Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет40/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
90
Үшінші.  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  құқығының 
құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық 
актілерді  қамту  және  қолдану  арқылы  адамның  құқықтары  мен 
бостандықтарының  органикалық  байланысын,  сыбайлас  жемқорлықты 
жеңудің  маңызды  шарты  ретінде  қарастырылатын,  азаматтардың 
құқықтары,  бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  нормативтік 
құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту.
Төртінші.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бағытталуға  қатысты 
Конституцияның  нормалары  бар,  онда  ел  Президентін  Мемлекет 
басшысы  және  оның  жоғары  лауазымды  адамы  ретінде  сайлау 
рәсімдері,  сол  орында  оның  болу  мерзімдері,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  лауазымын  атқаруына  байланысты 
шектеулер көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері 
ретінде,  мысалы,  заңдарды  қабылдау  (заңдарды,  оның  жекелеген 
баптарын  қайта  талқылау  және  дауыс  беру  үшін  қайтару  құқығы) 
кезінде Парламентпен өзара қарым-қатынасын, немесе Үкіметтің және 
Премьер-Министрдің,  облыстар,  республикалық  маңызы  бар  қалалар 
мен  астана  әкімдерінің  актілерінің  әрекетін  толық  не  ішінара  тоқтата 
тұру  құқығын қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салмақты 
әлеует  Негізгі  заңның  45-бабы  3-тармағының  ережелерінде  енгізілген. 
Онда Парламент Палаталарының Төрағалары мен Премьер-Министрдің 
заңдық  тұрғыдағы  жауапкершілігі,  сәйкесінше,  Президент  қол  қоятын 
Парламент  актілерінің  заңдылығы,  сондай-ақ  Үкіметтің  бастамасымен 
шығарылатын,  Елбасы  қол  қоятын  Президент  актілерінің  заңдылығы 
үшін жауапкершілік    бекітілген.
Бесінші. Заңмен реттелетін маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері, 
заңдарды  ұжымдық  қабылдау,  өзге  де  мәселелерді  Парламент 
деңгейінде шешу, Парламент және оның палаталары ішінде заң жобасы 
қозғалысының  рәсімдері,  депутат  мәртебесіне  байланысты,  Парламент 
депутаттары  үшін  шектеулер,  қылмыстық  процестегі  депутаттық  қол 
сұғылмаушылық,  Үкіметтің  есебін  Парламенттің  бекітпеуге  құқығы 
және  басқа  да  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  дербес 
конституциялық факторлары айқындалған.
Алтыншы.  Заңдарды  нақты  әрі  мінсіз  орындау,  министрліктер, 
мемлекеттік  комитеттер,  өзге  де  орталық  және  жергілікті  атқарушы 
органдардың  актілерін  толық  немесе  ішінара  жою  не  тоқтата  тұру 
құқығы,  лауазымды атқаруына байланысты шектеулер – бұл Үкіметтің 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеу әдістерінің толық емес тізімі.
Жетінші.  Конституциялық  Кеңеске  Конституцияның  нормаларын 
түсіндіру  құқығы,  Парламент  қабылдаған  заңдарды  ел  Президенті  қол 
қойғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына 
сәйкестігін қарау, заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына 
сәйкес келмейді деп тану жүктелген – бұл Конституцияны «қорғаушының» 
және  «еліміздегі  екінші  заң  шығарушының»  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы құқықтық тәсілдерінің жиынтығы.  
Сегізінші.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  жоғары  әлеует  еліміздегі 
сот төрелігінің конституциялық негіздері ретінде алынған, оның ішінде 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
91
судьяларды  сайлау  және  тағайындау  тәртібі,  қылмыстық  процестегі 
судьялардың  қол  сұғылмаушылығы,  судья  лауазымын  атқаруына 
байланысты шектеулер бар. 
Тоғызыншы.  Сыбайлас  жемқорлық  әсіресе,  жергілікті  жерлерде, 
өңірлерде көптеп көрінеді. Сондықтан, Конституция жергілікті жерлерде 
мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту және сыбайлас жемқорлықты 
жеңудің  өзекті  факторлары  ретінде  жергілікті  мемлекеттік  басқарудың 
құқықтық негіздерін дамытуға үлкен мән береді.
 
Тірек  сөздер: 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы, 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  қызмет,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл,  конституциялық ереже, Негізгі заң, нормативтік 
құқықтық акт. 
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1.  Конституция  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  құқығы  жүйесінде 
қандай орын алады?
2.  Конституцияны  неліктен  еліміздің  Негізгі  заңы  деп  есептеу 
қабылданған?
3.  Қазақстан Республикасының Конституциясына анықтама беріңіз.
4.  Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  қандай  тетіктер  бекітілген  (республиканың 
конституциялық  органдарының  құқықтық  мәртебесі  мысалында 
түсіндіріңіз)?
Әдебиет
1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  1995  жылғы  30  тамызда 
республикалық  референдумда  қабылданды  (2011  жылғы  2  ақпандағы 
жағдай бойынша өзгерістерімен және толықтыруларымен).
2.  Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі  кезеңге 
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығы.
3.  Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы:  Қазақстан  Республикасының   
1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Заңы.
4.  Қазақстан Республикасының Президенті туралы : Қазақстан Республикасының 
1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы.
5.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы: Қазақстан 
Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 83-II Конституциялық заңы.
6.  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  және  оның  депутаттарының 
мәртебесі  туралы:  Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  16  қазандағы  
№ 2529 Конституциялық заңы.
7.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы:  Қазақстан  Республикасының 
1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы.
8.  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесі  туралы:  Қазақстан 
Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Конституциялық 
заңы.
9.  Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  және  судьяларының  мәртебесі 
туралы:  Қазақстан  Республикасының  2000  жылғы  25  желтоқсандағы  
№ 132-II Конституциялық заңы.
10. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі 
басқару  туралы:  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  
№ 148-II Заңы.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау