Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы


-параграф. Қоршаған ортаны қорғау



жүктеу 1,14 Mb.
бет10/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

3-параграф. Қоршаған ортаны қорғау



47. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жалпы жоспарын жобалауда  Экологиялық кодекстің, «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының және басқа әрекеттегі нормалардың талаптарына сәйкес әзірленеді.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау тізіміне ендірілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін осы бағалауды Экологиялық кодексіне сәйкес анықтау керек.



48. Атмосфералық ауаның жағдайына әсер етуші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыруда Экологиялық кодекстің талаптары есепке алынуы қажет және мына жағдайларда рұқсат етілмейді:

1) объектінің орналасуын жоспарланған орнындағы атмосфералық ауадағы ластандырушы заттардың фондық концентрациялары туралы деректер;

2) атмосфералық ауаның сапасы бойынша күшейтілген талаптары бар аудандардың бар болуы және орналасуы;

3) объектілерді орналастырудың жоспарланған ауданында орналасқан кәсіпорындарды дамыту жоспарлары;

4) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы салалық, аумақтық бағдарламалармен анықталған, атмосфералық ауаға ластайтын заттардың қалдықтарын төмендетуге қатысты көрсеткіштер.

49. Жабайы құстардың мекендеуі мен көбеюіне ықпал ететін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын салу кезінде тиісті талаптар сақталуы тиіс.

50. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын қолдану атмосфералық ауаның жағдайына әсер етуші өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыруда Экологиялық кодекстің талаптары есепке алынуына сәйкес жасалуы тиіс.

51. Минералды тыңайтқыштар мен өсімідіктерді қорғаудың химиялық құралдары қоймаларын салу кезінде ластаушы заттардың өзендер мен су қоймаларына түсуіне жол бермейтін қажетті шаралар қабылдануы тиіс.

Ластаушы заттардың су нысандарына түсуіне жол бермеу мақсатында минералды тыңайтқштар мен өсімдіктерді сақтаудың химиялық қоймаларын Су кодексіне сәйкес орналастыру керек.



52. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары алаңдарында құрылыс топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, ластануы, су басуы мүмкін жерлерде топырақтың құнарлы қабатын алып тастауды қарастыру қажет.

Уақытша сақтау орындары мен шарттары, сонымен қатар топырақтың алынған құнарлы қабатын қолдану тәртібін жер телімдерін қолданысқа беретін органдар айқындайды.



53. Аэрозоль бөлінетін өндірістік кәсіпорындар зиянды заттардың шоғырлануының ұлғаюына ықпал ететіндіктен олардың қасына әсемдік су қоймаларын, су бұрқақтарын, жаңбыр қондырғыларын салмаған жөн.

54. Аса зиянды процесстері бар өндірістер мен тәжірибелері станциялар, жарылғыш және өртенгіш объектілер, және жанармай мен тез жанатын материалдардың, улы және жарылғыш заттардың базисті қоймаларын техникалық регламенттер мен арнайы нормалардың талаптарына сәйкес орналастыру қажет.


4-параграф. Инженерлік дайындау мен абаттандыру
55. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында инженерлік дайындыққа байланысты шараларды олардың инженерлік-геологиялық жағдайына, сонымен қатар, алаңда орналасқан құрылыс пен ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты өткізу қажет.

56. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, ғимараттар мен құрылыстардың алаңына жобалық белгілерді тағайындау барысында жер бедерін мүмкіндігінше сақтап қалуды, оймалар мен уймелердің әртүрлілігін мүмкін болғанша кемітуді, топырақты мүмкіндігінше орнынан қозғамауды, атмосфералық сулардың кәсіпорын алаңынан жинап, бұрып жіберуді кемітуді алдын ала қарастырған жөн.

57. Құрылыс тығыздығы 25% тең болса ғана, біртұтас вертикаль тегістеуді іске асыруға болады.

Басқа жағдайларда тек ғимараттар мен құрылыс бар жерлерді ғана, яғни таңдамалы вертикаль тегістеуді жасаған дұрыс.

Сонымен қатар, таңдамалы тік тегістеуді тасты жер болғанда, орманды немесе көшет егістерді сақтап қалу және жағымсыз гидрогеологиялық жағдайларда іске асырады.

58. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тау бөктерінде немесе етегінде салған кезде, аумақты су тасқынынан қорғау мақсатында, аймақтың жоғарғы бөлігінен таулы жыралар қарастырған жөн.

59. Жертөлелік және тереңдетілген ғимараттар мен құрылыстар еденінің деңгейі жер асты суларының деңгейінен жоғары болуы тиіс.

60. Ғимаратқа кіретін темір жол рельсі басының деңгейі ғимараттағы таза еденнің деңгейімен тең болуы тиіс.

61. Кәсіпорын аумағы жергілікті нөсерлік кәрізбен жабдықталуы қажет.

62. Жергілікті нөсер кәрізін орнату жобалау барысында анықталып, үстіңгі суларды жинайтын сыйымды ыдыспен, тазалау құрылғыларымен, келешекте өз қажеттіліктеріне пайдалана алатын тазаланған суды жинап тұратын сыйымды ыдыспен жабдықталуы тиіс.

63. Ашық су бұру құрылғы-арықтарды, жол жиектерін, астауларды, көшелермен, жолдармен, өтетін жолдармен, жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен қиылыстарда көпіршелер мен құбырларды орнату арқылы, ауылдық қоныстардағы бір және екі қабаттық құрылыстардың өндірістік аймақтарында пайдалануға рұқсат етіледі.

64. Ешқандай құрылыс және төсемі жоқ аймақта, сонымен қатар кәсіпорын аумағының периметрі бойынша жасылдандыруды қарастыру қажет. Кәсіпорын аумағын периметрі бойынша, іргелес жатқан жет учаскелеріне судың тиюін болдырмайтын борттық таспен немесе тірек қабырғамен жабдықтау керек.

65. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтарын жасылдандыру уақытында, өсімдіктердің санитарлы-қорғау қасиеттерін, әшекейлілігін, өндірістік зарарлы заттардың бөлінуіне төзімділігін ескеру қажет.

Ескертпе 1* - Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарында гулдену кезінде қауыз, талшықты және түскен тұқымдар бөлетін ағаштар отырғызуға болмайды.

Ескертпе 2* - Шудан қорғанысты талап ететін өндірістік объектілерді қалың жапырақты ағашты-бұталы өсімдіктермен қоршау қажет. Ол өсімдіктердің арасында қылқанды ағаштар көп болуы тиіс.

Ескертпе 3* - Өртке қарсы қашықтық шектеуінде қылқанды ағаштарды отырғызуға болмайды.

Ескертпе 4* - Зиянды заттарды ауаға тастайтын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңында зиянды заттардың атмосфералық ауады тарауына кедергі келтіретін қалың ағаш түптерін отырғызуға тыйым салынады.

66. Құрылыс және ғимараттардың ағаштар мен тал-шіліктердің осінен қашықтықты Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес қабылдау қажет.

67. Жасыл желектер жолағының ені сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде көрсетілген жұмыс сипаттамаларынан кем емес етіп қабылдануы тиіс.

68. Ауыл шарушылығы кәсіпорындары аумақтарында демалыс пен спортпен шұғылдану үшін жақсы жабдықталған алаңды ескерген жөн.

69. Негізгі өндірістік жолдардың бойында жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды барлық жағдайда қарастыру қажет..

Жаяу жүретін жолдардың автокөлік жолдарымен қиылысуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сай жобаланады.

70. Халықтың қимылы шектеулі тобының еңбектерін пайдаланатын ауыл шарушылығы аумағында жолдарды, тротуарлар мен ғимаратқа кіруді қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жобалау керек.

71. Қуыс бөліктерде орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта қалпына келтіру, сәйкес негіздеме негізінде, автокөлік жолдарын тротуардан бөлетін жасыл желе есебінен, ал олар болмаған жағдайда – соңғысын көшіру арқылы тротуар есебінен автокөлік жолдары енін ұлғайтуға рұқсат етіледі.




жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау