Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет47/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
104
құраса, енді он бес жылға дейін көбейді. Пара алудағы делдалдық үшін 
санкциялар күшейтілді – айыппұл орташа есеппен үш есеге (екі мыңға 
дейінгі  ең  төменгі  есептік  көрсеткіш),  бас  бостандығынан  айыру  төрт 
жылдан  алты  жылға  дейін  көбейді.  Аса  ірі  көлемде  пара  алғаны  үшін 
қылмыстық жауапкершілік (екі мыңнан аса АЕК) көзделді, онда барынша 
көп  санкция  10  жылдан  15  жылға  дейін.  Жаңа  Заң  заңсыз  жолмен 
алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, кәсіпкерлік 
қызметке заңсыз қатысу, жалған кәсіпкерлік және басқа да қылмыстардың 
сыбайлас жемқорлық құрамы секілді қылмыстарды айқындау бойынша 
құқық  қорғау  органдарының  мүмкіндіктерін  айтарлықтай  кеңейтеді. 
Сонымен  қатар  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодекске, 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»,  «Мемлекеттік  қызмет 
туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. 
Қоғамдық  қауіпсіздік  белгісі  бойынша  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылықтарды  шектеу  және  оған  құқықтық  салдарды  сәйкестендіру 
үшін  алғаш  рет  заңсыз  материалдық  сыйақы  алғаны  үшін  лауазымды 
адамдардың  әкімшілік  жауапкершілігі  енгізілді.  Сыбайлас  жемқорлық 
қылмыс  жасаған  адамдардың  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдарда 
кез  келген  лауазымды  атқаруына  өмір  бойына  тыйым  салу  енгізілді. 
Мемлекеттік  қызметшілердің  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 
жасауын  тоқтататын  факторлардың  бірі  сыбайлас  жемқорлық  құқық 
бұзушылық  жасаған  немесе  осы  себептен  жұмыстан  шығарылған 
адамдарды  мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  жұмысқа  қабылдағаны 
үшін жұмыстан шығару болып табылады. 
Президенттің бастамасы бойынша еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» 
партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. 
2008  жылғы  4  мамырда  «Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы қабылданды [27]. Осы Конвенцияға қол қоюдағы 
мақсат  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға  бағытталған  неғұрлым 
тиімді және пәрменді шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, 
ынталандыру, жеңілдету мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және 
оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты қолдау, оның ішінде 
заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару бойынша шаралар қабылдау 
болып  табылады.  Конвенцияда  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу 
жөніндегі,  оның  ішінде  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  жария  сатып 
алу  және  көпшілік  қаржыны  басқару,  сондай-ақ  қоғамның  сыбайлас 
жемқорлықтың  алдын  алуға  қатысуы  бойынша  іс-шаралар  кешені 
қарастырылған.  Конвенцияда  көзделген  шаралардың  бірі,  сыбайлас 
жемқорлық қылмыскерлердің Қазақстаннан қашып кетуге және шетелде 
жасырынуға  тырысуының  мүмкін  еместігі  болып  табылады.  Сыбайлас 
жемқорлық  қылмыс  үшін  заң  бұзушы  адамға  БҰҰ-ның  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылған әлемнің 147 елінде бірден 
жауап беруіне тура келеді, өйткені, ол өзара құқықтық көмек беруді және 
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды беруді егжей-тегжейлі 
регламенттейді.


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
105
2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  одан  әрі  күшейту  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Заңы  қабылданды  [28],  ол  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  күресті  күшейтуге,  мемлекеттік  қызметшілердің  сыбайлас 
жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасағаны  үшін  жауапкершілігін 
қатаңдатуға,  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  үшін  жағдай 
жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған. 
Заңда  декларацияны  тапсыру  міндетті  болып  табылса  да,    жылдық 
жиынтық табыс туралы декларация тапсырмай, салықтарды және басқа да 
бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік 
қарастырылған.
Заңда салық есептілігін тапсырмағаны үшін, оның ішінде адамдар тобы 
алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылық жасаған үшін жауапкершілік белгіленген.
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті  күшейту  мақсатында,  Заңда 
ұйымдасқан  топтың  немесе  қылмыстық  қоғамдастықтың  (қылмыстық 
ұйымның)  мүддесі  үшін  лауазымдық  өкілеттігін  теріс  пайдаланғаны 
үшін,  сондай-ақ    жауапты  мемлекеттік  лауазымды  атқаратын  адамның  
кәсіпкерлік  қызметке    заңсыз  қатысқаны  үшін  жауапкершілікті  енгізу 
қарастырылған. 
Сонымен  қатар  Заңда  айыппұл  санкцияларын  көбейту  арқылы 
сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар  жасағаны  үшін  жауапкершілік 
күшейтілген  және  мүлікті  тәркілеу  институтын  енгізу  көзделген. 
Сондай-ақ  Заңда  Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық 
бұзушылық  туралы  кодексіне  өзгерістер  енгізу  қарастырылған,  олар 
қаржы  бақылау  шараларын  бұзғаны  үшін,  мемлекеттік  функцияларды 
орындауда  уәкілетті  жеке  тұлғаларға  немесе  оларға  теңестірілген 
тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар 
мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  айыппұл  санкцияларын 
өсіру арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны және заңсыз 
кірістер алғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Заңда  ұйымдарды  басқару  функцияларын  орындайтын  бірқатар 
тұлғалар, мемлекеттің үлесі (кемінде 35 %, бұл кем дегенде 50 %) жарғылық 
капиталында  ұлттық  басқарушы  холдингтерге,  ұлттық  холдингтерге, 
сондай-ақ  олардың  еншілес  ұйымдарына  берілген  мемлекеттік 
функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестіру; заңсыз жолмен 
алынған,  ұйымдасқан  топ  немесе  қылмыстық  қоғамдастық  жасаған 
ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастырғаны үшін мүлікті 
міндетті тәркілеуді енгізу ұсынылады.
Бұдан басқа, Заңда нормативтік актілер арасындағы коллизияларды, 
сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасауға  ықпал  ететін 
әкімшілік  заңнаманың  нормаларын  реттеуде  кемшіліктерді  жою 
мақсатында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу,  мемлекеттік  қызмет  туралы  және 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы  заңнаманы  қолданыстағы 
заңнамаға сәйкестендіру ұсынылады. 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау