Қоғамдастықты дамытудың жалпы халықаралық
стандарттарын жариялай отырып, біз «мамандық»
терминімен нені білдіретінімізді анықтай кетуіміз қажет.
Нұсқаулықтың жобасы бойынша алынған жауаптардың
бірі осы сәтті ерекшелеп өтеді. Дәйектеме келтірсек:
«Практика стандарттары туралы құжатта кәсіпқойлықтың
анықтамасы болмаса да, тұспалдауларға қарағанда
(әлеуметтік жұмыстар сияқты мамандандырылған
байланысты пәндермен, денсаулық сақтау пәндерімен,
қала жоспарлау, архитектурамен жұмыс жасауға және
практика стандарттарын құрастыру қажеттілігіне сілтеме)
ұжатта қолданылатын «кәсіпқой» термині қәсіпқой ұйыммен
бақыланатын, практика стандарттары жөнінде жұмыс
істейтін қоғамдастықты дамыту бойынша қызметкер болып
табылатын, белгілі бір сарапшылық білімі мен дағдылары
бар адамға қатысты айтылады. «Кәсіпқойлық» терминінің
басқа да қолданысын байқауға болады, мысалы, басқаларға
құрметпен, ілтипатпен қарайтын, білікті болып келетін, ал
қоғамдастықты дамытуға қатысты сыртқы сарапшы емес,
қоғамдастық орнатқан құзыреттілік шеңберінде қызмет
ететін тұлғаға қатысты. Алайда «кәсіпқойлықтың» мағынасын
түсінудің мұндай әдісі құжатта тұжырымдалмаған».
Бұл қисынды дәлел, және оған жауап бере отырып, біз
IACD бұл терминді екі мағынада да қолданатындығын
атап айтамыз. Осы себепті қоғамдастықты дамытудың
түсінігі ретінде «мамандық мүмкіндіктерін арттыру»
дегенді қабылдадық. Бұл практикпен біз бірге жұмыс
істейтін адам (біздің қызметкеріміз болуы да мүмкін)
арасындағы қарым-қатынастың сипатын көрсетеді. жұмысы
Билік пен адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін
кеңейту қоғамдастықты дамыту жөніндегі мамандар мен
агенттіктердің жұмысында негізгі рөл атқарады. Алайда
оны сәтті жүзеге асыру барлық қоғамдастықты дамыту
практикасында кездесе бермейтінін мойындауымыз қажет.
Кейбіреулер керісінше әлжуаз қоғамдастықтарды одан әрі
әлсіретіп, зиян келтіреді. Сол себепті бізде, қауымдастық
ретінде, мүшелеріміздің қоғамдастықты дамытудың қандай
түрін қабылдап, әрі қарай дамыту жайлы анық түсінігіміз бар.
6
Біз, сонымен қатар, өзіміздің әріптестеріміз арасынан,
жұмыскерлер мен еріктілер, жұмыс берушілер мен
демеушілер, ұлттық және аудандық кәсіби жұмыс
стандарттарын жүзеге асырушы мекемелер (бер
жерлерде) және бірге жұмыс жасайтын қоғамдастықтар
арасынан біздің практикамызды қолдауда және арттыруда
дауысы болуы қажет бірнеше мүдделі тұлғаларды
мойындаймыз. Олар бар жерде құрамында осы мүдделі
тұлғалар бар ұлттық органдар ұлттық стандарттарды
келісуге, практиканың мониторингі және оны қолдауға,
сонымен қоса қоғамдастықты дамыту бойынша қызмет
алды және қызметтен қол үзбей оқыту бағдарламасын
мақұлдауға жауапты екендігін анық білеміз. IACD-
дың рөлі халықаралық шығармашылық Практика
қоғамдастықтарын көтермелей отырып, желілер құруды,
осы ұлттық органдар арасында идеялар мен әдіс-
тәсілдерді бөлісуді қолдау болып табылады. Алайда,
қазіргі кезде мұндай ұлттық органдар мен ұлттық
стандарттар тек бірнеше мемлекеттерде ғана бар. Мұндай
мемлекеттердің бірі - IACD орналасқан Шотландия.
Біз бұл IACD Оқыту және кәсіби даму комитетінен
алынған баяндаманы қоғамдастықты дамытудың сапасын,
қолжетімділігін және есеп берушілігін арттыру және осы
практиканы әрі қарай қолдау үшін кәсіби даму сапасын
арттыру мақсатында мүше тұлғаларға және бүкіл әлем
бойынша басқа да салаларда жұмыс жасайтын практик-
мамандарға, қоғамдастықтарға, білім беру және оқыту
қызметтерін жеткізушілерге, жұмыс берушілерге,
жергілікті және аудандық қоғамдастықты дамыту
қауымдастықтарына нұсқаулық ретінде ұсынамыз.
Пол Лашапель
Президент, Халықаралық қоғамдастықты дамыту
қауымдастығы
Джон Стэнсфилд
IACD Оқыту және кәсіби даму комитеті төрағасы
7
2016 жылы IACD Кеңесі мен жыл сайынғы жалпы
жиналыс қауымдастық үшін қоғамдастық дамуының келесі
жаһандық анықтамасын қабылдады: «Қоғамдастықты
дамыту – ол қалалық немесе ауылдық жерлердегі
жергілікті, тұлғалық немесе мүдделік бойынша
қоғамдастықтарда адамдарды ұйымдастыру, оқыту
және олардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы
өкілетті демократияны, тұрақты дамуды, құқық,
экономикалық мүмкіндіктерді, теңдікті және
әлеуметтік әділеттілікті насихаттайтын іс-тәжірибеге
негізделген мамандық және академиялық пән».
Содан бері бірқатар ұлттық қоғамдастықты дамыту
қауымдастықтары осы анықтаманы қабылдауда, не болмаса
қарастыруда. Бұл мүше тұлғалардың IACD анықтамасының
практика мен үндес екендігімен және осылайша практика
жайлы жалпы түсінікті қалыптастыруға көмектесетінігімен
жиі келісетіндігін көрсетеді. IACD анықтамасы 1950 жылдары
IACD құрылған кезде БҰҰ қабылдаған «қоғамдастық
мүшелері бірге жиналып, мәселелерге ортақ шешім тауып,
біріге әрекет жасау процесі» ретінде қоғамдастықты
дамытудың кең мағынасына негізделеді.
АҚШ-та 1950 жылдан бастап бұл терминді алғаш
рет қолданып бастаған кезде, ол қоғамдастықты
дамытуды «дамымаған облысты дамытатын техникалық
көмек бағдарламаларымен қамтамасыздандыру және
ведомствоаралық үйлестіру процесі» ретінде сипаттады.
Ең басынан бастап IACD қосқанда, БҰҰ, ұлттық органдар
мен басқалары қоғамдастықты дамыту дегенді осфндай
қоғамдастыққа техникалық және басқа да көмек көрсете
отырып, бірлескен әрекеттің байланысқан процесі деп
түсінген.
ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
8