143
және оларға қол жеткізу мониторингі негізге алынады. Бұл, өз кезегінде,
сыбайлас жемқорлық көріністерінің қатерлерін айтарлықтай азайтады.
Аталған жүйе стратегиялық жоспарлау – тактикалық жоспарлау –
жедел басқару тізбегін құруға мүмкіндік береді. «Қазақстан – 2030»
және «Қазақстан – 2050» Стратегиялары мен елдің 2020 жылға дейінгі
Стратегиялық даму жоспарында, мемлекеттік бағдарламалар мен
Президент Жолдауларында көрсетілген стратегиялық міндеттерді
бюджеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыруға арналған нақты
іс-шараларда көрсету тетіктері құрылды. Түпкі мақсаттан тәсілге дейін
жоспарлау қағидалары мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және
ғылыми-техникалық дамуының басты стратегиялық мақсаттарын
таңдаудан және қажетті ресурстармен қамту арқылы ең жоғарғы
тиімділікпен белгіленген мерзімде оларға қол жеткізу бойынша өзара
байланысты іс-шараларды әзірлеуден көрінеді.
Нәтижеге бағдарланған басқаруды жаңғырту жөніндегі мақсаттарға
қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында мыналар
қамтамасыз етіледі:
–
ведомстволық және ведомствоаралық жоспарлау мен қызмет
нәтижелері мен мақсаттары бойынша жобалық басқарудың кешенді
жүйесін
құру және енгізу;
–
ресурстардың мемлекеттік органдар арасында бәсекелі бөлінуі
мен олардың қызмет нәтижелеріне
қол жеткізуін бақылау;
–
мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекеттік
жоспарлау субъектілерінің қызмет нәтижелілігі мен тиімділігінің негізгі
өлшем көрсеткіштерін әзірлеу;
–
мақсаттарды нақты орындаушыларға бекітуді қамтамасыз ететін
технологиялар мен
рәсімдерді мақсатты тұжырымдау;
–
қойылған мақсаттар мен оларға қол жеткізуде қызмет атқарған
орындаушылар әрекеттерінің деңгейін саналы түрде бағалауға
мүмкіндік беретін көрсеткіштерді бекіту.
Бюджеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражат мемлекеттің
өз қызметтерін толық орындауы үшін жеткілікті болу керек екенін
ескерген жөн.
Осыған сәйкес, мемлекет өзінің қаржылық саясатын мемлекеттік
қаражатты ұтымды пайдаланатындай етіп ұйымдастырады.
2009 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жоспарлау
жүйесін енгізу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының
теңдестірілген және толық жүйесін құруға, олардың мәртебесі мен
әрекет ету мерзіміне қарай бағдарламалық құжаттардың сатыларын
және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу
мен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін анықтауға септігін тигізді [6].
Мемлекеттік
жоспарлау
жүйесі
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспармен тығыз
байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің елдің
2020 жылға дейінгі стратегиялық көрінісі туралы Қазақстан халқына
Жолдауы негізінде құрылған болатын. Мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің негізгі міндеті 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды
144
және барлық басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды
тиімді орындауды толық көлемде қамтамасыз ету болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі әрбір мемлекеттік органның
өз стратегиялық жоспары негізінде жұмыс істеуі болып табылады
және елдің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар
мен
мемлекеттік
бағдарламалардың
мақсаттарымен
тікелей
байланысты нақты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу
үшін тікелей жауапты болады. Аталған жүйе әрбір мемлекеттік орган
мен оның басшысының қызмет нәтижелілігін жіті қадағалауға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бюджеттік қаражат
тек стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттар үшін бөлінеді. Бұл
стратегиялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды
шоғырландыруға шынайы жағдайлар мен алғышарттар жасайды [6].
Қазіргі таңда «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатында енгізілген ұзақ мерзімді
басымдықтар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің саты бойынша төмен
тұрған құжаттарында нақтыланған.
Министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларының
пайда болуы, ең алдымен, ведомство басшыларының жоғары деңгейдегі
түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамның шектеулі ресурстарын
тиімді пайдалану мәселелерін шешудегі тұлғалық жауапкершіліктерін
арттыру мен бюджет қаражатын бөлудегі жемқорлық қатерлерінің
алдын алу қажеттілігімен байланысты болды.
Мемлекеттік жоспарлау саласында орын алған ағымдағы жағдай
қалыптасқан негізгі мәселелерді көрсетеді. Аталған мәселені шешу
мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін
жетілдіру тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған тұжырымдама мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға
арналды:
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын тексеру және
оңтайландыру;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы мен
олардың жүзеге
асырылу деңгейін жетілдіру;
3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың
өзара
байланысын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдар қызметі мен стратегиялық және
бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижелілігін бағалауды
жетілдіру;
5) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы кадрлар
біліктілігінің деңгейін жоғарылату.
Қазақстанның демократиялық негіздер құру мен нарықтық
қатынастарды дамытуға бағдарлануы мемлекеттік қолдау шаралары
мен құралдарының бірыңғай жүйесін қалыптастырудың бастамасы
болды. Қазақстанда енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі
болжамдау, бағдарламалау, ұзақ мерзімді стратегиялық және орта
мерзімді индикативті жоспарлау элементтерін қамтиды.