СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
30
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен
жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар
жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы»,
«Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер»,
«Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық»
және басқалар.
Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның
жария саласының стандарттары бойынша комитет [10].
Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып
табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану
болып табылады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін
жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын
басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің
этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте
маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес
шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс
қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының
қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері
бағыттала бастайды.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бойынша құрылымдарының қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ведомство Бинес
және инновациялық
саясат департаменті
жанынан құрылған
Жария сала стандарттары жөніндегі
комитет мемлекеттік және муниципалдық
қызметшілер этикасымен айналысады, өз
қызметін қалыптасқан саяси конъюнк-
тураға қарамастан жүргізеді
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ведомствоның
қызметтері:
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңнама мәселелері
бойынша кеңес беру
арқылы этикалық бизнесті
қолдау жұмыстарын
үйлестіру;
этикалық кодекстерді
әзірлеуде компанияларға
көмек көрсету;
«сыбайлас жемқорлыққа
арсы іскерлік портал»
интернет-ресурсын қолдау
Жария сала стандарттары жөніндегі
комитеттік функциялары:
әртүрлі келісімдер, атап айтқанда
қаржылық сипаттағы келісімдерді
талдауды қоса алғанда, жария тұлғалар
мен мемлекеттік қызметшілердің
мінез-құлқын талдау және жария салада
жоғары мінез-құлық стандарттарын
қолдау үшін келісімдерге өзгерістер
туралы ұсыныстар енгізу.
Жария сала стандарттары бойынша
комитет «Жария саланың жеті қағида-
ты» әзірледі және қалыптастырды, оның
негізінде жария тұлғалар мен мемле-
кеттік қызметшілерге берілетін этикалық
мінез-құлық пен барлық этикалық ұсы-
нымдар жатады. Комитет өз қызметі ту-
ралы жылдық баяндама шығарады, онда
қол жеткізген және болашақта жүзеге
асыру қажетті ақпарат ұсынылады
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
31
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жария
сала стандарттары жөніндегі комитеттің қызметі бизнес сектор мен
мемлекеттік басқаруда превенция шараларын іске асыруға бағытталған.
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика Еуропалық Одақ
бастаған жоба енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны
іске асырудың салдары болып табылады.
Латвия – мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің
дамыған жүйесі бар, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытуда табысты мысалы бар елдердің
бірі. Білім беру шаралары жүйенің ашықтығымен қатар жүреді, бұны
Латвия тәуелсіз оқу орталығының мысалынан көруге болады.
Еуропалық Одақтың қолдауымен орталық сот жүйесінің ашықтығын
дамытуға және оны азаматтардың, оның ішінде оқушылардың
қабылдауына бағытталған бағдарламалар циклын әзірледі. Бағдар-
ламалар сот қаулыларын жариялауға, куәгерлікті пайдаланудың
сот жұмысында және сот жүйесіне интернеттік қолжетімдігіндегі
маңыздылығына назар аударады. Жоғарыда аталған тармақтардан
бөлек оларды әзірлеуге қатысқан сарапшылар танымал істер
мысалында азаматтық және қылмыстық процестерде құқық қолдану
туралы пікірталастар, сондай-ақ олардың талдауы жүргізуді ұсынды.
Бағдарламалардың мақсатты аудиториясы – мектептің орта және жоға-
ры сыныптарының оқушылары болды. Білім беру циклы дәрістерді,
пікірталастарды, сот істерін көрініс түрінде көрсету және оларды талдауды
қамтиды.
Сонымен қатар Латвия орта мектептері оқушылардың арасында
адалдықты насихаттауға және олардың сыбайлас жемқорлықтың және
парақорлықтың зиянын түсіну және оларды азаматтық бақылауға
дайындауға бағытталған жобаға қатысады. Жобаға Латвияның барлық
өңірлерінен үш жүздей мектеп тартылып, үш санаттарға – 1-4, 5-9 және
10-12 сыныптарға бөлінген жас шамасы әртүрлі топтардың бір мың
жүздей оқушысы қатысты. 1-4 сыныптың оқытушылары оқушыларға
тәртіпсіз қылық туралы ертегі айтып, оны балалармен талқылап,
әңгімені бекітіп, өз жұмысын конкурсқа жіберуі тиіс. Орта және
жоғары сыныптардың оқушылары жоба ұйымдастырушылары ұсынған
14 жобаның бірін таңдауы тиіс (немесе өз тәжірибесіне қарап, оларды
өз бетінше ойлап табуы тиіс). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге»
слоганымен арнайы оқу материалдары әзірленіп, мектептерге жіберілді.
Бағдарламаның қатысушы сарапшыларының пікірі бойынша
сыбайлас жемқорлықтың жайылып кету себептерінің бірі – бұл осы
салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың жетіспеуі,
Латвияда тек бір ғана Transparency International бөлімшесі жұмыс істейді.
Оның қызметкерлері жыл сайын жеті ірі Латвия қалаларында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы семинарлардың ұйымдастырушылары болады,
оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық мәселесін ықтимал шешімдері,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі мен оның нәтижелері
талқыланады. Семинарлық оқу әдетте, нақты сыбайлас жемқорлыққа
Достарыңызбен бөлісу: |