Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет13/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мазмұны


1-тарау.

Қолдану саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Қасапхана кәсіпорындарын жобалауға қойылатын жалпы талаптар




6-тарау.

Қасапхана кәсіпорындарының құрылысы үшін жер телімдерін таңдауға және құрылыс салуға қойылатын талаптар




7-тарау.

Қасапхана кәсіпорны ғимараттары, құрылыстары мен жайларына қойылатын талаптар




8-тарау.

Сумен қамтуға, кәрізге, жылытуға, желдетуге, ауаны баптауға және суықпен жабдықтауға қойылатын талаптар




9-тарау.

Табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар




10-тарау.

Қасапхана кәсіпорындарын электрмен жабдықтауға және электр жабдығына қойылатын талаптар




11-тарау.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар




12-тарау.

Ресурстарды ұтымды қолдану және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

МАЛ СОЮ ЖӘНЕ СОЙЫЛҒАН ӨНIМДІ АЛҒАШҚЫ ӨҢДЕУ КӘСIПОРЫНДАРЫ
ПРЕДПРИЯТИЯ ПО УБОЮ СКОТА И ПЕРВИЧНОЙ ПЕРЕРАБОТКЕ ПРОДУКТОВ УБОЯ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары қайта салынатын, күрделі жөндеу өткізілетін және жаңартылатын (қайта конструкцияланатын) қасапхана кәсіпорындарын:

1) қасапханаларды;

2) тоңазытқышты қасапханаларды;

3) мал соятын орындарды;

4) ет комбинаттарын жобалауды қамтиды.

Мал шаруашылық фермалардың мал соятын алаңдары (қарастырылған болса) оларда жүзеге асырылатын малды бастапқы өңдеу тереңдігіне байланысты осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.

2. Осы құрылыс нормаларымен төмендегілерді жобалау қамтылмайды:

1) далалық мал соятын жерлерді;

2) жылжымалы мал соятын жерлерді;

3) жеке тұратын мал соятын-санитарлық жерлерді (санитарлық қасапханаларды);

4) ет өңдеу кәсіпорындарын.

3. Осы құрылыс нормалары қасапхана кәсіпорындарына қойылатын функционалды талаптардың және нормативтік талаптардың, сонымен қатар функционалды талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін жұмысшы сипаттамаларға қойылатын талаптардың мақсаттарын белгілейді.



2-тарау. Нормативтік сілтемелер

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Заң);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 09 қазандағы №68 Шешімі (бұдан әрі – «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР);

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті туралы» Кеден Одағы комиссиясының 2011 жылғы 09 желтоқсандағы №880 Шешімі (бұдан әрі – «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР);

«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10851) (бұдан әрі – ЭҚҚ);

«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 164 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №10971 ) (бұдан әрі – «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары);

«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары);

«Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №11837 ) (бұдан әрі – Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптары).

Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.



3-тарау. Терминдер мен анықтамалар

4. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер мен олардың анықтамалары беріледі:

1) далалық мал сою орны – ашық ауада далалық жағдайларда жануарларды өңдеуге арналған уақытша мал сою алаңы;

2) ет комбинаты – мал сою және ет және сойыстың басқа өнімдерін тамақ және азық өнімдеріне, техникалық бұйымға, медициналық препараттарға кешенді өңдеу бойынша кәсіпорын;

3) ет өңдейтін кәсіпорын – ет және жануарды союдың басқа өнімдерін өңдеуді жүзеге асыратын, мал соймайтын ұйым;

4) жылжымалы мал сою орны - мал союға және салқындатылған ет алумен дала жағдайларында біріншілік өңдеуге арналған мобильді мал сою кешені;

5) қасапхана – мал сою және жануарды етке өңдеу бойында механикаланбаған кәсіпорын;

6) мал сою – өнімді жануарларды өңдеу мақсатында оларды өмірінен айыру;

7) мал сою кәсіпорны – мал соятын, оны бөлшектейтін, сойыс өнімдерін сақтау мен сатуды жүзеге асыратын ұйым (ет комбинаты, тоңазытқыш қасапхана, мал сою орны);

8) мал сою орны – малды етке сою және сойыстың кейбір өнімдерін біріншілік өңдеу бойынша қуаты аз кәсіпорын;

9) мал союға арналған алаң – мал сою үшін қасапхана кәсіпорындары болмаған кезде орнатылатын жабдықталған бөлме (орын);

10) мал сою-санитарлық орын (санитарлық қасапхана) – жануарды мәжбүрлі союға, аршуға және жоюға арналған сою орны;

11) өнімді жануарлар – олардан тамақ өнімдерін алу үшін мақсатты қолданылатын жануарлар;

12) сойыс өнімдерінің өндіріс процесі – өнімді жануарларды союға дайындау, өнімді жануарларды сою, тұтас ұшаны, жартылай ұшаны және ішек-қарынды бөлшектеу, сүйектен етті сылып алу және сіңірлерін алу, ветеринарлық конфискаттарды жинаудың технологиялық операцияларының реттілігі;

13) сойыс өнімі – тамақ және (немесе) медициналық, азықтық, техникалық мақсаттарда қолдануға арналған өнімді жануарды сою және өңдеу кезінде алынған өнім;

14) тоңазытқышты қасапхана – мал сою және жануарды етке өңдеу және етті тоңазытқыш камераларда сақтау кәсіпорны.



4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары


1-параграф. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары
5. Мал сою және сойыс өнімдерін біріншілік өңдеу кәсіпорындарын жобалауға қойылатын нормативтік талаптардың мақсаты:

1) сойыс өнімдері мен олардан алынған тамақ өнімдерінің «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР сәйкестігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

2) мал сою кәсіпорындарының қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету;

3) мал сою кәсіпорындарын пайдалану кезінде санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау болып табылады.



2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары

6. Қасапхана кәсіпорындарының жобалық шешімдері жануартекті өңделмеген тамақ өнімдерін алу процестері бөлігіне «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР талаптарына сәйкес сойыс өнімдері өндірісі процесін жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

7. Қасапхана кәсіпорындарының жобалық шешімдері «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР талаптарына сәйкес кәсіпорындарда сойыс өнімдерін өңдеуді жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.

8. Қасапхана кәсіпорнының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайларын көлемдік-жоспарлы, конструктивті орындау және инженерлік қамсыздандыру еңбекті қорғау және өндірістік санитария талаптарына жауап беретін еңбек және микроклимат жағдайларын қамтамасыз етуі, сонымен қатар қасапхана кәсіпорны шығаратын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

9. Қасапхана кәсіпорындарының жобалық шешімдері сойыс өнімдері өндірісі процесінде, сойыс өнімдерін өңдеу кезінде, сойыс өнімдері мен оларды өңдеу өнімдерін сақтау және жою кезінде, өндіріс қалдықтарын сақтау және шығару кезінде адамға, жануарларға және қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.

10. Қасапхана кәсіпорындарының жобалық шешімдері сою алдында ұстау кезінде сойылатын жануарларға қайырымшылықпен қарау үшін жағдай жасауы тиіс.



5-тарау. Қасапхана кәсіпорындарын жобалауға қойылатын жалпы талаптар
11. Қасапхана кәсіпорындары кешендері, ғимараттары мен құрылыстарының жобалық шешімдері осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

12. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатынауы үшін қарастырылған қасапхана кәсіпорындарының барлық ғимараттары Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарын ескерумен жобаланады.

13. Халал немесе кашрут стандарттарына сәйкес салттық мал сою және малды бірінші өңдеуді жүргізу үшін қарастырылған қасапхана кәсіпорындарын жобалауды:

1) салттық мал союға арналған жануарларды сою алдында ұстау және сою орындарын аталған стандарттарға сәйкес келмейтін жануарларды сою алдында ұстау және сою орындарынан;

2) халал немесе кошер тамақ өнімдерінің өндірісі, қайта өңдеу және сақтау жүргізілетін жайларды аталған стандарттарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің өндірісі, қайта өңдеу және сақтау жүргізілетін жайлардан толықтай бөлуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды ескерумен жүргізу қажет.


6-тарау. Қасапхана кәсіпорындарының құрылысы үшін жер телімдерін таңдауға және құрылыс салуға қойылатын талаптар
14. Қасапхана кәсіпорнының жаңа құрылысына арналған жер телімінің орналасуы «Тамақ өнімдерінің өндірісі объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері талаптарына сәйкес келуі тиіс.

15. Қасапхана кәсіпорнының санитарлық-қорғаныш аймағының өлшемі «Өндірістік объектілердің санитарлық-қорғаныш аймағын белгілеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері талаптарына сәйкес келуі тиіс.

16. Қасапхана кәсіпорнының жаңа құрылысына арналған жер телімі өндірістік зиянды заттарды бөліп шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты жел жағында және тұрғын үйлер, емдеу-профилактикалық және мәдени-тұрмыстық мекемелерге қатысты желге қарсы жағында болуы тиіс.

17. Қайтадан салынатын қасапхана кәсіпорындары қолданыстағы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және аң шаруашылығы кәсіпорындарының санитарлық-қорғаныш аймақтарынан тыс орналасуы қажет.

18. Жобада қарастырылған қайта салынатын мал сою алаңын қолданыстағы немесе қайтадан салынатын мал шаруашылығы фермасы аумағында орналастыру Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келуі тиіс.

19. Мал шаруашылығы фермасындағы қасапхана кәсіпорны, мал сою алаңының аумағы қоршалуы тиіс. Қоршау құрылысы мен конструкциясы бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруін және мал шаруашылығы фермасындағы қасапхана кәсіпорны, мал сою алаңы аумағында жайылып жүрген жануарлардың енуін болдырмауы және санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік нормаларына сәйкес қоршау арқылы адамдар мен көлік құралдарының өтуін қамтамасыз етуі қажет.

20. Қасапхана кәсіпорнының бас жоспары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

21. Қасапхана кәсіпорны аумағын функционалды аймақтандыру, функционалды аймақтар арасындағы санитарлық алшақтықтар және функционалды аймақтардың қоршаулары, қасапхана кәсіпорны аумағында ғимараттар, құрылыстар және құрылғылардың орналасуы тасымалдау жолдарымен (ағындармен) қиылыспай және:

1) шикізатты және дайын өнімдерді;

2) тамақ өнімдерін малмен, көңмен, өндіріс қалдықтарымен;

3) ветеринарлық тексеруден кейін сояр алдында ұстауға жіберілетін сау жануарларды карантин, изолятор немесе санитарлық қасапханаға жіберілетін күдікті ауруға шалдыққан жануарларды тасымалдау жолдарымен тоғыспалы жұғусыз тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

22. Қасапхана кәсіпорны аумағын тігінен жоспарлау санитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкес алаңдарды шайылудан атмосфералық, еріген сулар мен ағындарды бұруды қамтамасыз етуі қажет.

23. Қасапхана кәсіпорны аумағындағы малды тасымалдауға, айдауға арналған жолдар, жаяу жүргінші жолдары, малды қабылдау және ұстауға арналған алаңдар мен қашалар қатты су өткізбейтін жабындармен жабылуы тиіс.

24. Қасапхана кәсіпорны аумағын көгалдандыру санитарлық талаптарға сәйкес келуі қажет.



7-тарау. Қасапхана кәсіпорны ғимараттары, құрылыстары мен жайларына қойылатын талаптар
25. Қасапхана кәсіпорнының ғимараттары мен жайларының құрамы мен саны өндірістің тиісті санитарлық деңгейінде технологиялық процестерді жүзеге асыру және жұмыстарды тиісті гигиеналық жағдайларда орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.

26. Өндірістік жайлардың ауданы мен көлемі технологиялық процестің қажеттіліктеріне сәйкес келуі және ауысымдағы адамдардың максималды саны үшін санитарлық-гигиеналық нормалар бойынша жұмысшыларды кеңістікпен қамтамасыз етуі тиіс.

27. Қасапхана кәсіпорнының өндірістік жайларын жоспарлау, олардың конструкциясы, орналастыру, өлшемі және инженерлік қамсыздандыру:

1) шикізат пен дайын өнімнің, ластанған және таза құрал-саймандардың қарсы келген немесе тоғыспалы ағындарын болдырмайтын технологиялық операциялар ағынын жүзеге асыру мүмкіндігін;

2) өндірістік жайларға жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер, құстар және жәндіктердің енуінен қорғауды;

3) тамақ және техникалық (есеп қарастырылған болса) өнімдер өндірісіне арналған жайларды бір-бірінен оқшаулауды;

4) технологиялық жабдыққа қажетті техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, өндірістік жайларды жинау, жуу, залалсыздандыру, дезинсекциялау және дератизация мүмкіндігін;

5) технологиялық операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті кеңістікпен;

6) өндірілетін тамақ өнімдерінде кірдің жиналуынан, бөлшектердің түсуінен, өндірістік жайлардың беттерінде конденсат, көк зеңнің түзілуінен қорғауды;

7) сойыс өнімдерін, қаптама материалдарын және дайын тамақ өнімдерін ветеринарлық және санитарлық талаптарға сәйкес сақтау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

28. Мал сою және малды бірінші рет өңдеу және сойыс өнімдерінен тамақ өнімдерінің өндірісі жүзеге асырылатын қасапхана кәсіпорындарының өндірістік жайлары:

1) 8-тараудың талаптарына жауап беретін табиғи және механикалық желдету құралдарымен;

2) 9-тараудың талаптарына жауап беретін табиғи және жасанды жарықтандырумен;

3) осы құрылыс нормаларына сәйкес жабдықталған, ыстық және суық су жүргізілген қолжуғыштармен және кәрізі бар сантораптармен жабдықталуы тиіс.

29. Малды сою алдында ұстау базасы құрылыстарының жобалық шешімдері қолданыстағы ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындауға арналған шарттарды қамтамасыз етуі және сою алдында ұстау аймағынан мал сою жайларына өткізген кезде тоғыспалы жұқтыруды болдырмауы тиіс.

30. Қашалар, жануарларды сою алдында ұстауға арналған жайлар (қалқалар), малды сою алдында ұстау базасы құрамындағы карантин бөлімдер мен изолятор құрылыстарының көлемдік-жоспарлау және конструктивті шешімдері сою алдында соятын малға қайырымшылықпен қарау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

31. Қасапхана кәсіпорындарының өндірістік ғимараттары қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (ғимараттың арналуына тәуелді) талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Әкімшілік және тұрмыстық арнаудағы ғимараттар мен жайлар әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарға арналған құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Қасапхана кәсіпорны аумағында қарастырылған фельдшерлік денсаулық сақтау пункті немесе медициналық пункт жайлары емдеу-профилактикалық мекемелерге арналған құрылыс нормаларына сәйкес келуі тиіс.

Қасапхана кәсіпорны аумағында қарастырылған тамақтану орындарының ғимараттары мен жайлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келуі қажет.

Қасапхана кәсіпорнының қойма ғимараттары мен жайлары арналуына тәуелді сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес келуі қажет.

Тоңазытқышты қасапхана, мал сою орындары мен ет комбинаттарының тоңазытқыш камералары мен тоңазытқыштары тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыштардың құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

32. Қасапхана кәсіпорнының өндірістік және қосымша жайларының едендері өндірістің қолданылатын технологиясына конструктивті сәйкес келетін, жеңіл санитарлық өңдеуге және залалсыздандыруға болатын ылғалға төзімді, абсорбцияламайтын, жуылатын және уытты емес материалдардан жасалуы тиіс және кәріз басқыштарына көлбеуі болуы қажет.

33. Қасапхана кәсіпорнының өндірістік және қосымша жайларының қабырғалары тегіс бетті, су өткізбейтін, абсорбцияламайтын, жуылатын және уытты емес, беті тұрақты санитарлық өңдеу мен залалсыздандыруға мүмкіндік беретін және шикізат пен дайын өнімдердің ластану қаупін тудырмайтын материалдардан әрленуі тиіс.

34. Душ қабылдау бөлмелерінің, санитарлық киімдер мен аяқ киім шешетін орындардың, таза санитарлық киімдерге арналған киім жинау орындарының, сантораптардың қабырғалары, едендері, төбелері оларды санитарлық өңдеуге және залалсыздандыруға мүмкіндік беретін материалдардан жасалады.

35. Төбелері (төбелері болмаған жағдайда – шатырдың ішкі беті) әрлеу бөлшектерінің (шатырдың) үгіліп түсуін болдырмайтын түрде конструкциялануы қажет.

36. Терезелер мен басқа жарық қуыстарының конструкциясы кірдің жиналуының алдын алуы тиіс. Ағаш терезе аралықтарын қолдануға болмайды.

37. Кәсіпорының өндірістік бөлмелерінің есіктері су өткізбейтін, абсорбцияламайтын, уытты емес материалдардан жасалуы, жеңіл жуу мен залалсыздандыруға мүмкіндік беруі қажет. Ағаш есіктерді қолдануға болмайды.

38. Қасапхана кәсіпорындарының өндірістік ғимараттарының сантораптары тамбурлармен жобалануы тиіс. Сантораптардың есіктері кәсіпорынның тамақ өнімдерін қолданылатын жайларына тікелей шықпауы қажет.

8-тарау. Сумен қамтуға, кәрізге, жылытуға, желдетуге, ауаны баптауға және суықпен жабдықтауға қойылатын талаптар
39. Қасапхана кәсіпорны аумағында орналасқан су жинау және су құбыры құрылыстары сумен қамтудың сыртқы желілері мен құрылыстарын жобалаудың құрылыстық нормаларының талаптарына және осы бөлімнің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

40. Қасапхана кәсіпорнын сумен қамту жүйесі:

1) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР сәйкес өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су сапасын;

2) қасапхана кәсіпорнын ең көп тұтыну сағаттарында және апатты жағдайларда тиісті сападағы сумен үздіксіз қамсыздандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

41. Суық және ыстық сумен қамту жүйесі, бу және мұз өндірісі «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР талаптарына сәйкес қасапхана кәсіпорнында сойыс және тамақ өнімдері өндірісі үшін жеткілікті мөлшерде суық сумен, ыстық сумен, бумен және мұзбен қамтамасыз етіледі.

42. Қасапхана кәсіпорындарының бу шығаратын және тоңазыту қондырғылары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР талаптарына сәйкес келуі тиіс.

43. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды шығару үшін қасапхана кәсіпорны жалпы қалалық кәрізге жалғануы немесе жеке кәрізі болуы тиіс.

Қасапхана кәсіпорындарындағы су бұрудың сыртқы желілері мен құрылыстары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі қажет.

44. Қасапхана кәсіпорындары ғимараттарының ішкі су құбыры мен кәріз жүйелерін салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі қажет.

45. Техникалық су құбыры шаруашылық-тұрмыстық су құбырынан бөлек болады. Қасапхана кәсіпорнының екі сумен қамту жүйесінде ешқандай өзара байланыстар болмауы және жеңіл залалсыздандырылуы қажет.

46. Қасапхана кәсіпорындары өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бөлек жинау және шығару үшін кәріз жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Кәріздің өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық жүйелері арасындағы жалғауға тыйым салынады. Әр жүйеде жеке-жеке шығыс болуы тиіс.

47. Қасапхана кәсіпорындарының өндірістік жайларындағы кәріз жабдығы шикізат пен дайын ет өнімдерінің контаминация тәуекелін болдырмайтындай түрде жобаланады және конструкцияланады.

48. Қасапхана кәсіпорындары ғимараттарының жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына, ғимараттардың тиісті (арналуы бойынша) түрлерін жобалаудың құрылыс нормалары талаптарына және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі қажет.

49. Қасапхана кәсіпорындары ғимараттарының жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесі кәсіпорын жайларындағы және жұмыс аймағындағы ауаның нормативті температурасын қамтамасыз етуі тиіс.

50. Өндірістік жайлардың табиғи және механикалық желдету құралдарының саны және (немесе) қуаты, конструкциясы және жасалуы тамақ өнімдерінің ластануын болдырмауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар аталған жүйелердің тазалауды немесе ауыстыруды талап ететін сүзгілері мен басқа бөлшектеріне қатынауды қамтамасыз етуі тиіс.

51. Жылу, ылғал және зиянды заттардың қарқынды бөлінуінің көзі болып табылатын жабдық жергілікті тартып сорғып желдету жүйелерімен жабдықталуы қажет.

52. Өндірістік және қосалқы жайларда орнатылатын қыздырғыш құралдардың конструкциясы тозаңнан қол жетімді тазалауды қамтамасыз етуі тиіс.

53. Температура-ылғал режимдері бойынша ерекшеленетін және арасында бағыты бар жайлар осы параметрлердің күрт өзгеруін болдырмайтын жабдықтармен және құралдармен бір-бірінен бөлінеді.

54. Қойма жайларында және тоңазыту камераларында температураны реттеу, мониторингі және жазу мүмкіндігі қарастырылуы қажет.

Тоңазыту камералары бақыланатын температурада тамақ өнімдерінің жеткілікті мөлшерін қолдану және сақтау үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

9-тарау. Табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар
55. Қасапхана кәсіпорындарын табиғи және жасанды жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

56. Өндірістік жайларды табиғи жарықтандыру жайларда жүзеге асырылатын өндірістік процестердің түріне негізделген шектеулерді ескерумен қарастырылады.

57. Сыртқы және ішкі жарықтандыру жүйесі қауіпсіз өндірістік ортаны қамтамасыз ету, процестерді дұрыс орындау, өнімдерді бақылау және жақсылап жинау үшін талап етілетін сападағы жарықты қамтамасыз етуі тиіс.

58. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық жайлардың шырақтарын және сыртқы жарықтандыру шырақтарын жасау және қорғау класы олар пайдаланылатын орта жағдайларына сәйкес келуі қажет.

59. Өндірістік және қосалқы жайлардың қолданылатын жарықтандыру құралдарын орналастыру және конструкциясы плафондар сынықтарының сойыс және тамақ өнімдеріне түсу мүмкіндіктерін болдырмауы тиіс.

60. Арнайы технологиялық жарықты (бактерицидті сәуле) жобалау «Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар» санитариялық ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

61. Қасапхана кәсіпорындарының ғимараттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған апатты (резервті және эвакуациялық) жарықтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
10-тарау. Қасапхана кәсіпорындарын электрмен жабдықтауға және электр жабдығына қойылатын талаптар
62. Қасапхана кәсіпорындарын электрмен жабдықтауға және электр жабдығы ЭҚҚ талаптарына, тиісті түрдегі ғимараттарды электрмен жабдықтау және электр жабдығын жобалаудың құрылыс нормалары талаптарына және осы тараудың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

63. Қасапхана кәсіпорындарын электрмен жабдықтау сенімділігі келесі түрде анықталатын қасапхана кәсіпорындарының электр қабылдағыштарын электрмен жабдықтау бойынша сенімділік санаттарын ескерумен ЭҚҚ талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс:

1) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша І санаттың ерекше тобына күзет және өрт дабылдамасы, өрт сорғыларының электр қабылдағыш құрылғыларын жатқызу қажет;

2) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша І санатқа апатты жарықтандыру электр қабылдағыштарын жатқызу қажет;

3) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша ІІ санатқа өндірістік жайлардың электр қабылдағыштарын жатқызу қажет;

4) басқа электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша тиісті санаттарға жатқызу электрмен жабдықтауды жобалаудың қолданыстағы нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.

64. Қасапхана кәсіпорындарының электр жабдығын жобалаған кезде электр қауіпсіздігінің қорғаныс шаралары қарастырылуы тиіс:

1) тікелей ұстаудан қорғау шаралары;

2) жанаса ұстаудан қорғау шаралары;

3) жермелеу және электр потенциалдарын қорғанышты теңестіру;

4) найзағайдан қорғау.

65. Адамдар мен жануарлар болуы мүмкін аймақтардағы ашық өткізгіш бөлшектер мен еден арасындағы потенциалдар айырмасы ықтимал әсерінің ұзақтығына тәуелді максималды рұқсат етілген шамадан аспауы тиіс.



11-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
66. Қасапхана кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстары арасындағы өртке қарсы алшақтықтар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

67. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалық шешімдер «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес әзірленуі қажет.

68. Қасапхана кәсіпорындарының ғимараттары, жайлары мен құрылыстарын автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылдамасы, өрт кезінде хабарландыру және адамдарды эвакуациялау жүйелерімен жабдықтау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастырылады.

69. Қасапхана кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарының өрт автоматикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.



12-тарау. Ресурстарды ұтымды қолдану және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
70. Қасапхана кәсіпорындарын жобалау кезінде табиғатты қорғау шаралары:

1) қасапхана кәсіпорнының өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тазалауға арналған меншікті тазалау құрылыстарын жобалауды;

2) пайдаланудың қалыпты жағдайларында қоршаған ортаға зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын қалдықтарды жинау және сақтау жүйесін жобалауды;

3) өндірістік және қосалқы жайлардан шығатын ауаны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тазалауды қарастыруы тиіс.

71. Қасапхана кәсіпорындарының инженерлік жабдығын таңдау және жобалық шешімдері   Энергияны үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы Заңның талаптарын ескерумен орындалуы тиіс.

72. Қасапхана кәсіпорындарының ғимараттарын, жайларын және құрылыстарын жарықтандыру үшін қолданылатын жабдық шешімдері Энергияны үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы Заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.





ӘОЖ 725.42:[637.513+631.242] МСЖ 65.040.20
Негізгі сөздер: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, мал сою кәсіпорны, қасапхана, малға қайырымшылықпен қарау, ет комбинаты, тамақ өнімдері, мал сою өнімі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, мал сою, сойылатын мал, мал сою орны, тоңазытқышты қасапхана.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау