1. Халық санағының мақсаты мен міндеттері



жүктеу 331,17 Kb.
Дата28.02.2018
өлшемі331,17 Kb.
#10860
түріБағдарламасы

Материал скачан с сайта - www.Temakosan.net – сайтынан тегін жүктелген

Мазмұны

Кіріспе


1. Халық санағының мақсаты мен міндеттері

2. Дайындық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыс

2.1. Санаққа дайындық және жүргізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу және қабылдау

2.2. Санақ бағдарламасын, оны жүргізу әдіснамасын әзірлеу және қорытындысын алу

2.3. Пилоттық санақ жүргізу

2.4. Санақтың халықты толық қамтуын және нәтижесінің сапасын қамтамасыз ететін, картографиялық материалдарды дайындау мен үйлердің тізімін құру қосылатын, іс-шаралар жүргізу

2.5. Халық санағына дайындық және жүргізуді ұйымдастыру жоспарларын жасау

2.6. Халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмысын жүргізу

2.7. Санақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету

2.8. Санақ кадрларын іріктеу және оқыту

3. Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және санақ материалдарын автоматты түрде өңдеу

4. Халық санағы материалдарын тарату

5. Санақ жүйесі бағдарламасы

5.1. Мекен-жай кестесі

5.2. Санақ кестесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

БҰҰ Статкомиссиясының анықтамасы бойынша: «Халық санағы – елдегі барлық адамдарға немесе ел халқының нақты шектеулі бөлігіне қатысты белгілі бір уақыттағы жағдайы бойынша демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың, талдаудың және жариялаудың немесе өзге түрде таратудың бірыңғай процесі».

Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның оның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпарат алуға дайындығының индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы әлемнің барлық елдерінде дерлік тұрақты: көбісінде - әрбір 10 жыл сайын, бірқатарында тіпті - әрбір 5 жыл сайын жүргізіліп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы да, барлық елдерге халық санағын кем дегенде 10 жылдан кейін ұйымдастыруды ұсына отырып, осыған бағыттайды, бұл сонымен бірге бүкіл жер шарындағы, сол сияқты әлемнің жекелеген елдеріндегі халықтың санын анықтауға мүмкіндік береді.

Санақ – бұл интернационалдық жұмыс, себебі қазіргі заманғы қоғамның қажеттілігі халықтың ұлттық ерекшеліктеріне, саяси құрылымына, географиялық орналасуына, табиғи, климаттық жағдайларына және т.б. байланыссыз, өте ұқсас. Міне осы себептен БҰҰ Статкомиссиясының Халық санағы мен БҰҰ-ның 2005-2014 жылдар кезеңіне жоспарлап отырған 2010 жылғы тұрғын үй қорының дүниежүзілік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ұсынысы ұлттық үкіметтердің, ал БҰҰ-ның әдіснамалық және ұйымдастыру тәсілдері бойынша ұсынымы бірқатар елдердің статистиктері мен демографтарының қолдауына ие болып отыр.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшыларының кеңесінде БҰҰ-ның Санақтың дүниежүзілік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Достастық елдеріндегі кезекті ұлттық жалпыға бірдей халық санағын жүргізуге байланысты мәселелер қаралуда және 2010 жылғы раундтың санағына дайындық пен жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу жүріп жатыр (ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері басшыларының кеңесі мәжілісінің 30-хаттамасы 2005 жылғы 13-15 маусым №20, Женева қаласы).

Қазақстан Республикасы осы ұсынымдар шеңберінде 2009 жылғы кезекті Ұлттық халық санағына дайындыққа және жүргізуге кіріседі (өткен халық санағынан 10 жылға тең уақыт аралығынан кейін).



1. Халық санағының мақсаты мен міндеттері

Елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халық және оның тұрғын үй жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.

Санақтың мақсаты – пайдаланушылардың өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Санақтың міндеті халықтың сын күніндегі нақты сипаттамасы, сондай-ақ оның тұрғын үй жағдайы туралы ақпаратты жинау, әзірлеу және ұсыну болып табылады.



2. Дайындық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыс

Алдағы болатын санақты жүргізуге үлкен дайындық, ұйымдастыру және әдіснамалық жұмыстар жүргізілуі керек (2006-2008 жылдар ішінде), оған:



2.1. Санаққа дайындық және жүргізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу және қабылдау.

2.2. Санақ бағдарламасын, оны жүргізу әдіснамасын әзірлеу және қорытындысын алу.

2.3. Пилоттық (байқау) санақ жүргізу.

2.4. Санақтың халықты толық қамтуын және нәтижесінің сапасын қамтамасыз ететін, картографиялық материалдарды дайындау мен үйлердің тізімін құру қосылатын, іс-шаралар жүргізу.

2.5. Халық санағына дайындық және жүргізуді ұйымдастыру жоспарларын жасау.

2.6. Халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

2.7. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

2.8. Санақ кадрларын іріктеу және оқыту.

2.1. Санаққа дайындық және жүргізу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу және қабылдау

Алдағы болатын санаққа дайындық, жүргізу, қорытындысын өңдеу және жариялау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасын әзірлеу 2006 жылға жоспарланып отыр.

Осы қаулымен Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясы құрылады, комиссияның негізгі міндеттері: санаққа дайындық және жүргізу жөніндегі жұмыстарға жәрдемдесу, оның негізгі әдіснамалық ережелерін бекіту; санаққа дайындық және жүргізу барысы туралы мәселелерді қарау, іс-шаралар мен атқарушы билік органдарының өзара іс-әрекетін іске асыру, шығыс сметасын қарау болып табылады.

Халық санағына дайындық және жүргізуге, оның жиынтық деректерін алу және жариялауға жауаптылық Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық органдарына жүктелетін болады. Бірқатар министрліктер мен ведомстволар санаққа ұйымдастыру және әдіснамалық қолдау көрсететін болады (Министрліктер: экономика және бюджеттік жоспарлау; қаржы; білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және басқалары).

Халық санағының нормативтік құқықтық актілерінің күші санақ сәтінде болған (тұрақты немесе уақытша) барлық адамдарға, сондай-ақ санақ сәтінде елде уақытша болмаған Қазақстан Республикасы азаматтарына қолданылады.

Сонымен қатар заңнамалық тәртіппен 2008 жылдың басынан бастап санақ аяқталғанға дейін шекара құруға, жоюға, белгілеуге және өзгертуге, әкімшілік-аумақтық бірліктердің бағыныстылығын және атауын өзгертуге, алаңдардың, көшелердің атауын өзгертуге, махаллаларды, үйлер мен пәтерлерді және т.б. қайта нөмірлеуге тыйым салатын мораторий қабылданатын болады.



2.2. Санақ бағдарламасын, оны жүргізу әдіснамасын әзірлеу және қорытындысын алу

Алдағы болатын халық санағы мен халықтың тұрғын үй жағдайының бағдарламасына енгізілуі мүмкін барлық мәселелерді (сұрақтамалар (санақ қағаздары), нұсқаулықтар және басқа қажетті санақ құжаттамалары) анықтауға арналған уақыттың жеткілікті болуы үшін, бағдарламаның жобасын дайындауды 2007 жылдан бастау жоспарланып отыр.

Санақ бағдарламасында өткен санақтардың қорытындыларымен салыстыру үшін қажетті сабақтастық сақталады, бұл басты бағыттардың қабысуы – алдағы санақты жүргізуді ұйымдастырудың негізгі өзегі.

Санаққа қойылатын ғылыми талаптардың ішіндегі ең бастыларын атап өтуге болады:

1. Қамту толықтығы (жалпыға бірдей сипат), яғни республиканың түгелдей санаққа алынатын (сұралатын) барлық халқы, Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар, сол сияқты шетел азаматтары да және республика аумағында тұруға рұқсаты бар азаматтығы жоқ адамдарды да қоса, санақ сәтінде олар республикада болды ма немесе уақытша оның аумағынан тыс шығып кетті ме, оған байланыссыз, сол сияқты уақытша осы елде болған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да, санақ объектісі болып табылады. Тек жалпыға бірдей санақ кезінде ғана барлық аумақтар бойынша халықтың жынысы, жасы, ұлты, тілі, білім деңгейі бойынша құрамы, үй шаруашылықтарының саны, құрамы және олардағы отбасыларының саны, экономика салаларында жұмыспен қамтылған халықтың құрамы туралы деректер алуға болады.

2. Үй шаруашылықтары БҰҰ-ның ұсынымдарына сәйкес байқау бірлігі болып табылады. «Үй шаруашылықтары» ұғымы бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін адамдардың жиынтығын білдіреді, және адамдардың тек туысқандық байланысымен ғана шектеліп қалмайды. Бұл адамдар туысқан болып келуі де және олай болмауы да мүмкін немесе аралас құрамда болуы да мүмкін.

3. Жеке тіркеу, яғни есепшілер үй-жайларды аралау кезінде халықтан сұрау жүргізеді және әрбір адамға оның жасына, азаматтығына, тұрақты немесе уақытша тұратындығына байланыссыз және қандай да бір құжатсыз (төлқұжат, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом, неке туралы куәлік және т.б.) санақ қағаздарын немесе бірыңғай үлгідегі басқа да бланктерді толтырады.

4. Бір мезгілділік, яғни белгілі бір күні, санақтың «сын сәті» деп аталатын күнгі жағдай бойынша жүргізу (әдетте бұл санақтың бірінші күні қарсаңындағы түн ортасы). Осыған байланысты, сын сәтіне дейін қайтыс болғандар және туғандар есепке алынбайды, нәтижесінде барлық халықтың бір сәттегі дерегін көруге болады.

Алдағы санақтың алынған статистикалық деректерінің бірыңғай көрінісін құруға ТМД Статкомитетінің Мемлекетаралық кеңесі әзірлеген сұрақтардың шамамен бірыңғай бағдарламасы және 2010 жылғы санақ раундына қатысушы мемлекеттер үшін санақтың модельдік анкетасы мүмкіндік береді. Оған, әдеттегідей, сұрақтардың жүйеге келтірілген негізгі тақырыптық блоктары: географиялық сипаттамалар және көші-қон сипаттамалары; үй шаруашылықтары мен отбасыларының сипаттамалары; демографиялық және әлеуметтік сипаттамалар; туу; білім; экономикалық сипаттамалар енгізілетін болады.

2.3. Пилоттық санақ жүргізу

Пилоттық санақ жүргізудің мақсаты санақ жүргізудің маңызды кезеңдеріндегі – тіркеуден бастап деректерді өңдеуге дейінгі – мүмкін болатын кемшіліктер мен қиындықтарды анықтау және жөндеу болып табылады. Пилоттық санақтар санақ жүргізудің барлық тетіктерін егжей-тегжейлі зерделеуге және талдауға, негізгі санақ бағдарламасында туындаған кемшіліктерді бағалауға және түзетуге, нақты санақ жағдайында оған тікелей қатысу арқылы бағалы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Өткен санақтан ерекшелігі пилоттық санақты 2008 жылы табиғи-экономикалық жағдайы әртүрлі іріктелген 3 ауданда жүргізу көзделіп отыр. Аудандарды бұлай іріктеу елдің әртүрлі бөліктеріндегі халықты есепке алудың ерекшеліктерін нақтылауға, бағдарламалардың жобаларын, нұсқаулықтарды және қажетті санақ құжаттамаларын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ пилоттық санақтың бірінші нұсқасы кезінде сұрауды 10 күн ішінде, екіншісінде - 20 күн және үшіншісінде – 30 күн ішінде, ал бақылау мақсатымен аралауды 7 күннен 10 күнге дейін жүргізу ұйғарылып отыр.

Бұрын ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, санақ жүргізу кезінде халықты сұрау мерзімінің ұзақтығы 8 күнді, ал бақылау мақсатымен аралау 5 күнді құраған болатын, бұл санақ жүргізу сапасының төмендеуіне әкеліп соқты. Соңғы санақ бұл мерзімдердің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Кейбір басқа елдерде халықты сұрау мерзімінің ұзақтығы бір айдан үш айға дейін созылады, мұнда санақ құжаттамасының толықтығы және толтыру сапасы қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты алдағы санақтың ұйымдастыру-әдіснамалық ережелерін халықты сұрау ұзақтығының әртүрлі мерзімдерімен сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Олардың нәтижелері бойынша далалық жағдайда жұмыс істеу үшін қанша адам керек екендігінің оңтайлы нормасы, есепші қызметкерлерге түсетін жүктеменің нақты нормасы, бақылау іс-шараларын өткізуге арналған уақыттың жеткіліктілігі анықталатын болады, сондай-ақ көлік құралдарына, қағаз өнімдеріне қажеттіліктің көлемі туралы және осыларға байланысты шығыстар туралы бірқатар түсінік беретін болады. Сұрақнамаларды – санақ қағаздарын далалық жағдайларда, ал кейін – деректерді өңдеу кезінде пайдалану мүмкіндігі тексерілетін болады. Келтірілген сұрау нұсқаларының ішінен санақ қағаздарын барынша толық және сапалы толтыруды қамтамасыз ететін нұсқасы таңдалатын болады.

2.4. Санақтың халықты толық қамтуын және нәтижесінің сапасын қамтамасыз ететін, картографиялық материалдарды дайындау мен үйлердің тізімін құру қосылатын, іс-шаралар жүргізу

Дайындық жұмыстары барысында (2007 – 2008 жылдары) аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің және кенттік әкімшіліктердің жаңа тізбелерін нақтылау және жасау, олардағы көшелердің атауын, өткен соңғы санақтан кейінгі барлық әкімшілік-аумақтық өзгерістерді есепке алып, махаллалар, үйлер мен пәтерлердің нөмірленуін тәртіпке келтіру қажет болады.

Мұнымен қатар картографиялық материалдар: аудандар мен елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдар (селолар)) карталарының схемалық жоспарлары жергілікті жерлерде нақтылана отырып жасалатын болады.

Осы кезең ішінде қала және ауыл халқының ағымдағы есебінің дұрыстығы мен толықтығына тексеру жүргізілетін болады.

Арнайы іріктелген тіркеушілер картографиялық материалдарды құрастырғаннан кейін республиканың елді мекендеріндегі тұрғын үйлердің тізімдерін жасайтын болады, олар санақ кезіндегі халық есебінің толықтығын анықтауға арналған бақылау құжаты ретінде жүретін болады. Бұл тізімдерге санақ учаскесінің әрбір үй бойынша халық саны көрсетілген барлық құрылыстары енгізілетін болады, сондай-ақ картографиялық материалдың нақты аумақтағы құрылыстардың нақты барына сәйкестігіне салыстыру жүргізілетін болады.

2.5. Халық санағына дайындық және жүргізуді ұйымдастыру жоспарларын жасау

Статистика органдары елді мекендердегі үйлердің жасалған тізімдері негізінде санақ жүргізудің санақты аудандастыру деп аталатын ұйымдастыру жоспарын жасайтын болады. Аудандар мен елді мекендердің аумақтары санақ учаскелеріне: санақ бөлімдеріне; нұсқаушылық учаскелеріне; есептеу учаскелеріне бөлінетін болады.

Ұйымдастыру жоспарларын жасау санақ қызметкерлерінің қажетті санын анықтау, олардың арасында жүктеме нормаларын біркелкі бөлу және оларды санақ учаскелері бойынша дұрыс орналастыру, сондай-ақ санақ бөлімдеріне, нұсқаушылық учаскелеріне арналған үй-жайларға және автокөлікке деген қажеттілікті анықтау үшін негіз болып табылады. Аудандастыру сапасы көп жағынан санақ жүргізу кезіндегі халық есебінің дәлдігін анықтайтын болады.

2.6. Халық арасында бұқаралық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі ретінде бұқаралық- түсіндіру жұмысын атау қажет, яғни, елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, оларда санаққа деген оң қатынас қалыптастыру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру. Қоғамдық өмірді демократияландыру және халықты санаққа қатысуға мәжбүрлеу институттарының жоқтығы қазіргі жағдайларда респонденттер арасындағы бұқаралық-түсіндіру жұмысы басымдылығының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік берді.

Санақ – бұл әрбір адамның ісі, себебі осы адамдарға пайда әкелетін көптеген әкімшілік мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар санақ нәтижелеріне байланысты. Сондықтан бұқаралық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру санаққа дайындықтың жауапты кезеңдерінің бірі болады, әсіресе тікелей осы іс-шара басталар алдындағы кезеңдерде.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдында алдағы болатын санақтың мақсаттары мен міндеттері туралы халық арасында бұқаралық түсіндірме жұмысын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен, «Қазақ ақпараттық агенттігі (Қазақпарат)» ұлттық компаниясымен, Қазақстан Республикасының телерадиокомпанияларымен және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп қамтамасыз ету жұмысы тұр.

Санақтың табысты болуы халық осы іс-шараның мемлекеттік маңыздылығын және оған өзінің қатысуның маңыздылығын, сондай-ақ санақ парағындағы сұрақтарға шынайы жауап беру қажеттілігін қаншалықты түсінуіне байланысты. Сондықтан елде санаққа дайындық және жүргізу кезеңінде бұқаралық-түсіндіру жұмысы кең қанат жаятын болады.

2.7. Санақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Дайындық жұмысы тармақтарының бірі - санақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

Санақ өткізу үшін бірінші кезекте санақ құжаттамасын дайындау талап етіледі, оны шығаруды санақ бойынша бланк өнімдерін дайындау тендерін ұтып алған баспа ұйымы жүзеге асырады.

Дайындалған бланкі өнімін және материалдық-шаруашылық мақсаттағы құрал-жабдықтарды (бланкілер, нұсқаулықтар, есепшілерге берілетін портфельдер, қаламсаптар, қарындаштар, папкалар, өшіргіштер, куәліктер және басқалары) санақ құжаттамасын жеткізудің белгіленген мерзіміне сәйкес облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика басқармаларына, одан әрі аудандық (қалалық) статистика бөлімдеріне жеткізу қажет болады.

Пилоттық санақтың түрлі бағдарламаларының және санақ деректерін автоматты түрде енгізудің техникалық құрылғыларының мүмкіндіктерін зерделегеннен кейін, ұйымдастыру техникасын және техникалық құрылғыларды жеткізу тендерін ұтып алған ұйым Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің орталық аппаратын, облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика басқармаларын және аудандық (қалалық) статистика бөлімдерін компьютерлермен, көбейту техникасымен, серверлермен, сканерлермен, бағдарламалық өнімдермен және басқа да техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін болады.

Мұнымен қоса, санақты табысты өткізу үшін статистика органдарына қызметтік автокөлік те сатып алынатын болады.



2.8. Санақ кадрларын іріктеу және оқыту

Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясы бекітетін алдағы болатын санаққа дайындық және жүргізуді ұйымдастыру жоспарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және т.с.с. арасынан тартылатын санақ қызметкерлерінің – есепшілердің, нұсқаушы-бақылаушылардың, санақ бөлімдерінің меңгерушілері мен олардың көмекшілерінің және аудандық/қалалық статистика бөлімдерінің бастықтары орынбасарларының қажетті саны белгіленетін болады. Санақ персоналын жинақтау және бекіту тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің Әкімдеріне жүктелетін болады.

2008-2009 жылдар кезеңінде санақ кадрларын іріктеу, бекіту және оларды арнайы ұйымдастырылған нұсқамаларда оқыту жүргізілетін болады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кеңселерінде, статистиканың аумақтық органдарында және жергілікті жерлерде оқытудың жоспар-кестелері жасалатын және бекітілетін болады.

Санақ кадрларын оқыту практикалық сабақтармен, санақ құжаттамаларын сынама толтырумен және оқушылардың білімін тексерумен қатар жүргізілетін болады.



3. Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және санақ материалдарын автоматты түрде өңдеу

Санақ әзірленген бағдарламаға сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген мерзімдерде республиканың барлық аумағында жүргізілетін болады.

Санақ кезінде халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу тәртібіне белгіленген мерзімге сәйкес үй-жайларды алдын ала аралап шығу, яғни халық тұруы мүмкін барлық құрылыстар мен үй-жайларға (соның ішінде тұрғын еместер де) бару кіретін болады және әр үй-жайда нақты тұратын адамдар саны анықталады. Халықты сұрауға бөлінген уақытта есепші халық тұратын немесе тұруы мүмкін үй-жайларға барып, оларды сұрап, санақ қағаздарын толтырады. Азаматтардан мәліметтерді сондай-ақ тұрақты санақ учаскелерінде: санақ бөлімдері мен нұсқаушылық учаскелерінде алатын болады.

Өз объектілерінде санақты Қазақстан Республикасы Әділет және Қорғаныс министрліктері жүргізетін болады. Республиканың Сыртқы істер министрлігі – шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының санағын, Көлік және коммуникация министрлігі – поездарда, әуежайларда, темір жол мен автовокзалдарда санақ жүргізеді, сондай-ақ санақ материалдарын жеткізуді, санақ персоналының байланысы мен жолын қамтамасыз етеді. Республиканың Ішкі істер министрлігі санақ жүргізу кезінде полицияның күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыратын болады. Елдегі санақ проблемаларын жедел шешуді және бақылауды Санақ жөніндегі республикалық штаб және облыстардағы, қалалар мен аудандардағы осындай штабтар жүзеге асыратын болады.

Далалық жұмыстарды жүргізгеннен кейін есепші тастап кеткен немесе қателесіп жазған адамдардың жоқ екендігін анықтау мақсатында бақылап аралау жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда және халықты екі қайтара есептеуге жол бермеу үшін бақылау бланктері мен санақ жүргізілгендігі туралы анықтамалар қолданылатын болады.

Санақ жүргізу аяқталғаннан соң есепшілердің барлық санақ материалдары нұсқаушылық учаскелерінде және санақ бөлімдерінде тексеруден өтеді, ал содан кейін аудандық (қалалық) статистика бөлімдеріне жіберіледі, онда қосымша тексеруден өткеннен кейін облыстардың статистика басқармаларына одан әрі өңдеуге жіберіледі.

Облыстардың статистика басқармаларында санақ материалдары тексеруден, санақ қағаздарының жекелеген көрсеткіштері кодтаудан өтеді де, өткен санақтағыдай автоматтандырылған өңдеу үшін ұйымдастырылған бірлескен орталықтарға берілетін болады. Құрылған бірлескен орталықтарда сканерлер, серверлер және жұмыс орындары бар жергілікті желілер жұмыс істейтін болады, онда бірнеше өңірлер бойынша санақ қағаздарын енгізу өткен санақтағыдай сканерлеу, яғни ақпаратты арнаулы сканерлік құрылғыдан оқу әдісімен жүзеге асырылатын болады.

Бұдан әрі қалыптастырылған дерекқор бірлескен орталықтардан Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығына орталықтандырылған дерекқор қалыптастыруға, санақтың қорытынды кестелерін алуға, санақ дерекқорын жүргізуге жіберілетін болады.

Санақ материалдарын әзірлеудің алдын ала нақтыланған бағдарламасына сәйкес халық саны және аумақтық орналастырылуы; демографиялық сипаттамалар; халықты білім деңгейі бойынша бөлу; әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар; ұлттық-лингвистикалық сипаттамалар; үй шаруашылықтары мен отбасыларының саны мен құрамы; халықтың көші-қоны; халықтың тұрғын үй жағдайы және басқалары секілді көрсеткіштердің топтары бойынша топтастырылған негізгі ақпараттар ауқымы кіретін стандарттық ұйғарынды кестелер алынатын болады.

4. Халық санағы материалдарын тарату

Алдағы санақ материалдарына әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылардың тегіс қамти қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін деректерді таратудың арнайы стратегиясы мен тактикасы әзірленетін болады, ол мыналарды көздейді:



- арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету үшін пайдаланушылардың сұрау салуын зерделеу;

- пайдаланушылардың қалың қауымының ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;

- таратудың қазіргі заманғы технологиялары мен құралдардың әр түрін пайдалану;

- маман емес адамдардың санақтың түсіндірілген дайын деректерін пайдалануы үшін күрделі талдау мен есептеулерді орындау;

- пайдаланушылардың сұрау салуын барынша қанағаттандыра отырып құпиялылығын қамтамасыз ету;

  • өңірлік мекемелерді санақ нәтижелерін таратуға тарту.

Құпия бастапқы (жеке) деректер жариялауға жатпайды, ал санақтың ақырғы қорытындылары жинақталған және топтастырылған түрде ғана пайдаланылатын немесе жарияланатын болады.

Барлық санақ құжаттамалары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі белгілеген тәртіпте сақталатын болады.

Санақ қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және оның аумақтық органдары пайдаланушыларға анықтамалықтар, жинақтар, баспасөз хабарламаларын, баспасөз шығарылымдарын, мақалалар және басқа статистикалық және талдау материалдарын дайындайтын болады.

Санақ материалдары Президент пен Үкімет Әкімшілігі, Республика Парламенті, министрліктер, ведомстволар, агенттіктер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік жоғары оқу орындары мен кітапханалар, халықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары және т.с.с. кіретін пайдаланушылардың қалың қауымына ұсынылатын болады.



5. «Санақ жүйесі» бағдарламасы

Бұл бағдарлама Delphi 6.0 ортасында жазылған. Бұл бағдарлама екі кестені пайдаланады. Мекен-жай және тұрғындар кестесі.



Мекен-жай кестесінің құрылымы:

Өрістің аты

Типі

Сипаты

ID

Сандық

Қайталанбайтын номер

ADR

Жолдық

Мекен-жай

NM

Жолдық

Пәтер иесі

TEL

Жолдық

Телефон номері

Тұрғындар кестесінің құрылымы:

Өрістің аты

Типі

Сипаты

ID

Сандық

Мекен-жай номері

NM

Жолдық

Тұрғынның аты-жөні

TG

Уақыт

Туған күні

PSP

Жолдық

Жеке куәлігі

ZH

Жолдық

Жұмыс атқаратын орны

Бағдарламаны орындауға жібергеннен соң, экран бетіне 1-суреттегідей форма пайда болады. Зейін салсаңыз, осы формадан өзімізге қажетті формаға көшуге мүмкіндік бар, яғни мекен-жай және тұрғындар кестесін өңдеуге.



1-сурет. «Санақ жүйесі» бағдарламасының басты формасы

5.1. Мекен-жай кестесі

Мекен-жай кестесі формасын ашқаннан соң, 2-суреттегідей форма пайда болады. Мұнан біз жаңа мекен-жай қосуға, бар мекен-жайды өзгертуге және өшіруге мүмкіндік аламыз. Ол үшін қажетті команданы таңдап, «Орындау» батырмасын басыңыз. Бұл формадан шығу үшін «Шығу» батырмасы қарастырылған.





2-сурет. Мекен-жай кестесі формасы

5.2. Санақ кестесі

Бұл форма алдыңғы формамен функциялары ұқсас, бірақ жаңа түрғын қосу, өшіру немесе өзгерту үшін алдымен мекен-жайды үстіңгі тізімнен таңдаймыз. Ол үшін қажетті команданы таңдап, «Орындау» батырмасын басыңыз. Бұл формадан шығу үшін «Шығу» батырмасы қарастырылған.





3-сурет. Санақ кестесі формасы

Қорытынды

Курстық жұмыстың мақсаты өндірістік мәліметтер қорын, соның ішінде "Санақ жүйесі" бағдарламасы арқылы мәліметтер қорын құрып, статистика агентігінің кадрларына қажетті бағдарлама құру. Берілген талаптарды орындап статистика агентігінің кадрларына санақ жүргізуге мүмкіндік беретін кішігірім бағдарлама құрылды. Қолданушы өзіне қажетті мәліметтерді қосу/алу жұмыстарын жүргізе алады. Курстық жұмысты жазу барысында алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай жағдайларды:



  1. Жалпы мәліметтер қорының ұйымдастырылуын;

  2. Delphi программалау ортасының компоненттерін, осы ортадағы мәліметтер қорын ұйымдастыруды және өңдеуді;

қамтыдым. Бағдарламаның тиімділігі қарапайым қолданушының жұмыс істей алатындығы.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Архангельский А.Я. Разработка прикладных программ для Windows в Delphi5 –М: Бином 1999-256с. ил-(Все о Delphi)

  2. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5. –М: Бином, 2000 –208с. ил-(Все о Delphi)

  3. Бобровский С. Delphi 57 Учебный курс. – СПб.: Питер,и 2002-640с.

  4. Кандзюба С.П. Delphi 6. Базы данных приложения: Лекции и упражнения /Кандзюба С.П., Громов В.Н. -М: Диа-Софт. 2001-576с.

  5. Кенту Марко. Delphi 5 для профессианалов. СПб.: Питер, 2001-944с:ил-/в пер.

  6. А. Я. Архангельский. Программирования в Delphi 6 – М.: ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2003 г. – 1120 с., ил.

  7. Томас Коннолли, Каролин Бег, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. Пос: -М.: издательский дом “Вильямс”, 2000г.

  8. Гофман И.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5.-СПб.: БХВ-Санк-Петербург. 2000г.

  9. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5. Рукаводство разработчика базы данных –М.: “Нолидж”, 2000г.

  10. К. Грибачев. “Delphi и Model Driven Architecture” Разработка приложений баз данных – СПб.: Питер, 2004. – 348 с.: ил.

жүктеу 331,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау