Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 451,43 Kb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата14.05.2018
өлшемі451,43 Kb.
#13109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 

ҚР ҚН 1.03-05-2011 

- қатыстырылатын  қосалқы  мердігерлермен  бірлесе  отырып,  жұмыстың  қауіпсіз 



жағдайларын  қамтамасыз  ететін,  құрылысқа  қатысатын  барлық  ұйымдар  мен  тұлғалар 

үшін міндетті, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге; 

 

 - оларға  жоспарланған  іс-шараларды  және  оларға  бекітілген  жұмыс  учаскелерінде 



еңбек  қауіпсіздігі  мен  қорғау  жөніндегі  іс-шараларды  орындау  бөлігінде  қосалқы 

мердігерлер әрекетін үйлестіруді орындауға;  

 

- мердігерлік  шарттарды  жасасқан  кезде  құрылыс  алаңының  және  жұмыс 



учаскелерінің  аумағында  еңбектің  қауіпсіз  жағдайларын  қамтамасыз  ету  бойынша  іс-

шаралардың орындалуына тараптардың өзара жауапкершілігін көздеуге.  

  5.1.6 Ұйым аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды бастамас бұрын 

тапсырысшы  мен  бас  мердігер  қосалқы  мердігерлердің  және  жұмыс  істейтін  ұйымның 

әкімшілігімен  бірлесе  отырып,  белгіленген  нысан  бойынша  жіберу  актін  ресімдеуге 

міндетті.  Жіберу  актімен  қарастырылған  іс-шараларды  орындауға  жауапкершілікті 

құрылыс ұйымдарының және  жұмыс істейтін ұйымның басшылары артады.      

  5.1.7 Өндірістік  тәуекел  жағдайында  жұмысты  бастар  алдында  орындалатын 

жұмыстардың  сипаттарына  байланысты  немесе  байланысты  емес  қауіпті  өндірістік 

факторлар  үнемі  әрекетте  болатын  немесе  болуы  мүмкін  шекте  адамдарға  қауіпті 

аумақтарды белгілеу қажет. 

5.1.8 Үнемі  әрекет  ететін  қауіпті  өндірістік  факторлар  аймағына  келесі  аймақтарды 

жатқызу керек: 

- электр  қондырғыларының  оқшауланбаған  ток  жүретін  бөліктеріне  жақын  

орналасқан жерлерге; 

- биіктік бойынша қоршалмаған құламаның маңына; 

- зиянды  өндірістік  факторлардың  (шу,  діріл,  электр  магниттік,  ультрафиолеттік, 

лазерлік, радиоактивтік сәулелер) рұқсат етілген деңгейінен асып кетуі ықтимал жерлерге. 

Әлеуетті  әрекет  ететін  қауіпті  өндірістік  факторлар  аймағына  келесі  аймақтарды 

жатқызу керек:  

- салынып жатқан ғимараттың (құрылыстың) жаңындағы аумақтың телімдері;  

 

- үстінде  құралымдарды  немесе  жабдықтарды  монтаждау  (бөлшектеу)  жүргізілетін 



бір тартып алудағы ғимараттар мен құрылыстар  қабаттары (ярустары);  

 

- машиналардың, жабдықтардың немесе олардың бөліктерінің, жұмыс органдарының 



жылжу аймақтары;  

 

 - үстінде жүккөтергіш крандармен жүктің орнын ауыстыру  жүргізілетін жерлер.  



 

  5.1.9 Құрылыс  ұйымдарының  жұмысшылары,  басшылары,  мамандары  мен 

қызметшілері    (осы  ұйымдардың  меншік  нысанына  қарамастан)  заңнамамен  немесе 

әрекеттегі нормалармен белгіленген нормалардан төмен емес немесе әрекеттегі нормалар 

мен  нұсқаулықтарға  сәйкес  осы  нормалардан  жоғары  емес  көлемде  жұмыс  түрін  және 

тәуекел деңгейін ескере отырып, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және  басқа жеке 

қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.    

5.1.10 Үнемі  әрекетте  болатын  қауіпті  өндірістік  әсерлері  бар  аумақтардағы 

құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өндірісіне  жұмысшыларды  қорғау  бойынша  нақты 

шешімдері бар жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес жол беріледі. 

5.1.11 Пайда болуы орындалатын жұмыстардың сипатымен байланысты емес қауіпті 

өндірістік  әсерлердің  әрекеті  аумағындағы  жұмыстарды  бастамас  бұрын  жұмыстың 




 

ҚР ҚН 1.03-05-2011 

 

жауапты орындаушысына жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуге жүктелім-рұқсат берілуі 



керек. 

 

 



ЕСКЕРТПЕ  Потенционалды  қауіпті  әрекеттегі  объектілердің  (электр  жіберу  жолдары,  жарылыс 

қауіпті  объектілер  ж.б.)  аумағында  құрылыстық  өндіріс  жүзеге  асырылған  жағдайда,  салалық  және 

салааралық  нормативтік  құқықтық  актілермен  қарастырылған  жүктелім-рұқсатардың  басқа  нысандары 

қолданылады.  

 

5.1.12 Жұмыстардың  орындалуына  тек  жүктелім-рұқсат  бойынша  іске  асатын 



өндіріс  орындары  мен  жұмыстар  түрлерінің  тізбегі  ұйымда  оның  пішінінің  есебімен 

жасалуы және ұйым жетекшісімен бекітілуі керек. 

5.1.13 Жүктелім-рұқсат  жұмыстың  жауапты  орындаушысына  (прорабқа,  шеберге, 

бригадирге) ұйым жетекшісінің бұйрығымен уәкілетті тұлғамен беріледі. Жұмысқа кірісер 

алдында жұмысқа жауапты тұлға жұмысшыларды жұмыстарды қауіпсіз өндірісі бойынша 

іс-шаралармен  таныстырып,  жүктелім-рұқсатқа  жазу  арқылы  мақсатты  нұсқаулық 

жүргізуге  міндетті.  Әрекеттегі  ұйымның  аумағында  жұмыстарды  жүргізу  кезінде 

жүктелім-рұқсатқа осы ұйымның тиісті лауазымдық тұлғасы қол қоюы керек. 

5.1.14 Құрылыстың  немесе  коммуникацияның  қорғаулы  аумақтарында  жұмыс 

жүргізу кезінде жүктелім-рұқсат  ұйымның – осы құрылыстың немесе коммуникацияның 

иесінің жазбаша рұқсаты бар болғанда ғана беріледі. 

5.1.15 Жүктелім-рұқсат  берілген  жұмыс  көлемінің  орындауға  қажетті  мерзімге 

беріледі,  егер  басқасы  әрекеттегі  нормативтік  құқықтық  актілермен  қарастырылмаса. 

Жұмыс  өндірісі  кезінде  жүктелім-рұқсатпен  қарастырылмаған  қауіпті  немесе  зиянды 

өндірістік  әсерлер  туған,  сонымен  қатар  жұмыс  өндірісінің  жағдайлары  өзгерген  кезде 

жұмыстарды  тоқтатып,  жүктелім-рұқсатты  жабу  керек,  және  тек  жаңа  жүктелім-рұқсат 

берілгеннен кейін жұмыстарды қайта бастау керек. 

Жүктеме-рұқсатты берген тұлға онда жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

бойынша қарастырылған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізуге міндетті. 

5.1.16 Жұмыс  сипатымен  байланысты  қауіпті  өндірістік  әсерлердің  әрекеті 

жағдайында жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қауіпсіздіктің қосымша талаптары 

қойылады.  Қауіпсіздіктің  қосымша  талаптары  қойылатын  қызметтер  (лауазымдар)  мен 

жұмыс  түрлерінің  тізбесі  құрылыс  ұйымында  «Алдын-ала  және  кезеңдік  медициналық 

тексеріп-қарау  өткізілетін  зиянды  өндірістік  факторлардың,  кәсіптердің  тізбесінің» 

есебімен бекітілуі керек.  

5.1.17 Еңбек  қауіпсіздігі  бойынша  қосымша  талаптар  қойылатын  жұмыстарды 

орындауға,  заңнамаға  сәйкес  жасы  мен  жынысы  бойынша  теріс  көрсеткіштері  жоқ, 

медициналық  тексерістерден  өткен  және  осы  жұмыстарды  орындауға  жарамды  деп 

табылған, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен амалдары бойынша оқу оқыған, еңбекті қорғау 

мен  қауіпсіздігі  бойынша  нұсқаулықты  игерген,  жұмыс  орнында  тәжірибе  алып,  еңбекті 

қорғау мен қауіпсіздігі бойынша білімдері тексерілген тұлғалар жіберіледі. 

5.1.18  Жасы  кәмелетке  толған,  медициналық  тексеруден  өткен,  жарамды  деп 

танылған,  кемінде  бір  жыл  жоғары  өрмелегіш  жұмыстар  өтіліне  және  3-ден  төмен 

тарифтік  разрядқа  ие  болатын  тұлғалар  (жұмысшылар  мен  инженерлік-техникалық 

қызметкерлер) өз бетімен жоғары өрмелегіш жұмыстарға жіберіледі.   



жүктеу 451,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау