ҚР ҚН 1.03-05-2011
5
техникасы ережелерін сақтау үшін жобалық шешімдердің жоғарғы сапасы, ЖЖЖ
бөлшектік өңдемесі, сонымен қатар технологиялық карталардың егжей-тегжейлі өңделгені
талап етіледі.
4.2.4 Қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс
машиналары мен механизмдерінің жоғары сапасын, тиімді дыбыстық немесе жарықтық
сигнализацияны қамтамасыз ету қажет. Құрылыста пайдаланылатын инвентарлық
құрылғылар мен монтаждық жабдықтар қауіпсіздік техникасының барлық талаптарына
жауап берулері керек.
4.2.5 Қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс әкімшілігі бекітілген
мерзімде жұмысшылар мен қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық
қызметкерлерге нұсқаулық жүргізуді, білімдерін зерттеу мен тексеруді ұйымдастыруы
керек, ол міндетті түрдегі құжаттық ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
4.2.6 Еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша талаптар қойылатын құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындауға 18-ден жас емес, кәсіби дағдылар иеленген, медициналық
тексеруден, сондай-ақ осы жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытудан өткен,
тиісті куәлік алған тұлғалар жіберіледі. Оқытудан өтпегенше осындай тұлғалар өз бетімен
жұмыс істеуге жіберілмейді.
4.2.7 Құрылысқа қайта жіберілген жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бойынша
кіріс (жалпы) нұсқаулығын және тікелей жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты өткеннен кейін ғана жұмыс орындарына жіберіледі.
4.2.8 Аса қауіпті және зиян өндірістердегі, соның ішінде конструкцияларды
биіктікке монтаждау, отқа төзімді, қышқылға төзімді және оқшаулағыш жұмыстарға,
радиобелсенді заттар қолданылатын процестерге ж.с.с. жұмысшылар тиісті оқудан және
сол бойынша емтихан тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі.
4.2.9 Қауіпті және зиянды жағдайда жұмыс істеушілерге жазатайым жағдайлардың
мүмкіндігін ескеретін жеке қорғау құралдарын, және өндірістік спецификасын ескерумен
қоршаған ортаның зиянды әсер етуінен ағзаны қорғайтын арнайы киім берілуі керек.
Жұмысшылар өздеріне берілген қорғау құралдарын пайдалану ережелері туралы
нұсқаулықтан өтулері керек.
4.2.10 Санитарлық-гигиеналық шаралар (жұмыс орнында жақсы ауалық ортаны,
жарықтандыруды жасау, діріл мен шудың зиян әсерлерін жою, қажетті тұрмыстық және
санитарлық үй-жайларды жабдықтау ж.т.б.) жұмысшыларға жұмыс орындары мен
тұрмыстық үй-жайларда санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетілуді жүзеге асыруды
қарастыруы қажет.
4.2.11 Өртке қарсы қауіпсіздік үшін өртті ескеру, ғимараттар мен құрылыстардың
өртке қарсы жағдайларын жақсарту, өндірістік процестерде өрт қауіпсіздігін төмендету
бойынша іс-шаралардың кешені өңделуі керек.
4.2.12 Әкімшіліктің жұмыс уақыты, арнайы киімнің, сүттің, сабынның, сапалы ауыз
судың, жеке қорғау жабдықтарының уақытылы берілуі туралы еңбек заңнамасын
орындауына бақылау жүргізуді жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау бойынша қызмет
құрылуы керек.
4.2.13 Қауіпсіздік техникасын жетілдіру үшін өндірістік жарақаттану мен кәсіби
ауруларды барынша жоққа шығаратын қорғау құралдары, машиналар, жұмысты басқару
және ұйымдастыру әдістері сияқты еңбек жағдайлары жасалуы керек.
ҚР ҚН 1.03-05-2011
6
5 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
5.1 Жалпы талаптар
5.1.1 Құрылыс өндірісіндегі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі мен құрылыстық
индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау «Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексінің», сондай-ақ, өзге нормативтік құқықтық актілердің, сонымен қатар:
1) құрылыстық нормалар мен ережелер, жобалау мен құрылыс салу бойынша
ережелердің жинағы;
2) белгіленген тәртіпте бекітілген еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша
салааралық және салалық ережелер мен типтік нұсқаулықтар;
3) Қазақстан Республикасында әрекеттегі еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің
мемлекеттік стандарттары;
4) еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің талаптары мен ережелері, қауіпсіз
эксплауатация және ортану ережелері, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар;
5) Қазақстан
Республикасында
әрекеттегі
мемлекеттік
санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер, гигиеналық нормативтер, санитарлық
ережелер мен нормалар.
5.1.2 Объектінің құрылысын салуға қатысушылар (тапсырысшылар, жобалаушылар,
мергігерлер,
жеткізушілер,
сонымен
қатар
құрылыс
материалдарын
және
конструкцияларын өндірушілер, құрылыс техникалары мен өндірістік жабдықтарды
даярлаушылар) 5.1.1 және 5.1.2 тармақтарында көрсетілген нормативтік құжаттардың
талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершілікте болады.
5.1.3 Машиналарды,
қол
электрлік
және
пневматикалық
машиналарын,
технологиялық құралдарды эксплуатациялау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау
талаптарын сақтау үшін:
- құрылыс машиналарының, механизмдерінің, өндірістік жабдықтардың, аспаптың,
технологиялық құралдардың, қорғаныс құралдарын қоса, техникалық жағдайлары үшін –
олар соның балансында отырған ұйымдарға, ал оларды уақытша қолдануға беру (жалға)
кезінде – келісіммен анықталған ұйымға (тұлғаға);
- жұмыстың қауіпсіз өндірістігінің талаптарын қамтамасыз ету үшін – жұмыстарды
орындаушы ұйымдарға жауапкершіліктер артылады.
5.1.4 Құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды орындау кезінде қосалқы мердігерлерді
немесе жалдаушыларды қатыстырған бас мердігер немесе жалдаушы міндетті:
- олармен бірлесе отырып, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін,
құрылысқа қатысатын барлық ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті, іс-шараларды
әзірлеуге;
- оларға бекітілген жұмыс учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды
орындау бөлігінде жоспарланған іс-шараларды орындауды және қосалқы мердігерлер мен
жалға алушылардың әрекетін үйлестіруді орындауға.
5.1.5 Мердігерлерді (жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтарды қоса алғанда)
қатыстырумен құрылыс алаңының және жұмыс учаскелері аумағында жұмыс жүргізген
кезде құрылысты жүргізуші тұлға міндетті: