Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет68/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

147
Бағдарламаның екінші міндеті екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1)  экономикалық  өсу  орталықтарын  қалыптастыру  және  оларды 
дамыту;
2)  Қазақстан  өңірлерінің  экономикалық  дамуы  мен  бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға атсалысу [8].
Мақсатты-бағдарламалық  тәсілдің  жетістігі  мен  нәтижелілігі  жұмыс 
сапасына ғана емес, жүзеге асыру тетіктеріне де байланысты болатыны 
сөзсіз.  Мақсаттар  мен  міндеттердің,  шаралардың  жүзеге  асырылу 
мүмкіндіктерімен қатар, барлық басқару жүйелерін түпкі нәтижелерге 
қол  жеткізуге  бағыттауды  күшейту  мен  орталықтандырылған  басқару 
әрекеттерін  оқшауландыру  арқылы  ауытқуларды  жоюға  мүмкіндік 
беретін  бағдарламалық  іс-әрекеттің  арнайы  ұйымдастырушылық-
экономикалық  тетігін  құру  мемлекеттік  бағдарламалаудың  негізгі 
идеясы болып табылады [9].
Сондықтан мақсатты кешенді бағдарламаларды жасау және іске асыру 
басқару  жүйесіне  бірқатар  шектеулер  жасап,  оған  ерекше  талаптар 
қоюда.  Бұл  –  дамудың  мүмкін  нұсқаларын,  жақсы  ұйымдастырылған 
кері  байланысты  және  ішкі  факторлар  мен  сыртқы  факторлардың 
арақатынасындағы өзгерістерге икемді жауап беруді ескеру қажеттілігі. 
Бұл жетік басқару мен тиісті мамандардың жоғары кәсіби дайындығын 
талап ететін күрделі обьектілер.
Шын  мәнінде,  мақсатты  кешенді  бағдарлама  қатысушылардың 
уақытпен үлестірілген, ресурстар бойынша негізделген және белгіленген 
мақсатқа  жеткізуге  бағытталған  өзара  келісімді  ес-әрекеттердің 
жүйесін  құрайды.  Бағдарламалар  бір  жағынан,  жоспарлардың 
мақсатты  қойылуын  жүзеге  асыру  құралы  ретінде  көрініс  тапса, 
екінші  жағынан,  қолда  бар  ресурстарды  мақсатты  бөлу  саласындағы 
жоспарлы шешімдерді негіздейтін жоспар алды құжат болып табылады. 
Сонымен  қатар,  бағдарлама  әлеуметтік-экономикалық  субьектілердің 
ұзақ мерзімді келешектегі өзара келісімді іс-әрекеттерінің белгіленген 
бағытта  жүзеге  асырылуын  бақылаудың  ең  тиімді  жолдарының  бірі 
болып табылады. Ал бұл әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесінің 
де, жалпы басқарудың да әлеуметтік бағдарлануын күшейтеді.
Мемлекеттік  бағдарламалар  соңғы  нәтижеге  қол  жеткізуге 
бағытталған  әртүрлі  шаруашылық  қожалық  етуші  субьектілердің, 
әлеуметтік-саяси  күштердің  іс-әрекеттерін  үйлестіру  нысаны  болып 
табылады.  Олар  комуникацияларға  жол  ашады:  ынтымақтастықта  
обьективті  мүдделілерді  біріктіруге  көмектеседі,  әлеуметтік-саяси 
институттардың 
әлеуметтік-экономикалық 
қарым-қатынастарды 
реттеуге араласуының легитимділік нысанын атқарады.
Мемлекеттік бағдарламалар мақсатты басқару құралы бола отырып, 
таңдалған бағыттарды іс жүзіне асыру үшін дамудың басым бағыттары 
бойынша  анағұрлым  тиімді  бағыттарды  негіздеу  құралы  ретінде, 
қоғамның  немесе  оның  жекелеген  құрылымдық  элементтерінің 
иелігіндегі  ресурстардың  шоғырлануы  ретінде  қолданылады. 
Бағдарламалар,  сонымен  қатар  басқарушылық  шешімдер  қабылдау 
барысында ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
саяси  және  өзге  де  аспектілердің  кешенді  үйлесімділігіне  жол  ашады. 


148
Сонымен қоса, бағдарламалар басқару үрдісінің ғылыми жүзеге асыру 
қызметін  де  атқарады.  Себебі,  ол  белгілі  бір  басқару  міндеттеріне 
байланысты  ғылыми  жобаларды,  нақты  әлеуметтік  жобаларды  және 
қолданбалы зерттемелерді өзара біріктіреді. (10)
Мемлекеттік  бағдарламалардың  жоғарыда  аталған  барлық 
функциялары  мынада  шарттар  сақталған  жағдайда  ғана  орындалары 
сөзсіз:  олардың  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  барысында  ғылымилық, 
икемділік, уақытылылық, кешенділік, жүйелілік талаптары, басқарудың 
ақпараттық  базасының  қоғамда  қалыптасқан  және  кеңінен  бөлінетін 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  медениетке,  адамгершілік  және 
моральдық нормаларға, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға сайма-
сай болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды енгізудің қазіргі 
кезеңінде  елдегі  бағдарламалау  мемлекеттің  шектеулі  ресурстарын 
пайдалану  мен  бөлуде,  ең  алдымен  бюджеттік  қаражатты  ұтымды 
пайдалану  мен  сыбайлас  жемқорлық  қауіптерін  барынша  азайтуда 
жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге  әлі  де  толық  көлемде  ықпал  ете 
алмауда. Мемлекеттік  органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол 
жеткізуге  бағдарлау,  сыбайлас  жемқорлықтың  көріністерін  азайту 
мақсатында бюджеттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды 
күшейту қажет.
Тірек сөздер: 
мемлекеттік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, 
нәтижелілік, мемлекеттік бағдарламалар.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Мемлекеттік жоспарлаудың мәні неде?
2.  Мемлекеттік жоспарлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етеді?
3.  Қазақстан Республикасында мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды 
қалыптастырудың негізгі бағыттарын атап өтіңіз.
4.  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа моделін енгізу ретін сипаттап 
беріңіз.
5.  Бағдарламалық-мақсаттық әдісті сипаттап беріңіз.
6.  Мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастырудың мақсаты қандай?
7.  Мемлекеттік бағдарламалардың функциялары қандай?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1.  Нәтижеге  бағдарланған  басқару  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
шарасы ретінде. 
2.  Мемлекеттік  жоспарлауда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 
қалыптастыру бағыттары.
3.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі.
4.  Бағдарламалық-мақсаттық әдістің мәні.
Әдебиет
1.  Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 
мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  Жолдауы.  2008  жылғы  6  ақпан  //  Егемен  Қазақстан.  
2008. 7 ақпан.
2.  Басовский  Л.  Е.  Прогнозирование  и  планирование  в  условиях  рынка: 
учебное пособие. 

 М.: ИНФРА 

 М, 2002.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау