Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет48/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
106
Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қатал жауапкершіліктің қажеттілігі 
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық 
саясат тұжырымдамасында көзделген [29].
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның [30] «Рұқсаттар 
және  хабарламалар  туралы»  Заңның  [31]  қабылдануымен  мемлекеттік 
көрсетілетін  қызметтердің  сапасын  арттыру  үшін  жағдай  жасалды, 
рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды.
2014–2020  жылдарға  арналған  құқық  қорғау  жүйесін  одан  әрі 
жаңғыртудың  Мемлекеттік  бағдарламасында  құқықтық  тәртіп 
органдарына  деген  сенім  деңгейін  көтеруге,  мінсіз  мінез-құлқымен 
және  жоғары  құзыреттілік  деңгейімен  ерекшеленетін  персоналды 
қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылған [32].
Бағдарлама құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер спектрін 
кеңейтуді  және  стандарттауды,  сондай-ақ  олардың  сапасын  арттыру 
бойынша  шараларды  көздейді.  Одан  әрі  дамыту  мәселесі  құқықтық 
тәртіп  органдарының  халықпен,  азаматтық  қоғам  институттарымен 
өзара  іс-қимылының  жаңа  нысандарына  ие  болады.  Құқық  қорғау 
қызметінің  құқықтық  және  ұйымдастырушылық  негіздерін  жетілдіру, 
соның ішінде қылмыстық қудалау органдарының жұмысын бағалаудың 
жаңа  критерийлерін  әзірлеу  көзделген.  Сот  актілерін  мәжбүрлеп 
орындаудың  тиімді  жүйесін  құру  және  сот-сараптама  қызметін  бір 
органға шоғырландыру болжанады.
Осылайша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түрлі 
өмір салаларында сыбайлас жемқорлықты туындататын және мемлекеттік 
қызметшіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелейтін себептер 
мен  жағдайларды  барынша  азайту  бойынша  мемлекет  пен  қоғамның 
жан-жақты  және  дәйекті  шараларын  әзірлеу  мен  жүзеге  асыруды 
көздейді. 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  қалыптасуының 
бесінші  кезеңі  2014  жылғы  тамыздан  басталады.  2014  жылғы  тамызда 
«Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  кейбір  мәселелері  және 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кейбір  жарлықтарына 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Жарлыққа  сәйкес  [33], 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі  құрылды,  оған  мемлекеттік 
қызмет  саласындағы  басшылықты,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 
сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
заңнамасында  көзделген  шектерде  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар 
мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, 
ашу  мен  тергеу  бойынша  салааралық  үйлестіруді  әрі  өзге  де  арнайы 
атқарушы  және  рұқсат  беруші  функцияларды  жүзеге  асыру    бойынша 
өкілеттіктер берілді. 
Осылайша,  Мемлекет  басшысы  мемлекеттік  қызмет  және  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  реттеуші  және  құқық 
қорғау  функцияларын  біріктіретін  арнайы  мемлекеттік  орган  құрды. 
Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеруге және мемлекеттік 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
107
аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар, 
сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық 
қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді. 
Бұл  ретте,  алдын  алу-профилактикалық  қызмет  жаңа  құрылған  орган 
үшін басым бағыт болып табылады. 
Шын  мәнінде,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  бесінші 
кезеңінің  басталуы  халықтың  құқықтық  сауаттылығын  арттыруға, 
мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасы  стандартын  жетілдіруге  және 
әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді.
Әкімшілік,  қылмыстық  заңнама  жетілдірілді,  сыбайлас  жемқорлық 
құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті 
шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты.
Қазақстан  мемлекеті  дамуының  алдыңғы  кезеңдерінде  жалпы 
мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
ісінде айқын оң үрдістер байқалды.
Жоғарыда  аталған  Жарлықта  Қазақстан  Республикасының  2015-
2025  жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясы 
анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 
алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін  
алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның 
деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған. 
Стратегия  елдегі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  ағымдағы 
жағдайын  талдауды,  сыбайлас  жемқорлық  көріністеріне  ықпал  ететін 
негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты іс-
шараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды.
Стратегияны  іске  асыру  нәтижесі  халыққа  мемлекеттік  қызмет 
көрсету  сапасын,  қоғамның  мемлекет  институттарына  сенім  деңгейін, 
азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін 
жақсарту  болуы тиіс.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 
негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1)  мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл;
2)  қоғамдық бақылау институтын енгізу;
3)  квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл;
4)  сот  және  құқық  қорғау  органдарында  сыбайлас  жемқорлықты 
ескерту;
5)  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
6)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша 
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы  бағыттар  шеңберінде  2016  жылдың  қаңтарынан  бастап  жаңа 
заңдар  күшіне  енді:  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы» 
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V [34], «Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік  қызметі  туралы»  2015  жылғы  23  қарашадағы  [35], 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау