1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
107
аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар,
сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық
қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді.
Бұл ретте, алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган
үшін басым бағыт болып табылады.
Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бесінші
кезеңінің басталуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға,
мемлекеттік қызмет көрсету сапасы стандартын жетілдіруге және
әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді.
Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті
шаралар
енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты.
Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы
мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ісінде айқын оң үрдістер байқалды.
Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015-
2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының
алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін
алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның
деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған.
Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы
жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін
негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты іс-
шараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды.
Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік қызмет
көрсету сапасын, қоғамның мемлекет институттарына сенім деңгейін,
азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін
жақсарту болуы тиіс.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл;
2) қоғамдық
бақылау институтын енгізу;
3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл;
4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты
ескерту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет деңгейін қалыптастыру;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа
заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V [34], «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы [35],