Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау, ұйымдастыру-басқару, сараптау-диагностикалау, жоспарлау-болжамдау, бақылау-түзету.
1. Оқушыларды тәрбиелеу функциясы: әлеуметтендіру үрдісінің тұлға дамуына лайықты бағыттала әрекет етуі.
2. Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен баланы әлеуметтік қорғау функциясы: психологиялық-педагогикалық іс-шаралар кешенінің негізінде әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуі қамсыздандырылады.
3. Ұйымдастыру-басқару функциясы: танымдық, еңбекке баулу, эстетикалық тұрғыдағы әр түрлі іс – әрекеттерді атқаруға, оқушылардың бос уақытын саналы өткізуіне, сыныптағы қарым – қатынас құрылымын үйлестіріп, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуіне ынталандырып, жауапкершілік, көмек көрсету, бірлесе шығармашылықпен айналысу қатынасын қалыптастыруға үйрету.
4. Сараптау-диагностикалау функциясы: сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруы, оқушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |