К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/6
Дата18.12.2017
өлшемі1,14 Mb.
#4545
  1   2   3   4   5   6

Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С.

М. Ж. КӨПЕЕВ, С. ТОРАЙҒЫРОВ ПЕН Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ
Мәдениеттану мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы


Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С.



М. Ж. КӨПЕЕВ, С. ТОРАЙҒЫРОВ ПЕН Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ

ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ
Мәдениеттану мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

Кереку


2010

ӘОЖ 1(091) (574) (075.8)

КБК 87.3 (5Каз) я73

А 94
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

С. Е. Нұрмуратов – философия ғылымдарының докторы, профессор, қазақ философиясы және эстетика бөлімнің меңгерушісі Философия және саясаттану институты ҚР БҒМ;

Б. Д. Кокумбаева – философия ғылымдарының докторы, профессор, теория және музыканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Павлодар мемлекеттік институты;

А. Ж. Құдабаев – философия ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры.


Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С.

А 94 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров пен Ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық және эстетикалық : мәдениеттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / Г. Ғ.Ахметова, Т. К. Айтказин, С. С. Аубакирова. – Павлодар : Кереку, 2010. – 82 б.


ISBN 9965-573-60-3
Оқу құралы, жүйелі түрде проблемалы курс болып табылады, ол қазақ ойшылдарының мұраларында этикалық және эстетикалыққа арналған негізгі көрінісі, олардың идеяларына тарихи және қазіргі философиялық ойлардың компаративисттік негізде, герменевтикалық талдауына зерттеу жүргізу. Студенттерге және қазақ философиясындағы этикалық, эстетикалық мәселелердің әдіснамасына қызығушылық тудыратын барлық оқырмандарға арналады.
ӘОЖ 1(091) (574) (075.8)

КБК 87.3 (5Каз) я73

ISBN 9965 -573-60-3

Ахметова Г. Ғ., Айтказин Т. К., Аубакирова С. С., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Кез-келген адамда өзін және өзгелерді толық түсінуге ұмтылдыратын тілек оянады, тіршілігінде бір рет те болса мынадай сұраққа жауап іздейді – өмірдің мәні неде? Осыны түсіну ғажайыптығының критерийі қандай? Жақсылық пен жамандық неден тұрады? Және шындық, жақсылық пен көркемдіктің біртұтастығы теориялық тұрғыда емес, күнделікті өмірде болуы мүмкін бе? Біреулер бұл сұрақтардың барын елемеуге тырысады. Кейбіреулер күнделікті әбігерлікте жинақталатын тәжірибелік жауаптармен шектеледі. Ал кейбіреулері шындықты іздеуді өмір бойы тоқтатпайды...

Оқырманның қолында ұстаған кітаптың басты мақсаты – Павлодар облысынан шыққан қазақ ойшылдары Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және Жүсіпбек Аймауытов шығармалары материалдарынан этикалық және эстетикалық сәйкестік қатынасының негізгі мәселесін ашу және аталған категориялардың ХХ ғасырдың басында қазақ даласында дүниетанымдық, мәдени және саяси өзгерістерге байланысты түсіндіру тәсілі мен шешімінің де тарихи өзгерісі болатынын айқындау.

Қазақ мәдениетінің дүниетанымдық сипатының іргетасы секілді этика және эстетикалық өзінің көп жақтылығымен және қайшылығымен алға шығады. Ұсынылатын курс әлемдегі қазіргі адамның болмысын дәстүрлі түрде талдау және жаңа тәсілін іздеу міндетін қояды. Әрине таңдалған оқу құралы негізінде М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың философиялық ізденістерінің барлық байлығын және көптүрлілігінің түгелін ашу мүмкін емес – оқырмандарға зерттелетін есімдердің тек этикалық және эстетикалық көзқарастары негізінде алынған мәліметтерді ұсынылды, әрі қарай студенттерге олардың көптүрлі шығармашылығын өздігінен тануға бағыт болады.

Неліктен басты назар дәрістік және тәжірибелік сабақтарға көп аударылады? Себебі, философия пәнінен оқыту тәжірибесі көрсеткендей дәріс-семинарлық жүйе оқытылатын пән рухына толық сәйкес келеді. Оқытудың ең тиімді түрі оқытушы оқушылармен өзінің бақылаулары, білімімен және тәжірибесімен бөлісетін әңгімелесу екенін мойындау керек.

Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтарда оқушылардың өзіндік әрекетінің аумағы кеңейеді, білімнен (білім алу) өзіндік білім алуға көңіл аударылады. Өзіндік ойлаудың жетілдіруі – белсенді әрекетсіз, тәжірибелік тапсырманы шешу дағдыларын игермей тұрып жасау мүмкін емес. Сонымен қатар, өзіндік тәжірибе кітаптағы басқалардың айтуымен талқыланған, шешімі берілген тапсырмадан гөрі өте бағалы. Кімге болса да, бұрыннан философиялық тапсырманы шеше алған болса, қажет еткен жағдайларда өмірде жылдам дұрыс шешім таба алатынына сенуге болады.

Берілген мәтінге жаңа материалдарды өту немесе қайталау және бекіту барысында көңіл аудару тиімді, сонымен қатар өзіндік жұмыс процесінде бақылау және өзіндік бақылауда, не дәрісте, семинарда, аралық бақылауда және емтиханда қолданылады. Кейбір тапсырмалар (мәтіндер) бір шешімді болуы мүмкін емес, сондықтан пікірталас туындауы мүмкін.

Сонымен қатар, мәтіннің талдауы жалпы этикалық және эстетикалық категориямен ғана таныстырып қоймай, басқа сұрақтар мен мәселелерге әкелуі мүмкін. Материал студент пен оқытушыны жұмысқа шығармашылықпен қарауға жақындатады. Әрбір жеке мәтін-тапсырмалар барлық этика және эстетика категорияларын түгелдей қамтуды қажетсінбейді.

«М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық мәселелер» атты бағдарлама курсы студенттердің философиялық-әдіснамалық дайындық мақсатына сай және жалпы философиялық, этикалық, эстетикалық, мәдениеттанулық, логикалық, және арнайы маманданған кәсіби біліммен студенттің бакалавр бағдарламасындағы жалпы білім арасын жалғастырушы қызметін атқарады.

Оқу құралы тақырыптарды оқытуға арналған ұсыныстардан, тақырыптық бақылау сұрақтарынан, реферат тақырыптарынан, глосарийден тұрады.
1 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларындағы этикалық және эстетикалық мәселелердің өзара байланыс ерекшелігі негізінде дүниетанымды және қайнар көздер идеясын қалыптастыру мұраларын құру
1.1 Этикалық және эстетикалық өзара байланысты философиялық зерттеудегі әдіснамылық негіз

Сабақтың мақсаты: этикалық және эстетикалық өзара байланысты әдіснамалық зерттеу негізінде теориялық дағдыны қалыптастыру.

Тақырыпты меңгеруге арналған нұсқаулар: тақырыпты меңгеруде этикалық және эстетикалықтың өзіне тән ерекшелігін (спецификасын) этика мен эстетиканың метакатегориялары секілді анықтау қажет, этикалық және эстетикалық категориялар кешенінің барлық байланысын құру.

Біріншіден, этика мен эстетикалықтың нені білдіретінін анықтау қажет. Ол үшін әлемдік философия құнарында осы категориялардың қалыптасу эволюциясының үрдісін көрсету керек. Пәнге талдау жасаған кезде қазақ ойшылдары шығармашылығының көп дәрежеде көпқырлы имплициттік эстетикаға қатысты болғанына көңіл бөлу керек. Мүмкіндігінше, этикалық және эстетикалықтың өзінің барлық көпқырлығымен және қарама- қайшылығымен қазақ мәдениеті дүниетанымдық сипатының іргетасы секілді алға шығатынын көрсеткен дұрыс.

Екіншіден, этикалық және эстетикалықтың бірлігі жаңа ойлау тәсілі ретінде бүтіндікті қалыптастыру мағынасын көрсетуі керек.

Үшіншіден, зерттелген тұлғалар шығармашылығынан этикалық және эстетикалықты зерттеу барысында тарихилықтың герменевтикамен және басқа зерттеу әдістерімен байланысын ашу. Мамандыққа байланысты, қоғамда және адамның өмір сүру әрекетінде этика және эстетика категориясы қандай орын алатынына көңіл бөліну керек.


Тақырыптың мазмұны
1. «Этикалық» және «эстетикалық» - әртүрлі көзқарас қатынасындағы категория типологиясы (тарихи-философиялық талдау).

2. Қазақ философиясында этикалық және эстетикалық категория түрлерінің байқалуы және қазақ философиясы түсінігін зерттеудің әдіснамалық негізі.

3. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов мұраларында этикалық және эстетикалық категорияны зерттеудің әдіснамалық негізі.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы этика мен эстетиканың өзара байланысын талдау олардың дүниетанымдық позиция қалпының рухани қайнар көзін зерттеуді байқатады. Бұл бөлім аталған тапсырма үшін арналған, мұнда қай мәдениеттің этика мен эстетика сипатының өзара байланысы және мәні, оның тікілей М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов дүниетанымының қалыптасуына әсер еткені бақыланады. Ғылыми әдебиеттерде қазақ философтық ойшылдарының даму тарихын зерттеуде негізінен мынадай этаптарға бөлінеді: ежелгі түріктік мәдениет, орта ғасырлық мұсылмандық, ақын мен жыраулар философиясы, қазақ ағарту ісі, XX ғасыр философиясы. Жалпыға таныс типологияға сүйеніп, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың дүниетанымының рухани қайнар көзін әдіснамалық негіз сапасында зерттеу, осыдан келіп біздің көзқарасымыз бойынша олардың көзқарас спецификасын толық ашатын төрт қайнар көзді бөлдік: бұл көшпенділердің дәстүрі, орта ғасырлық мұсылмандар философиясы, ақын мен жыраулардың мұралары, орыс және европалық мәдениет. Осылайша, нақты тақырыпта этика мен эстетиканың эволюция процесінің өзара байланысуын қарастыру ұсынылды, бұлай қарау біздің жұмысымызды бірқатар қиындатты. Бірақ біз қарастырылатын мәдениет типінің негізгі (әмбебаптығын) керегін, онда қазақ дүниетанымы негізінің құрамдастығын және қазақ мәдениеті барлығына жалпы бір жүйе секілді болып табылатындығын ерекшеледік.

Өткеннің ұлы ойшылдары туралы айтқан кезде, мынадай сұрақтар біздің алдымыздан жиі шығады: олардың философиялық ойлау тарихына әкелген жаңа ойы қандай? Философияның әрі қарай дамуына олардың мұраларының қаншалықты мағынасы болғаны? Мұндай күрделі сұраққа оқу құралы көлемінде қорытындыланған жауап беру өте қиын, бірақ мәселенің зерттеу тартымдылық күш сипатынан елемей кету мүмкін емес. Сондықтан біз сұрақтың қойылуына шамалы басқаша өзгешелік ендіреміз. Біздің көзқарасымыз бойынша, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың өздері қойған мәселені аяғына дейін ашқаны және оның бүтін рационалданған тұжырымда рәсімделгені басты емес депе саналады. Бәрінен бұрын мұнда, зерттелген ойшылдардың мұраларында көрсетілген мәселе бірінші орынға шығарылғаны маңызды. Егерде біз М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығына осы позициядан қарасақ, олар философиялық ойды өздерінің зерттеулерімен соншалықты байытқаны анықталады.

Бәрінен бұрын, біз олардың этикалық және эстетикалық өзара байланыстылық идеясын берік енгізгенін мойындауымыз керек. Олардың шығармашылығын талдау мынаны көрсетеді, этикалық мен эстетикалық өзара байланысының негізі адамзаттық мәнінде жататыны, және осы байланыс арқылы оның дамуы мен қалыптасу ерекшелігін айқындайды. Яғни, этикалық және эстетикалықтың өзара байланысын зерттеу бәрінен бұрын, адамды зерттеудің шексіз процесінде оның табиғи қалпы мен қалыптасуын, оның гармониялық қабілеті немесе өзінің табиғатына тән емес дисгармонияны жасау қабілеттілігін және өз табиғатына сәйкестеп әлеммен қатынас құруын зерттеу. Осыдан, этикалық және эстетикалық – бұл ақиқатты иемдену тәсілі, бірақ дәл сол байланыс адамның өзіндік дамуының белгілі бір сатысын ашады. Бірақ, басқа жағынан алып қарасақ, этикалық және эстетикалық көрініс әлемге қатынасы арқылы көрінеді, ал бұл қатынас өз кезегінде әлемді бүтіндей танудан шығады, сол зерттеу этикалық және эстетикалық өзара байланыс белгілі бір әлем туралы ілімнен шығуы тиіс. Осылайша, біздің зерттеуіміз екі аспектіні ұсынады: этикалық және эстетикалықтың өзара байланысын зерттеу, адам туралы зерттеу арқылы (антропология) және «адам-әлем» қатынасында, яғни әлем туралы зерттеу арқылы (онтология) көрінеді.

Бәрімізге белгілі болғандай, батыс және шығыс философиясының ойлау ерекшелігі, өмір сүруіне, табиғи-климат жағдайларының әртүрлі типтілігіне байланысты бейімделген. Осылай, біздің алдымызда бір әдіснамалық қиыншылық бар, бұл этикалық және эстетикалықтың – еуропа философиясының категориясы екендігі, онда XVIII ғасырда А. Баумгартеннің ғылыми өңдеуі енгізілгені, этикалық және эстетикалық өзара байланыстың ғылыми-теориялық талдау мүмкіндігін жасатты, логикалық-рационалданған аппарат түсініктемесін құрастырды. Бірақ бұл, XVIII ғасыр жүзжылдығында ғажаптық, жақсылық, жамандық, көтеріңкілік кереметтер туралы ойлану болмады дегенді білдірмейді. Этикалық және эстетикалық өзара байланыс генезисі куәландырады, осы этикалық және эстетикалықтың, ежелгі дүниетаныммен синкретті араласқанын, философиялық ойлаудың тәжірибелік сапасына бағыттала құралудан дүниеге келеді, оның негізі: «қалай өмір сүру керек?» сұрағына жауап беруді іздеуден құралады. Яғни этика-эстетика рефлекс генезисі туралы сұрақ философияның шығу тегі мәселелерімен тығыз байланысты болады. Және дүниетанымдық ойлау сұрағының ішінде біріншісі этика-эстетиканың сипатында болу керек: жақсылық, әдемілік нені білдіреді? шынайы өмірдің жетілу жолына барудың мүмкіндігі қандай? Сондықтан, дүниетанымдық құрылымды тануға ұмтылған алғашқы талпыныстар бірмезгілде өзімен бірге этика-эстетика рефлексиясынан да тұратынына болжам жасалады. Өйткені әрбір адамда аталған мәселелер өмірінің барлық шегінде «мәңгі» шешімі табылуы қажет болып табылады, этика мен эстетика терминдерін М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығына қолдану тарихи-философиялық талдау принципіне қайшы келмейді. Байқағанымыздай, әлемнің және адамның жалпы онтологиялық негізі, шығыс пен батыстың категориясы, жалпы адамның тұрмысына байланысты. Сонымен бірге, қазақтың ойшыл дәстүрлерінде жақсылық, жамандық, сұлулық, ерлік деген көзқарастар мен түсініктер бар, бұл батыс философия категориясына мағыналы және сәйкес мағынаны береді және ол этика мен эстетикада көрсетілген. Біз қазақтың ойшыл дәстүрлерін талдау кезіндегі модификация және этика мен эстетика категориясын негізді қолдану керек деп санаймыз.
Бақылау сұрақтары
1. Әр дәуірдегі эстетикалық ұғымға сәйкес келетін нақты терминдерді табу:

шындық аңдауларының бір тәсілі ретіндегі эстетикалық


орыс эстетикасы



құдайша ғажайыптықты білдіру эстетикалығы

Ренессанс эстетикасы

мақсатқа лайықты эстетикалық

Ертедегі Шығыс эстетикасы

өлшем ретіндегі эстетикалық

XIX ғ. эстетикасы

жеке өлшем ретіндегі эстетикалық

Жаңа уақыттағы эстетика

жақсылық және шындық синоним ретіндегі эстетикалық

антикалық эстетика

символдық белгі ретіндегі эстетикалық

әртүрлі өркениет эстетикасы

сүйсіну объектісі ретіндегі эстетикалық

XX ғ. эстетикасы

ғарыштық ретіндегі эстетикалық

Платон эстетикасы

жан-жақты ашылу объектісі ретіндегі эстетикалық

Аристотель этикасы

2. Қазақ философиясында эстетикалықты қалай түсінеді?

3. Эстетикалық дегеніміз не және оның қазақ мәдениетінде алатын орны қандай?

4. Этикалық және эстетикалықтың өзара байланысу мәні неде?

5. Қазіргі дәуірдегі этикалық және эстетикалық мәселесін зерттеудің қажеттілігі туралы негіз мысалын келтір.
1.2 Көшпелі мәдениетте этикалық және эстетикалықтың қалыптасу генезисі

Сабақтың мақсаты: ежелгі қазақ халқының мәдениетінің этикалық-эстетикалық спецификасын меңгеру.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: көшпелілер мәдениетіндегі этикалық және эстетикалық туралы білудің қалыптасу тарихының қайнар көзін қарастыра отырып, оның қазақтың көшпелі дәуіріндегі дүниетанымдық және рухани спецификасын талқылау керек.

Ежелгі түрік мифологиясына көңіл аударсақ, оларда Тәңірлік дін мен космогония болған. Көшпелі халық менталитетінің қалыптасуының басты рөлі – материалдық мәдениет. Қорқыт - атаның этикалық және эстетикалық көзқарасына талдау жасау. Көшпелі мәдениетін әлемді қабылдау спецификасына көңіл аудару: уақытқа, кеңістікке, табиғатқа деген көзқарас, Мен-Бөтен қатынасы. Дәстүрлі әлем бейнесінде табиғат пен аспанның спецификалық мәнін ашу. Этикалық және эстетикалық теңбе - теңдігі.


Тақырыптың мазмұны
1. Көшпелі қазақ мәдениетіндегі этикалық және эстетикалық синкритизм. Оның мәні және жолы.

2. Қазақ қоғамында этикалық және эстетикалықтың дәстүрлі салттық-рәсімдік таңбалары.

Көшпенділер мәдениетінде этикалық және эстетикалық спецификаның байланысын жақсы түсіну үшін, оны дәлелдеу қажет. Олар бөлек категориялық (сатылы) байланыс емес, ол тұрмыстағы байланыс, нақтылап айтсақ, ол онтологиялық байланыс болып саналады. Ерте дәуірдегі (уақыттағы) көшпенділер дүниетанымы синкриттік болғаны бізге белгілі. Ғылыми әдебиетте М. О. Орынбековтың зерттеуінше, ең маңызды қазақ дәстүрінің нәтижесі, ендеше, этика-эстетикалықтың тәжірибесі исламнан бұрын болған, наным-сенімдері, тәңіршілдікке, шаманизмге, көшпенділердің өмір сүруіне, сенімдеріне көп көңіл бөлген. Зерттеулер кезінде ең негізгі рөлде этикалық-эстетикалық кезеңіндегі реконструциялар маңызды орын алады, олар: адамның табиғатқа көзқарасы және адамның әлемдегі өз орнын табуы.

Қазіргі ғылыми зерттеулерде табиғат адаммен қарым-қатынасы тығыз болып келеді, әлемнің түсінушілігі және дүниенің қалыптасуы, адамның ойлау қабілеті, өзін тану, әлем модулі халықты дамытады деп мойындалған. Ғарыштың дамуы, дүниежүзінің пайда болуы және көшпенділердің табиғат заңдарына бағынушылығы абсолюттік ғарыш деп атайды. Ғарыш тереңделіп танылған соң, табиғатқа деген көзқарасымыз жақсарды.

Жоғарыда айтқандай көшпенділер мәдениеті түйсіну-қатынас, адаммен әлем гармониялық оқиғаға болжамдаған. Себебі, көшпенділерге түйсіну ұғымы түсініксіз болған. Көбінесе оларды қобалжытқан. Қорыта келгенде этикалық және эстетикалық байланысқан және әлеммен тікелей қатынаста болған. Көшпенділердің түйісуін түсіну үшін оның ежелгі қазақтардың гармониялық мағынасын және әлемге деген көзқарасын ашып көрсету керек. Мұнда, түйсіну ол көшпенділердің басты тіршілік тынысы ретінде, ал басқаша түйсіну, ол әлеммен сөйлесу тәсілі. Көшпенділердің өміріндегі түйсінуді түсіну үшін, бастысы ежелгі қазақтардың гармониялық дүниетанымын тану керек.

Біздің ойымызша, гармония туралы танып білу – ежелгі уақыттан бергі қазақ дәстүрлі ойлау доктринасын анықтау болмақ. Одан басқа, ежелгі уақытта гармония түсінігі терең мазмұнды, ол тек эстетикалық түрде емес және этикалық, космологиялық және әлеуметтік түрде қалыптасады.

Айырмашылық жиі кездескен сайын, гармониялық болмысты сақтауға күш керек болды. Біз өз зерттеуімізде саналы түрде шектеуге барамыз және ең айқын байқалған көшпенділер мәдениетіне керек үшеуін белгілейміз: сәуле, сан мен музыка гармониясы.

Исламдық оқуларға дейін сәуле жақсылықты анықтайын нышан болды, ол жақсылықты білдірді, жақсылықты кейіптеуші, сәттілікке, яғни әлем жақсылық пен сұлулық заңы бойынша жасалынған.

Әрине, ежелгі көшпелілер космостық сәулелерге таңданысы таусылмаған. Олар көптеген салт-жораларға табынған. Дәстүрлер мен салт-жораларда өзін-өзі ұстау нормасы бекітілген. Басқа сөзбен айтқан ежелгі көшпенділер тек жай ғана құбылысқа емес, сонымен қатар әлемдегі құбылыстарға көңіл бөледі. Сонымен қазақтарда әлемді тану ғылым мен емес, өнер, поэзия және музыкамен танылған. Көшпенділердің әлемге деген көзқарас музыкальды-поэтикалық түрде болған. Ежелгі көшпенділердің тағы бір амалы музыка арқылы әлеммен қатынасы. Музыка және гармония көшпенділер мәдениетінде басыңқы болып саналды. Музыка көшпенділер үшін құдіретті болған, адам мен әлем арасындағы байланыс, өмір мен өлім арасындағы байланысты білдірген деп санаған.
Бақылау сұрақтары
1. Көшпенділердің дәстүріндегі әлемдік бейнеге мінездеме беріңіз. Отырықшы халықтың әлем бейнесіне салыстырмалы талдау жасаңыз.

2. Ежелгі қазақтар ғарышты, аспанды қалай түсінді? Сан таңбаларынан сәулеленуге мысал келтіріңдер.

3. Көшпелі мәдениеттің философиялық қатынастың мәні неде?

4. «Қорқыт ата – музыка әкесі» деген сөзді қалай түсінесіз. Қорқыт- ата туралы аңыздың философиялық мәнін ашыңдар?


1.3 М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығындағы көшпенді мәдениеттің дәстүрлі дүниетанымдық көзқарасының әмбебаптығы

Сабақтың мақсаты: М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығының дүниетанымдық көзқарасы мазмұнының мәнін ашу: сәуле, сандар, гармония, музыка. Салыстырмалы талдау жасау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: бұл тақырып студенттерге ХХ ғ. күрделі социомәдениет жағдайларымен өнер туралы өзіндік, дәстүрлі емес ойларын қарастыруға көмектеседі. ХХ ғасырдағы өнердің жаңа қасиеттеріне назар аударайық. ХХ ғасырдың басында саяси және экономикалық жағдай қалыптасқанын түсіндіру қажет. Отырықшы өмірге көшу, дүниетанымның және жаңа тарихи шығармашылық тәжірибенің қалыптасуына әкеліп, ол басқа ақиқат социомәдениетті қалыптастырды, ол өз кезегінде жаңа көркем ақиқаттың тууына әсерін тигізді.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытовтың шығармашылығының дәстүрлік көзқарастарының дамуына көңіл бөліңіз. Сан идеясының трансформациясы, жарық, музыка және олардың ойлары. Адамның дәстүрлі мәдениетте ішкі әлеммен қарым-қатынасының гармониялығы ХХ ғ. басында адамның ішкі әлеммен байланысуына әсерін тигізеді.


Тақырыптың мазмұны
1. Жаңа адамның пайда болуы, жеке дара санасының рефлективтілігі.

2. «Жауапкершілік», «ізденіс», «іскерлік» «қылық» - ХХ ғасыр адам болмысының тәсілі секілді.

3. Этикалық және эстетикалық жауапкершілік арқылы адамның әлеммен байланысы (М. Ж. Көпеев), адам болмысының рухани негізін іздеу (С. Торайғыров), адами қылықтар мен іс-әрекеттер (Ж. Аймауытов).

Біздің ойымызша М.Ж. Көпеевтің мұраларында жарқын бейне символикасы айқын ұсынылған. Бір жағынан қарағанда дүние символы арқылы, адам және құдай біртұтас болып келеді. Басқа жағынан қарағанда, космологиялық дүниеден басқа, М. Ж. Көпеевтің шығармашылығындағы адамның ішкі дүниесі туралы сипаттаған. Оның ойынша жақсы идеялар адамгершілікке апарады, жарық қараңғылықты жеңіп жақсылыққа әкелетін байлық болып табылады.

Адамның ішкі дүниесіндегі жарықтық, адамды жақсылық пен сұлулық жолына түсіреді. Дүние (жарықтық) қасиетті нәрсе сияқты, рақымшылдық пен махаббаты кейіптейді. Рақымшылдық, адам баласы арасындағы қатынасқа жауапты. Бұл жауапкершілік өзінің өмірі үшін ғана емес, басқалардың өміріне де жауапты. Сол идея арқылы М. Ж. Көпеевтің этика-эстетикалық шығармашылығындағы жауапершілік онтологиялық байланыс арқылы түсіндіріледі.

С. Торайғыровтың дүние (жарықтық) туралы мінездеме берді. Күн, ай, жұлдыз қазақ халқы үшін әлі күнге дейін құрметтеледі және оның салты мен дәстүрі сақталған.

С. Торайғыровтың «Таныстыру» деген поэмасында қазақтардың патриоттық сезімі туралы сипатталған. Мұнда ақын сол уақыт оқиғасын суреттеген жоқ, сол кездегі қазақ халқының бақыты үшін өмірін берген батырларды суреттеген. Ойшылдың айтуынша жарықтық-білімге деген жаңа өмірге деген және қараңғылықтан бақытқа әкелетін жол болып саналған. Мұнда біз жарықтық (дүние) С. Торайғыров үшін рақымшылдық пен қайғы болған жоқ, ол бір нәрсені ашу, ұмтылу болды. С. Торайғыровтың шығармашылығындағы этика-эстетикалықтың мәні адамның ішкі дүниесін түсінгісі келетіндігінде жатыр.

Ж. Аймауытовтың интерпретациясы адам мен әлем (құдаймен) арасындағы гармониялық байланысты іздестірді. Ж. Аймауытовтың ойынша, жарық дүние ол – әрбір адам баласына жақсылық жасау, қамқор болу. С. Торайғыровтың шығармашылығы бойынша адам мен әлем және адам мен қоғам арасындағы байланыс-гармониялық. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» дастанында өсу градациясы арқылы жазған «Мен бала, мен жігіт, мен тоқтадым, мен кәрі, мен өлік». С. Торайғыровтың пікірінше адам балалық шағында әлеммен байланыста болуға дем берілген, өкінішке орай үлкейген сайын дисгармония халіне келеді.

Ж. Аймауытовтың символикасы, өсу салт-жоралары арқылы емес, керісінше сандық символикасы арқылы сипатталған. Мұнда сандық гармония адам мен әлемнің арасындағы уақиғалар цикл арқылы болған екенін дәлелдейді. Қартқожа, Ақбілектің (тылдағы жұмыс, оқу, үйден кетуге мәжбүрлік) және үйге қайтуы цикл арқылы жаңадан болып келеді. Батырлардың туған жеріне оралулары, сол уақытта қашықтық және уақытта жеңіс жүреді, ол ішкі әлемді өмірлік тәжірибесі және білімі арқылы жаңа әлемдік жетістікке жетуге көмектеседі. Біздің көзқарасымызша, адамды өмір жолының жаңа жолына әкеледі. Біз – әділдік, ол басқа үшінші жоғарыда айтылған идеялардың шығуы. Батыр (тезис) ауылынан кеткенде (антитезис), жаңа уақытта, жаңадан келеді (синтез). Бірақ мұнда сандық гармония магиялық әрекет арқылы ұсынылады.

Сонымен, біздің ойымызша М. Ж. Көпеевтің этика-эстетикалық көзқарасы адамның әлемге деген өзара жауапты әрекетімен анықталады, ал С. Торайғыров үшін ол адам болмысының рухани ізденісімен байланысты, Ж. Аймауытов оны шабыт пен адамның іс-әрекетімен бірлікте байланыстырды. Бірақ адам әлемі болмысының тәсілдері М. Ж. Көпеевпен, С. Торайғыровпен, және Ж. Аймауытовпен ХХ ғасыр басына негізделген, біздің ойымызша ежелгі қазақтар сан ғасырлық дәстүрлі мәдениеттен түйінделеді, ол міндетті императив, өзінде жауапкершілік арқылы көрінеді, рухани ізденістерге және рухани әрекеттер арқылы шыңдалады. Осы жерде «жауапкершілік», «ізденіс», «әрекет», «жағымды қылық» деген терминдер қазақ ойшылдарының философиялық-поэтикалық өлеңдерінде арнайы түрде көрсетілмеген. Бірақ дүниетанымдық универсалии олардың философиялық ойларын анықтайды, ол рухани адамгершілік ізденістерде негізделуші негіз болып табылады.

Зерттеліп отырған ойшылдардың теориялық дүниетанымда көшпелі дәстүрдің дамуы жалпы схемалық белгілер арқылы қабылданған.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау