Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет12/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мазмұны


1-тарау.

Қолдану саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Жалпы ереже




6-тарау

Бас жоспары




7-тарау

Жобалау мақсаттары үшін жылыжай жіктелуі




8-тарау.

Көлемдік-жоспарлық шешімдер




1-параграф.

Қопсыту ғимараттары




2-параграф.

Өндірістік ғимараттар




9-тарау.

Едендер




10-тарау.

Іргетастары




11-тарау.

Су құбырлары және кәріз жүйесі




12-тарау.

Cуағар, дренаждық және кәріз жүйесі




13-тарау.

Жылыту




14-тарау.

Желдету және салқындату




15-тарау.

Көлеңкелеу




16-тарау.

Электрмен қамтамасыз ету




17-тарау.

Автоматтандыру жүйесі




1-параграф.

Жылыту жүйесін басқару жағдайлары




2-параграф.

Желдетумен және салқындатуды басқару жабдықтары




3-параграф.

Жарықтандыруды басқару жабдықтары




4-параграф.

Суару мен сіңімді минералды заттар ертіндісін енгізуді басқару

жабдықтары






5-параграф.

Кәріз ағар науаларын басқару жабдықтары




18-тарау.

Жәндіктерден қорғау




19-тарау.

Жылыжайларды қар бұрқасындарынан қорғау




20-тарау.

Ғұмырлығы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЖЫЛЫЖАЙ МЕН КӨШЕТХАНАЛАР
ТЕПЛИЦЫ И ПАРНИКИ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары жылыжайлар мен көшетханалар ғұмырлығы, қолдану жарамдылығын, тұрақтылығын механикалық беріктігіне, талаптары мен жобалау принциптерін регламенттейді және жіктеуді белгілейді.

2. Осы құрылыс нормасы өсіру үшін гүлдер, көшет өсімдіктер мен ауыл шаруашылық дақылдарын қолданылатын жобалатын және реконструкцияланатын өндірістік жылыжайлар мен көшетханаларға таралады. Осы құрылыс нормалары:



1) уақытша жылыжайларға;

2) әуесқойлық жылыжайлар мен көшетханаларға;

3) зерттеу мақсаттарына қолданылатын арнайы жылыжайлар мен көшетханаларға;

4) қысқы баққа таралмайды.

2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

ҚР СТ 1.5-2013 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың мазмұны, дайындалуы, баяндалуы құрылуының жалпы талаптары;

ИСО/ХЭК Басшылығы 2:2004 Шектескен қызметті және стандартизация облысындағы анықтамалар мен терминдер.

Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.



3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

1) ангарлық жылы жай – готикалық немесе аркалық, құламалы төбелі болып табылатын басқа құрлыстардан бір аралығымен кемшілігі бар жылыжай;

2) блокты жылы жай – аспалы төбелі сызбасы бойынша қосылған екі немесе одан көп бір аралықты жылыжайлар;

Ескертпе* - Көрші екі жылыжайлардың ішкі қабырғалары қосылған су ағынды науалары алынып тасталады.

3) бүгілу – әсер еткен бағыттағы конструкция деформациясы;

4) желдетпе (жылыжайы) – технологиялық талаптарға сәйкес ауа кеңістігі құрамында екі тотыққан көміртегі бар, ылғалдылығы және температурасын қамтамассыз етуді жылыжайдағы ауа алмасуы табиғи немесе жасанды реттейді;

5) жылыжай – ашық жерде (температурасы, ылғалыдылығы және жарықтығы) осы жердің климаттық өзгеру мезгілдері бойынша немесе климаттың белгілі бір жағдайларын көтере алмайтын өсімдіктерді өсіру мен көбейтуге арналған бөлме;

Ескертпе* - Осы мемелекеттік нормативтерді контекісіне тәуелді «жылыжай» бойынша (өндірістік және басқа ғимараттар мен бірге қопсыту ғимараттары) бір жылы жай комбинатына кіретін топ ғимараттары қопсыту ғимараттары деп түсінеді.

6) көктемдік жылыжай – жылыжай көктемде, жазда және күзде қолданылады;

7) көшетханалар – ерте көкөніс немесе көшеттерді өсіру үшін жарық өткізетін конструкциялы жабыны бар немесе алынатын қабықшалы немесе шынылы жақтайларынан жүйектерден тұратын арнайы дайындалған грунтты қорғаныс құрылысы;

8) қопсыту ғимараты – көшеттер, гүлдер, жемістер мен көкөністерді барлық мезгілді өсіруге арналған басты бейнелі ауыл шаруашылық құрылыстары;

9) қыстық жылыжай – жылыжай барлық жыл бойы қолданылады;

10) өндірістік ғимарат – тиеу аймағы, құмыраларға гүлдерді отырғызу аймағы, қоймалар, жұмыскерлер демалу орыны, инжинерлік жүйе, дәретхана, офисі бар сақтау және жұмыс істеу аймағы ретінде қолданылатын жеке тұрған немесе жылы жайға қосылған ғимарат.

4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары


1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
4. Осы құрылыс нормаларының мақсаттарына жылыжайлар мен көшетханалардың мерзім ұзақтығы, қолдану жарамдылығы, тұрақтылығы және механикалық беріктік талаптары мен регламенттелген принциптерін жобалау, жіктелуін анықтау кезінде белгілі бір аймақтағы климаттық, геологиялық және басқа табиғи жағдайларымен немесе Қазақстан Республикасы жалпы барлық территориясындағы міндетті нормативті ережелерін белгілеу болып табылады.

2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары

5. Осы құрылыс нормаларының қызметтік талаптары қамтамасыз етуі тиіс:

1) жылыжайлар мен көшетханалар жобалау принциптерін;

2) негіздері мен құрлыс конструкцияларының жарамдылығы, беріктігі және қолдану жағдайлары есебінде және жылыжайлар мен көшетханалардың механикалық беріктігі мен сенімділігін;

3) жер сілкінісі, опырылулар, жар көшкіндер және басқа табиғаттың қауіпті әсерлері жағдайы есебінен жылыжайлар мен көшетханалар тұрақтылығын;

4) адамдардың өрт және басқа апатты жағдайлары есебінде жылыжайлар мен көшетханалар тұрақтылығын;

5) санитарлық, экологиялық және басқа нормалар бойы есебінен жылыжайлар мен көшетханалар жарамдылығын;

6) жылыжайлар мен көшетханалар оларды қолдану кезіндегі ғұмырлығын.

6. Нормаларда міндетті кіретін ережелер белгіленеді, соның ішінде:

1) бас жоспарды жасау талаптары;

2) көлемді-жоспарлы шешімдерінің талаптары;

3) едендер мен іргетас талаптары;

4) су құбырлары мен кәріздер талаптары;

5) жылу талаптары;

6) көлеңкелеу талаптары;

7) электрмен қамтамассыз ету талаптары;

8) желдеткіштер мен салықындатқыш талаптары;

9) автоматизация жүйесі талаптары;

10) жәндіктерден қорғау талаптары;

11) қар көшкіндерінен жылыжайды қорғау талаптары;

12) ғұмырлығы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу талаптары.

5-тарау. Жалпы ереже

7. Жылыжайлар жобаларын жасау (көшетханалар) [1] бойынша ғимараты базасында орындалуы қажет.

8. Жобалау ғимаратында жобалануға жататын жылыжайдың класы көрсетілуі тиіс. (7-шы бөлімді қар.).

9. Жылыжай жобасында (көшетханалар) өндірістің болашақта кеңейтілу мүмкіндігі қарастырылады.

10. Жылыжайлар мен көшетханалардың каркастық конструкциялары жобалау кезінде конструкциялардың қолданылатын материалдарын есепке алып, [2] нормасы бойынша орындалуы тиіс.

11. Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар, бөлмелер және құрылыстарды [3] талаптары бойынша жобалау қажет.

12. Қосымша болып табылатын өндірістік бөлмелер [5] талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.

13. Қойма бөлмелері және ауыл шаруашылық өнімдерін, минералды тыңайтқыштарды, инвентарларды және жанар-жағар май материалдарын сақтауға арналған бөлмелерді [5.6] сәйкес жобалау қажет.

14. Жылыжайларды өртке қарсы қорғау және олардың өртке қауіпсіздік [7] бірге «Өртке қауіпсіздік жалпы талаптары» ТР регламенттелген шараларды жүргізу қажет.

15. Құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын антидаттанудан қорғау [8] талаптары бойынша орындалады.

Жылыжай бөлмесіндегі орта алюмин немесе ағаш конструкцияларына неафесстік және афессивті әсері деңгейінде байланысты шойын конструкция үшін әлсіз афессті болып табылады.



16. Жылыжайлардың найзағайдан қорғанысы [9] талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.

17. Жылыжайдағы электр құралдарын жобалау [10-12] негізгі талаптары бойынша орындалуы қажет.

18. Көктемдік жылыжайлар жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес дренажды, суару, салқындату, желдету, жарықтандыру және экрандау құралдарымен жабдықталуы тиіс. Қыстық жылы жайлар қосымша жылыту жүйесімен жабдықталады.

19. Жылыжайларды (көшетханалар) құру кезінде қолдануға қажетті құралдар мен материалдары қауіпсіздік талаптарына, техникалық жағдайларына және қажетті стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

6-тарау. Бас жоспар
20.  Жылыжайлар мен көшетханалар бас жоспарын жасау [13] талаптары бойынша жүзеге асырылады.

21. Жылыжайларды келесідей жерлерге орналастыруға рұқсат етілмейді:



1) топырақта зиянды заттардың (радиобелсенді қалдықтары және олардың өнімдері, ауыр темірлер қосындылары және олардың тұздары, пестицидтер, азоттық қосылыстар, әр түрлі улы заттар және тағы басқа) болуы рұқсат етілетін нормадан асатын жер телімдерінде;

2) күзетілетін өзендер, тоғандар және көлдер территориясында;

3) бірінші және екінші санитарлық күзет белдеуінде жататын су көздерімен жабдықталатын аймақтарда.



22. Жылыжай орналасқан жер телімі қыстық желдердің әсерінен құрылыстармен, ғимараттармен немесе табиғи қорғау өсінділерімен қорғалуы қажет. Болмаса желдер мен қарлардан қорғау жолақтары қарастырылуы тиіс.

23. Жылыжай телімі суармалы сулармен және санитарлық гигиеналық пайдалынытын сулармен қамтамассыз етілген болуы қажет. Қажетті су көлемі үздіксіз келуі, ал сапасы бойынша құрамында зиянды заттар және бейтарап реакциялығы қажетті деңгейде болуы тиіс.

24. Жер телімнен жақын жерде жылыжай орналасқан жерге өсімдіктердің сәулеленуін және қозғалтқыштарды қамтамассыз ету үшін, кезекшілік тәртібінде және жұмыс уақытында жарықтандыру үшін электірлік қуат көзі орналасуы қажет.

25.  Жер телімінен жақын жылыжай орналасқан жерде қымбат емес жылу немесе отын көздері орналасуы тиіс.

26. Жылыжай ішіндегі алаңдар және жақындау жолдары қатты жабындармен жабдықталуы қажет.



27. Жылыжайларға алаңдарды таңдау, жел бағыттарының басымдығын мен қоршаған ортаны ластау көздерінің жылы жайды (көшетханаларды) пайдалану цикліне әсерін ескеру жолымен, ластаушы заттардың өсімдіктер мен өнімдерге түсуінің алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

28. Жылыжай алаңдары жер асты сулары деңгейінің тереңдігі есебі бойынша таңдалуы қажет, ол жер асты суларына пестицид немесе тыңайтқыштардың түсуін болдырмас үшін топырақтың өткізгіштігі бойынша ең жақсы шешімдерді іздеу мақсатында жүргізілуі тиіс.

29. Жылыжайлардың астындағы алаңдар құрылыстардан әр түрлі атмосфералық жауын-шашындарды бұрып жіберу мақсатында көлбеулі болуы тиіс.

7-тарау. Жобалаудың мақсаттары үшін жылыжайлардың жіктелуі
30. Жылыжайлардың жіктелуі нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

31.  Есепті әсер ету кезінде қаптырма жүйесінде каркастың бүгілуі мен ығысуына мүлдем жол бермеуді талап ететін жылыжайлар жіктелуі бойынша А классына жатқызылады. В сыныбына қаптау жүйелерінде, есептік әсерлер кезінде, қаңқаның бүгілулері мен жылжуларына жол беретін жылыжайлар жатады.

32. Каркастарының майысуы мен жылжуына мүлдем жол бермеу жылыжайдың барлық қаптырмасының тек бір бөлігіне ғана қатысты болған жағдайларда , бұндай конструкция А классы бойынша жіктелуі қажет.

33. А классына жататын жылыжайлар тиімді қолдану жарамдылығы бойынша және беріктік шекті жағдайлары есебінен есептелуі тиіс.

34. А классына жататын жылыжайлар есеп мағынасы бойынша басым емес, каркас ығысуының шекті және бүгілу мағынысы шекті жағдайлары анықтау есебінен қолдануы бойынша жобалануы қажет.

35. А және В класстары бойынша жылыжайлар конструкциялық беріктігі жағынан есепті әсерін қанағаттандыру үшін шекті жағдайларының беріктігі бойынша сәйкес келуі тиіс.

36. Конструкция элементтері үшін қажалу күшін қолданылған жаншылған қосылыстар беріктілігі бойынша шекті орында сырғу күшінсіз есептеуді беретін мүмкіншіліктерді иеленуі қажет.

37. Тәжірибелерді жоспарлау және бағалау теориялық есептеу әдістері салыстырмалы осы жағдайларда шекті сенімділікті және есепті жағдайларда әр түрлі сынамалы конструкцияларды иеленуге мүмкіндік беретін тәсілдерімен орындалуы тиіс.

38. Тәжірибелердің кезеңдерімен шарттары мен үлгілері репрезентативтілігімен таңдалуы қажет.

39. Есептеу әдісін қосқанда салыстырмалы жағдайлар үшін іске аспайтын қауіпсіздік шараларын тәжірибелер нәтижелерін дұрыстау үшін ескерілуі тиіс. Мысалы, алдында есеп кезінде еленбеген бетонның созылуы кезінде беріктігінің әсері.

8-тарау. Көлемдік-жоспарлық шешімдер

1-параграф. Қопсыту ғимараттары
40. Жылыжайлар мен көшетханалар көлемдік-жоспарлық шешімдері бойынша техникалық жобалау тапсырмасына және технологиялық жобалау нормаларына сәйкес болуы тиіс.

41. Жылыжайларды жобалау үрдісі кезінде қамтамассыз етілуі қажет:

1) жылу шығынының минимумы;

2) тікелей түсетін және шашыраңқы тәсілімен күн көзінің максимумдығы;

3) стационарлық, қысылтаяңдық жоқ температура;

4) өндірістер үрдістерін өткізу кезінде механикаландыру деңгейін максималды қолдану;

5) ылғылдылық және температура режимін тұрақтандыру үшін ауаның табиғи алмасуы.

42. Жылыжайдың әмбебептығы алаңдарды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін ішкі құралдарды қолдануға, ішкі орналасуы болуы және қауіпсіз топырақта өсіп жетілуі мүмкін өсімдіктер түрлерінің барлық өсіруге жарамдылығы расталуы қажет.

43. Жылыжайлардың (көшетханалар) геометриялық параметрлерін анықтау жүріс жолдар мен өтетін жерлер нормаларын орындап телім шекарасын бұзбастан, жобаның технологиялық бөлік негіздері жүзеге асырылуы қажет.

44. Стөлдерде отырғызуды қопсыту кезінде өндірістік технология мен жылыту жүйесінің орналасу орны анықталуы тиіс.

2-параграф. Өндірістік ғимараттар
45. Өндірістік сипаттағы жылыжайлар ғимараттары жұмыс істеушілер үшін санитарлық-тұрмыстық жоспары мен инженерлік жүйелері, офистер үшін бөлмелері және жұмыс аймағының бар болу есебімен құрылып, жалпы территория шекаралары бойымен орналасады.

46. Өндірістік сипаттамадағы ғимараттар алаңын анықтау қажетті көлемдегі ауыл шаруашылық өнімдері мен механикаландырылған жүйелері көлемінің қолданылу есебі жүзеге асуы қажет.


9-тарау. Едендер
47. Едендерді жобалау [14] талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

48. Өндірістік ғимараттар мен жылы жайлардың едендері келесідей болуы тиіс:

1) суды бұру үшін көлбеулі;

2) тегіс және су шалшықтарының болмауы үшін беті тегіс болуы;

3) қопсытылған ауыл шаруашылық өнімдері мен жылыжайларда қолданылатын механикаландырылған жүйелердің салмақтарға жарамдылығы;

Едендердің беті сызатсыз және тозуға төзімділігі болуы қажет.

49. Қозғалуы шиеленіскен аймақтары мен өту жолдары қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін бетонды жолдар беті рифтенген және бетондар немесе асфальттардан жасалуы қажет.

50. Өндірістік ғимараттар іштерінде және жылыжайлар ішінде механикаландырылған жүйелерді қолданудан едендерге уақытша және сипатты ауырлық берілген деректер бойынша қабылданады.


10-тарау. Іргетастар
51. Жылыжайлардың ірге тастарын жобалау [15.16] талаптарына және негізгі нәтижелері базасында жүзеге асырылады:

1) инжинерлік идеология және гидрогеологиялық іздестіруі бойынша есебі;

2) тілімдер және профилдер бойынша топырақты зерттеу нәтижелері;

3) зертханалық және далалық жағдайларда алынған топырақтардың физикалық және механикалық көрсеткіштері туралы;

4) әзірлемелердің географиялық орналасуы бойынша нәтижелері;

5) жылыжайлардың жоспарлы белгілері мен жоспарлары.

52. Іргетас бойынша негізі келесідей болуы қажет:

1) қату тереңдігінде немесе үлкен өлшем таңдап алынып 0,6 метр белгіде орналасады;

2) нығыздау тәсілімен алынған топырақ құрамы өзгермеген немесе құйылғанда жасалады;

3) жеке бағаналарға рұқсат етілетін топырақ және салмақтарына сәйкес жағдайларының өлшемі бойынша таңдалады.

53. Монолитті бетон базасында ленталық іргетастың үзіліссіз типі жасалынуы тиіс.

54. Егер, жылыжайлар шөлейтті топырақта салынса тұрақты төменгі температуралары келгенге дейін олардың іс әрекетін енгізу ұйымдастырылуы тиіс.

11-тарау. Су құбырлары және кәріз жүйесі
55. Көшетханалардың сумен қамтамасыз ету жүйесі сенімділік категориясы бойынша 3-тен төмен және жылыжайларды 2-ден кем болмауы қажет.

56. Суармалы мақсаттар үшін су өсімдіктердің өсуіне кері әсер ететін қосындыларды анықтау үшін зертханаларда зерттелуі қажет.

57. Жылыжайлардағы суару жүйесі күн барысында төрт күндік үздіксіз сумен суаруды қамтамассыз ету қуаттылығы болуы қажет.

58. Жылыжай ішіндегі су құбырлар жүйесін жобалау осы бөлімдердегі талаптардың [17] көрсеткіштері бойынша орындалуы тиіс.

59. Жылыжайлар ішіндегі су құбырлары сыртқы бір кірулерімен жалғасуы қажет.

60. Бекіткіш арматуралар жылыжайларға кірісте және жылыжайлар мен көшетханалар желісті бағытталған тармақтанған құбырларда орналастырылуы қажет.

61. Жылыжайларда орналасқан су құбырлары автоматты басқару жүйесімен жабдықталған, суару мен басқа технологиялық операциялары, жүру жолдарын жууға арналған крандар, топырақты бүркегіштермен немесе тамшылатқыштармен суару, ауаны ылғалдандырушы бүркегіштермен жинақталған болуы тиіс.

62. Көкөністерді қопсыту үшін жасанды субстраттарды қолданылатын жылыжайлар технологиялық талаптарына сәйкес су құбырлары мен дренаждық жүйесімен жабдықталады.

12-тарау. Суағар, дренаждық және кәріз жүйесі
63. Қысқы, көктемгі ангарлар және блокты көктемгі жылыжайлар ішкі суағар есебінсіз жобалануы тиіс.

64. Жылыжайлардың құрылыс алаңдарында көктемгі көшет телімдерін және қыстық топырақтарын гидрогеологиялық жағдайларына сәйкес жабық дренажды қарастыру қажет.

Көшетханаларда дренаж жасау рұқсат етілмейді.

65. Қысқы типімен көктемгі типіндегі көшетті телімді топырақты жылыжайларда пестецидтермен минералды тыңайтқыштармен бүлінуі жер асты сулары сақталуына және тамырдан тұратын қабаты үшін ауа мен ылғал бойынша қолайлы режимде жасалуы тиіс.

66. Кәріз жүйесі [17,18] талаптарына сәйкес жобаланады.

67. Жылыжайлардың дренаждық суағар жүйесінің ішкі жүйелері [19] сәйкес жобаланады.

68. Жылыжайлардағы дренаждық және кәріз жүйесін жобалау автоматтық режимде жылы жайлар микроклиматын реттеу жүйесінің барлығы жағдайында арнайы бағдарламасына сәйкес орындалуы тиіс.

13-тарау. Жылу
69. Жылыту жүйесі [20,21] талаптары бойынша жобаланады.

70. Сырғауыл жылыжайда жылыту жүйесінің су ағары үшін науа жылытылуы қардың жинақталуын болдырмау мақсатында қарастырылуы қажет.

14-тарау. Желдету және салқындату
71. Төбеде болатын желдеткіш ойықтар сыртқа ашылуын қамтамасыз ететін және жылыжай ұзындығында үзіліссіз көлденең орналасуы тиіс.

72. Қандай болмасын табиғи желдеткіштермен жабдықталған жүйеде жылыжай бөлмесіндегі температура режимін өзгертетін желдеткіш ойықтарды жабатын немесе толық ашатын механизмі болуы қажет.

73. Автоматтық ойықтарда өсімдіктерді бұзу немесе желдеткіш ойықтардың жұмыс қабілеттілігі кезеңдері жабуды орындауға мүмкіндік беретін жаңбыр, жел құрылғыларымен жабдықталуы қажет.

15-тарау. Көлеңкелеу
74. Автоматты жүйені реттеу жолымен көлеңкелеуді орнату және алу температура мен жарықтану деңгейіне негізделінеді[22].

16-тарау. Электрмен қамтамасыз ету
75. Электрмен қамтамассыз ету жылыжайда қолданылатын желдеткіш, автоматтандыру, өндірістік пен технологиялық құралдар, жылу, жарықтандыру жүйесі үшін барлық қажеттілікті қамтамассыз ете отырып жобаланады.

76. Жоғары тиімді сәулелендіретін құрылғылар есептермен негізделген, тұтыну қажеттілігіне сәйкес техникалық ғимарат негізінде өсімдіктерді сәулелендіру үшін қолданылуы тиіс.

Сәулелендіретін құралдардың аспалық биіктігі және бір бірімен ара қашықтығы техникалық тапсырма бойынша регламенттелуі тиіс.

77. Қосымша ретінде қолданылатын электроқуатымен жабдықтау көздері жылыжай кешенінің шекарасы шеттерінде орналасуы қажет.

78. Жарықтандыру [23] сәйкес жобаланады.

17-тарау. Автоматтандыру жүйесі

1-параграф. Жылыту жүйесін басқару жағдайлары
79. Автоматтандыру жүйесі [24] сәйкес жобалануы тиіс.

80. Жылу жүйесінде орнатылған қондырғылар, ылғалдылығы мен максималды шаңдануы жағдайларында жұмыс қабілеттілігі бар болуы және оны басқару жағдайының болуы қажет.

81. Жылу жүйесінің қондырғылары шашыраңқы және тіке күн сәулелерден қорғалуы керек.

Қондырғыларды қорғайтын материалдар сыртқы сәулелерге орналасқан жақ беті жарық шаққыш материалдан болуы немесе боялуы және жылу өткізгіштігінің төмендігі есебінен энергияны жұту мүмкіншілігі төмен болып табылады.

82. Жылу жүйесінің қондырғылары өсімдіктерді қопсыту аймақтары орталықтарына жақын орналасуы тиіс. Қондырғыларды орнату орыны конструкция элементтері немесе желдету, жылу жүйесінің әсерін болдырмау қажет.

2-параграф. Желдету мен салқындатуды басқару жабдықтары
83. Ылғалдарды реттеу қатты денелі қондырғылармен жүзеге асырылуы қажет. Кері әсерлерді болдырмау мақсатында қондырғылар сәйкесті орындарда ауыстырылуы және экрандалуы тиіс.

84. Басқару жүйесімен жабдықталған («ашып-жабу» режимі) жалюздік торшалар жылыжайдың микроклиматын автоматты реттеуші қызмет жүйесімен жабдықталуы қажет.

85. Автоматты жүйемен басқарылатын желдеткіш және салқындату сырт әсері кезінде желдеткіш ойықтармен немесе өсімдіктерге зиян келтіретіндігімен сипатталатын желдеткіш ойықтарының жылдам жабу сәттерінде жүргізуші жел және жаңбыр қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.

3-параграф. Жарықтандыруды басқару жабдықтары
86. Жарықтандыру жүйесі қондырғылармен және реттеу жүйелерімен жабдықталған және олар шаң мен ылғалдың максималды қоюлығы жағдайында жұмыс қабілеттілігі болуы қажет.

87. Жарықтандыратын жүйені басқаратын қондырғылардың орналасуы бөтен болып табылатын жарық көздерінің әсерін жоққа шығаратындай болуы қажет.

88. Қондырғыларды орнатуды өсімдіктерді қопсыту телімі орталығына жақын жүзеге асыру керек.

4-параграф. Суару мен сіңімді минералды заттар ерітіндісін енгізуді басқару жабдықтары
89. Жылыжайда қопсытылатын және пайдалылығы үшін минералды заттарды оларға беру мен өсімідіктерді суаруды басқару жүйесі төгуші, ылғалдылығы мен агрессивті орта жағдайлары жұмысқа төзімді болуы тиіс.

90. Мұндай жүйелер екінші кезектегі жағдайлар әсер етпеуін болдырмас үшін орнатылады. Қондырғыларды орнату өсімдіктерді қопсытатын тамырдың тікелей аймағында жүзеге асырылуы тиіс.

5-параграф. Кәріз ағар науаларын басқару жабдықтары
91. Жылыжайдағы ағынды су кәрізін басқару жүйесі қондырғылармен және реттеу жабдықтау қондырғыларымен қамтамассыз етіледі және олар максималды ылғалдылық, агрессивтілік және шаңдану ортасы жағдайларында жұмысқа қабілеттілі болуы тиіс.

92. Кәріз жүйесін реттеуші қондырғылардың орналасуы екінші кезектегі факторлардың әсерін болдырмауы қажет.

93. Қондырғыларды орнату ағындар жиналатын және ағын сулары үшін жинағыш резервуарда жүзеге асырылады.

18-тарау. Жәндіктерден қорғау
94. Жәндіктерден қорғау [25] сәйкес жүзеге асырылады.
19-тарау. Жылыжайларды қар бұрқасындарынан қорғау
95. Жобалау кезінде қардан қорғау жабдықтары нысан орналасқан жер типографиясы есебіне жеке іске асырылады.

96. Жылыжайлар үшін қолданылатын қарлардан қорғайтын құрылымдардың көп көлемді қарды ұстау мүмкіндігінің мерзім ұзақтығы және қажетті мықтылығы болуы тиіс.

97. Нақты жағдайлар үшін қисындары және түрлері бойынша қар қорғағыш қоршаулар, технико-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру және қарды жинау тәсілдері бойынша есеп базасы анықталатын болады.

20-тарау. Ғұмырлығы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу
98. Жылыжайларды (көшетханалар) жобалу үрдісі кезінде ғимараттар мен құрылыстардың ғұмырлығы сақталуы қажет. Жылыжайлардың құрылыстары сындырылу мен тоттанудан сақталуы тиіс, осыған сәйкес, жылыжайдың жіктелуіне байланысты бірдей есептік мерзім қызметіне немесе үлкен кезең конструкцияларының сақталуын қамтамассыз етеді.

99. Жылыжайлардың (көшетханалар) өміршеңдігі конструкциялар, құралдар уақытында сапалы жөндеу жүргізуге базалануы тиіс.

100. Жылыжайлар (көшетханалар) үшін тазалау мен техникалық қызмет көрсету, беттерін жөндеу мен ауыстыру кезінде қолданылатын ауыр құралдар мен материалдар төбелерін тасымалдау кезінде адамның төбеде болуының қауіптілік мүмкіншілігін болдырмау.

101. Жылыжайларды жобалау нысандарды қолдану немесе жөндеу уақыты кезінде қаптырмаға жинақталған әсерлердің пайда болуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларын жасауды кіргізу қажет.

102. Улкен тәуелділікпен байланысты шатырдағы жұмыстар шатыр бетін жөндеуде пайдаланылатын көлемді, үлкен қондырғылар мен материалдарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғыларды пайдалану немесе оларды жылыжай ғимараты ішіндегі жөндеу орнына жетізіп, одан кейін шатырға беру арқылы тәуілділікті барынша азайту қажет.

ӘОЖ 728.98.01(083.75) МСЖ 65.040.30

Негізгі сөздер: жылыжай, сырғалық жылыжай, ангарлық жылыжай, көшетханалар, жылыжай жіктелуі, желдің әсері, қардың әсері, микробағаналы, микробағаналы ірге тасы, облицовкасы, ауытқуы, иілген жері, қолдануға жарамдығы бойынша шекті жағдайы, шыдамдылығы бойынша шекті жағдайы, вентиляциясы, жылуы, су құбыры, дренаждығы, кәрізі, электрмен қамтамассыз етілуі, автоматизациясы, тенделуі, қардан қорғалуы, желден қорғануы, қардан қорғау қалқаны

ҚПрямая со стрелкой 8азақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының

2019 жылғы __________

№ ______-нқ бұйрығына

6-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ


Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

МАЛ СОЮ ЖӘНЕ СОЙЫЛҒАН ӨНIМДІ АЛҒАШҚЫ ӨҢДЕУ КӘСIПОРЫНДАРЫ


ПРЕДПРИЯТИЯ ПО УБОЮ СКОТА И ПЕРВИЧНОЙ ПЕРЕРАБОТКЕ ПРОДУКТОВ УБОЯ

ҚР ҚН 3.02-34-2019

СН РК 3.02-34-2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


АЛҒЫ СӨЗ


1. ӘЗІРЛЕГЕН:

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ


2. ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті


3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №

2019 жылғы « » бастап




ПРЕДИСЛОВИЕ


1. РАЗРАБОТАН:

АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»


2. ПРЕДСТАВЛЕН:

Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

3. УТВЕРЖДЕН

И ВВЕДЕН

В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №

с « » 2019 года




Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау