Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 451,43 Kb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата14.05.2018
өлшемі451,43 Kb.
#13109
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

 

ҚР ҚН 1.03-05-2011 

15 


5.4  Құрылыстағы  еңбекті  қорғау  мен  қауіпсіздік  техникасының  талаптарын 

орындауды бақылау жүйесі   

 

5.4.1 Еңбекті  қорғау  жағдайы  мен  кәсіпорынның  функциясына  бақылауды 



мемлекеттік  қадағалау  органдарының  нормалары  мен  ережелерінің  талаптарынан 

ауытқуды  анықтау,  қызметтер  мен  бөлімдердің  еңбекті  қорғау  сұрақтары  бойынша  өз 

міндеттерін  орындаулары  мен  жетіспеушіліктерді  жою  бойынша  тиімді  шаралар 

қолдануды тексеру мақсатында жүзеге асырады. 

 

5.4.2 Кәсіпорында жүргізілетін бақылаудың бірнеше түрлері болу керек: 



 

1) кәсіпорын жетекшілері мен лауазымдық тұлғалар жүзеге асыратын оперативтік; 

 

2) еңбекті  қорғау  жағдайына  үш  сатылық  бақылауды  ұйымдастыру  бойынша 



әдістемелік кепілдемелерге сәйкес жүзеге асатын әкімшілік-қоғамдық (үш сатылық); 

 

3) үнемі еңбекті қорғау қызметімен жүргізілетін; 



 

4) жоғары тұрған органдар орындайтын ведомстволық; 

 

5)  мемлекеттік  қадағалау,  кәсіподақ  кеңесінің  техникалық  инспекциясымен  жүзеге 



асатын ведомстводан тыс. 

 

5.4.3 Өндіріс  спецификасына,  кәсіпорын  құрылымы  мен  оның  бөлімшелерінің 



масштабына байланысты еңбекті қорғаудың жағдайына үш сатылық бақылау 

1) бірінші сатыда – цехтің (өндірістің) телімінде, ауысымда немесе бригадада; 

2) екінші сатыда – цехте, өндірісте немесе кәсіпорын телімінде; 

3) үшінші сатыда – жалпы кәсіпорында жүргізілуі керек.  

 

5.4.4 Үш  сатылық  бақылауды  ұйымдастыруға  жетекшілікті  жұмыс  беруші  және 



кәсіподақ немесе жұмысшылардың уәкілдік органының жетекшісі жүзеге асырады. 

6 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

 



 

6.1 Өртке қарсы қауіпсіздік өрттің алдын алу, ғимараттар мен құрылыстардың өртке 

қарсы  жағдайын  жақсарту,  өндірістік  процестерде  өрт  қаупін  төмендету  бойынша  іс-

шаралардың кешенін құрайды. 

 

6.2  Құрылыс  өндірісіндегі,  құрылыс  материалдарының  өнеркәсібі  мен  құрылыстық 



индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезіндегі өртке қарсы қауіпсіздік 

өрт-жарылыс қауіпсіздігінің, қоршаған табиғи ортаның зиянды заттардың қалдықтарымен 

ластануды ескерту шараларынан тұру керек. 

 

6.3 Өндірістік  процестердің  өрт  қауіпсіздігі  технологиялық  процестердің  өрт-



жарылыс  қауіпсіздігіне  бағытталған  технологиялық  жұмыстарды  жобалау,  ұйымдастыру 

және тексеру процесінде қамтамасыз етілуі керек. 

 

Апаттың,  жанудың,  өрттің  және  жарылыстардың  болмауы  өрт  қауіпсіздігінің 



тиімділігінің критерийіне жатады. 

 

6.4 Өндірістік және қосалқы үй-жайлар өрт инвентарі мен басқа да өртке қарсы басқа 



құралдармен жабдықталуы керек. 

 

6.5 Өрт  қауіпсіздігі  саласындағы  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  өрт  инвентарі  мен 



өрт  сөндірудің  алғашқы  құралдарының  орналасуы  өртті  қадағалау  қызметімен  келісілу 

керек. 



 

ҚР ҚН 1.03-05-2011 

 

16 


 

6.6 Уәкілетті  органдар  жарылыс-өрт  қауіпсіздігі    мен  улылығына  сертификаттаған 

қолданыстағы материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс машиналары 

мен  механизмдерінің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  қажет.  Тиімді  дыбыстық  немесе 

жарықтық  сигнализация  қамтамасыз  етілуі  қажет.  Құрылыста  пайдаланылатын 

инвентарлық  құрылғылар  мен  монтаждық  жабдықтар  өрт  қауіпсіздігінің  барлық 

талаптарына жауап берулері керек.  

  

6.7 Жұмыстар  жүргізу  кезінде  жарылыс-қауіпті  және  уытты  қасиеттері  бар 



полимерлік  материалдар  мен  бұйымдарды  белгіленген  тәртіпте  бекітілген,  оларды 

қолдану бойынша нұсқаулықтармен таныспай, пайдалануға тиым салынады. 

Полимерлік 

материалдар 

мен 

олардан 


жасалған 

бұйымдар 

Қазақстан 

Республикасының  денсаулық  сақтау  істері  жөніндегі  уәкілетті  органының  санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсаттарымен ғана, сондай-ақ өрт жарылыс-

қауіптілік  пен  оларды  қолдану  саласына  ҚР  өртке  қарсы  қызметінің  сәйкестік 

сертификаты мен қорытындысы болған кезде қолдануға рұқсат етіледі.       

6.8 Машиналарды,  көлік  құралдарын,  өндірістік  жабдықтарды,  механизация 

құралдарын техникалық қызмет көрсету мен ағымды жөндеу кезіндегі жұмыс орындарын 

түзету  құралдарының,  аспаптардың,  инвентардың,  жүк  көтеретін  аспаптардың 

жиынтығымен  және  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  ережелер»  техникалық 

регламентінің  Қосымша  17,  және  белгіленген  тәртіпте  бекітілген  басқа  нормативтік 

құжаттарға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы керек. 

6.9 Өндірістік  аумақтарда  ықтимал  өрттерді  сөндіру  үшін  сыртқы  және  ішкі  сумен 

жабдықтау көздері болу керек. 

Өндірістік  аумақта  ғимараттар  менқұрылыстарға  өрт  техникаларының,  құтқарушы 

және  медициналық  қызметтердің  техникалық  құралдарының  барлық  жақтардан  бөгетсіз 

жетулерін қамтамасыз ететін өтпелері, жолдары және подъездері болуы керек.  




 

ҚР ҚН 1.03-05-2011 

17 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘӨЖ 69.331.45 

 

 

 

 

 

 

 

   МСЖ 91.040 

Негізгі сөздер: еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік 

санитария,  қауіпті  өндірістік  фактор,  қауіпті  аумақ,  зиянды  өндірістік  фактор, 

жұмысшылардың  жеке  және  ұжымдық  қорғау  құралдары,  өндірістік  жабдықтары  мен 

өндірістік  процестердің  қауіпсіздігі,  қауіпсіздіктің  белгілері  мен  түстері,  тас  төсеу 

құралдары

 

 



  


жүктеу 451,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау