6. http://cldstandardscouncil.org.uk/
http://www.ohcc-ccso.ca/en/courses/community-develop-
ment-for-health-promoters/module-one-concepts-values-and-principles/
values-
http://ctb.ku.edu/en/table-of-contents/analyze/choose-and-adapt-
community-interventions/ethical-issues/main
cdctn.org/photos/custom/3.%20Code%20of%20Ethics.pdf
http://www.iedconline.org/web-pages/inside-iedc/iedc-code-of-ethics/
http://www.comm-dev.org/about/principles-of-good-practice
http://cldstandardscouncil.org.uk/resources/national-occupational-
standards/
Бұл ұлттық стандарттар қиындықтар, өзгеріс пен
жетілдіру процестері негізделетін бастапқы нүкте болып
табылады (стандарттардың мысалдарын төменнен
қараңыз)6. Біздің «Қоғамдастықты дамытудың жалпы
халықаралық стандарттары» деп атайтынымыз соңғы
жылдары Ирландия, Біріккен Корольдік, Оңтүстік Африка
және Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттерде жүргізілген
жұмыстарға негізделеді.
ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПРАКТИКАСЫ
ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖҰМЫСЫНАН ӘЛДЕҚАЙДА ЗОР
Төмендегі тақырып, негізгі салалар және
тұжырымдамалар бөлімдерінде біз IACD-дың
қоғамдастықты дамыту практикасы ретінде нені
білдіретіндігі жайлы айтылады. Бұл тәжірибені түрлі
салаларда түрлі рөл атқаратын адамдар, соның ішінде
кәсіби қоғамдастық саласындағы қызметкерлер (және
дәл сондай рөл атқаратын бірақ басқа лауазымдағы
адамдар) жүзеге асырады. Олар оны әлеуметтік сала,
ересектерге білім беру, жастармен жұмыс жасау,
денсаулық сақтау, экологиялық білім беру, экономикалық
даму салаларынан бастап қалалық жоспарлау,
регенерациялау, архитектураға дейінгі салаларда жұмыс
жасайтын және қоғамдастықты дамыту құндылықтарын
қолдануға, сонымен қоса қоғамдастықты дамыту әдістерін
қабылдауға ұмтылатын басқа да мамандармен біріге
отырып жүзеге асырады.
Біз олардың барлығын «қоғамдастықты дамыту
саласындағы практик-мамандары» деп атап,
«қоғамдастық қызметкерлер» деген мағынаны
да қамтитын кең термин ретінде қолдануды
ұсынамыз. Біз «қоғамдастықты дамыту практигі»
деген терминді кәсіби еңбек саласында қызмет
атқаратын (еңбекақы алатын және алмайтын)
адамдарды және басқа да қзара байланысқан
секторлардағы қоғамдастықты дамыту
құндылықтары мен оның әдістерін пайдаланатын
мамандарды қамтитын түсінік ретінде
пайдаланамыз.
Қоғамдастықты дамыту практикасы сондай-ақ
қоғамдастықпен жұмыс жасайтын даму саласындағы
рөлдерден бастап басқарушылық және стратегиялық
қоғамдастықты жоспарлау рөліне дейінгі бір қатар кәсіби
мақсаттар мен дәрежелерді қамтиды.
12
Бұл практикалардың барлығы қоғамдастықтағы
адамдарды ұйымдастыру, оқыту және мүмкіндіктерін
арттыру арқылы өкілетті демократияны, тұрақты
дамуды, құқықты, экономикалық мүмкіндіктерді, теңдікті
және әлеуметтік әділеттікті насихаттауда өте маңызды
рөл атқарады. Сондықтан-да біз осы Стандарттардың
барлығы үшін пайдалы болады деген үміттеміз.
IACD
анықтамасын
толығырақ
қарастырайық
Қоғамдастықты дамыту – ол қалалық
немесе ауылдық жерлердегі жергілікті,
тұлғалық немесе мүдделік бойынша
қоғамдастықтарда адамдарды
ұйымдастыру, оқыту және олардың
мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өкілетті
демократияны, тұрақты дамуды, құқық,
экономикалық мүмкіндіктерді, теңдікті және
әлеуметтік әділеттілікті насихаттайтын
іс-тәжірибеге негізделген мамандық және
академиялық пән
Бұл анықтаманы жұмыстың негізін қалаушы
құндылықтарын, мақсат және әдістерін білдіреді деп
қарастыруға болады.
A. Негізін қалаушы құндылықтар
Анықтаманың өзі қоғамдастықты дамытудың мақсаты
жайлы тұжырымдаманы қамтиды:
Құқыққа, ынтымақтастыққа, демократияға, теңдікке,
экологиялық және әлеуметтік әділеттілікке бейілділік.
Бұл тұжырымдама кәсіби тәжірибені әртүрлі
мәнмәтіндерде қолданылатын этикалық стандарттарға
сәйкес жұмыс, адамдармен және әр түрлі күн тәртібі бар
ұйымдармен жұмыс ретінде көрсетеді.
B. Мақсаты
Анықтаманың өзі қоғамдастықты дамытудың мақсаты
жайлы тұжырымдаманы қамтиды:
Өкілетті демократияға, тұрақты дамуға, құқыққа,
экономикалық мүмкіндіктерге, теңдік және әлеуметтік
әділеттілікке жету мақсатында қоғамдастықтармен жұмыс
жасау.
Бұл жоғары деңгейлі мақсат тұжырымдамасы сапарды
да, межелі пунктті де өлшеуге арналған үлгі ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
“
“
13
C. Орталық әдістер мен процестер
Анықтамада қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-
мамандары қабылдаған әдістер мен процестер нақты
баяндалған:
“өз қоғамдастығында адамдарды ұйымдастыру, оқыту
және мүмкіндіктерін арттыру …».
Ұйымдастыру мен білім берудің қоғамдастықты дамыту
әдістері олардың қатысушыларға қалайша өздерінің
әлеуетін арттыруға мүмкіндік беруге болады деген
мәслеге бағытталғандығы арқылы, және ұйымдастыру
мен білім беруді, әрекет пен оқуды бірге байланыстыру
арқылы ерекшеленеді. Бұл процесс ұйымдастырушы/білім
беруші рөліндегі қатысушылар мен қоғамдастықты дамыту
саласындағы практик-мамандары арасындағы диалогқа
негізделеді, сонымен қоса ол өзара сыйласымдылыққа,
сенімге және оқуға негізделуі қажет. Біз қоғамдастықты
дамыту практикасындағы шиеленісті, белгісіздік және
қарама-қайшылық пен жұмыс жасаудың, қалыптасқан
жағдайды және консультация кезінде жауап бергендердің
бірі айтқандай «құзыретті тілектестікті» өзгертуге
тырысудың маңызын мойындаймыз.
Қатысушылар кім?
D. Қатысушылар
IACD анықтамасында жергілікті болсын, тұлғалық немесе
мүдделік болсын, өз қоғамдастығындағы адамдар деп
айтылған. Демек, қғамдастықты дамыту саласындағы
практик-мамандардың жұмыс жасайтын басты топтар
сол қоғамдастықта тұратындар болып табылатыны,
және бұл қоғамдастықты дамудың негізі екені анық.
Бірақ қоғадастық көпіршікте болмайды. Ол үнемі
үкіметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың,
кәсіпорындардың, қызмет көрсетушілердің және
шешімдер қабылдайтын тұлғалардың, саясаткерлердің
және неғұрлым кең азаматтық қоғамның кең ауқымымен
өзара әрекеттеседі.
Бұл қоғамдастықты дамыту саласындағы практик-
мамандары жұмыс істеуі тиіс екі жақты бағытты
атап көрсетеді: өз қоғамдастықтарының ішіндегі
адамдармен де, сондай-ақ осы қоғамдастықтардан тыс
жерлерде болуы мүмкін мекемелер мен ұйымдардың
кең шеңберімен де жұмыс жасауы тиіс, мысалы,
Үкіметпен, жергілікті билік органдарымен, үкіметтік
емес ұйымдармен, жеке сектормен, халықаралық және
ұлттық донорлармен және басқа да қаржыландыратын
ұйымдармен және т.б. Осылайша, практик айналысатын
ұйымдастырушылық және білім беру жұмысы да
қоғамдастықтармен барынша тиімді жұмыс жасау үшін
сыртқы мекемелерге әсер етумен байланысты болады.
14
Достарыңызбен бөлісу: |