Басу синдромының анық белгілері:
Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі
Яғни, кедергілерді лезде жойып тастауға болмайды екен. Біріншіден, плазманы ауыстыратын ерітінділерді ішке жіберуді реттеу керек, ал олар болмаған жағдайда сусынды молырақ беру қажет. 1,5-2 литр сұйықтықты тамшылатып беру қорғайтын бұрау салудан және аяқ – қолды сақтаудан құтылдырады. Суықты пайдалану жағдайды жақсартады. Шығарып алғаннан кейін барлық аяқ – қолды бинтпен қаттырақ байлау қажет (аяқты өкшеден шатқа дейін, қолдан иыққа дейін) Бұл тек қана ісікті азайтпайды, сонымен бірге таралып кеткен плазманың көлемін шектейді.
Аяқ қолды босатқанға дейін:
жылы сусын және ауыруын басатын дәрі – дәрмек беру;
басылып жатқан жерден төмен суық басу (мүмкіндігінше).
Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар
Үйіндіде қалған адамдардағы ерекше жарақаттарға сынықтар, жарақат алулар, мидың шайқалулары жатады. Өзгеше жарақаттарға бұлшық еттерді және ішкі органдардың ұзақ басылып жатуы – ұзақ басу синдромы жатады. Бұл жарақаттың әртүрлілігі басылып қалған дене мүшесіндегі заттардың алмасуын және қан кетуді тоқтатумен сипатталды ол уытты өнімдердің ыдырап жиналуына және қарқынды пайда болуына, ұлпалардың бұзылуына, зат алмастыру өнімдерінің қышқылдануының тапшылығына әкеліп соқтырады. Басылып қалған дене мүшесін босатқаннан кейін және қан айналымы қалпына келтірілгеннен кейін организмге үлкен мөлшерде уыт жайылады. Ол зақымданған дене мүшелерінің көлеміне және басылу уақытына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зақымданған бөліктердегі уыттардың беті қайтқаннан кейін, осы орындарға үлкен мөлшерде қан плазмалары толады (кейде 3 – 4л). Аяқ – қолдардың көлемі лезде ұлғаяды, бұлшық еттің пішіні бұзылады, ісік барынша тығыздалып, адамның жанын ауыртады. Уыттарды және қан плазмаларын қайта бөлу организмнің барлық жүйесіндегі қызметтерге қысым келтіреді және ол зардап шегушілерді үйіндінің астынан алып шыққанан кейінгі бірінші минутта өлуіне себеп болады. Зақымданған бұлшық еттерде уытты заттардың пайда болуымен қатар бір мезгілде миоглобин молекулалары пайда болады. Олар қанмен бірге бүйрекке түседі де олардың өзекшелерін зақымдайды, бұл бүйрек жетіспеушілігіне әкеледі да содан адам өлуі мүмкін.
Дененің ұзақ басылып жатуы кезінде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу үшін, оны босатқанға дейін оның қанына плазма алмастыратын ерітінді жіберу, жылы суды көп беру, зақымданған жерге суық басу қажет. Босатқаннан кейін лезде басылып қалған жерді ісікті және таралып бара жатқан плазманың көлемін азайту үшін қаттылап бинтпен таңып тастау керек. Сынық болса да, болмаса да зақымданған сүйектерге таңғыш тақтай қойылады, суық басылады, ауырғанын басатын дәрілер беріледі, міндетті түрде зардап шегушіні «жасанды бүйрек» аппараты бар емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқарушыға басып қалудың нақты басталған уақытын білу өте маңызды, бірінші – екінші сағатта жарақаттың салдары кері сипатта жүреді және адамға қауіпсіз болады. Осы уақыт аралығында құтқарушылар мүмкіндігінше көп адамды босатып алулары керек.
Зардап шегушілерді басып қалу синдромынан құтқару кезіндегі тиімді көмек көрсету әдістері мыналар:
Апат болғанан кейінгі алғашқы 2 сағаттың ішінде зардап шегушілерді басып қалудан босату үшін барлық күш пен құралдарды жұмылдыру керек, ол уыттың денеге ең аз мөлшерде жайылуын қамтамасыз етеді.
Екі сағаттан кейін зардап шегушілерді екі топқа болу керек (жеңіл жараланғандар және ауыр жарақат алғандар). Жарақаттың сипаты басылып қалған ткандардың массасына және зардап шегушінің жалпы жағдайына байланысты бөлінеді. Басып қалудан жеңіл жарақат алғандарды тез босатып алып, емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қан айналымына түрткі болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай, рет – ретімен ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, зақымданған аяқ – қолдарды бинтпен таңып, суық басып, бұрау және таңғыш тақтайшалар салу керек.
Ауыр науқастар реанимациялық терапия және хирургиялық емдеу жүргізуді керек етеді. Сондықтан олар стационарлы емдеу мекемесіне жіберілулері керек. Егер ауыр науқастарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей кесуге кірісу керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Зардап шеккендерді қоршаудан босату
Ұзақ уақыт басып қалу синдромы туралы түсінік
Үйінділер мен сынықтардың астынан зардап шегушілерді шығарып алу тәртібі
Үйінді кезіндегі ерекше жарақаттар
№ 9 дәріс. Зардап шеккендерді тасымалдау
Жалпы сұрақтар
Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар
Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау
Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары
Кез келген ТЖ жағдайын жою кезіндегі ІҚЖ – нің өте маңыздысы зардап шегушілерді тасымалдау.
Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары нақты жағдайлар мен шарттарды, соның ішінде ТЖ сипатын, зардап шегушілердің табылған орындарын, жарақаттану дәрежесін, қолда бар арнайы қажетті құралдарды және тасымалдау қашықтығын ескере отырып анықталады. Тасымалдау кезіндегі жанын жеген ауру зардап шегушілердің жағдайларын нашарлатады және есінен тандырады. Зардап шегушілерді тасымалдау әртүрлі ортада қауіпті және зиянды заттар бар болса (ауада, суда, сусымалы материалдарда) қолмен бір немесе бірнеше құтқарушымен арнайы құрылғы құралдарын және сол құралдарын пайдалану немесе оларсыз, көлденеңінен, еңкейтіп жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда тасымалдауды автомобильдік, авиациялық, темір жол, су, көлік транспорттарын пайдалу арқылы жүргізеді.
Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар:
тасымалдау тәсілін анықтау;
зардап шегушілерді арнайы құрылғыларға және қолда бар көлік құралдарына дайындау;
жолды анықтау;
зардап шегушілерді және құтқарушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
тосқауылдарды игеру, зардап шегушілердің жағдайын бақылау, демалуды ұйымдастыру;
зардап шегушілерді көлік құралына тиеу.
Зардап шегушілерді тасымалдайытын әдістерді, құралдарды, жағдайларды тандауда басты кезекте жарақаттың түрлері, ауру сипаты орын алады. Дұрыс қабылданған шешім зардап шегушінің өмірін сақтап қалады олардың қиналуларын жеңілдетеді және тезірек сауығып кетулерін қамтамасыз етеді. Зардап шегушілерді арқасымен, ішімен, қырымен, жатқызып, отырғызып тасымалдайды. Сонымен қатар басы көтеріңкі немесе түсірулі, аяқтары созылған немесе бүгілген болуы мүмкін. Бұл мақсат үшін жұмсақ білікшелер қолданылады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың ең бір ұтымды ұсынылған және таралған әдісі зембілді пайдалану. Зембілдер штаттық (медициналық) немесе қолдан жасалған (ойдан шығарылған) болып келеді. Соңғысын жасау үшін ұзындығы 1,5-2,0м екі қада қажет (таяқ, шыбық) олардың арасына тығыздалған мата, пальто, шинель, арқанды байлап қою қажет.
Зардап шегушіні зембілмен екі, үш, төрт адам ғана алып жүре алады, сонымен қатар сақтықпен, зембілді теңселтпей, өр және құлама жерлерде үнемі зембілді дұрыс қалыпта (көлденеңнен) қадағалап отыру керек. Зардап шегушіні зембілге келесі түрде жатқызады. Бір құтқарушы қолын бастың және белдің астына, келесісі – жамбас пен аяқтың астына қойып бір уақытта көтеріп жатқызады. Әдетте зардап шегушіні аяғымен алға қарай жатқызады.
Тосқауылдарды игеру үшін (терезе ойығы, қираған қабырға, шарбақ) қажет:
зембілді жерге тосқауылдың алдына қояды;
зембілдің екі жағынан тұрып, қолмен зембілдің ағаштарынан ұстайды;
зембілдің бас жағын аздап көтеріп оны бөгетке қояды;
құтқарушының біреуі тосқауылды аттап өтеді;
зембілді тосқауылдың үстімен бір мезгілде көтеріп әкеліп, оған жақын жақ аяғын түсіреді;
тосқауылды келесі құтқарушы аттап өтеді;
зембілді жерге қояды да бір мезгілде көтереді, қозғалыс осылай қайталана береді.
Осындай әдістермен жарықтардан, шұңқырлардан, саңылаулардан да өтеді.
Зардап шегушіні зембілмен биіктіктен түсіру қажет болған жағдайда оны зембілге берік байлап қою қажет. Түсіру тік немесе көлденең жағдайда жүзеге асырылады. Тасымалдау уақытында құтқарушылар үнемі зардап шеккендердің жағдайына (дем алуына, тамыр соғуына, өзін ұстауына) көңіл аударуы керек және егер бұл қажет болса медициналық көмек көрсету қажет (жасанды дем алдыру, дәрі жіберу, жүрекке массаж жасау, ауырсынуды басу). Тасымалдау кезінде үлкен қашықтыққа дем алуға, тамақ ішуге және гигиеналық шаралар жүргізуге уақыт бөлу қажет.
Жылдың суық уақыттарында суықты ескерту үшін шаралар қолдану керек (зардап шегушіні қалың матамен жабу, жылы сусын беру, жылытқы пайдалану). Зардап шегушіге құтқарушының сенімді іс – әрекеті, оның моралдық – психологиялық қолдауы өте маңызды.
Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдауда дұрыс кезекті таңдау төтенше маңызды. Бұл жерде негізгі белгі зақымданудың ауырлығы және адамның жағдайы. Бірінші кезекте балалар мен ессіз және есеңгіреу жағдайындағы, ішіне қан кеткен, аяқ– қолдары кесілген, ашық сынықтармен, күйіктермен, ұзақ басылып қалу синдромымен, операциялардан шыққан аурулар тасымалданады. Содан кейін жабық сынықты, сыртына қан кеткен зардап шеккендер тасымалданады. Олардың соңынан аз қан кеткен, жараланған, буыны шыққандар тасымалданады.
Зардап шегушілерді тез арада емдеу мекемесіне жеткізу үшін арнайы медициналық немесе әдеттегі көлік пайдаланылады. Зардап шеккендерді жүк таситын көлікте тасымалдау зембілде немесе тікелей жүзеге асырылады. Бірінші кезекте ауруы қатты науқастарды басын кабинаға қаратып тиеиді. Бос орындарға жеңіл жарақат алғандар отырғызылады. Зембілсіз тасымалдау кезінде алдымен оған балласттар себеді (топырақ, құм, сабан). Балласттардың үстіне жұмсақ төсемдер (матрастар кілемдер, поролондар) салынады.. Зардап шеккендерді теміржол вагонына тиеу тамбур немесе терезе арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі адамдарды үстіңгі, ал содан кейін төменгі тақтаға орналастырады. Барлық зардап шеккендер жарақаттың ауырлығымен топталады осыған байланысты тиеудің кезегі анықталады. Су және әуе көлігімен тасымалдау жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жұқпалы аурумен ауырған ауруларды қоршаған ортамен байланыстырмайтын тәсілмен тасымалдайды. Зардап шегушілерді тиеуді бірнеше құтқарушылар жүзеге асырады.
Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы жарақаттың және зардап шеккеннің жағдайына қарап анықталады.
Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары
Жарақаттың түрлері Қалып
|
Бастағы мидың шайқалуы
|
Шалқадан жаткызып
|
Бастың және беттің алдыңғы бөлігіндегі жарақаттар
|
Шалқадан жатқызып
|
Омыртқаның зақымдануы
|
Шалқадан жатқызып
|
Жамбас сүйегінің және төменгі аяқ – қолдардын сынуы
|
Шалқадан жаткызып
|
Есіңкіреу жағдайында
|
Шалқадан жаткызып
|
Ішек – қарын мушелерінің жарақаттары
|
Шалқадан жатқызып
|
Төстің жарақаттануы
|
Шалқадан жатқызыл
|
Төменгі аяқ – қолдарды кесу
|
Жарақаттанған аяқтың астына білік қойып шалқадан жатқызып
|
Шұғыл хирургиялық аурулар (соқырішек, ойық, жарық, жарықтың шығып кетуі)
|
Шалқадан жатқызып
|
Қансырау
|
Төстің және бастың астына білік қойып ішпен жатқызып
|
Арқаның жарақаттануы
|
Іш пен немесе он жақ бүйірімен
|
Бастың желке бөлігінің жарақаты
|
Ішпен жатқызып
|
Мойынның жарақаты
|
Басын төске еңкейіп жартылай отырғызып
|
Аяқ – қолдардың ұштары кесілгендер
|
Отырып қолды жоғары көтеріп
|
Көздің, кеуденің, тыныс алу жолдарының жарақаты
|
Отырғызып
|
Аяқ – қолдардың ұштарының жарақаты
|
Отырғызып
|
Жараланған, кесілген, терісі сыдырылғандар
|
Отырғызып
|
Арқаның, бөксенің, аяқтың үстіңгі жағының жарақаты
|
Ішпен жатқызып
|
Иық жарақаты
|
Отырғызып
|
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары
Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы
Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау
Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары
№ 10 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу
Жалпы сұрақтар
Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары
авариялық – құтқару командалары
Әуе кемесінің бортынан көшіру
Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу
Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою
Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу
Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары. Жердің әуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, әуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, әскери және арнайы тапсырмаларды орындайды. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы және санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, апатқа ұшырайтын әуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.
Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың және қаза болудың негізгі факторы, соққыдан және өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, әуе кемесінің құлаулары.
Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан әуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі.
Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) әуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты әрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Әуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей әуе кемесінің қирау дәрежесіне, жылудан зақымдануына және өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс – қимылының ұйымшылдығына және үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.
Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Әртүрлі топтағы әуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір – бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа және авариялық шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сәйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде әуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адамдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады және ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.
Әуе кемесінің бортынан көшіру
ТЖ кезінде әуе кемесінің бортынан адамдарды және экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды және өрт сатыларын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Әуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары.
ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру және люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке және Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға және басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 сек ішінде газға толады және жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен және ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |