Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет негіздері



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет36/73
Дата14.11.2018
өлшемі1,52 Mb.
#19740
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73

Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады. 
Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде 
алған  әрекеттік  қорғану  тәсіліне  еліктеу  нәтижесі  екенін  байыптайды. 
Алайда,  құндылық  ұстанымдарды  адам  көбіне  сезінбейді.  Бұл  адам 
өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ 
өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, 
рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің 
нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
Адамның  сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің  психологиялық  тетігін 
сипаттау  мақсатында  адамның  әлеуметтік  әрекетінің  қандай  бар  бір 
нысанын  қалыптастыратын  құрылымдық  элементтерді  мен  олардың 
өзара байланыс және өзара әрекет схемаларын, психикалық процестердің 
жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді. 
Бұл модель төменде схема түрінде ұсынылған.
Бұл  модель  адамның  ілгерінді  және  теріс  сипаттағы,  атап  айтқанда 
тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  бейім  де,  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды. 
Психологиялық  тетіктің  құрылымдық  элементтерінің  әрқайсысы 
сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі болады. 
Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз. 
Қалау
Қызығушылық
Дүниетаным
Сенім
Мақсаттар
Құндық бағдар-
лар
Қажеттілік
Бастапқы 
нақты уәж
Міндеттер
Ұсынымдар
Психологиялық
доминант
Тұлғалық 
ұмтылушылық
Қорғаныс уәжі
Психологиялық 
қорғаныс
Қызмет
Бағыттылық
Дайындық
Қанағаттану
Келешекті түйсіну
Әрекет стилі
Адам әрекеті қалыптасуының  психологиялық тетігі
81


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қалаушылық  адамның  әлеуметтік  әрекетінен  көрінетін  адам 
табиғатының  ажырамас  өзіндік  элементі  болып  табылады.  А.  Маслоу 
теориясына  сәйкес  қажеттілік  сатысы  болады,  онда  мейлінше  төмен 
деңгейдегі  негізгі  қажеттіліктер  төменгі  сатыда,  ал  жоғары  деңгейдегі 
қажеттіліктер  ең  жоғарыда  болады  [5].  «Қалаушылық»  элементі  адам 
әрекетін  қалыптастыру  тетігін  құрай  отырып,  сыбайлас  жемқорлық 
әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды. 
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына 
кіретін  бастапқы  буындардың  бірі  мүдде.  Мұнда  сыбайлас  жемқорлық 
қатынастарының  бастамашысы  кім  болатының  айырмасы  жоқ: 
басшы  тұлғаның  бастамашысы  бойынша  пара  сұрау  (бопсалаушы)  не 
сұраушының  бастамасы  бойынша  парамен  сатып  алу.  Нақ  осы  тұста 
мүдделер,  қалаушылық  перспективаларды  (жеңіл  баю,  әлеуметтік 
мәртебені  арттыру  және  т.б.  мүмкіндігі)  және  өз  мүмкіндіктері  мен 
біліктігін  (иеленген  лауазым,  мүмкіндік  және  т.б.)    барабар  бағалау 
негізінде  пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы 
отбасы  иесі,  жақсы  қызметкер  (олардың  көпшілігінің  қызметтік  тізімі 
мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің 
жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен, 
көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере 
отырып,  ол ең алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте, 
өзін  басқалардан  ерекше  етіп  көрсету  (барынша  жоғары  әлеуметтік 
жағдайға  ұмтылу,  қамқоршы,  «керек  байланыстар»  жүйесі,  жеке  оңай 
олжаны  көксеу,  молшылық  өмірге  ұмтылу,  салынған  қаражаттың 
«қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды.   
Әрекеттің  қозғаушы  себебі  ретінде  көрінетін  әрекет  уәжі  сыбайлас 
жемқорлық  әрекеті  тетігіндегі  негізгі  компоненттердің  бірі  болып  
табылады.    Сыбайлас  жемқорлық  әрекеті  уәжін  әлеуметтік-психоло-
гиялық  зерделеу  қызықты  нәтиже  берді,  ол  екі  жетекші  уәжді  
көрсетті:  материалдық  игілікке  ұмтылудан  тұратын  жеткілікті  түрде  
анық  уәж  және  сыбайлас  жемқорлықты  қауіпті  және  еліктіргіш  ойын 
ретінде  көрсететін  таптаурын  уәжі.  Сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің 
мейлінше  жиі  кездесетін  уәждері  оңай  олжаны  көксеу,  молшылық  
өмірге  ұмтылу,  салынған  қаражаттың  «қайтарушылығын»  күту, 
қамқоршылық  жүйесі,  қауіпті  ойын.  Ю.  М.  Антонянның  пікірінше 
«сыбайлас  жемқорлық  әрекетіндегі  ойын  уәждері  пайдакүнемдік 
уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің 
осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас 
жемқорлықтың  таралушылығын  және  бұл  әрекет  өмір  салты  бола 
отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» [6].
Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін 
жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық 
итермелейді,  олар  осы  орайда  баюды  көксеу,  қоршаған  адамдармен 
бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды. 
С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты 
қанағаттандыру  мақсатында  жағдайды  өзгертуге  бағыттайтын  белсенді 
қатынасын  (ұмтылысын)    қамтиды.  Демек,  қажеттілік  адам  өз  белсен-
ділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді [9].
82


Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
Серпінді  білім  және  тіршілік  иесінің  танып-білу  процесі:  қиял  мен 
әрекетті  ұйымдастыратын  және  бағыттайтын  белсенділігінің  бастапқы 
нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының 
қозғаушы  күшінің  негізі  болып  табылады,  осының  арқасында  өмір 
мақсаттылыққа  ие  болады  және  не  қажеттілікті  қанағаттандыруға 
қол  жеткізіледі  не  қоршаған  ортамен  кезеңсіз  кезігу  орын  алады. 
Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның 
нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады [6]. 
К.  Левин  берген  анықтама  қызығушылық  тудырады:  «Серпінді  жағдай 
ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да 
бір  шиеленісті  жағдай  (ниет),  ол  адам  әрекетін  қамтамасыз  етеді  және 
қанағаттанушылыққа ұмтылдырады».
Әрекеттің кез келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу 
тәсілдерінің шиеленісі нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар 
сыбайлас  жемқордың  қажеттілігі  ретінде  көрінеді  және  оның  белсенді 
сыбайлас  жемқорлық  мүдделерінің  қайнар  көзі  болмақ.  Таңдау  сәті 
мейлінше маңызды қажеттілік ретінде де және оған  қол жеткізу тәсілі 
ретінде  де  бұл  процестің  негізгі  қозғаушы  күші  болады.  «Табысты» 
лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады.
Бұл  жағдайда  перспективалық  жекелеген  мақсат  ретінде  көрінеді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің мәдениетіміздің 
маңызды  әлеуметтік-психологиялық  ерекшелігі  формальды  емес 
әлеуметтік  қатынастардың  формальды  қатынастардан  басым  болады. 
Т.  А.  Нестиктің  байыптауынша,  «патернализм,  иерархиялық  және 
сыйлықтармен  және  қызметтермен  бекемделе  түсетін  билікпен 
формальды емес қатынастардағы тірек  мәдениеттің іргелік сипаттамасы 
бола бастады» [7]. 
Нәтижесінде  сыбайлас  жемқорлықтың  нормативтік  қызметтерді 
ақшаға айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату, 
қызметтерді  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдағы  мейлінше  жоғары 
мәртебені алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі. 
Мүдделердің,  әуестіктердің,  көзқарастардың,  сенімдердің  нұсқамаға 
ауысуы  саналы  түрде  де  аңдаусыз  да  жүзеге  асырылады.  Алайда,  екі 
жағдайда  да  нәтиже  біреу  –  көзқарастардың,  сенімдердің  нұсқамаға 
айналуы  оны  сақтаудағы  автоматты  түрде  жасалуына,  оны  орындауға 
субъективті қажеттілікке әкеледі.    
Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді 
тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, 
қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» 
оның  айрықша  көріністеріне  жатады.  Нақ  осы  «ұстаным»  адамның 
психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған 
ортамен  өзара  іс-қимылы,  «қажеттіліктің»  оны  қанағаттандыратын 
жағдаймен  кездесуі  кезінде  айқын  көрінеді.  Оған  қоса  жемқорлық 
байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына 
(сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) 
тікелей барабар болады.
Е.  П.  Ильин  пікірінше,  ұзақ  уақыттық  уәждемелі  ұстаным  рөлінде 
көрінетін  қажеттіліктің  немесе  қызығушылықтың  орнықты  түрде  үстем 
83


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау