ҚР ҚН 1.03-05-2011
13
5.3 Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын оқыту жүйесі
5.3.1 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдағы еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
бойынша міндеттер жұмысқа жалдаушыға жүктеледі.
5.3.2 Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жалпы жетекшілік ұйымның
басшысына немесе ол уәкілдеген тұлғаға жүктеледі.
5.3.3 Жұмысшылар еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жұмысқа
жалдаушы бекіткен олардың лауазымдық нұсқаулығының немесе еңбекті қорғау бойынша
нұсқаулықтың талаптарының көлемінде орындаулары керек.
Лауазымдық нұсқаулық немесе еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар жұмысшыға
қол қою арқылы жұмысқа қабылдану немесе лауазымға тағайындалу, басқа жұмысқа
ауысу кезінде жеткізіледі.
5.3.4 Ұйымдастыру бойынша бұйрықтармен өздеріне берілген жұмыс телімінің
шегінде еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тағайындалады.
5.3.5 Ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша бөлімдер мен лауазымдық тұлғалардың
қызметтерін әдістемелік басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін ұйым штатына
кіретін немесе келісім негізінде тартылған еңбекті қорғау қызметі құрылуы керек. Еңбекті
қорғау қызметінің құрылымы, оның функциялары мен тапсырмалары әрекеттегі заңнамаға
және Ұйымдағы еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қызметі туралы типтік ережеге сәйкес
анықталады.
5.3.6 Ұйымда Еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды
ұйымдастыру мен жүргізу ережелеріне сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың
жағдайына кезеңдік тексерістер жүргізіліп, бақылау мен бағалау жүзеге асуы керек.
Жұмысшылар еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерінің бұзылғанын
байқаған кезде оларды өз күштерінің арқасында жоюға тырысады, ал ол мүмкін емес
болғанда – жұмысты тоқтатып, лауазымдық тұлғаға хабар береді.
Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жағдайда жауапты
тұлғалар жұмысты тоқтатып, қауіпті жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, ал
қажет болған жағдайда – адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялауды қамтамасыз етуге
міндетті.
5.3.7 Ұйым жетекшілері жұмыстың қауіпсіз әдістері мен амалдарын дер кезінде
оқытуға, келесі талаптарға сәйкес еңбекті қорғау сұрақтары бойынша нұсқау жүргізіп,
білімдерін тексеруге міндетті:
1) ұйымның жетекшілері мен мамандары ұйым жетекшісі бекіткен жетекшілер мен
мамандардың лауазымдық тізбегіне сәйкес, жұмысқа кіресер алдында, лауазымға
тағайындалған уақыттан ай кеш емес мерзімде, ары қарай – кезең сайын, бекітілген
уақытта, өздерінің лауазымдық міндеттері мен орындайтын жұмыстарының сипатының
есебімен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша білімдерін тексеруден өтуге міндетті. Еңбекті
қорғау сұрақтары бойынша оқу жүргізу мен білімді тексеру тәртібі Жұмысшыларды
еңбекті қорғау және қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық және тексеріс
жүргізудің ережелеріне сәйкес анықталады;
2) жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойынша оқыту және білімін тексеру
Жұмысшыларды еңбекті қорғау және қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық
ҚР ҚН 1.03-05-2011
14
және тексеріс жүргізудің ережелеріне сәйкес дайындауда, қайта дайындауда, екінші
мамандық алуда, біліктілікті көтеруде жүргізіледі.
3) жұмысшыларды және іссапарға жіберілген жұмысшыларды уақытша жұмысқа
жіберудің алдында кіріс нұсқау мен жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргізілуі керек.
Еңбекті қорғау бойынша қайталама нұсқауды барлық жұмысшыларға үш айда 1
реттен кем емес жүргізу керек. Басқа ұйымның аумағында жұмыс істеу кезінде алғашқы
нұсқауды осы ұйымның еңбекті қорғау бойынша жауапты тұлғаның қатысуымен жетекші
жүргізеді.
5.3.8 Жұмысқа жалдаушының бекіткен лауазымдық тізімі бойынша цехтердің,
ауысымның басшылары, шеберлер, прорабтар, аға прорабтар, механиктер мен басқа
мамандар жылына 1 реттен кем емес, кезең сайын, талаптарын сақтау жұмысшылардың
біліктілік (лауазымдық) міндеттеріне жататын нормативтік құқықтық актілердің
қауіпсіздік талаптарын білудің тексерісінен өтуге міндетті.
Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша кезектен тыс білімді тексеру:
1) еңбекті қорғау жөніндегі қосымша білімді қажет ететін, қызметкерді басқа жұмыс
орнына ауыстырған кезде немесе оны басқа лауазымға тағайындаған кезде;
2) еңбекті қорғау жөніндегі жаңа және қайта өңделген нормативтік құжаттарды
қолданысқа енгізген кезде. Бұл жерде заңнаманың сол актілері бойынша ғана білім
тексеру жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талап етуімен;
4) соның салдарынан өндірісте апат, жазатайым оқиға және басқа ауыр жағдайлар
болған немесе болуы мүмкін еңбекті қорғау талаптарын бұзу немесе нормативтік
құқықтық актілерді, еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді жеткіліксіз
білу айқындалғанда, жұмысқа жалдаушының немесе еңбекті қорғауды ұйымдастыруға
жауапты тұлғаның шешімдері бойынша;
5) сол лауазым бойынша жұмыста жылдан артық үзіліс болған кезде жүргізіледі.
Еңбекті қорғаудың ережелерін және нормаларын білуді қанағатсыздандырған басшы
немесе бөлім маманы жұмыстарға жетекшілік етуден босатылады.
5.3.9 Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
қадағалау
органдарының
бақылауындағы машиналарға, жабдықтарға, қондырғы мен жұмыстарға қызмет көрсетуді
жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (тұлғалары) осы органдардың талаптарына сәйкес
жұмысты орындауға жіберіледі.
5.3.10 Білім мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерін ұйымдардағы
жұмыстарға тарту кезінде, соның ішінде өндірістік тәжірибе өту мерзімінде, ұйымның
жетекшісі:
1) оқудың қауіпсіз әдістері мен жұмыс қабылдауларын, нұсқаулық жүргізу мен
еңбекті қорғау сұрақтары бойынша білімдерін тексеруді қамтамасыз етуге;
2) бекітілген нормалалар бойынша көрсетілген тұлғаларға санитарлық-тұрмыстық
қызмет көрсету мен оларға арнайы киім, арнайы аяқ-киім және жеке қорғаныс бойынша
басқа да құралдардың берілуін қамтамасыз етуге;
3) көрсетілген тұлғаларға келісімнің шарттарымен қарастырылмаған жұмысты
істетпеуге міндетті.