Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа
ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде
тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен
бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық
мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын
құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін
қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді,
бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын
барынша азайтуға әкеледі.
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз
беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас
Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты
серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне
негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының
облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен,
«Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан
студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара
іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5].
Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру,
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын
ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы
ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға
бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес
және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар
құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді
тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар
мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық
көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің
азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл
тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік
деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Тірек сөздер:
жоғары оқу орындары, білім беру процесі, студент
жастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен сенім,
студент жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу
жүйесі.
77
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатынас. Не өзгерді?
2. Сіздің
көзқарасыңызша,
жастар
ортасындағы
сыбайлас
жемқорлықтың таралуына не байланысты болады?
3. Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу
үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?
4. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай мәселені азаматтық
патриотизм ретінде көресіз?
Рефараттардың үлгілік тақырыптары
1. Әлемдегі және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар
қозғалысы.
2. Жастар ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің объектісі немесе
субъектісі ретінде.
3. Қоғамның әртүрлі өмір тіршілігі салаларында (әлеуметтік, саяси,
экономикалық, сондай-ақ адамның күнделікті өмірінде) сыбайлас
жемқорлықтың теріс салдары.
4. Қазақстан Республикасының ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты:
ұғымы мен мазмұны (болмысы).
5. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы:
ұғымы, мазмұны, құрылымы.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық
ынтымақтастық: ұғымы, түрлері және нәтижелері.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ұйымдар:
құқықтық жағдайлар мен қызмет тиімділігі.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.
2. Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси
кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы №001 қаулысымен бекітілген.
3. Артыкбаев К. IT-технологии против «ржавчины» общества. http://www.
pravstat.kz/rus/bm/Publikacii/ pub3?cid=0&rid=148.
4. Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное условие
деинституализации коррупционных отношений [Текст] / И. Н. Пустовалова
// Гуманитарные и социальные науки. - № 1. - 2011.
5. Сартаев С. А., Калшабаева М. Ж. Формирование негативного восприятия
коррупции как показатель роста правовой культуры современного
казахстанского общества. http:// group-global.org/sites/default/files/
6. http://antikorkz.kz/index.php/programma-2015-2025.
7. Молодёжные
организации
Казахстана.http://www.shuak.kz/index.php?
option=com_content&view=article&id=211:molodezhnye-organizatsii-kazakh
stana&catid=11&Itemid=134&lang=ru.
8. Материалы сайта Transparency International. http://www.transparency.org/.
9. Education Against Corruption/international projects. http://www.sdcentras.lt/
antikorupcija/en/tp1.htm.
10. Education Against Corruption/in-service training. http://www.sdcentras.lt/
antikorupcija/en/kt.htm.
11. Предупреждение коррупции в системе образования. Практическое
руководство. - Эшборн, 2004. (Preventing Corruption in the Education System.
A Practical Guide. Eschborn, 2004).
12. Fighting Corruption in the Education Sector: Methods, Tools and Good Practices.
An Advance Copy of UNDP Commissioned Study. John Wood &Laetitia
Antonowicz. October 2010.
78
Достарыңызбен бөлісу: |