Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет65/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73

141

  нәтижелілік    көрсеткіші  (салалар  тұрғысынан  емес,  мақсатты 
топтардың параметрлері тұрғысынан);

  көрсеткіштердің  мақсатты  мәні  (мысалы,  жекелеген  қызмет 
түрлерімен қамтамасыз етуді 20%-ға арттыру);
– 
орындалуын бағалау және бақылау. 
Сондай-ақ,  кері  байланыс  тетіктері  қажет  (мақсаттарға  қол  жеткізу 
дәрежесін бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалану). Бұдан 
өзге,  стратегиялық  жоспарлау  азаматтардың  мақсатты  топтарын 
анықтауды  және  мемлекеттік  орган  қызметін  сырттай  бағалауды 
қамтиды [3]. 
Осылайша,  стратегиялық  жоспарлау  мемлекеттік  органның 
функциясын азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған 
қызмет бағыттары контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Сыбайлас  жемқорлықты  азайту  үшін  мемлекеттік  стратегиялық 
жоспарлауда  мемлекеттік  органдар  тұтынушыға  құрылымдық 
бағдарлануы    қажет.  Мемлекеттік  қызметтер  ұсыну  стандарттарын 
институцияландыру  шенеуніктерді  сыбайлас  жемқорлыққа  қарс 
мінез-құлық стратегиясына бағдарлай отырып, стимулдер құрылымын  
өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайда  бағалау  жүйесін  енгізуге 
қарағанда, мемлекеттік мекемелердің мәдениетін өзгерту арқылы алға 
жылжиды,  оны  азаматтарға  ең  үздік  қызмет  көрсету  үшін  «жарысу» 
деуге болады. 
Қазақстанда  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесінде  жүзеге  асырылған 
өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды:

  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  әлеуметтік-экономикалық 
саясатын  жүзеге  асырудың  негізгі  құралы  ретінде  мемлекеттік 
органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;

  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық  жоспарларының 
міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен байланыстыру;

  мемлекеттік  органдардың  қызметінің  аралық  және  түпкі 
нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйесін 
әзірлеу;

  өз  жоспарларын  әзірлеу  және  іске  асыру  кезінде  мемлекеттік 
органдардың  дербестігі  мен  жауапкершілігін  күшейту,  бұл  ретте 
мемлекеттік жоспарлауға қатысты жаңа тәсілдерді енгізу ескеріледі;

  мемлекеттік  органдардың  нақты  стратегиялық  мақсатты 
индикаторлар жүйесін әзірлеуі;

  мемлекеттік  органдардың  стратегиялық  және  түпкі  нәтижелерге 
сәйкес келетін мақсаттарға қол жеткізу мониторингі жүйесін енгізу.
Мемлекеттік  жоспарлау  жүйесін  енгізу  мынадай  іс-әрекеттерді 
орындауға мүмкіндік береді [4]:

  елдің  стратегиялық  және  бағдарламалық  құжаттарының 
теңдестірілген, тиімді әрі толық жүйесін құру. Онда төменгі деңгейдегі 
құжатты  әзірлеу  қажеттілігі  мен  заңдылығы  аса  жоғары  деңгейдегі 
құжаттардан  туындайды,  ал  жоғары  деңгейде  тұрған  құжаттардың 
іске асырылуын бақылау мен бағалау, өз кезегінде, төменгі деңгейдегі 
құжаттардың негізінде жүзеге асырылады;


142

  нақты  мақсатты  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  бағдарламалық 
құжаттардың  тиімді  иерархиясын  құру  және  құжаттардың  тым  артық 
түрлерін оңтайландыру және реттеу.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында қалыптасқан мемлекеттік 
жоспарлау  жүйесі  декомпозицияланған,  яғни    еліміздің  ұзақ  мерзімді 
даму  мақсаттары  мен  басымдықтары  әрбір  мемлекеттік  орган  үшін 
нақты міндеттер мен өлшемді көрсеткіштер түрінде ұсынылған. Сонымен 
қатар процестерді мониторингілеусіз, мемлекеттік органдардың қызмет 
нәтижелерін бағалаусыз қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан 
әрі  –  МЖЖ)  жаңа  моделін  енгізу  мынадай  ретпен  жүзеге  асырылды:
1)  2007  жыл.  2008–2010  жылдар  кезеңіне  арналған  стратегиялық 
жоспарларды үш пилоттық министрліктермен (әділет, қаржы, экономика 
және  бюджеттік  жоспарлау)  және  екі  басқармамен  (білім  беру  және 
денсаулық сақтау) әзірлеу;
2)  Нәтижеге  бағдарланған  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесін  енгізу 
жөніндегі  тұжырымдама  қабылданды.  ҚР  Үкіметінің  2007  жылғы  
26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы;
3)  2008–2009  жылдар.  Орталық  мемлекеттік  мен  жергілікті 
атқарушы органдарға МЖЖ элементтерін және нәтижеге бағдарланған 
бюджеттеуді енгізу; 
4)  2008  жылғы  4  желтоқсан.  Қазақстан  Республикасының  Бюджет 
кодексін әзірлеу және қабылдау;
5) 2009 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің 
№ 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі 
туралы»  Жарлығының бекітілуі;
6)  2009–2010  жылдар.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 
2009 жылғы 18 маусымдағы № 827  Жарлығына сәйкес, стратегиялық 
және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау;
  7)  Қазақстан  Республикасына  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесін 
енгізудің кезекті кезеңі жергілікті атқарушы органдармен стратегиялық  
және  жедел  жоспарларды  әзірлеу  болды,  бұдан  әрі  мемлекеттік 
органдардың  стратегиялық  жоспарларды  және  жергілікті  атқарушы 
органдар аумақтарды дамыту жоспарларын әзірлеуі жүзеге асырылды.
Мемлекеттік  жоспарлау  жүйесі  өзара  байланысты  элементтер 
кешені ретінде айқындалды, ол елдің қысқа мерзімді (бір жылға дейін), 
орта  мерзімді  (бір  жылдан  бес  жылға  дейін)  және  ұзақ  мерзімді  (5 
жылдан астам) дамуын қамтамасыз ететін қағидаттардан, құжаттардан, 
процестерден және мемлекеттік жоспарлау қатысушыларынан тұрады. 
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік жоспарлау мен 
оларға қолжеткізу бойынша қызмет нәтижелерін бақылаудың бірыңғай 
жүйесін  құру  мақсаты  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-
экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету  бойынша  мемлекеттік 
органдардың қызметін үйлестіру тиімділігін арттыру болып табылады, ол 
үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды даярлау рәсімдерін 
біріздендіру, оларды іске асыру нәтижелілігінің мақсатты мәнін анықтау 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау