Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет62/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73

134
төлеу  жүйесін  жетілдіру,  түпкі  нәтижеге  бағдарланған,  мемлекеттік 
менеджменттің  оңтайлы  әдістерін  енгізу  ерекше  мәнге  ие  болды.  Осы 
міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. 
Осы  кезеңде  функционалдық  талдау  негізінде  мемлекеттік  басқару 
құрылымдарын  оңтайландыру,  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер 
сапасын  арттыру,  мемлекеттік  органдардың  қызметін  рейтингтік 
бағалауды  енгізу  жұмыстары  жалғасты.  Жыл  сайын  мемлекеттік 
басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды. Ол 
қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, 
дамудың  жаңа  мақсаттары  мен  міндеттерінді  ілгерілетуге  байланысты 
болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің 
күрделілігі  мемлекеттік  басқаруға  қатысты  өзге  тәсілдерді  қолдануды 
талап етті. Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының 
бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 
болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттік 
басқарудың  жаңа  түрін  қалыптастыру.  Ол  қоғамға  қызмет  ету  мен 
мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» міндеті 
қойылды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды 
табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы 
нәтижелілігіне,  әрбір  мемлекеттік  орган  мен  мемлекеттік  қызметшінің 
қызметіне байланысты. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның  
алдыңғы  кезеңдеріндегідей,  мемлекеттік  қызметті  одан  әрі  жетілдіру, 
кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру,  жетілдірілген іріктеу рәсімдері 
мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық 
құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі 
тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың  жаңа жүйесін 
қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе 
түсті.
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметін  реформалау 
жалпы алғанда мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін 
жүргізілген,  жүргізіліп  жатқан  және  жүргізілетін  болатын  мемлекеттік 
басқару жүйесін реформалаумен тығыз байланысты.
Мемлекеттік  қызмет  саяси  институт  ретінде  мемлекеттің  маңызды 
негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола 
алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен 
барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды. 
Қазақстан  Республикасы  да  тәуелсіздігін  алғаннан  сәттен  бастап  өз 
мемлекеттік  қызметін  белсенді  құра  бастады.  Мемлекет  құрылысының 
бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялық-
кеңестік  мемлекеттік  аппарат  атқарды.  Әрине,  тәуелсіздік  жағдайында 
егемен  мемлекеттің  жаңа  болмысына  сәйкес  бұл  аппараттың  түрі 
өзгертілді,  сонымен  қатар  өзінің  қазақстандық  мемлекеттік  қызметін 
құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен 
маңыздылығы  аталған  институтты  конституцияландыруға  негіз  болды. 


135
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 
33-бабы  4-тармағында,  азаматтардың  мемлекеттік  қызметке  кіруге 
тең  құқығы  бекітілген.  Бұл  тармақ,  атап  айтқанда,  мемлекеттік  қызмет 
қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін 
сипаттайды.  Осы    нормаға  сәйкес,  мемлекеттiк  қызметшi  лауазымына 
кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына 
негізделген.  Мемлекеттік  қызметті  ұйымдастырудың  осы  және  басқа 
да  мәселелері,  талаптар  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңнамасында белгiленген. 
Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы. 
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  органдарының  практикасы  мен 
барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға 
бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде 
сыбайлас жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды.
Әрине,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мемлекеттің  негізгі 
функцияларының  бірі  болып  табылады,  1999  жылдың  23  шілдесінен 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саяси-
айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы 
және  жеке  уәкілетті  орган  –  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
қызмет істері агенттігі құрылды.
Мемлекеттік  қызметтің  қазақстандық  жеке  моделін  құру  бойынша 
белсенді  жұмыс  атқарылумен  қатар,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
іс-қимыл  тетіктерін  қалыптастыру  бойынша  жұмыстар  да  жүргізілді. 
Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтік-
құқықтық 
және 
ұйымдастырушылық-практикалық 
іс-шаралар 
қабылданды, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін 
жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы 
Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты:
- 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377  «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; 
- 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің 
жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі 
комиссия құру туралы»;
-  2005  жылғы  14  сәуірдегі  №  1550  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
күресті  күшейту,  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдар 
қызметiндегi  тәртiп  пен  реттiліктi  нығайту  жөнiндегі  шаралар  туралы» 
және басқалар.
Осы  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерге  негізделген 
шаралар  сол  уақытта  кең  ауқымды  сипатқа  ие  болған  (өкінішке  орай, 
осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге 
бағытталды.
Сондықтан, жоғарыда атап өткен нормативтік құқықтық акті бойынша 
құрылған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанынан  Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының 
жанындағы,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  және  мемлекеттік 
қызметшілердің  қызметтік  этика  қағидаларын  бұзуына  қарсы  күресті 
күшейтуге,  мемлекеттік  қызметшілердің  жауапкершілік  деңгейін 
арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады. 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау