Өткен оқу жылының қорытындылары және жаңа оқу жылының міндеттері



жүктеу 0,83 Mb.
Дата15.01.2020
өлшемі0,83 Mb.
#26835



Өткен оқу жылының қорытындылары және жаңа оқу жылының міндеттері

(27-29.08.12. ҚазҰМУ ПОҚ тамыздағы мәжілісіне)

Шығып сөйлеушілердің жоспары:

1. 2011-2012 оқу жылының негізгі қорытындылары

2. 2012-2013 оқу жылының ерекшеліктері (білім беру жүйесінде, денсаулық сақтау жүйесінде, университетте)

3.Университеттің жаңа оқу жылындағы басты артықшылықтары

4.Қорытындылары және нәтижелері


Қазақстандағы білім беру жүйесінің модернизациясы үш негізгі бағыттар бойынша мақсатқа сәйкес: білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау, білім беру қызметінің тиімділігін және қол жетімділігін жоғарылату.

Президент Н. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпы Еңбектің Қоғамына жиырма қадам», 2012 ж.

Бізге белгілі болғандай, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стратегиялық мақсаты, тәжірибелік денсаулық сақтауға енгізілетін, денсаулық сақаудың өзекті мәселелері бойынша заманауи ғылыми зерттеулерді, нарықта медициналық қызметтің жоғары сапалы медициналық білімін ұсынатын, бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық университеттің тиімді үлгісін жасау болып табылады.



Біз Сіздермен 2011-2012 оқу жылын аяқтадық.



Өткен есеп беру жылында біздің қойған міндеттеріміз:



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА:

  • Курстар бойынша және жалпы оқушылардың құзыреттіліктерін бағалау;

  • Дипломнан кейінгі деңгейде үлгіні дамыту;

  • Барлық басшылыққа алынатын құжаттарды жүйелендіру – нормативті - құқықты құжаттарды жасау;

  • Жаңа стандарттарға дайындау;

  • Үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізу;

  • Оқытудың сапасын тәуелсіз бақылау: кез - келген уақытта кез – келген сабаққа қатысып, оқытушының және студенттің қарым –қатынасына, жұмыстарға талдау жүргізе алатын, тәжірибелі ПОҚ санынан бірестіктер құру. Жинақталған қорытындылар оқу үрдісінде кемшіліктерді жоюға жіберілетін болады.

  • Профессорлар визитингі тәжірибесін табысты қолдану: жаңа жылға дейін алыс және жақын шетелден 90 оқытушылар, ал келесі оқу жылында 242 оқытушылар, білім беру үрдісі үшін, әрі олардың университеттерімен байланыстарды орнату үшін, бірлескен ҒЗЖ және т.б. үшін шақырылды.


ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА

  • 250 млн.тг. – қаржыландыру көлеміне ҒЗЖ тақырыптар санын жеткізу

  • Рецензияланатын жұрналдарда жариялымдар саны – 15-20

  • 10 кем емес шетел университеттерімен бірлескен ҒЗЖ орнықтыру

  • 70% кем емес кафедраларды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қамту

  • Жас ғалымдар және студенттік ҒЗЖ сандық көрсеткіштерде (20% кем емес студенттерді және 40% кем емес жас оқытушыларды қамту), әрі сапалық көрсеткіштерде (конкурстардың, сыйлықтардың жеңімпаздарын – екі еседен кем емес арттыру) ғылыммен қамтылуы тиіс.


КЛИНИКАНЫҢ САЛАСЫНДА

  • Барлық мұқтаж кафедраларды клиникалық базалармен қамтамасыздандыру

  • Университеттің клиникалық жұмысын дамыту бойынша топ құру, ішкі аурулар клиникасы, ОКО, стомклиника - бірегей экономикалық, технологиялық саясат.

  • Өзінің жекеменшікті базаны кеңейту бойынша барлық шараларды қабылдау (жаңа клиниканың құрылысының басталуына қол жеткізу).


Өткен оқу жылында жаңалықтармен қамтамасыз еткен, ерекше назардың және бөлімдердің саласы ретінде келесі салалар болды:

БСЗБ және МБРҒТН Орталығы

  • Білім беру үлгісінің әрі қарай дамуының стратегиясы

  • Құзыреттіліктерді қосымша жасау: құқықтық құзыреттілік және студенттерді өзбетінше жетілдіру (СӨЖ)

  • ҚазҰМУ оқытушысының құзыреттілік стратегиясы және оның жүзеге асырылуының жоспары

ЖОО АБЖ

  • Құжаттарды толығымен компьютерге ауыстыру

  • Құрылымаралық ақпараттық байланыстарды автоматтандыру

Тіркеуші кеңесі

  • Үрдісті толығымен автоматтандыру

  • Рубежді бақылауларды өткізу

Деканаттар:

  • білім беру бойынша: университеттің үлгісін енгізу, МЖБС бақылау, эдвайзерлер қызметін дамыту, білім беру бағдарламаларының және білім беру траекториясының жүзеге асырылуына қолғабыс ету

  • ғылым бойынша: кафедраларды ғылымға жұмылдыру

Директорлар, ББК:

  • өздерінің бағыттарына оқу үрдісін әдістемелік, ұйымдастыру басшылығы арқылы жаңа үлгіні жүзеге асыру

Тәрбие бөлімі: декананттардың көмегімен және қоғабыс етуімен тәрбие жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру

Адамдық даму: 70 жас стажер - оқытушыларды оқыту, жыл бойына 40% дейін ПОҚ арнайы тақырыптар бойынша оқыту және қайта оқыту

Тәжірибелік дағдылар Орталығы: білімді тәуелсіз бағалау, ОҚКЕ қағидаларын енгізу және республикалық білімді тәуелсіз бағалау орталығының статусын алу.



БҮГІНГІ БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ БҰЛ:

Білім беру саласында:

  • 2,5 астам қызметкер адамдар, оның ішінде 1,5 мың шамасында ПОҚ;

  • 8 факультетте 10 мыңнан астам студенттер, әлемнің 16 елінің балалары

  • 82 кафедралар және модулдер;

  • 2700 студент бітіруші түлектер, оның ішінде 1400 дәрігер-мамандар және 1300 медицинаның магистрлары

  • Бакалавриаттың 5 мамандығынан 4-і бойынша денсаулық сақтау және медицина бойынша білім беру бағдарламалары-2012 Ұлттық рейтингінде 1-ші орын.

  • Қазақстанның және ТМД медициналық жоғары оқу орындарында алғаш рет – Барселона қ. (Испания) менеджменттің Жоғары Мектебінде екі дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 8 магистрантар оқуда.

  • Педагогикалық қорды қалыптастырудың мектебі (36 стажер-оқытушылар).



Медициналық ғылым саласында:

  • 2011 жылы Университет еліміздің инновациялық - бағдарланған жоғары оқу орындарының ондығына енді.

  • 320 млн. теңге жалпы сомасында ҒЗЖ барлығы 20 тақырып орындалды, оның ішінде 62 млн.тг. – ҚР ДСМ тапсырысы (2), 200 млн. тг. – БҒМ тапсырысы (өткен жылдағы бес жобамен салыстырғанда, ағымдағы жылда 16), 100 млн.тг.- әртүрлі көздерден гранттар, 30 млн. біздің университетіміздің кіші гранттары.

  • Әртүрлі баспаларда 112 жариялымдар, олардың 35 импакт фактормен, оның ішінде 2,5 астамы 6- импакт фактормен.

  • Осы жылы университетпен жоғары импакт-фактормен, беделді халықаралық жұрналдарда жариялаған мақалаларына, материалдық сыйлықтар келесі авторларға төленді – профессорлар Карлыгаш Кабдешқызы Тогузбаеваға (1 мақала), Пичхадзе Гурам Михайловичке (3 мақала), Юй Рудольф Ивановичке (1 мақала), ортопедиялық стоматология модулінің жетекшісі К.Д.Алтынбековке, (1 мақала). Барлық төленгені 881 204 теңге.


Медициналық тәжірибе саласында:

Тұрғындар үшін 77 720 консультациялар, 6235 оталар, 2525 консилиумдар, 7783 клиникалық талдаулар, 229 патологиялық анатомиялық конференциялар, 198 енгізулер жасалып, 222 дәрістер оқылды.

ҚР денсаулықсақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша, ана мен сәбидің өлімшілік жағдайларын болдырмау мақсатында университетіміздің мамандар бригадасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында жұмыс жасады (Амиреев С.А., Калиева Л.К., Шарифканова М.Н., Омарова Г.К., Жангелова Ш.Б., Исраилова В.К., Айдаргалиева Н.Е., Жанкалова З.М., Дусунбаева Л.Ш., Юлдашев А.А., Сарсенбаев Б.К., Юлдашев У.К.).

Бір жыл ішінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларының 166 қызметкерлері әртүрлі комиссиялар құрамында сарапшы ретінде жұмыс жасады.

Сот-медициналық сараптамалар бойынша Алматы қ. медициналық және фармацевтикалық жұмыстардың сапасын бақылау комитеті Департаментінен 27 үндеулер болды. Осы үндеулер бойынша комиссияларда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 139 астам мамандар жұмыс жасады.
Халықаралық ынтымақтастық саласында:


  • 2011 ж. бастап ҚазҰМУ медициналық білім беру халықаралық ассоциациясының (АМЕЕ), Университеттердің Еуропалық ассоциациясының (EUA), стоматологиялық білім берудің Еуропалық ассоциациясының (ADEE), Университеттердің Еуразиялық Ассоциациясының институциональды мүшесі болып табылады.

  • Біздің қызметкерлеріміз ағылшын тілінде беделді халықаралық форумдарда шығып, баяндамалармен сөйлейтін болды. Осы мақсатта Ғылыми кеңеспен бекітілген, «talking heads» тобы құрылды.

  • Университеттермен және ҒЗИ 67 келісім шарттарға қол қойылды, олардың қатарында  АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Сингапур, Словакия, Польша, Литва, Монғолия, Ресей, Белоруссия, Армения, Израиль, Италия, Испания, Жапония, Қытай, Корея, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Хорватия бар.

  • Біздің оқытушылар 83 әртүрлі халықаралық конференциялар, семинарлар, оқуға сапар жасады (Израиль, Ұлыбритания, Малайзия, Уганда, Польша, Швеция, АҚШ, Греция, Түркия, Италия, Испания, ТМД).

  • Эпидемиология кафедрасының профессоры Жакипбаева Б.Т. Нагасаки Университетінде (Жапония) бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысты.

  • Жыл бойына оқытушы Шопаева Г.А. АИВ және вирусты гепатиттер саласында биостатистика және эпидемиология сұрақтары бойынша Albany Университетінде (АҚШ) оқыды.

  • ҚазҰМУ 2 профессорлары – Куандыков Е.У. және Нурбекова А.А. визитинг бағдарламасы бойынша State University of New York (АҚШ) шақырылды.

  • Әлемнің 43 елінен 150 визитинг-профессорлар шақырылды.

2011 ж. ҚазҰМУ Webometrics Ranking of World Universities Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарын басып озып, 3297 орынды иеленді, 2012 ж. шілде айында ҚазҰМУ 2346 орынға жоғарылады.

2012 ж. біздің университетіміздің СМЖ барлық Каспий өңірінің университеттік СМЖ арасында үздігі және   9001 стандарты бойынша SGS Group сертификатталған, Қазақстан ұйымдарының арасында үздігі деп танылды.

Ақпараттандыру саласында:


  • Ғылыми кеңеспен өткен жыл «Ақпараттандыру жылы» деп жарияланған болатын

  • ААЖ-ҚазҰМУ енгізілді

  • Ғаламторға еркін мүмкіндік болуы үшін WI-FI көмкерілген аймақ университет аймағының жалпы көлемінің 65% құрайды

  • 1000 студентке уақытша қолдануға берілген Netbook есебінен, оқушылардың электронды қорларға мүкіншіліктермен қамтамасыздандырылды және кеңейтілді

  • Университет үшін видеоконференциялар қарапайым көрініс болып қалыптасуда.


1. 2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Негізгі жетістігі, патент түрінде ресми құжатталған, ТМД аймағындағы бірінші, медициналық білім берудің құзыретті-бағдарланған меншікті үлгісін жасағандығы және енгізгендігі болып табылады.

5 құзыреттіліктің қалыптасуына бағытталған, үлгіні жүзеге асыру (білім, тәжірибе, коммуникативтілік, медициналық құқық, өзбетінше жетілу) жеке траектория түрінде оқу бағдарламаларын толығымен қайта құруды талап етті.

182 факультативті (элективті) курстар, ағылшын тілінде 35 элективтер жасалған болатын, барлық мамандықтар бойынша портфолио жасалды, эдвайзерлер жүйесі, тіркеу офисі, ЖОО -ААЖ жұмыс жасайды.

Тәжірибелік дағдылар – құзыреттерін жүзеге асыру үшін қолдануға, құрамында 5 бөлімнен тұратын (медициналық симуляция, фармацевтикалық дағдылар, стоматологиялық дағдылар, білімді тәуелсіз бағалау, компьютерлік сынып) Қасен Қожаханұлы Қожаханов атындағы тәжірибелік дағдылар орталығы жасалып, игерілді.

Коммуникативті дағдылардың қалыптасуы және дамуы үшін Джулия Рупертс атындағы коммуникативті дағдылар Орталығы жасалып, табысты жұмыс жасауда.

Құқықтық құзыреттерді өтеу үшін медициналық құқық курсы (модуль) жасалды.

Соңғы 5ші құзыреттер – үнемі өзбетінше жетілу тек оқытудың кредитті-модульді жүйесін енгізу кезінде ғана табысты енгізілетін болады.

2011-2012 оқу жылында оқу сабақтарын ұйымдастырудың сапасын тәуелсіз сарапшылар тобы, тестологтар тобы, эдвайзерлер қызметі, аппеляциялық комиссия құралып, белсенді жұмыс жасауда



Осының барлығымен бірге, біз ТМД алғаш рет ОҚКЕ орталығын жасадық (емтихан стандартталған науқастарда тәуелсіз емтихан қабылдаушылармен). Жыл бойына әдісті апробациядан өткіздік, сонымен қатар 5,6 курс барлық студенттерінің білімін, дағдыларын, жасай алуын бағаладық.



Клиникалық дағдыларды бағалау 12 стандартталған науқастарды қолданумен және сыртқы емтихан қабылдаушыларды жұмылдырумен инновациялық әдістеме бойынша 492 дәрігер-интерндерде өткізілді. Емтихан видео- және аудио тіркеумен және көрсетумен жүргізілді. Науқастардың рөлінде жергілікті театрлардың кәсіби актерлері ойнады, сонымен қатар өнер Академиясының студенттері қатысты. Әрбір актердің өзінің сценарийі болды, олар алдын ала осы сценарий бойынша оқытылып, стандартталды, ол аурудың сценарийінен қателіктерді болдырмады.

Біз алғаш рет, түлектердің біліміне тәуелсіз бағалауды өткізу туралы мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асырдық, енді біздің базамызда республика және денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлері үшін де сондай жүйені құруға тырысуда.



Өткен оқу жылында бөлімдер құрылды:

- «Вакцинология мектебі»

- Х.С.Насыбуллин атындағы педагогикалық шеберлер мектебі

- үзіліссіз оқыту Орталығы дипломнан кейінгі білм беру Институтына өзгертілді

- стоматология институты

- Жоғары медициналық мектеп



Медициналық ғылымының даму саласындағы жетістіктері, Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы ғылым институты пәнаралық және сала аралық зерттеуді жасау бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады.

Монопәндік тақырыптар тәжірибе жүзінде жойылды, қаржыландыру көздері әртүрлі орындардан жүруде: денсаулық сақтау Министрлігі -20%, білім Министрлігі – 62%, шамамен 10% университеттің меншікті қаражатынан және шамамен 10% әртүрлі басқа да көздерден.

Ғылыми жұмысты белсендендіру мақсатында 20,3 млн тг. Қаржыланған көлемдегі жоғары оқу орындары ішілік гранттар аясында ғылыми зерттеулерді орындайтын, 300 астам ПОҚ жұмылдырумен уақытша ғылыми ұжымдар құрылды;

Егер өткен жылы университеттік қаржыландыру 10 жоба алған болса, биыл 2012 ж. -28 болды. Конкурсқа 52 жоба қатысты.

Жақсы мысал ретінде проф. К.Тогузбаевты айта кетуге болады, ол биыл Еуропа және басқа елдердің университеттерімен бірлесіп, ТЕМПУС халықаралық грантқа қол жеткізді.

Ғылымға жұмылдырылған студенттер саны да ұлғайды.

Осы жылға СҒЗЖ конференциясы (проф.Асимов М.) студенттердің жоғары белсенділігін анықтады: ғылымдағы студенттердің жалпы саны 3,1 мың адамнан тұрды, немесе университеттің барлық студенттерінің 32% құрады.

12 студенттер халықаралық конференцияларға қатысты (Ресей, Италия, Чехия), оның 10 бірінші орынды иеленді.

Жарияланған мақалалардың жалпы саны 1196–құрады, тезистер- 308 (2010 ж.көрсеткішінен өсуде – 25%).

Тәжірибе саласындағы жетістіктер университеттің клиникалық базасының қалыптасуы болып табылады:

Өткен жылы бізге ескірген ТВИ-тері - венерологиялық институт клиникасы берілген болатын, ҚР ДСМ келісім шартына сйкес, біз оған өз қорымыздан 500 млн.тг. астам қаражат жұмсап, іргелі жөндеу жұмыстарын жүргіздік, ғимараттың 1/3 бөлігін қайтардық.



Оқытушының әлеуметтік тұлғасы бірінші кезекте оның жалақысына байланысты. ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 50% - 75% ДЕЙІН ӨСТІ:

  • Кафедра меңгерушісі 2010 жылдан бастап – 159 003 теңгеден 239 284 теңгеге дейін, 2012 жылы, ол 50,49 % өсті;

  • Профессорлар 2010 жылдан бастап – 187 063 теңгеден 294 886 теңгеге дейін, 2012 жылы, ол - 57,64 % өсті;

  • Доценттер 2010 жылдан бастап – 128 944 теңгеден 224 314 теңгеге дейін, 2012 жылы, ол - 73,96 % өсті;

  • Ассистенттер 2010 жылдан бастап – 113 275 теңгеден 197 560 теңгеге дейін, 2012 жылы, ол - 74,41 % өсті.

  • Оқытушылар –87 247 теңгеден 140 453 теңгеге дейін, 2012 жылы, ол - 60,98% өсті.



Бұдан басқа, ҚазҰМУ қызметкерлер жұмысын ынталандыру жүйесі жүзеге асырылуда:

  • «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ үздік оқытушысы» атағына конкурс, 2011 жылдан бастап, сыйлық қоры 1 млн теңге.

  • «Оқу жылындағы үздік факультет» конкурсы.

  • Оқытушылар жұмысының нәтижелері бойынша дифференцирленген төлемдер жүргізіледі – жылына 2 рет – университет Күндері желтоқсан айында және медицина қызметкерлерінің Күні мереке қарсаңында өткізіледі. 2012 жылы ПОҚ еңбегінің төлемін төлеуге Университет 70 млн. теңгедей қаражат жұмсады (69 594 918).

  • 2011 жылдың желтоқсанынан бастап дифференцирленген төлемді ҚазҰМУ 99 оқытушысы алды, ал 2012 жылдың 1 маусымынан бастап, дифференцирленген еңбек ақысы 119 оқытушыға тағайындалды.

  • 4 профессор Университеттің алтын қорына кіреді.

  • «Кайдзен» стратегиясы. 2011-2012 оқу жылының бойына 6 идея табысты жүзеге асырылды.

  • Университеттің қаражатынан 2011-2012 оқу жылының бойына London Standard и Inter Press қарқынды кәсіби бағдарламасы бойынша университетіміздің 96 оқытушысы ағылшын тілінен оқытылды.

2011 ж. Университет Күндері аясында халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Денсаулыққа 20 қадам» Ұлттық денсаулық Күнінен арналғын, «ҚазҰМУ медициналық білім берудің үлгісі: медициналық кадрларды дайындау жүйесіндегі инновациялық технологиялар» дөңгелек үстел өткізілді.

Бірінші рет С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ серіктес - жоғары оқу орындарының қатысуымен «Серіктестік және инновациялар арқылы табысқа» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді, оған әлемнің 18 университеттерінің өкілдері қатысты.

Мамырдағы «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің медициналық білім берудің Үлгісін жүзеге асырудың тәжірибесі» атты конференция және маусымдағы «Университеттік конференция: мәселелер және болашағы» атты конференция дәстүрге айналды.



2. 2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕ, УНИВЕРСИТЕТТЕ)
Білім берудегі басымдылықтар

Жалпы білім беру жүйесінде революциялық қайта құрылулар болуда: 2003 жылдан бастап, оқытудың кредиттік жүйесі енгізілуде, жоғары оқу орындарына Болондық үрдістің қағидалары енгізілуде. Мысалы, 2011-2012 жылы Әлфараби атындағы ҚазҰУ академиялық мобилділікке 1 млрд.теңге алды, оның 450 әлемніңуниверситеттерімен байланысы бар, Гумилев атындағы ЕҰУ – 350 серіктес-жоғары оқу орындары бар, 40% жоғары оқу орындары екі дипломмен мамандарды дайындайды, ҚБТУ 3 тілде оқытады, ғылымға Аграрлық университет 1 млрд.теңге алды, Әлфараби атындағы ҚазҰУ – 3 млрд.теңге ие болды.



Жоғары оқу орындарының жартысы әлемдік рейтингке қатысады. Мысалы, ҚазҰУ әлемдік рейтингте 20 мың жоғары оқу орындарының ішінде -440 иеленді, ЕҰУ – 438 орынды, ал осы жылдың қорытындылары бойынша бірнеше мамандықтардан әлемнің үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына ҚазҰУ енді ( мысалға Ломоносов атындағы ММУ – 192 орында).

10 университет инновациялық жоғары оқу орны статусын және қолдау қоры 200 млн.теңге алды, ал осы жылы 2 млрд.теңге қолдау қорымен ҚазҰУ және ЕҰУ зерттеу университеті статусын алу бойынша сөз болуда.

Еліміздегі бір ғана –суперкомпьютер ҚазҰТУ (политех) бар.

6 жоғары оқу орындарының базаларында, ұжымдық қолдануға, қуатты жоғары оқу орны аралық зертхана жұмыс жасайды.

Жоғары импакт-фактормен ғылыми мақалалардың саны жоғары оқу орындарының қатарында жүздеп саналады.

2013 жылға қарай бірқатар жоғары оқу орындары мемлекеттік емес, меншікті университеттің дипломын берумен автономды жоғары оқу орны статусын алуға жиналуда.

Онымен қоса, беделді жоғары оқу орындары дайындаудың әмбебап жолы бойынша жүруде, мысалға алатын болсақ, Қазақ Ұлттық университеті медициналық факультет ашқалы отыр.

Осындай тізімдерді шексіз жалғастыра беруге болады.

Бізге бір нәрсе мәлім, қазақстандық жоғары оқу орындары сенімді, әрі белсенді әлемдік деңгейге шықты және өздерінің лайықты орындарын иеленуде.

Егер біз, әрдайым көңілі толмайтын және әрдайым кешегі сыншылдардың сөздерін есепке алмасақ, елімізде халықаралық білім беру кеңістігіне жоғары білім беруді енгізу бойынша үлкен үрдістер шынымен жүруде, сондықтан да біздің жоғары оқу орнымыз осы үрдістен қалуға құқы жоқ.

Біз артынан қуып жететін университет болмауға тиіспіз, оның орнына бірінші медициналық жоғары оқу орындарының арасында, содан кейін еліміздің барлық жоғары оқу орындарының арасындағы көшбасшысы болуымыз қажет!
Денсаулық сақтау жүйесінде қандай үрдістер жүруде?

Айтқандай, денсаулық сақтау министрі Қайрбекова Солидат Зекеновнаның жеке өзімен қадағаланатын, бірегей ұлттық жүйені енгізумен, дәрігерлер және медициналық ұжымдар арасында бәсеке пайда болды, бұл жүйе жақсы дәрігерлер мен медбикелерді іздеуге айналуда. Мысалы, Алматы қаласы денсаулық сақтау Басқармасының бастығы Қуанышбекова Роза Тохтаналиевна, дәрігерлерді дайындаумен жүйелі айналысады, науқастардың барлық шағымдарын науқастар құқығы тарапынан қарастырады, желі мен құрылым өзгеруде (ауруханаларда консультативті емханалар пайда болуда).

Сонымен қатар, бұл жүйе жалпы алғанда советтік жүйенің барлық элементтері мен негіздерінен тұрады: науқастарға мейірімсіздік, бюрократияның білдігі, заманауи талаптардан технологиялық және адамгершіліктен артта қалуда, парақорлыққа малынды, медициналық көмек деңгейі төмен.

Бұндай жағдайда бізге қандай болу керек? Мен ойымша, университет ертеңгі медицинаның орталығы болуға тиіс, оның үстіне университеттен тыс жерде жағдай күрделі, үздікке мақсатталған ертеңгі күнде ұжым болуы тиіс. Барлық ғасырлар бойы университет ғылым, арнау, ізгіліктің және арманның аралы болған және бола бермек. Тап сондай қиын да күрделі уақыттарда біздің университет ілгеріліктің флагманы болуға тиіс, сол үшін де біздің ұлы ұстаздарымыз өмір сүрді және шығарушы болды!

Көзқарастар, Университетте қандай үрдістер жүруде? Барша зал – менің әріптестерім, менің барлық 4,5 жыл бойғы атқарған жұмыстарым көз алдарыңызда.

Біздің командамыз барлық уақыттар бойына бірнеше ымырасыз сәттермен қолдары босамады:

- шайқалған жағдайды және университеттің келісілген атын ұлттық статустың деңгейіне көтеру.

Және біздің сізбен осы жылдар бойында бірқатар қиын – қыстау сәттер болды: 2008 ж. –аралық мемлекеттік бақылау (АМБ) сәтсіздікке ұшырауы және ЖОО қайта аттестациялануы, лицензиядан айыру туралы сұрақ тұрғанда, яғни біздік құзыреттілігімізге күмәнданды. Біз жеңдік. Барлық қалған АБМ - 99% тапсырды.

2009 жылы – 54% біздің дәрігер-интерндеріміз тәуелсіз аттестациядан өтпеді. Университеттің осы масқара болған парақтары естеріңіз де ме? Бірақ біз күрестік және жеңдік. Қазір бізде жұмыс берушілердің алғысы келіп жүрген, еліміздегі ең мықты интерндер.

2010-11 ж. – БАҚ сіздің бізбен 96% жаппай парақорлыққа айыптауы. Осы университетті улаған, қара күндерді естеріңізге түсіріңіздер? Бірақ біз қарсы тұра алдық, және мен ойлаймын, жеңдік деп.

БСБЗжәнеМБРҒТН Орталығы және әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктер бойынша басқармамен мамыр-маусымда 2 сұрақнамалау өткізілді. 3000 астам студенттер сұрақнамаланды, 1,5% осы бұзушылыққа қатысымыздың барлығын мойындады.

Осы біздің университет үшін рухани ауыр күндері ҚазҰМУ түлектерінің бірлестігі батыл қадам жасады – ЖОО осы көрініске орай тәуелсіз бағалауды жүргізу бойынша ықыластарын бідірді. Осы мақсатпен беделді халықаралық ұйым шақырылды –парақорлықпен күресу бойынша «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қоры ҚазҰМУ студенттері мен оқытушылары арасында социологиялық зерттеу өткізді.

Студенттерді сұраудың қорытындылары бойынша транспаренси 0,7% парақорлық іс әрекеттерді анықтады. Олардың берген мәліметтері бойынша сұрақнамаланғандардың көп бөлігі парақорлықтың жүйелі сипат алып, ЖОО ретінде, өздерінің университеті туралы ойларын бөліспейді.

Жыл сайын университет сондай «тосын сыйлар» жасайды, және біз сол үшін өліп, өмірге қайта ораламыз.
ОСЫ БАРЛЫҚ ЖЫЛДАР БОЙЫНА УНИВЕРСИТЕТ ТІРШІЛІК ЕТУМЕН КҮРЕСІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОЛ ДАМЫДЫ, ЖӘНЕ МЕН БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗГЕ МАҚТАНЫШПЕН ТОҚТАЙ АЛАМЫН:
1.Материлды-техникалық база.

Құлаған ғимараттардан, «графтық қирағандардан» қазақи деңгейдегі азды - көпті заманауи лайықты (әзірге) жаңа университет салынды.

Біздің команда әрбір жазда өзі арқылы, жанын, өмірін өткізді. Жеңіл емес оқытушылық жұмыстан сіздер демалғанша және шамадан тыс жүктемеден, әрі күйгелектіктен өз – өздеріңізге келгенше, біз осы жылдардың барлық жаз айларында, күзге қарайғы еңбектің жайлы немесе қолайлы жағдайын жасап, жөндеу жұмыстарын өткіздік.

2008ж. тек қана бірқатар апатты обьектілердің шамалы ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, № 5 жатақханаға (және онда болашақтың планкасын орнату дегендей, үлгілі – көрсетімді жатақхана жасауда) іргелі жөндеу жұмыстары жасалды, 2009 жылы біз 2 жатақхана, виварий (сол жылы күзде ол Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицинаның Институты деп аты өзгертілді) ғамараттары іргелі жөндеумен қамтылды.

Біз аудиториялық ғимараттың 6 дәріс залдарына іргелі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңартылған әдемі залдарға біз өзіміздің ұлы ұстаздарымыздың есімдерін бердік: проф. Полосухин, Қарынбаев, Қарақұлов, Брякин, Сатпаева, Никонова), қызметке көрсетудің стандарттары жаппай тарала бастады.

2010 жылы біз 1 негізгі ғимаратты іргелі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көздедік (өзіміздің үнемдеген қаражатымыздың үлкен бөлігімен) және деканаттар мен студенттер үшін жағдай жасап, ректорат пен деканаттарды жаңа ғимаратқа айналдырылды.

Бұл үрдіс біздің астанамыздың қайта құрылуына ұқсас болды.

Ескі акт залында да жаңа өмір басталды, ол енді Даңқ залы аталады, ол жерде біздің барлық тарихымызды суреттейтін соңғы 80 жылдықтың түлектерін қамтитын кітап бар.

Жаңа стандарттар университеттегі жаңа өзгерістерді сезінуге мүмкіндік берді. Біз осы залда өткізілген жиындарға Білім және ғылым министрін (әлемнің жоғары оқу орындарының барлық ректорларын) шақыра бастадық, денсаулықсақтау министрі барлық облыстар мен аймақтардың, медициналық жоғары оқу орындарының, институттардың және орталықтардың жетекшілерінің қатысуымен республикалық коллегия өткізді, қала Әкімі 3 рет университетке келді. Өткен оқу жылының негізгі апофеозы жоғары оқу орнының 80-жылдық мерейтойы болды, ол жайлы айтып Сіздердің уақыттарыңызды алмайын.

2011 жылы 6-ғимаратты толық жөндеуден өткіздік (90% өз қаржымыз есебінен, жалпы суммасы 1 млрд тенге):

- ескі ректорат ғимараты балалар хирургі, профессор Қасен Қожаханов атындағы тамаша тәжірибелік дағдылар Орталығына айналды (бұл да біздің тарихымыздың бір беті),

- ескі ҒЗЛО жаңа заманауи орталыққа айналды, ол жерде бірнеше кафедра орналасқан, заманауи молекулярлы-генетикалық лаборатория бар,

- 2 оқу ғимаратының күңгірт ғимараты («стекляшка») – тамаша ғимаратқа айналды, ол жерде кітапхана орналасқан (7 оқу залы, соның ішінде интернет-зал және 1 млн кітап қоры бар электронды әдебиеттер залынан тұрады), кафедралар бар және фармацевтикалық факультеттің бірнеше кафедрасы әзірше бірге орналасқан. Бұл ғимаратқа проф. Маскеев К.М. аты берілді, ол 40 жыл бұрын біздің университетіміздің материалды-техникалық базасын қалады.

- университеттің тағы 2 жатақханасы толық жөндеуден өтті.

- 2012 жылдың жазы да біз үшін қызыққа толы болды. Қыста суық, жазда қапырық болатын ескі конгресс-холда да толық жөндеу жұмыстары жүргізілді, асхана 2 есеге кеңейтілді және 3 бөлімнен тұрады: студенттерге арналған асхана (150 орынның орнына 400 орынға), қызметкерлерге арналған зал (60-70 орын) және ВИП зал (10-15 орын),



алаң жөндеуі аяқталды, кіреберіс - доға (Альма-Матер) жасалды, ол үш бөлімнен тұрады: университет логотипі бар ректорат алдындағы алаң, жазғы алаңы және субұрқағы бар студенттерге арналған орын (Арена), студенттердің демалуына арналған алаң.

- жылдың соңына дейін аудиториялық ғимаратты толық жөндеуден өткізуіміз керек, ол жерде тіл орталығы ашылады, Халел Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулықсақтау мектебі сол жерге көшіріледі.

Жалпы бұл жылдар жөндеу жұмыстарының және ішкі қорларды тиімді қолдануымыздың арқасында бізге жалпы оқу ауданының 5 мың шаршы метрін эксплуатациядан өткізуге мүмкіндік берді.

Бүгін біз университеттің материалды техникалық базасын ретке келтірдік деп айта аламыз және оның нығайтылуы үшін барлық қолдан келетін (тіпті келмейтін) шараларды жасадық.


2. Мен университетте жалпы тәртіп орнатылды десем жалған айтпаған болар едім. Тазалық, тәртіп барлық жерде бар. Қажетті жағдайлардың барлығы жасалған.

Жоғары оқу орнының IT қайта құрылуы жүргізілуде.


Егер 2008 жылы (Президент әкімшілігі анықтамасының нәтіжесі бойынша) университетте 8 компьютерден тұратын бір ғана интернет залы болды, олар да жұмыс істемейтін, қазір университетте 4 мың компьютер бар,

Wi-Fi аймағы жұмыс істеуде, күнделікті 3,5 мың студент және ПОҚ интернетпен қолданылады, IT қызметтері үшін төлем 15-20 есеге өсті.

Электронды ресурстарға қол жетімдігі қамтамасыз етілді және кеңейтілді. 2011 жылы біз 1 мың нетбуктар сатып алып, үздік студенттерге тараттық, осы жылы да солай қайталаймыз.

Тәжірибелік дағдылар Орталығы және коммуникативті дағдылар Орталығы жаңа заманауи ақпарат құралдарымен жабдықталған.

Жатақханаларда видеобақылау орнатылған және Университет территориясына бақылау жүйесі қондырылған.

Кітапхана ірі әлемдік электронды ресурстарға қосылған – «Кокран кітапханасы», Polpred.com, «Ресей медицинасы және денсаулықсақтау», Thomson Reuters, Springer Link, ELSEVIER SciVerse ScienceDirect, SciVerse Scopus, Reaxys, Emabse, EngineeringVillage
3. Университеттің негізгі мақсаты осы жылдар бойы өз клиникалық базасын құру болды.

Үшінші жыл жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ескі балалар пионерлагері «Айболит» территориясында 300 төсек орындық жалпы құны 19 млдр теңге болатын университет клиникасын салуға жер дайындалды. Өкінішке орай, объективті жағдайларға байланысты ол жылдан жылға созылып келді. Сәуір айындағы университет ұжымымен ҚР Парламентінің депутатының кездесуінде құрылыс 2013 жылы басталады деп бекітілді, бірақ әлемдік дағдарыс бұл күнді де жылжытуы мүмкін деп ойлаймын. Біз де мемлекеттен қаржы күтіп, қарап отырмаспыз.

2011 жылы бұрынғы министр Ж.А.Досқалиевтің шешімімен университет өз қаржысы есебінен (500 млн теңгеге жуық) Тері - венерологиялық институт ескі ғимаратына толық жөндеу жүргізді және көп бөлігіне 100 төсек орындық ішкі аурулар клиникасын ашты, жөндеуден өткен ғимараттың үштен бірі Тері - венерологиялық институт қайтардық.

Жөндеуден кейін ескі профессорлар клиникасы – қазіргі оқу клиникалық орталығы медициналық мамандықтың 40 түріне амбулаторлы-клиникалық көмек көрсетуде және БЖХ арналған 10 клиникалық төсек орны бар.

Қазіргі кезде денсаулықсақтау министрі С.З.Каирбекованың Ақсай республикалық балалар ауруханасын университет клиникасы етіп қайта құру туралы шешім қабылдады. Сәйкес қаулы дайындалуда. Бұл сұрақтың оң шешілуі жылдың соңына дейін 560 ауруханалық төсек орнына арналған университет жеке клиникасы туралы мәселенің шешімі болар еді, ол студенттерді клиникалық дайындауға байланысты көптеген сұрақтарды шешуге оң әсер етеді.

Бұдан басқа, Алматы қ. Денаулықсақтау басқармасымен бірге 5 ең ірі аурухана мен 3 қалалық емхана университетпен аффилирленген клиника болмақ, ол жерде кафедра мен аурухананың тығыз байланысы болады, бірігіп тығыз клиникалық, ғылыми, оқу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі кезде Алматы облысының 4 аймағында қосымша клиникалық базалар және интерндерге арналған 7 облыстық аурухана анықталуда. Егер бұл ойлар жүзеге асырылса, жақын уақытта клиникалық базалар туралы сұрақ шешіледі.

4. Студенттерге арналған жатақхана.

Сіздерге белгілі болғандай, 90-шы жылдардың ортасында университет жатақханаларының жартысынан жуығынан айырылып қалды, олар сатылды және жеке тұлғаларға берілген еді. Бұл 1, 3, 4 жатақханалар Қалқаман ықшам аймағындағы тоғыз қабатты ғимарат.

Қазір 2700 орынға 6 мың студент мұхтаждық танытуда.

Деканаттар орындардың дұрыс бөлінуінде үлкен ебектер атқаруда, бірақ студенттердің көбісі оған разы емес және шынында да олар өте мұхтаж. Осы жылдан бастап университет өртеніп кеткен медицина мұражайының орнына жаңа 512 орындық жатақхананың салынуын өз жауапкершілігіне алуда. Қаржы әзірше университет есебінен бөлінуде (шамамен 1 млрд теңге), бірақ біз ҚР ДСМ және басшылық жағынан көмек болады деп үміттенеміз. Күтуге қазіргі жағдай мүмкіндік бермейді, себебі жатақханалармен қамтамасыз ету жөніннен қала бойынша соңғы орындарды аламыз. Бұның барлығы әлеуметтік кедергілерді туындатады және оқу үрдісін айтарлықтай күрделендіреді. ҚР ДСМ елбасының бағдарламасы бойынша жақын уақытта 1000 орындық екі жатақхана саламыз деп уәде беруде. Сол кезде бұл сұрақ та өз шешімін табады деген сенімдемін.

3.ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жаңа оқу жылындағы университеттің негізгі бағыттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

3.1. Оқу үрдісі:

Бірнеше мақсат:

А) Бакалавриат деңгейіндегі құзіретке бейімдеп оқыту үлгісін аяқтау және оның интернатура, магистратура, резидентура деңгейінде бастау

Б) ОҚКЕ енгізу – 5,6,7 курстарда білімін тәуелсіз бағалау

В) Барлық факультеттерге бакалавриатта кредитті-модульді оқыту жүйесін енгізу

Г) Студенттерді зерттеу жұмыстарына қызықтыру (бакалавриат деңгейінде 40% және 6 және 7 курстарда 100%)

Жалпы жылдың басты мақсаты – медициналық білім сапасын халықаралық деңгейге көтеру және келесі жетістіктермен дәлелдеу: әлемдік QS рейтингінде әлемдік 2200 университеттің ішінен 700 үздік университетке, Webometriсs рейтингінде әлемнің 1000 үздік университеті қатарына ену (еске саламын, бұл индекс бойынша біз алдыңғы жылы 1 орын және біздің ел жоғары оқу орындарының арасында 2 орын алдық, тек ЕҰУ 2400 баллмен алда тұрды).

3.2. «Студент - оқытушы» қатынасының өзгеруі.



Алдымен мысал келтіріп кетейін: студент С. ЖМ факультетінің 1 курс студенті, ақылы бөлімде оқиды, жыл бойы сабаққа бір қатысып, бір қатыспаған, сессияға жіберілмеген, ата анасын алдап келген, күманды адамдармен байланысқан, шілде айында бір жағдайлармен оны ұрып-соғу нәтижесінде ықшамауданда 8 қабаттан лақтырып жіберген. Формальды түрде біздің кінәміз жоқ. Бірақ оның ата анасы менен: «Неліктен декан орынбасарына бізге баламыз сабаққа қатыспайтындығы және оның тәрбиесімен айналысу қажеттігі туралы мәліметті көрсетіп, хат жазып жіберуге немесе хабарласу қиынға соқты?» деп сұрағанда мен олардың көзіне қарай алмадым. Өз туысқандарының қызы ҚарММУ оқитындығын, жарты күн сабаққа қатыспағандығы үшін келесі күні деканаттан ол қыздың ата анасына хабарласып, жағдайды білуге шақыртқандыңын алға тартты.

Бұл мысал біздің декан орынбасрларының өз міндеттеріне салғырт қатынасын көрсетеді. Студенттердің ата аналары балаларының құжаттарын алып, осындай салақтық пен салғырттыққа кез келгендігіне, біздің қызметкерлердің қатыгездігі мен қатаңдығына таң қалды, тіпті біздің университетімізге оппозициялық БАҚ шақыруға дайын болды.

Бюрократия, қатыгездік, студенттерге деген салғырт қатынас біздің болашақ дамуымызға қауіп төндіреді. Сондықтан менің айтатыным: не бюрократия Бізді, не Біз оны жеңеміз!

Жыл бойы және студенттермен кездесу кезінде бір негізгі ойды жүзеге асыратын боламын: студент – басты адам, университет сол үшін құрылды, қаржы да соған жұмсалады, тапсырыс және сондықтан ол басқа, сыйластық қатынасты талап етеді!

Латын нақылы SIMILILS SIMILIL GAUDET ұқсас ұқсасқа қуанады деп көрсетеді. Педагог қандай болса, оқушы сондай. Мұны барлық кезде есте сақтау керек!

Белгілі америка педагогы Уильям Уорд өз сөзінде: Аралық ұстаз ыдыратады. Жақсы ұстаз түсіндіреді. Атақты ұстаз көрсетеді. Ұлы ұстаз жандандырады деп көрсетеді.

Таланттарды жасау мүмкін емес, бірақ мәдениет, яғни талант өсетін және дамитын ортаны қалыптастыруға болады.



Екінші басты адам - Оқытушы: ол осы тапсырысты орындайды, өз білімін береді және шикізаттар дайын өнім дайындайды, яғни жас адамзаттан дәрігер жасап шығарады. Және халықаралық деңгейде. Оқытушы өзіне сыйластық қатынасты талап етеді.

Бірақ! Университет ұлттық, ол студент пен оқытушыға жағдай жасайды, ол мемлекеттік заң бойынша өмір сүреді және жұмыс істейді және әкімшілік-басқару қызметкері сол үшін құрылған.



Біздің басты мақсатымыз осы үшбұрышта адамгершілік, жемісті, жақсы өзара қарым қатынасты жасау.

Ұжымда жаңа қатынастар орнату осы оқу жылының негізгі бағыттарының бірі болады.

Біз көп еңбек еттік: жаңа дәстүрлер ойлап таптық, біздің ұстаздарымыздың атағын көтердік, еңбекке қажетті жағдай жасаймыз, бұл жолы да жеңеміз деп ойлаймын.

Осыған байланысты біз жаңа түсінік енгізіп отырмыз – тьютор (tutor) – өзіне тәлімгердің де, жетекшінің де, оқытушының да қызметтерін сіңірген ұғым. 20-30 адамға тьютор болады, ол 2-3 жыл бойы әр студент үшін тәрбиеші және жетекші де болады.

Тьютор конкурсты таңдау нәтижесінде таңдалады, оған қосымша жалақы тағайындалады және белгілі бір жеңілдіктер, преференциялар болады. Бірақ ол әр студент үшін жауап береді: оқу, әлеуметтік жағдайы, тәрбиесі, мәдени дамуы, қалада тұра ма, әлеуметтік өмірі және т.б. Жатақханалардағы бос кезекшіліктер, формальды шаралар және басқалары болмайды. Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарының рөлі айтарлықтай артады, тәрбие жұмысы жөніндегі басқарманың рөлі қайта қаралады. Бұның барлығының мәні – студент: оқытушы: жоғары оқу орны қатынасын өзгерту. Деканаттардың жұмысы аса назар аударуды қажет етеді.

Күзде ішкі тәртіпке сәйкес декандар сайланады (қайта сайланады). Ереже бойынша, бұл сайлаулар тікелей, ашық жүргізіледі, студенттер мен ПОҚ тұлғалар үшін емес, олардың бағдарламалары үшін дауыс береді.
3.3. Білім, тәжірибе және ғылым интеграциясы.

Бізге, ұлттық университет ретінде түсіну қажет – ғылым тәжірибе мен білімнен бұрын тұруы керек.



Зерттеу арқылы оқыту қағидасын енгізу керек.

Студент неғұрлым ғылыммен айналысса, солғұрлым онда 5 құзірет тез қалыптасады – үнемі өз бетінше дамиды.

Заманауи медицина мәселелеріне келетін жол - дәлелді медицина қағидаларын қолдану, әлемдік ғылымға ұмтылу жолы болып табылады.

Осы жыл мақсаты: Студенттер 5 курста 50%, үшінші курста 30%, 6 және 7 курста 100% ғылыммен айналысуы қажет. Егер 7 курста студентте ең болмаса, 1 мақаласы блмайтын болса, диплом бермеу керек. Оқытушыға оның жылдық жүктемесінің 10% осы міндетті атқаруға бөлу және ол орындалмаған жағдайда кесіп тастау (сыйақы бермеу түрінде, немесе басқа механизмдер түрінде жүзеге асыру).

Оқытушылардың атқаратын қызметтерін 5 бөлікке бөлу:


  1. оқу жұмыстары – 45-50%,

  2. әдістемелік жұмыс – 15-20%,

  3. ғылым – 15-20%,

  4. клиникалық жұмыс – 10% пайызға дейін,

  5. тәрбие жұмысы – 10% пайызға дейін,

  6. әлеуметтік жүйелерді дамыту - 5%.

Егер негізі ретінде оқу жұмыстарын 100% деп алсақ, онда ғылыми жобаларға қатысу, емдеу жұмыстары, дипломнан кейінгі даму, тәлімгерлік - оқытушы жалақысын 200% жеткізеді.

Қазіргі кезде KPI (Key Performance Indicators) құрастырылуда – деңгейі бойынша Оқытушы жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни кафедра меңгерушілері, профессор, доцент, ассистенттердің. Жақында болатын Ғылыми Кеңесінде осы сұрақтар қарастырылады және бекітіледі. Әр оқытушы жүйелі түрде осы жүйе бойынша бағаланып отырады, және өз рейтингін қалыптастырады, ал сәйкесінше оның жалақысы оған тәуелді. KPI қолдану мекемеге өз жағдайын бағалауға мүкіндік жасайды және стратегиясын жүзеге асыруын бағалауға көмек береді.

Университет жақын арада ғылымды қаржыландыруын О.5 млрд. теңгеге немесе 4 млн АҚШ долларына жеткізуі керек. Осыған қарамастан, университет 1 млн долларға дейін немесе 150 млн теңге (мүмкін 2 млн долларға дейін) өз ішкі қаражатынан бөліп отырады.

Қаржыландыру жас ғалымдарды, студенттер ғылыми үйірмесін және басқа университет ғалымдарының қатысуымен өтетін фундаментальды жобаларды да ескеруі және оларға қолдау көрсетуі қажет.



3.4.Халықаралық кеңістікке интеграциялану.

Негізгісі – Болондық үрдіске кіру арқылы жалпыәлемдік білім кеңістігіне ену. Бұл жерде де университетте көп жұмыстар жасалуда. 2011 жылы Болондық үрдіс виртуальды институты құрылды – Болондық үрдістің негізгі қағидаларын қолдану мақсатында түзету Орталығы – соңғы біліктіліктерін мойындау, академиялық ұтқырлықты дамыту, кредиттер жүйесін енгізу, білім сапасын бақылау жүйесін енгізу.

Екінші маңызды жағдай: университеттердің әлемдік рейтингіне ену.

Бұл жағдайда келесі факторлар маңызды рөл алады:


  • оқытушы/студент қатынасы;

  • импакт-фактормен бекітілген мақалалар санымен ғылым;

  • академиялық атақ (университеттің әлемге әйгілілігі);

  • түлектер туралы жұмыспен қамтушылардың ойы;

  • шетел студенттері мен шетел профессорларының саны.

2011-2012 оқу жылының соңында ҚазҰМУ университеттің әлемдік рейтингі - QS (Quacquarelli Symonds) қатысты. Барлық университет қызметкерлері қажетті ақпараттарды іздеп және жинап бұған атсалысты.

Қазіргі кезде QS рейтингінде – екі Қазақстандық университет бар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.



ОСЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГКЕ ЕНУ ҮШІН ОСЫ ЖЫЛЫ БІЗ КЕЛЕСІ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРУЫМЫЗ КЕРЕК:

а. Әлемнің 50-60-тан аса елінің университеттерімен байланыс қалыптастыру (қазір әлемнің 25 елімен 67 келісім шарт жасалған);

б. Шетелдік студенттердің санын 10%ға дейін жеткізу, яғни 1000 адамға. Қазір әлемнің 16 елінен 200 студент білім алуда, Ауғанстаннан 200 студент, әлемнің әртүрлі елдерінен (Бангладеш, Нигерия, Үндістан және т.б.) 100 адам жиналады деп күтеміз.

Сонымен, бізде подкурста 500ге жуық шетелдіктер болады.

Ғылыми кеңесте шетелдік студенттер деканатының қайта ашылуы сұрақты көтеретін боламыз. 2013 жылдың жазының міндеті дипломға дейінгі деңгейге 500 шетелдік студенттің және дипломнан кейінгі деңгейде 50ге жуық студенттердің келуін қамтамасыз ету болып табылады. Меніңше, шетелдіктер 1000-1100 болса, жеткілікті болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап ағылшын тілінде оқытуды енгізіп отырмыз. Элективтерден бөлек, әр курста мүмкіндігінше ағылшын тілінде 1-2 топ ашу керек деп санаймын. ОӘЖД және деканаттардың міндеті ағылшын тілінде білім беруді қамтамасыз ету. Бүкіл әлем үштілдік білім беруге көшіп жатыр және біз де қалыс қала алмаймыз.



Мәселе – шетелдік оқытушыларды жұмылдыру. Әзірше, біз визитинг-профессор ретінде 6 айға шақырып жатырмыз, бірақ биохимия кафедрасына американдық профессор 1 жылға келеді деп күтемін және бір жыл ағымында біз осындай жұмыстарды толық меңгеруіміз және осындай адамдардың санын 10ға жеткізуіміз керек, келесі жылы олардың саны 50-60 адамға жетуі керек. Біз бірінші кезекте профессор, доцент, аға оқытушыларды шақыруымыз керек.

в. Импакт факторы жоғары мақалалардың санын ең болмаса, жылына 30-ға дейін жеткізуіміз керек (қазір тек 6 ғана).

Міне, сол кезде ғана біз нақты халықаралық бәсекелестік туралы айта аламыз.


г. Біз жұмыспен қамтушылармен жұмыс істеуіміз керек, яғни біз біздің дәрігерлердің сапасы туралы бас дәрігерлермен, облыстық денсаулықсақтау мекемелерімен, тұрғындармен сөйлесуіміз қажет және біз мұндай жұмысты бастап қойдық.

Біз «DAMU Research Group» маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер Агенттігін шақырдық, олар Қазақстанның барлық облыстарында дәрігерлерден сұрау жүргізді және бастамасы үшін алынған цифрлар жаман емес.

Жұмыспен қамтушылардың жартысы жас мамандарды даярлауда бірінші кезекте біздің университетті есіне түсіреді, сонымен қатар біздің түлектеріміздің білім сапасын өте жақсы деп санайды және 90% жағдайда болашақта өз мекемесіне С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегін қбылдаймыз деп жауап берген.

д. Академиялық ұтқырлық. Мен студенттер мен ПОҚ серіктес-университеттерге барғандықтары туралы бұған дейін де айтып кеттім.

Осы жылдың міндеті:

Болондық үрдіс ережесіне сәйкес әрбір студент бір жылдың ішінде ең болмаса бір рет академиялық ұтқырлық бағдарламасы бйынша өтуі керек. Бізде 10 000ға жуық студент оқиды. Сондықтан, жыл сайын студенттердің ұтқырлық көлемі шамамен 1000- 1200 адам болуы керек. Қазіргі кезде біздің алдымызда ішкі ұтқырлықтың және сыртқы ұтқырлықтың үлес салмағы қандай болатындығы туралы міндет тұр.



3.5.Еңбек жағдайын жақсарту, оқытушы мен студенттерді әлеуметтік қолдау.

Студент пен оқытушыны қаншалықты басты тұлға етіп қойсақ та, біз әлеуметтік қолдау көрсетуіміз керек. Бұл жерде барлығы біз не істей алатындығымызға байланысты. Біз қазір үй, балабақша сала алмаймыз, бірақ кім біледі, мүмкін 1-2 жылдан кейін бұл сұрақ шешілетін шығар?

Әзірше, келесі міндеттер қойылады: жалақыны ең болмаса 25-30% көтеру.

Қызметкерлерге:

фитнес-орталық ашылады,

оқытушыларға асхана ашылды, енді профсоюзбен бірге диспансерлік есепте тұратын ПОҚ үшін тамақтану бағдарламасын жасау керек, ,

ПОҚ үшін оқу және қайта оқу бағдарламалары 50%дан кем болмауы керек, соның ішінде ағылшын және қазақ тілдерінде,

Жаңа оқу жылында университет көрсете алатын ПОҚ қолдау механизмдері туралы осы жыл ішінде қарастыру керек.

Студенттерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы жылына 30 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады (білім алуға жеңілдіктер, науқастардың тамақтануы,диспансерлік науқастарға дәрілік заттарға 50% жеңілдік және т.б.). Студенттік өзін өзі басқаруды жетілдіруіміз керек. Студенттер арасынан студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасарын таңдау қажет. Меніңше, күзде бастаймыз.

3.6. Университет басқарылуын жетілдіру.

Бұл бағытта 2012 жылда шешуші қадам болды.

ҚР ДСМ бұйрығымен бақылау кеңесі құрылды. Осы Кеңестің мүшелерін атап кететін болсам: Шарманов Т.Ш. – төраға, Ахметов В.И.- төраға орынбасары, Сейдуманов С.Т., Сыздыкова Алма Алибековна – кеңестің мүшелері.

Қазіргі кезде 2 отырыс өткізілді және бір шешім қабылданды – барлық бакалавриатты кредитті-модульді оқыту жүйесіне көшіру, бұл шешім денсаулықсақтау Министрлігі және білім және ғылым Министрлігі жағынан қолдауға ие болды.

Бұдан басқа, кеңесте университет қаржысы, оның құрылымы мен ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды. Бұл кеңес университет болашағы үшін өте маңызды басқару мекемесі.

Ғылыми кеңес осы жыл ішінде барлығы 11 отырыс өткізді, онда барлығы 182 сұрақ қарастырылды, 333 шешім қабылданды. Барлық шешімдер ашық қабылданды, материалдар тек кеңес мүшелеріне ғана емес, барлығына қол жетімді, олардың барлығы сайтта келтірілген және ай сайынғы баяндама түрінде кафедра меңгерушілері үшін басып шығарылған.

Ай сайын кафедра меңгерушілерімен кездесулер жүргізіледі, олардың барлығына кітапшалар – университет және оның барлық негізгі құрылымдары туралы есебі таратылады және міндеттер қойылады. Мен үнемі бұл мәліметтерді кафедра қызметкерлеріне жеткізулері туралы сұраймын және қазір университеттің ұжымы алдында хабарлаймын: барлығы ашық және егер меңгерушілер бұл мәліметтерді қызметкерлер назарына жеткізбейтін болса, онда бұған өздері кінәлі. Мен ашық жұмыс істеймін және соны қалаймын!

Тамыз айында проректорлар мен құрылымдық бөлімшелердің директорлары тиімді басқару сұрақтары бойынша ұйымдастыру коучингінен және Жоғары оқу орнындағы бизнес үрдістермен басқаруды оқу – Балансталған көрсеткіштер жүйесі курсынан (KPI, Key Performance Indicators) өтті. Сабақтарды сырттан шақырылған мамандар өткізді.

Университет – тірі организм.

Бір қазметтер пайда болады, екіншісі жоғалады, жаңа талаптар қойылады және оларды жүзеге асыру үшін жаңа құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылады немесе ескісі таратылады.

Бұл жылы келесі Орталықтар пайда болады, профессор Х.К.Сатпаеваның өмірі туралы ғылым Орталығы, Морфологиялық пәндер орталығы, Тілдік дайындау Орталығы.

Стоматология Институты, Дипломнан кейінгі білім беру Институты, Атчабаров атындағы ҒЗИ, тәжірибелік дағдылар Орталығы, Ішкі аурулар клиникасы, Жоғары медицина мектебі және т.б. одан әрі дамытылады. Және мұның барлығы қалыпты үрдіс.

Қорытынды:

Университет алдыңғы жылдың басында қойылған барлық міндеттерді жетістікті орындап шықты.

Біздің жаңа білім беру үлгіміз өзінің маңыздылығын дәлелдеді.

Біз жаңа білім беру деңгейіне көштік.

Болондық үрдіс теориядан тәжірибеге ауысты.

Алғаш рет бакалавр түлектер бітіріп шықты.

Біздің студенттер жалпы университеттегі білім сапасын қанағат тұтады.

Біздің түлектер талап етіледі және бәсекеге қабілетті.

Автоматтандырылған ақпарат жүйесі шындыққа айналды.

Университет еліміздің үздік инновациялық жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Халықаралық ассоциациялар, визитинг бағдарламалары, жобалық жұмыстар арқылы біз шетелдік білім беру кеңістігіне өттік.

Біз туралы әлемнің көптеген елдері біледі.

Өзіміздің Университет клиникасына қол жеткізуде шынайы мүмкіндіктер пайда болды.

Жоғары оқу орнының сыртқы келбеті өзгерді, материалды-техникалық база модернизацияға ұшырады.

Оқытушылардың жұмыс істеуі және студенттердің білім алуы үшін жасалатын жағдай айтарлықтай жақсарды.

Келер оқу жылын толық сенімділікпен

«БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ БІРІГУІ» жылы деп атауға болады
Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі керек. Еліміздің жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттері рейтингіне енуге ұмтылуы қажет.

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы



«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау