1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
97
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін осындай
заңнамалық базаны қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты
этикалық ауытқулардың болуы және тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық
жауапкершілікке әкелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау
ретінде қарастыруға мүмкіндік берілді.
1998 жылдан бастап әділет органдары сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ жағымсыз себептермен
жұмыстан шығарылған адамдарды есепке алуды жүргізе бастады. Бұл
мемлекеттік қызметке оған дейін сыбайлас жемқорлық қызметке қатысты
болған адамдарды қабылдамау үшін іріктеу құралы болып табылды.
Екінші кезеңде мемлекет 1999–2000 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы негізінде
[10] сыбайлас жемқорлық процестерінің мемлекет пен қоғам өміріне
тигізетін деструктивті ықпалын барынша азайту үшін жүзеге асырылуы
тиіс мақсаттар мен міндеттерді қалыптастырды.
Мемлекет мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жоспарлы
түрде Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын
жүзеге асыруға кірісті, осылайша, үшінші кезең – 2001–2004 жылдар
кезеңі басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы бойынша
үшінші кезең 2001–2004 жылдар аралығында өтті. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелері бойынша жүйелі әдіс-тәсілдің болуы аталған
кезеңнің ерекшелігі болып табылды.
Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша
ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және
кешендік сипатқа ие болды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік
саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. «2001–
2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлыққа сәйкес [11], сыбайлас
жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүйелі әрі бірізді сипатқа ие
болды. Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының
бір бөлігін өңірлер мен жеке секторға кезең-кезеңмен беру арқылы
олардың функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылды,
монополия саласы қысқартылды және мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалды, халыққа
қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидаты енгізілді. «Мемлекеттік
сатып алу туралы» Заң [12] және Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы кодексі [13] қабылданды.
2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия
құрылды [14]. Комиссия қызметінің мақсаттары сыбайлас жемқорлыққа
және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына
қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің
жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісімді іс-шараларды
әзірлеу және қабылдау болып табылады.