ҚР ҚН 1.03-05-2011
11
7) өндiрiстiк үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндiрiстiк алаңдарға қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнiмдерге қойылатын
талаптарды;
10) өндiрiстiк жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндiрiстiк жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының
ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнiмдердi, дайын өнiмдер мен
өндiрiс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсiлдерiне қойылатын талаптарды;
13) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң еңбек ету және демалу режимiн;
14) қызметкерлердi кәсiптiк iрiктеуге және олардың еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғау мәселелерi бойынша бiлiмiн тексеруге қойылатын талаптарды;
15) жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды
қамтуы тиiс.
5.2 Өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарын
ұйымдастыру
5.2.1 Өндірістік аумақтар (оларда орналасқан құрылыс объектілерімен, өндірістік
және санитарлық-тұрмыстық ғимараттары мен құрылыстарымен бірге құрылыстық
алаңдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар), жұмыс телімдері мен жұмыс орындары
жұмыстың қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ету үшін дайындалуы керек.
Дайындық іс-шаралары жұмыс өндірісін бастаған уақытқа дейін аяқталуы керек.
Қайта соғылған немесе реконструкцияланған өнеркәсіптік объектілерінің өндірістік
аумақтарының, ғимараттар мен құрылыстарының, жұмыс телімдері мен жұмыс
орындарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілігі оларды
эксплуатациялауға қабылдау кезінде анықталады.
Құрылыс алаңында дайындық жұмыстарының аяқталуы ресімделген еңбек
қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы акті бойынша қабылдануы керек.
5.2.2 Жұмыс орнын ұйымдастыруға қолданатын өндірістік жабдық, құралдар мен
аспаптар еңбек қауіпсіздігінің және СанЕжН 1.01.002-94 талаптарына жауап беруі керек.
5.2.3 Өндірістік аумақтар, жұмыс телімдері мен жұмыс орындары әрекеттегі НҚА
талаптарына сәйкес жұмысшылардың ұжымдық немесе жеке қорғанысының қажетті
құралдарымен, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, сонымен қатар байланыс,
сигнализация құралдарымен, және басқа да еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз
ететін құралдармен қамтамасыз етілуі керек.
5.2.4 Жұмысшылардың уақытша немесе тұрақты болатын орындары (санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлар, демалыс орындары мен адамдар үшін өту жолдары) өндірістік
аумақтарды, жұмыс телімдерін құру мен мазмұндауда қауіпті аумақтардың шегінен тыс
орналасуы қажет.
5.2.5 Қауіпті аумақтар қауіпсіздік белгілерімен және бекітілген нысандағы
жазулармен белгіленуі керек.
5.2.6 Қауіпті аумақтарға адамдар болуы мүмкін өндірістік, тұрғын немесе қызметтік
үй-жайлар кіргенде, жабын үстімен жүктердің орнын ауыстыруға жол берілмейді.
ҚР ҚН 1.03-05-2011
12
5.2.7 Бөгде тұлғаларды, сондай-ақ мас күйіндегі немесе сол аумақта жұмыс
істемейтін жұмысшыларды өндірістік аумаққа кіргізуге тыйым салынады.
5.2.8 Құрылыс немесе өндірістік алаңдардағы, өндірістік және тұрмыстық үй-
жайлардағы, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарындағы жұмысшылар, сондай-ақ басқа
ұйымдардың өкілдері сол ұйымда қабылданған еңбекті қорғауға жататын ішкі еңбек
тәртібінің ережелерін сақтауға міндетті.
5.2.9 Аумақтық жекешеленген үй-жайлар, алаңдар, жұмыс орындары мен телімдері
телефон байланысымен немесе радио байланыспен қамтамасыз етілуі керек.
5.2.10 Жұмысшылар, жетекшілер, мамандар мен қызметкерлер Жұмысшыларды
арнайы киімдермен, арнайы аяқ-киімдермен және басқа жеке, ұжымдық қорғау
құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және құрылғылармен жұмыс берушінің
есебімен қамтамасыз ету ережесіне сай келетін арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен және
жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етілулері керек.
5.2.11 Арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді, жуылатын және залалсыздандыратын
құралдар мен жеке қорғаныстың басқа да құралдарын беру, сақтау және оларды пайдалану
Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету ережелеріне және
Жұмысшыларды жуылатын және залалсыздандыратын құралдармен қамтамасыз ету
ережелеріне сәйкес реттеледі.
5.2.12 Құрылыс алаңында жүрген барлық тұлғалар иек асты белдіктермен бекітілген
қорғаныс каскаларын киюге міндетті. Қорғаныс каскасы және басқа да қажетті жеке
қорғаныс құралдары жоқ жұмысшылар жұмыс жасауға жіберілмейді.
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары мен құрылыс материалдарының
кәсіпорындарында қорғаныс каскасын қолдану жұмысқа жалдаушының бұйрығымен
реттеледі.
5.2.13 Жұмысқа жалдаушы СанЕжН 11-07-94 сәйкес жұмысшыларды санитарлық-
тұрмыстық үй-жайларымен (гардероб, киім мен аяқ-қиім кептіретін үй-жай, душ,
тамақтану, дем алу, жылыну үй-жайлары, денсаулық пункты) қамтамасыз етуі керек.
Құрылыс алаңында жұмысшылар үшін санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен
құрылғыларды пайдалануға дайындық негізгі санитарлық-монтаждау жұмыстарын
бастағанға дейін аяқталуы тиіс.
Санитарлық-тұрмыстық
үй-жайлардың
құрамында
дәрі
қобдишаларына,
тағысыштарға, нықтайтын шиналар мен басқа да бастапқы көмек көрсетуге арналған
құралдар үшін орын қарастырылуы керек.
5.2.14 Жұмысқа жалдаушы ҚР Еңбек кодексінің 37-тарауына сәйкес әрбір
жазатайым жағдай немесе кәсіптік аурудың тергеуін ұйымдастыруға міндетті.
5.2.15 Еңбектің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өңдеу мақсатында, еңбек
ерекше жағдайын растауды, еңбектің зиян және ауыр жағдайындағы жұмыс үшін
қосымша ақының өлшемін белгілеуды жұмысқа жалдаушы Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережелеріне, басқа
заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек жағдайы бойынша жұмыс
орындарын аттестациялауды ұйымдастыруы керек.