан мағлұмат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |