әдеп-ғұрпымыз оралып халқымыз қуанышқа бөленген тұста 1991 жылы дүниеге келді. Күйде жыл
басы Наурыз
бен қайта қауышқан халықтың ақжарқын пейілі шаттық көңілі көрініс тепкен. Наурызды ислам дінінің беделін
арттыру үшін пайдалануды мақсат етіп , Наурыз мерекесі халифатты басқарып отырған Әли иманының
құрметіне тойланатын той , ал 22 наурыздағы берілетін тағам Мұхаммед пайғамбарға бағышталған қасиетті
тағам болып жарияланады. Наурыздың 21-22 –не қараған түннен жақсылық женген күн «Наурыз келді»
«Ұлыстың ұлы күні келді» деп халық қуанышка бөленген.
Сабақты қорытындылау :
Бағалау.
Үйге Ә.Қонысбековтың «Наурыз» күйін жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова.
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік
қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.
Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту. Көрнекілігі: Күйшінің портреті,
үнтаспа, тапсырмалар.
Жоспар:
І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
ІV. Мағынаны тану.
V. Сергіту сәті.
VІ. Күй тыңдау.
VІІ. Ой толғаныс.
VІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Қорытынды.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)
Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)
Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)
Соль нотасын тақтаға жазып бер.
Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)
Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?
Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Ақ мамам»
ІІІ.Қызығушылығын ояту. (Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
1.Күйші деген кім?
2. Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
3.Мынаның ішінде күйші кім?
4.Неге «Күй анасы» деп атаймыз?
5.Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?
6.Қандай күйлерін білесіңдер?
Енді балалар топтастырайық
Топтастыру Ана Ардақты әже Күйші Күй анасы
ІV. Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту) Дина Нұрпейіс келіні
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол
тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің
күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп
келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша
Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып,
дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен
бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық
байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының
қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран
шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын.
Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру
керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен
Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы»,
«Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез»,
«Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.
V. Сергіту сәті.
6
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарайды.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады. Кукарику, Кукарику
Оятады баланы.
VІ. Күй тыңдау: (Дәптермен жұмыс) Балалар, енді Дина Нұрпейісова әжеміздің «Әсемқоңыр» күйінің
тарихымен танысайық тыңдайық.
-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?
-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?
-Қандай аспаппен орындалып тұр?
-Екпіні қандай?
VІІ. Ой толғаныс. Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез
орналастыру.
Дина Нұрпейісованың өмір сүрген жылдары? 1861-1953 (1861-1955)
Алматыға тұңғыш қай жылы келді? 1833ж (1937ж)
Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты? 1948ж (1944ж)
* * * * *
Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімдері
Есентаева Гульнар Кобландиновна, Елешова Газиза Едиловна
MS ЕХСEL электрондық кестесі көмегімен жиіліктер полигонын, гистограммасын салу
Функционалдық сауаттылық адамның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене
қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал етеді. Математика пәні арқылы оқушылардың функционалды
сауаттылығын дамыту, алған білімін өмірде еркін қолдана алуын көздейді. Сонымен қатар заман талабына сай
оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты пайдалана білуі қажет. Сондықтан
«Статистикалық мәліметтерді кестелік бағдарламада өңдеу» тақырыбында әдістемелік әзірлеме ұсынып
отырмыз. Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлеме 7-8 сыныптар үшін математика пәні бойынша Кіріктірілген
оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнінде АҚТ жабдықтарды пайдалануға мысалдар қарастырылған.
Статистикалық есептерді шығаруда Excel құрал саймандарын пайдалануды қарастырамыз.
Мысал. 8 сынып оқушыларының ішкі жиынтық бағалау нәтижесінде төмендегідей ұпайларды жинады:
15
22
23
15
15
28
29
29
18
17
16
19
19
30
23
26
27
16
14
17
13
25
30
18
10
13
28
14
22
27
12
23
28
23
26
19
30
16
21
13
21
25
16
14
23
23
28
12
21
17
23
12
24
24
11
13
21
26
24
19
25
28
24
22
28
20
18
13
13
30
29
18
27
27
28
23
11
21
17
22
24
29
22
28
28
28
21
10
30
23
18
20
19
25
13
20
Сандық характеристикаларын есептеңіз:
Модасын
Медианасын
Қатардың ауытқуын
Жиіліктер полигонын тұрғызу керек
Гистограмма салу
Кумулята тұрғызу
Жұмыс барысы
1. EXCEL ұяшықтарына берілген мәліметтерді енгіземіз.
7