Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер, құтқарушылар жұмыстың келесі түрін орындайды:
бірінші кезекте адамдарды қауіпті аймақтан (әсіресе бұл авария болған кәсіпорынға қатысты), сонымен қатар қажет болған жағдайда, жергілікті жердің іргелес аудандарынан құтқару және көшіру;
екінші рет зақымдау факторлары болуы және және ТЖ қайта өрбуі мүмкін масштабтарды бағалау үшін зақымданған ошақтарға барлау жүргізеді;
жұмысты жүргізу үшін қажетті адамдардың, техникалардың, қорғаныс құралдарының, құралдар мен аспаптардың санын анықтайды;
зақымданған ошаққа жылжитын бағытты, жұмыстың орындалу реттілігін, авария орнында құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етуге көмектесетін қажетті жабдықтардың, техникалардың, жүйелердің қажетті орналасу орнын анықтайды;
аварияны оқшаулайды және оның зардабын жоюды жүзеге асырады.
Өнім өткізгіш зақымданған кезде қандай жағдай болса да, тез арада ысырманың, сұқпаның және басқа да тиекті, ілгекті құрылғылардың көмегімен авариялық участкені оқшаулау қажет. Бір мезгілде сиымдылық өзгереді, сорғыштардың және компрессорлардың жұмыстары тоқтатылады. Ірі авариялар кезінде барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
ҚӘУЗ және басқа да агрессивті заттардың төгілуі кезінде төгілудің құрамын және концентрациясын анықтау мақсатында химиялық барлау жүзеге асырылады. Бұл үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанасында қолданылатын индикациялық аспаптар пайдаланылады.
Химиялық барлаудың әскери аспаптары келесіге бөлінеді:
индикаторлық түтік қолданылатын аспаптар (ППХР, ВПХР, ПХР – MB және т.б.);
индикацияның иондық және биохимиялық (ПРХР және т.б.) әдісімен жұмыс істейтін аспаптар (ГСА – 12, ГСА – 13 және т.б.).
Шаруашылық нысаналарында әмбебап газ сараптағыш УГ – 2 қолданылады. Химиялық барлау комплектациялық аспабына оларды сақтау жұмысқа дайындау және пайдалану нұсқаулығы кіреді.
Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою және таралған немесе төгілген жағдайда оларды залалсыз ету кезінде авария орнына тек қана оқшаулайтын газқағармен және қорғайтын киіммен жел жағынан жақындау қажет. Сүзгілік газқағарды жоғары консентрациялы улы булар жоқ болған кезде қолдануға рұқсат етіледі. Іздестіру – құтқару жұмыстарын нысананың газ құтқару қызметінің жеке құрамының қатысуымен жүргізген дұрыс, өйткені нысананың әкімшілігінің келісімімсіз техникалық коммуникациядағы крандарды, вентильдерді өз бетінше жабу және ашу, құрылғыларды және аппаратураларды ауыстыру жұмыстың жүргізілуіне теріс әсері тиуі мүмкін.
Қажетті жағдайда құтқарушылар нысан аумағына және оған меншік жергілікке залалсыздандыру жүргізеді. Бұл үшін пайдаланылатын құралдар бейтараптауға қажет заттың сипатына сәйкес келу керек. ҚӘУЗ залалсыздандыру химиялық, физико – механикалық және механикалық әдсітермен жүргізіледі. Химиялық әдіс кезінде ҚӘУЗ газдан тазарту (бейтараптау) жүргізіледі, зақымданған алаңға газдан тазартылған ерітінділерді құяды. Бұл үшін құйып – жуатын және өрт сөндіру көліктері, су сорғылары, жылжымалы және тасылатын бүркігіштер қолданылады.
Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер
Апат болған кезде мұнай өнімдері төгілгенде, өнім өткізгішінде келесі жұмыстар орындалады:
коммуникацияның зақымданған бөліктері өшіріледі;
шұңқырға, ойға сонымен қатар жер дуалдарымен қоршалған аумаққа жиналатын өнімдердің одан ары жайылуын тоқтатады;
мұнай өнімін сорып, запастағы сиымдылыққа ауыстырады.
Мұнай және мұнай өнімін бейтараптау өте қиын, өйткені олар нашар араласады және басқа заттармен химиялық реакцияға түседі, сонымен қатар оның құрамында үлкен мөлшерде әртүрлі компоненттер бар. Сондықтан мұнай өнімдерін газсыздандыру үшін басқа әдістер қолданылады. Физика – механикалық әдіс кезінде ҚӘУЗ және агрессивті заттарды залалсыздандыру күйдіріледі немесе радиобелсенді двигателдің ыстық газының әсерімен буға айналдырылады. Көбінесе күйдіруге мұнай өнімдері жатады. Бұл әдісті, егер ыстық заттарда екінші рет өрт шығару немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру қауіпі болмаса ғана қолдануға болады.
Залалсыздандырудың механикалық әдісі зақымданған жердің немесе қардың қабатын алып тастау. Жергілікті жер участкелері мен қатты төсемдерсіз жолдардағы улы заттар бульдозерлердің, скреперлердің, грейдерлердің көмегімен үстіңгі қабатты кесіп, немесе зақымданған участкеге зақымданбаған топырақ сеуіп жояды.
Газ құбырындағы аварияларды жою
Газ құбырындағы аварияларды жою ең әуелі оның зақымданған бөлігінің өшірілуінен, оған және газгольдер станциясында орналасқан газ құбырларын ілмек құралдарымен (құлыптармен, ысырмалармен) бекітуден басталады. Төмен қысымдағы газ құбырындағы құбырларды кесу немесе жару кезінде олардың шетін ағаш тығындармен бекітеді, балшық жағады немесе табақ рәзіңкемен орайды, муфт орнатып құбырдағы жарықты дәнекерлеп бекітеді немесе бітейді.
Жарықтарды құбырларды уақытша нығыздалған бинтпен, балшық жағып немесе қамыт салып табақ резеңкемен орап бекітіп тастауға болады. Газ тұтанған кезде газ құбырында оның қысымын төмендетеді, содан кейін алауды құммен, топырақпен, балшықпен өшіреді, газ құбырына сулы брезент жабады содан кейін топырақпен көмеді де су құяды.
Жер астындағы құбыр өткізгіштерден газдың шығуын іздеу үшін қызметтік иттер пайдаланылады.
Газбен бүлінген жерде жарылыстан қашу үшін: сіріңке жағуға, темекі шегуге, ұшқын шығаратын құралдарды, қозғалтқышпен жұмыс істейтін көліктерді және механизімдерді пайдалануға тиым салынады. Қысымда тұрған, сонымен қатар ғимараттардағы газ құбырымен жұмысты тек қана түрлі түсті металдан жасалған құралмен жасайды. Болат құралдардан ұшқын шығармау үшін минералданған маймен майлануы керек. Газбен бүлінген участкелерде жұмыс орнын жарықтандыру үшін тек қана жарылу қаупі жоқ аккумуляторлы фонарьларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер
Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою
Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер
Газ құбырындағы аварияларды жою
№ 12 дәріс. Өрт жағдайындағы ІҚЖ
Жалпы сұрақтар
Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары
Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары
Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті
Өрттің орнына байланысты – тұрмыстық, өнеркәсіптік (техногенді) және табиғи болып бөлінеді.
Өрт болып жатқан аралық үш аймаққа бөлінеді: жану, жылу әсері, түтіндену.
Жанғыш материалдар мен заттар тұрған және олар тікелей жанып жатқан кеңістіктің бөлігі жану аймағы болып табылады.
Өрттің негізін құраушы от (жалын), түтін, күл, күйе. Бу және газ болатын кеңістік жалын деп аталады. Ауада қалқып тұрған жағдайда жанбайтын ұсақ күйе бөлшектері мен қатты тотықтар түтін түзеді, айтарлықтай үлкен жанбайтын бөлшектер күл түзеді.
Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары: ашық от, ұшқындар, жылы сәулелену, түтін, төмендетілген оттек концентрациясы, жанған уытты өнімдер (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил), құлайтын заттар мен құрылыстар. Әрбір өрттің өзіндік сипатты белгісі бар:
Түтіннің қара түсі өртте күйенің бары туралы дәлелдейді, ол мұнай өнімінің, резеңкелердің, көмірлердің жанып жатқанының белгісі. Ақшыл түтін – онда магний тотығының және едәуір мөлшерде су буының барлығы. Оттектің көлеміне байланысты жалын жарқырамайтын (50% дейін) және жарқырайтын (50% жоғары) болады. Жанып жатқан затта көміртек болған кезде жалын ыс бөліп шығарады.
Өзіне тән ерекше иіспен, түспен, дәмімен, көздің шырышты қабықшаларына әсер етуімен, дем алу жолдарымен құтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтай алады. Мұндай заттардың сипатты белгілері төменде көрсетлген:
Аммиак. Өткір иісті, дем алу жолдарын тітіркендіреді, көзді ауыртады және жасауратады, жөтелдіреді.
Хлорлы сутек. Ащы иісті, дем алу жолдарын қатты тітіркендіреді, қарлығуды, тұншығу сезімін қоздырады.
Цианисті сутек. Ашты бадам иісті, өңешті тырналап жатқанын сезінеді, ауызда күйдіргіш ащы дәмді сезінеді.
Күкіртті газ. Өткір иісті, өте кішкене концентрация көздің шырышты қабықтарын, дем алу жолдарын тітіркендіреді, тым жоғары концентрациялар қарлығуға алып келеді.
Формальдегид. Түтіннің ақ нығыздалған түрі, көздің шырышты қабықтарын, мұрынды, дем алу жолдарын тітіркендіреді.
Хлор. Ащы иісті жасыл – сары газ, дем алу жолдарын тітіркендіреді.
Іздеу және құтқару жұмыстары
Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті – зардап шеккендерді іздеу және көмек көрсету. Құтқару жұмыстары:
зардап шеккендерді өрт аймағында тауып алу кезінде;
өрттің адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген кезінде;
құрылыстың жарылу немесе қирау қаупі болған кезде;
адамдар өз беттерімен қауіпті жерден кете алмаған жағдайда;
үрейлі – дүрбелең болған жағдайда жүргізіледі.
Адамдарды құтқару тәртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар балаларға, ауруларға, қарт адамдарға көмек көрсетіледі.
Fимараттарда өрт болған кезде:
зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы;
зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі әдісі болып табылады.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа және қауіпсіз жолдарды таңдаулары керек:
негізгі кіретін және шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары;
сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары және балкондар;
қабырғаларға және жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар.
Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқарушылар сүйменнің, ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі және пневматикалық құралдың, газэлектр балқытуды және жарудың көмегімен ашу керек.
Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек және кенеттен от және түтін шыққан жағдайда жарақат және күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет.
Терезені ашу келесі әдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған сатымен немесе механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда әйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді.
Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жасалған тістеуікпен және қол араның көмегімен ашады. Черепицалы және шиферлі шатырлар торға арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды және шиферлерді ашу жолымен жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып және сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан және қамыс төбелерді төбені жабатын материалдарды багроммен және вилламен алып тастайды.
Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен және тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне тығылады, қоймаларға, дәретхана және ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады. Іздеу тек барлық зардап шеккендерді тапқаннан кейін тоқтатылады.
Ғимарат қатты түтін болған жағдайда құтқарушылар кешіктермей терезелер мен есіктерді ашып желдетулері керек. Кейде түтін сорып алғыштарды пайдалану орынды. Түтінді бір мезгілде салқындататын және оның катты бөлшектерін серігітетін сумен тазартылған сорғалатып ағызғышпен азайтуға болады.
Зардап шегушіні тапқаннан кейін құтқарушы оған ылғалды мата жабады, қолынан ұстайды немесе қолына алып қауіпсіз орынға (көтеріп апарады) шығарады. Зардап шегушінің аузы мен мұрны дымқыл о рамалмен, шарфпен, бас жаулықпен жабылады, оған газқағар немесе оттек маскасын кигізеді. Адамды түтінденген, жанып жатқан, ыстық аймақтан шығара отырып, қолында арнайы қорғаныс құралдары болмаса, құтқарушының өзі басын нығыздалған дымқыл матамен орап, көрпемен, жамылғымен орану керек. Қауіпті аймақтан тез және абайлап, ал ашық отты жерден жүгіріп өту қажет.
Өрт кезінде адамдардың жарақат алуы және қаза болуы тұншығудан, уытты жанған өнімнен уланудан, ыстықтан зақымданудан, өрт аймағынан өз бетімен шыққан кезде құлаудан, жарылған кезде және заттардың құлауы кезінде, қысылып қалудан және үрейлі – дүрбелең уақытында болады.
Егер адамдар үрейлі болса, онда құтқарушылар өздерін байсалды және сенімді ұстаулары қажет, бұйрықты айқын дауыспен беріп, үрейлі көңіл – күйді тез және лезде басулары керек. Клубта, кинотеатрда, циркте, концерт залында, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өрт болған кезде құтқарушылар бірінші кезекте балкондағы, галереядағы, адамдарға көмек көрсетулері керек, өйткені бұл жерлерде жанған өнімдер тез қаулап жиналады да температура көтеріледі.
Емдеу мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар медицина құрамымен жақын араласып жұмыс істеп және оның нұсқауларын орындау керек. Балалар мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар барлық бөлмелерді, шкафтарды, төсектерді, қабырға мен перделердің арасын мұқият қарап шығуға міндетті, содан кейін балаларды қауіпсіз орынға (көтеріп алып) шығарады.
