Бастауыш класс оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдісі
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Наванова Замзагүл Тортайқызы
Білім берудің шынайы мақсаты- адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани,
адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің
бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпы адамзаттық құндылықтарын
меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.Балалардың өмірден өз орнын таба білу үшін
бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.
Өзін бағалау ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін
айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.Өзіндік бағалау тұлғаның өзіне
ғана тән жеке құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін-өзі құрметтеу сезімінің дамуы, жеке
құндылығын сезу.Өзін-өзі бағалау ойлауға, еске сақтауға, мінез-құлықтың қалыптасуына , өзге білік пен
дағдылардың жетілуіне ықпал етеді. Ол адамның қажетіліктері мен өзіндік санасына, кәсіптік тұрғыда өзін-өзі
айқындауына, тәрбие үрдісі мен мақсатарына, оның нәтижелеріне, әлеуметтік және эмоционалдық жағдайында,
адамның өз-өзіне және өзге жандарға қатынасына әсер етеді. Өзіндік бағалау өз әрекетін бағалауда маңызды
роль атқарады, онсыз өмірде өзін анықтау мүмкін емес. Нақты бағалау адамға рухани қанағат пен адамгершілік
қасиеттеріне қолдау көрсетеді.
«Мен-тұжырымдамасы» педагогикалық сөздікке 70-ші жылдары енгізілді.
«Мен-тұжырымдамасы»дегеніміз не?
«Мен-тұжырымдамасы» оқушының өзін-өзі бағалауында қалыптастыруда қандай рол
атқарады?
Н егізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам
бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында
қалыптасады.Өзіндік сана жеке тұлғаның құрлымының маңызды бөлімдерінің бірі ретінде қарастырылады және
осыған сәйкес өзіндік сана құрылымның компонентері өзіндік бағалау, өзіндік сана және және өзіндік көңіл күй
ажыратылады. Психолог В.С.Мерлин зерттеуі бойынша өзін-өзі бағалау тікелей ықпалын тигізетін өзіндік сана
құрлымының 4 компонентерін ажыратып айтқан
1. «Менің» ұғынуы
2. Өзінің басқаларға ұқсастығын және олардан айырмашылығын ұғыну.
3.Өзінің психологиялық қасиеттерін ұғыну.
4. Әлеуметік- адамгершілік тұрғыда өзін –өзі бағалау.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын дамытуда оның жеке тұлға ретінде жан-
жақты жетілудің алғы шарттары болып табылады.
Өзін-өзі бағалау дегеніміз өз қабілеттеріне , мүмкіндігіне, мінез –құлқына, ішкі жан – дүниесіне, басқа
адамдардың ортасында өз орны бойынша өзіне баға беруі болып табылатын. Адам - анасының құрамдас бөлігі .
Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Өзін-өзі
бағалау оқушыны сенімділікке, ойлауға , шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзн-өзі төмен
бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық , қызғану,
іштарлық,көңілсіздік , ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көрініс табады. Ал өзін тым асыра бағалау
адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау , ашуланшақ, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып
соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторлар.
Педагогикалық міндеттерді нәтижелі шешу үшін мұғалім бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын
қалыптастырушы негізгі факторларды ескеруі тиіс;
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторларды
Бағаның ықпалы Құзырлылық сезім Отбасылық Рефлексияның
тәрбиенің ықпалы ықпалы
Бағаның ықпалы
Мектеп бағасы оқушылардың өзін –өзі бағалауының қалыптасуына тікелей ықпал тигізеді.Бастауыш сынып
оқушылары мұғалім бағасына оңай бағытталып, өз сыныптастарын үздіктер, екпінділер мен үлгермеушілер
деп әр топқа тән сапалық ерекшеліктерді атап көрсете алады.Үздіктер мен оқу жетістігі жоғары
оқушылардың өзін-өзі бағалауы жоғары, ал үлгермеушілер немесе бағасы төмен оқушылардың өз
мүмкіндігіне, өзіне деген сенімі төмен болады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеу негізінде төмендегі бағыттарды атап
көрсетуге болады;
1-2 сыныптарда оқушылар артта қалушылар ұстанымен келіспейді,өзін-өзі жоғары бағалауға
тырысады, өздері орындаған тапсырманы нақты бағадан жоғары бағалайды.
3