СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
22
алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай
жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сая-
сатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы
топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері
үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды
рөл берілетінін атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік
қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне
этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық
ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік
материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика
және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері»
оқу құралы болып табылады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып-
тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа-
лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу-
мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша
бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей
айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді
сарапшылар шақырылады.
ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын»
жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы
ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай
мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады,
азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздыр-
майды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен
бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе
жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр-
лігінің сайтында жазылса болғаны.
2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері
полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды
және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар
деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге
отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды,
енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым
көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі.
Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері
пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды.
Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы
бұзушылықтар азайды.
3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда
медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
23
тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ,
бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы
деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны
35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады.
Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке
күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті
тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің
өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп
грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі
оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы
еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы
реформалау жылдары 15–40 есеге артты.
5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны
18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды.
Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция,
санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.
6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі
қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы
толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы
бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.
7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін
әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді.
Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі
барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық
база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері
бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі [2; 3].
Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси
экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда,
Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында
ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас
міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп, қолданыла
алады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты
қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және
Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас
жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл
ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас
жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады.
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы
және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр
лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында
Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет
басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты
байлығы болып табылады және солай болып қалады».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар
ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады:
– қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру;
Достарыңызбен бөлісу: |