Өзін өзі тексерусұрақтары
Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары
Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары
Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті
Ұұтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтауы.
№13 дәріс Радиоактивті зақымдану және ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ
Жалпы сұрақтар
Радиациялық зақымдану дәрежесі
Радиациялық, химиялық барлау
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Зардап шеккендерді іздеу
Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бойынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.
Радиациялық зақымдану дәрежесі. Радиоактивті ластану жағдайында ІКЖ жүргізудің негізі ерекшелігі:
құтқарушылардың радиоактивтілікпен ластанған аймаққа жету уақытын қатал белгілеу;
кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру;
жеке қорғану құралын (ЖҚҚ), техникалардың қорғаныс құралдарын, көліктерді, бұзылмаған ғимараттарды пайдалану;
алынған сәулелену мөлшеріне үздіксіз бақылау жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.
Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;
құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;
радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;
метрологиялық бақылау;
радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:
дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру; радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.
Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы. Іздестіру – құтқару жұмыстары радиоактивті ластану жағдайында мыналарды қамтиды:
ластанған аймаққа барлау жүргізеді және зардап шеккендерді іздейді;
ластанған аймақты және сәулелену көздерін оқшаулайды;
зардап шеккендерді қоршаудан босатады, оларға шұғыл дәрігерлік
көмек көрсетеді, оларды ластанған аймақтан көшіреді;
Радиациялық авария жағдайында және олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар) және қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы және резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар және т.б.);
оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі және қосымша);
қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және
т.б.);
қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер және т.б.) жатады.
Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды және радиациялық жағдайды бағалау нәтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.
Бірінші аймаққа (қатаң тәртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш костюмдер және т.б.) талап етіледі.
Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тәртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін және радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию және санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа және бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.
Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
жұмыс орнындағы микроклимат және ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы және жарылу қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.
ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне және алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).
ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет. Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап –ақ:
қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;
зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;
жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.
ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
Елді мекендерде химиялық барлау көшелер мен айналымдардың жағалауларына аса мұқияттықпен жүргізіледі. Жеке аулаларда, ғимараттарда, үй жанындағы телімдерде және басқа да объектілерде барлауды шолғыншылар жаяу жүру тәртібімен жүзеге асырады. Мұндай жағдайда қоршау белгілері көше қиылыстарына, аулалардан шығатын жерлерге және ғимараттардың кіре берістеріне, аулаларда және көшелердің жақсы көрінетін жерлеріне қойылады. ҚӘУЗ жергілікті жерде және ауада барын анықтау үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанында индикацияға пайдаланатын аспаптар қолданылады.
Зардап шеккендерді іздеу үшін:
құтқару жұмыстарының барлық участкелерін оған қоса ашық өндірістік алаңдарды, үйінділерді, зақымданған ғимараттарды сондай – ақ зақымданған аймақтағы өндірістік және тұрғын үйлерді тексеру;
зардап шеккендердің табылу орнын анықтау және белгілеу, мүмкіндігінше олармен байланыс орнату;
зардап шеккендердің жағдайын анықтау;
зардап шегушілерге өрттің, түтіннің, құрылыстардың және олардың қирандыларының орнықсыздығын, құлау мүмкіндігін және қаупін айқындау;
зардап шеккендерді құтқару жұмыстарының шамамен орындалған көлемін және тәсілін анықтау, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін бағалау және басқа зақымдаушы факторлардың адамға тигізер әсерін жою және шектеу қажет.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Радиациялық зақымдану дәрежесі
Іздестіру - құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы
Радиациялық авария болған кездегі авария аймағы
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
№14 дәріс. Қауіпті құрылыстардың қирауы
Жалпы сұрақтар
Қауіпті құрылыстардың қирауы
Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті
Басылып қалған баспаналарды іздеу
ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе қиратылуы керек. Қирату үш негізгі тәсілдермен жүзеге асырылады:
Шар – тоқпақтың көмегімен Ауыр тартқыш құралының көмегі
қиратылады қиратылады ( лебедкалар,
тракторлар, машиналар)
Жарылыстың көмегімен қирату
Жару жұмыстарын арнайы дайындалған құтқарушылар жүзеге асырулары керек.
Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс.
Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен, технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тәртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді.
Құтқарушылардың міндетіне:
басылып қалған баспаналарды іздеу;
баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дәрежесі, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің бар – жоғын) анықтау;
баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дәрі – дәрмектердің, таңатын материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;
баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді.
Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға және қазуға бір уақытта кіріседі.
Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының орындары босатылады және тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дәрі – әрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын және бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын және оларды көшіру мүмкіндігін қараудан және тексеруден басталады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Қиратудың негізгі тәсілдері
Қауіпті құрылыстардың қирауы кезіндегі құтқарушылардың міндеті
Басылып қалған баспаналарды іздеу
№15 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу
Жалпы сұрақтар
Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу
Үйінділер пайда болуының салдары
Үйіндіні үстінен аршу
Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу. Үйінді деп құрылыс материалдарының және конструкциялардың, технологиялық жабдықтардың, санитарлық – техникалық құрылғылардың, жиһаздардың, үй аспаптарының, тастардың бей–берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйіндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел тасқындары), материалдардың тозуына және бұзылуына әкелетін табиғи әсерлердің факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп қалған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, әскери қимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дәрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның әсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дәрежесіне (ескіруіне) байланысты.
Үйінділер бірыңғай (тұтас) және жеке (әр жерде) болады. Үйінділер шартты түрде темір бетонды және кірпішті болып бөлінеді. Темір бетонды үйінділер темір бетон қалдықтарынан, бетон, металл және ағаш конструкцияларынан, қаланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен және тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылақтан, темір бетонның қалдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады.
Үйінділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехникалық және басқа жүйелердің бұзылуына әкеп соғады. Бұл өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Әсіресе қауіпті заттар шығарылатын және сақталатын өнеркәсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Әдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына және олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің және жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының және бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар әртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда және бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін.
Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады:
ТЖ аймағын және оның сипатын анықтау;ъ
зардап шегушілердің тұрған орнын және жағдайларын анықтау;
ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, коммуникациясын) бағалау;
химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын және жарылу қаупі бар заттардың өрт ошақтарын анықтау;
кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру.
Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тәсілдер қолданылады: үйіндіні үстінен аршу және үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау.
Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін және оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі және ауыр элеметтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады. Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушылар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу және тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені - 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау және құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу және оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыстыру төрт аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына жол бермеу мақсатында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар қолданылады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде үйіндінің үстіңгі жағынан құтқарушылардың және техникалардың жүруіне рұқсат етілмейді.
Өтетін тесіктерді және өтетін жерлердің жұмыстарын жасап болғаннан соң құтқарушылар адамдарды босатуға кіріседі. Бірінші кезекте зардап шегушінің жағдайы және оның алған жарақатының дәрежесі анықталады. Содан кейін басылып қалған немесе қысылып қалған дене мүшелеріне бір уақытта бұрау және қысып тұратын таңғыш байлап босатады, ауыз және мұрын қуыстары тазартылады, зардап шегушінің үстіндегі қирандылардың майда бөлшектері, қоқыстар, ұсақ тастар алынып тасталады. Зардап шегушінің жағдайына байланысты оны шығарып алу және тасымалдау әдістері таңдалады. Зардап шегушіні үйіндіден кем дегенде екі құтқарушы шығарып алу керек. Егер мұндай мүмкіндік болса, онда оны қолынан немесе үстіңгі иық белдеуінен тартып шығарады. Егер бұл мүмкін болмаса, онда құтқарушылар оның иық белдеуінің және сегіз көзінің астына қолын салып, тек содан кейін ғана зардап шегушіні абайлап шығарады. Кейде зардап шегушіні жатқызу үшін тығыз матаны немесе зембілді қолданған қолайлы. Егер зардап шегуші үйіндінің үлкен және ауыр элементтерінің астында қалса онда оны қысқыштың, домкраттың, жүк көтеретін техникалардың көмегімен босатады. Зардап шегуші топыраққа басылып қалған жағдайда оны қазып алу арқылы босатуға болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Үйіндіні үстінен аршу әдістері
Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары
Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою
Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ
3 Тәжірбиелік сабақтар
№1 Тәжірбие сабағының тақырыбы: ТЖ салдарын жоюға байланысты шараларын жоспарлауды ұйымдастыру
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.
Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:
апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы);
төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;
жұмыс реттілігі;
төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;
медициналық шараларды ұйымдастыру;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
басқаруды ұйымдастыру;
материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:
Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.
Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.
Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын - тұтас және жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады.
Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.
Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.
Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.
Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
төгілген затты тасымалдау;
ҚХЗ таралуына бөгет жасау;
ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.
Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.
АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:
Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.
Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.
АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау
АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:
Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу
№2 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Құтқарушылардың жабдықтарына қойылатын талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |