Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет8/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мазмұны


1-тарау.

Қолдану саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар




1-параграф.

Өндірістік аумақтар мен кәсіпорындарды орналастыру




2-параграф.

Ауылдық елді мекендердің өндірістік аумақтарының бас жоспарларының схемалары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарлары




3-параграф.

Қоршаған ортаны қорғау




4-параграф.

Инженерлік дайындау мен абаттандыру




5-параграф.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарын қорғау




6-параграф

Инженерлік желілерді орналастыру




6-тарау.

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар




7-тарау.

Жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен пайдалану кезіндегі қолжетімділікке қойылатын талаптар




1-параграф.

Нормативтік талаптары




2-параграф.

Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы кіру жолдары, өту жолдары мен арақашықтықтары




3-параграф.

Аумақтың мүгедектер мен халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЛАРЫ

ГЕНЕРАЛЬНЫЕ ПЛАНЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолдану саласы

1. Осы құрылыс нормасы жаңа жобаланатын, кеңейтілетін және реконструкцияланатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының аумақтарын жоспарлық ұйымдастыру жобаларын (ары қарай – бас жоспарлар) өңдеуге, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңының, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын қамтамасыз ету мақсатында ауылды мекендердің өндірістік аймақтарының аумақтарын жоспарлық ұйымдастыру схемаларын өңдеуге таралады.

2. Осы құрылыс нормаларының ережелерін түрлі меншік түрлері мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларын өңдеу кезінде сақтау қажет.

2-тарау. Нормативтік сілтемелер

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс);

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – Жер кодексі);

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі (бұдан әрі – Су кодексі);

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы);

«Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру

және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №14858) (бұдан әрі – «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР);

«Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 11124) (бұдан әрі – «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары);

ҚР ҚБҚ 4.04-191 «Қалалық және ауылдық электр желілерін жобалау бойынша әдстемелік нұсқау»;

ҚР ҚБҚ 1.02-01 «Қазақстан Республикасының сәулет өнері ескерткіштерін және қала құрылысын қайта құру және қайта жаңарту құжаттамаларын дайындау реті, келісуі, сараптамалануы, бекітілуі және құрамы жайлы нұсқау».

Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.

3-тарау. Терминдер мен анықтамалар

3. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) бас жоспар – жер телімін жоспарлау ұйымының схемасы; елді мекендерде құрылыс қызметін реттеуші, халықтың мекен ету қауіпсіздігі жағдайын айқындайтын, қажетті санитарлық-гигиеналық, экологиялық талаптарды қамтамасыз ететін құрылыс құжатының бір түрі; басты заңды құжат болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі;

2) вертикаль жоспарлау – кәсіпорын алаңының жер бедерін жер қазу жұмыстарының ең кіші көлемін жасай отырып және үстінгі қабаттағы сулардың бұруын қамтамасыз ете отырып ұйымдастыру;

3) жаңа құрылыс – қайта құрылып жатқан кәсіпорынның негізгі, көмекші және қызмет көрсетуге арналған объектілер кешенінің ғимараты, сонымен қатар, жойылған кәсіпорын орнына, әрі қарай қолданысы техникалық, экономикалық немесе экологиялық шарттармен мақсатқа сай деп танылған жаңа алаңдағы құрылыс;

4) зооветеринарлық алшақтық – жануар індеті мен жануарлардың басқа ауруларының таралуына жол бермейтін мал бағушы кәсіпорындармен арасындағы минималды қашықтық;

5) кәсіпорын – негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші мақсаттағы объектілер кешені;

6) кәсіпорынды жоспарлау мен құрылысын салу – аумақты едәуір тиімділікпен қолдануды қамтамасыз ете отырып, технологиялық үрдістерге сәйкес ғимараттар мен мекемелер, бөлек ғимараттар арасында қысқа көліктік қатынас, инженерлік желілерді ақылға сыйымды орналастыру мен аумақты көгалдандыру мен жақсылап жабдықтаудың жоғары деңгейі;

7) қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау – негізгі, көмекші және қызмет көрсетуші мақсаттағы сәйкес объектілерді өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру мақсатында қайта құру;

8) қолданыстағы кәсіпорындарды техникалық жабдықтау – алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникалар енгізу негізінде кәсіпорындар мен жеке өнеркәсіптердің техникалық-экономикалық деңгейін арттыру бойынша шаралар кешені;

9) қоршаған орта – ауаны, суды, жерді, табиғи ресурстарды, флораны, фаунаны, адамды және олардың қарым-қатынасын қоса, ұйым қалыптасатын сыртқы орта;

10) құрылыс объектісі – кәсіпорын аясында құрылыс ұйымдары атқаратын ғимараттар, мекемелер, көліктік және инженерлік байланыстар, өндірістік кешендер мен жұмыстың басқа да түрлері;

11) мал қорымы – өлген ауыл шарушылығы малдары мәйіттерін жерге көмген жер;

12) нормативтік талаптардың мақсаты – нормативтік талапты орындаумен неге қол жеткізу керектігінің тұжырымдамасы;

13) рекультивация – ауыл шаруашылығы кәсіпорнының шаруашылық қызметімен бұзылған аумақты арнайы технологиялар қолдана отырып, топырақты, өсімдікті және жер бедерін қалпына келтіруге бағытталған қалпына келтіру;

14) санитарлық-қорғаныс аумағы – объектіні штатты тәртіпте қолдану кезінде халық қауіпсіздігі дейгейін қамтамасыз етуші кеңістік пен өсімдік аймағы;

15) функционалдық талап – нормативтік талаппен белгіленген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін объектінің функционерленуін сапалы дәрежеде сипаттау.

4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары


1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
4. Нормативтік талаптардың мақсаттарына:

1) табиғи экологиялық жүйелердің тұрақты қалыптасуын, табиғи кешендердің, ландшафтардың және ерекше қорғалатын аумақтарды ластанудан және шаруашылық немесе басқа да қызметтің негативті әсерлерінен қорғауды қамтамасыз ету;

2) өндірісте еңбек қызметіне қажетті жағдайларды жасау мен кәсіпорындардың құрылысы, пайдалануға беру және жою процестерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса, өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен адам өмірі мен денсаулығын сақтау;

3) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың санитарлық гигиенасын бұзу қаупінің алдын-алу;

4) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының технологиялық процестеріне жауап беруші, сонымен қатар құрылыс ауданының табиғи-климаттық жағдайларының есебімен ғимараттар мен имараттарды оңтайлы орналастыру арқылы аумақты тиімді пайдалану жатады.

2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары

5. Осы құрылыс нормалары қолдану үшін міндетті жалпы функционалдық, жобалауға, құрылыс салуға, реконструкциялауға және жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтау мен қоршаған ортаны техногендік ықпалдардың әсерінен қорғауға қажетті еңбек жағдайын қамтамасыз ететін кәсіпорынды техникалық алғашқы жарақтандыруға қойылатын қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарын, оның ішінде:

1) ауыл шаруашылығы бағытындағы жаңа, кеңейтілетін, реконструкцияланатын, сонымен қатар қолданыстағы объектілерді орналастыру үшін қолданыстағы жер, су, орман, қала құрылысы және басқа да заңнамаларға сәйкес алаң таңдауға қойылатын талаптарды;

2) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын рекреациялық (су, орман, ландшафттық) аумақтарда, сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау, өзендердің, теңіздердің сумен қорғау және жағажай аймақтарында, шипажайлардың күзетілетін аймақтарында орналастыруға қойылатын талаптарды;

3) ауылдық елді мекендердің өндірістік аймақтарының бас жоспарларының және:

ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының селитебтік аймақтармен және өндірістік аумақтың құрамындағы басқа да ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жоспарлық байланысы;

ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бір жер телімінде экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай бірлестіру мен қосалқы және қызмет ететін мақсаттағы ортақ объектілерді ұйымдастыру;

кәсіпорындарды, ғимараттар мен имараттарды, оның ішінде инженерлік желілерді олардың арасындағы тиісті минималдық қашықтықты сақтай отырып, орналастыру;

қоршаған ортаны өндірістік қалдықтар мен қоқыстардан қорғауға қатысты шаралар және қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану мен көмуге қатысты шаралар;

кәсіпорындарды кеңейту мүмкіндіктері;

құрылыс және монтаж жұмыстарын индустриалдық әдістермен жүзеге асыру;

кәсіпорындардыі құрылыс салу мен пайдалануға беруді қосу кешені немесе кезек арқылы жүзеге асыру;

құрылыс салу кезінде зақымдалған жерлерді қалпына келтіру (рекультивациялау), және аз өнімді жерлерге алынатын, топырақтың құнарлы қабатын төсеу;

жоспарланған шешімдердің техника-экономикалық тиімділігі қарастырылуы керек ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларының схемаларын әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді.



5-тарау. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларының жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау