СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
92
§ 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама эволюциясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен
дамуы
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын
шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері
әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың
мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің
қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік
басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын
төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына
ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының
XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау
және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты
жолға қою маңызды» деді [1].
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан,
сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қайта құруды және ұлттық экономиканы
жаңғыртуды жүргізуге кедергі келтіреді, қоғам ішінде мемлекеттік
институттарға деген сенімсіздік пен үрейдің пайда болуына әкеледі.
Осыған
байланысты,
Қазақстан
мемлекеттік
тәуелсіздіктің
алғашқы күндерінен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен тетіктерін
қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді.
2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес,
сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды
атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік
берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік
берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың
өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты
мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші
тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу»
жатады [2].
Сыбайлас жемқорлық себептерін, шарттары мен салдарларын
анықтау кезінде жергілікті менталитет, ұлттық және діни ерекшеліктер,
құқықтық мәдениеттің деңгейі секілді факторлар ескерілуі тиіс.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей
қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз
құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс [3].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас
жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси,
әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстан посткеңестік
елдердің ішінде алғашқысы болып, кең көлемді сыбайлас жемқор-
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
93
лыққа қарсы қызметті күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнамалық базаны қалыптастырды, нәтижесінде Мемлекет басшысы
Н. Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мемлекеттік саясатымен тікелей байланысты даму кезеңдерінен өтті.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін оның аумағында
бұрынғы КСРО мен ҚазКСР-дің нормативтік құқықтық актілері
қолданылды, алайда олардың жаңа экономикалық бағытқа сай келмейтін
тұстары жиі кездесті. Егер оған дейін барлық мүлік мемлекеттік меншікте
болса, тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру процесі басталып,
жеке меншік пайда болды, ал заңнама саласының жаңа экономикалық
болмысқа сай ықпал етуі әлсірей бастады.
Дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуынан туындаған
экономикалық құлдырау салдарынан кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық
деңгейі өсті, қылмыс көбейе бастап, оған дейін болмаған экономикалық
қылмыстың жаңа түрлері пайда болды. Сонымен бірге қылмыстық
топ ұйымдасқан қылмысқа қатысты нормалар бойынша заңнамадағы
олқылықтарды пайдаланып, олар өз мүшелерін мемлекеттік органдарға
кіргізу арқылы қылмыстық әрекеттерін ұйымдастыра бастады. Яғни,
ұйымдасқан қылмыстың мемлекеттік органдарға ену қаупін сезіп,
мемлекет қылмысқа қарсы іс-қимыл және ел өмірінің әлеуметтік-
экономикалық салаларын тұрақтандыру бойынша алғашқы кезектегі
жедел іс-шараларды қабылдады.
Осыған орай, мемлекеттің бірінші әрекеті ұйымдасқан қылмыс пен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен айналысатын арнайы
органдар құруға бағытталды. Жаңадан құрылған бұл органдардың
қызметі экономикалық және әлеуметтік қайта құруға, соның ішінде
сыртқы экономикалық салаға арналды. Банк операцияларына, салық
инспекцияларына, кеден және қаржы органдарына ерекше назар
аударылды.
Органдар қызметінің нәтижесінде алынған барлық ақпарат
экономика саласындағы құқық бұзушылықтар туралы республикалық
автоматтандырылған деректер банкіне жүйелі түрде енгізіле бастады.
Құқық қорғау және бақылау органдарының автоматтандырылған
ақпараттық жүйелері мен ақпараттық желілерінің материалдық-
техникалық қоры құрылды. Сондай-ақ ақпаратты қорғау және қажетті
жобалық-технологиялық құралдарды құру бойынша жұмыстарды
қаржыландыру жүргізілді.
Алғашқы кезекте, мемлекеттік органдар қызметі сыбайлас
жемқорлықтың алдын алумен қатар, жасалған фактілерге қарсы күреске
бағытталды, тәжірибе жинақтала бастады, бірнеше фактілерден кейін
кешендік тәсіл қажет екендігі белгілі болды.
Осылайша, 1992–1997 жылдар аралығында, бұл жылдарды алғашқы
кезең деуге болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің
нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі
өтті. 1992 жылдың 17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс
пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар
туралы» Жарлық (бұдан әрі – Жарлық) шығарылды. Аталған Жарлықты
Достарыңызбен бөлісу: |