Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар
Жұмыстың әр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ әртүрлі айрықша әсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды.
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды.
Олар келесі:
қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;
жабдықталуға қолайлылық жасау;
барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;
құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сәйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады
Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сәтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын радиостанцияларды қолданады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын және анық болу керек.
Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет.
Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, әскери қызметкерлер және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге қойылатын талаптар
Жабдықтар мен саймандар
№3 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар байланыс және хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты және басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт және әскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету;
Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт және соғыс уақытында хабардар ету;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны және ұйымдарды қорғау, құтқару және шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру;
Байланыс және хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету;
Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен және мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару;
Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу;
Байланыс және хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету;
Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық-құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт және соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық(қалааралық) сөйлесулерді, телеграф және почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сәйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану-техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу;
Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды әзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша және тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру;
Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері
Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу
№4 Тәжірбие сабағының тақырыбы:Такелажды жұмыстар
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар. ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: әртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат және зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің әртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасымалдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының әркелкілілігіне негізделеді.
Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі және жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде.
Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар
болып:
иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар;
жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады.
Такелажды жұмысты орындау үшін:
болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар;
жүкті іліп алатын құрылғы, ілмектер, полиспастар, анкерлі құрылғылар;
аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады.
Жүктерді шағын биіктікке көтеру және ауыстыру үшін (20-40 см) құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде және массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тәрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады және адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домкратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады.
Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады.
Жүктерді көтеру және ауыстыру лебедканың және жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек және арқандар қолданылады.
Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады.
Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру және оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауыстыру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте және кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады.
Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен және бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің және құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы және ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс және белгі беретін дабыл қолданылады.
Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер немесе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сәйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың және техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланысты.
Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар
Такелажды жұмысты орындау үшін қосалқы құрылғылар құралдар
Такелажды жұмыс кезінде жүктерді алып жүру
Қауіпсіздік ережесі
№5 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Теңестірілген тағам
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Құтқарушылардың берілген тапсырмаларды табысты орындауы тек жұмыс бойында ақыл – ойының және дене күшінің қабілетті болуына қолдау көрсетіліп отырғанда ғана мүмкін. Бұның негізі теңестірілген тағамда жатыр. Тағамда тек қана ақуыз, май, көмірсутектердің дұрыс байланысуы ғана емес, сонымен қатар оларда міндетті түрде қолда бар басқа да биологиялық белсенді заттардың болуы маңызды.
Теңестірілген тағам. Құтқарушының күндізгі рационы дененің әрбір килограмм массасында 1,5 г ақуыздан аз болмау керек, соншама май көмірсутектен 4 есе көп, сонымен қатар 30-35 г ас тұзы, су және т.б. болу кажет.
Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион
Орташа және орташадан жоғары үдемелі жүктеме кезінде адам организмнің күш жұмсауы күніне 3200 ден 4000 ккал құрайды. Төтенше жүктеме кезінде жұмсалатын күш 4600-5000 ккал дейін көтеріледі. Сондықтан тағам рационы организмге қажетті барлық элементтен тұратын әртүрлі өнімдерден құрылуы керек.
Тағам рационы орман өнімдерімен (саңырауқұлақтар, жидектер, жабайы ағаштардың жемістері), ауланған аң, балық өнімдерімен толықтырылуы мүмкін. Тағам өнімдерін тұтыну белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асады, ыстық асты күніне мүмкіндігінше екі – үш рет және бір мезгілде ішкен пайдалы. Түскі асқа күндізгі рационнан 40%, таңертеңгі асқа - 35%, кешкі асқа - 25% жұмсалады.
Ауыз суды пайдаланудың тәртібі
Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.
Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, әйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.
Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға және ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тәулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл және шөлейт аймақтарда 4-6 л және одан да жоғары болады.
Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.
Табиғи және жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тәсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Теңестірілген тағам түсінігі
Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион
Ауыз суды пайдаланудың тәртібі
№6 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Авиациялық көліктегі іздестіру – құтқару жұмыстары
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жердің әуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, әуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, әскери және арнайы тапсырмаларды орындайды. Жыл сайынғы статистика ТЖ – ның авиакөліктерде кездесетін жағдайларының мыңдап саналатынын куәландырады. 1996 жылы адамдар әлемінде теракт салдарларын және кеңестік кезенде шығарылған ұшақтардағы апаттарды есептемегенде, соңғы он жылдың ішінде авиа апаттан қайтыс болғандар саны 1187 адамды құрады. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы және санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, адамдардың салонның бекітулі кеңістігінде болуынан, апатқа ұшырайтын әуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.
Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың және қаза болудың негізгі факторы, соққыдан және өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, әуе кемесінің құлаулары.
Ұшудың қауіпсіздігі:
жобалауды қатал регламенттеумен, құрылулармен, әуе кемесін сынаумен және әуе кемесін, авиациялық двигателдер мен жабдықтарды сертификаттаумен;
техникалық талаптың толық тізімімен және әуе кемесінің, олардың элементтерінің, жүйелерінің, агрегаттарының және жабдықтарының нормативті сипаттамасымен;
оларды дайындау және қызмет көрсету жөніндегі міндетті ережелері тізімімен бірге, әуе кемесін пайдаланудың техникалық жүйесімен;
әуежайға, аэродрамдарға, эуе жолдарға техникалық талаптармен және нормативтермен;
әуе қозғалысын басқару ұйымының ережелерімен;
авиақозғалысын қамтамасыз ететін, метеоқызметінің жұмыс тәртібімен;
авиа окиғаларды тексеру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан әуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі. Олар авиа тұрақта, ұшу кезінде, отыруға кіру кезінде, отыру кезінде болады.
Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) әуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты әрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Әуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей әуе кемесінің қирау дәрежесіне, жылудан зақымдануына және өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс – қимылының ұйымшылдығына және үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.
Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Әртүрлі топтағы әуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір — бірінен айырмашылығы бар. Олар салон-ардың құастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа жэнс аварияльщ шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық заматтық авиация ұйымының талабына сәйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде әуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адмдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Авариялық шығу құлпының конструкциялары салонның ішінен қалай ашылса сыртынан да олардың солай ашылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Шығғатын есікті іш жағынан экипаж мүшелері немесе жолаушылар ашады. Бұл жұмысты сыртынан құтқарушылар орындайды. Олар авариялық шығуға жылжымалы басқыш, арнайы автокөліктік құралдар алып келеді, арқан жүйелерін іледі. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады және ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.
Кейде өрт салдарынан пайда болған фюзеляждың өзгеріске ұшырауы және жоғарығы температура есіктердің және қол тесіктердің сыналасуына әкеледі. Бұндай жағдайда құтқарушъшар фюзеляжды ашуға кіріседі. Фюзсляждың барлық ұзындығына үлкен қысымдағы электр өткізгіш және құбыр жүргізетін гидрожүйелер қойылғандықтан ашу орнына еркін жете алмайды. Олардың зақымдануы косымша қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ашудың қолайлы орындары фюзеляжда ақ фонда сары түсті тұмаршалармен (бұрыштармен) белгіленген. Ашылу дискілі араларды, электр өңдейтін машиналарды, арнайы қысқыштарды және балталарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды тез және барлық сақтану шараларын қадағалай отырып жүргізу керек.
Әуе кемесінің бортынан көшіру
ТЖ кезінде әуе кемесінің бортынан адамдарды және экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды және өрт сатыларын, ірі автомобильдердің сыртқы қабын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Әуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары.
ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру және люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке және Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға және басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 с ішінде газға толады және жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен және ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.
Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен фюзеляждың оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік және запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған «қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек және науаның ілмектерін есіктің үстіңгі және төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, әуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі.
Әрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады.
Ил – 86 және Як – 42 ге жолаушыларды және экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил – 86 да екі жолды басқыш бір уақытта әуе кемесінен шығуы мүмкін және басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін.
Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді және олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды.
Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады және арқанның көмегімен жерге түсіреді.
Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды және экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық және жүк бөлмелерін және экипаж құрамын тексереді, әйтпесе оларды құтқарылғандардың мәліметтерімен салыстырады және тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың негізгі факторы
Авариялық – құтқару командаларының міндеттер
Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар
Әуе кемесінің бортынан көшіру
№7 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.
Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде түсіндірілетіндер: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар.
Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:
теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);
теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар);
теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.
Теміржол көлігінің ерекше сипатына:
жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы - 80-100 т.;
составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;
жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер, еңістер, өрлер);
қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспеичерлік қызмет ету);
Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.
Апат орнына құтқарушылар келгенде:
барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды;
қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады;
зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;
ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.).
Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою
Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.
Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.
Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:
вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;
зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін ұйымдастыруға;
зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.
Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сыналасып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.
Құтқарушылардың жолаушылар вагонына кірулері:
1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – люк арқылы
Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады.
Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: |