18
сипаттайтын кинематикалық шамалар», «Кҥштің тҥрлеріне сипаттама»
тақырыптарында кесте қҧруды тапсыру және кестеге талдау жасату физика
пәнін тереңірек меңгеруге себін тигізеді.
Білім алушы ассоциограмма, кесте не глоссарий қҧрғанда оқулықпен,
сӛздіктермен жҧмыс істеп ҥйренеді. Қазір барлық мәлімет, ақпарат ғаламтор
қорында тҧр. Білім алушы міндетті тҥрде оңай жолды таңдайды. Сондықтан
білім алушыларға кемінде 3-5 әдебиетпен жҧмыс істеуді және әдебиеттердің
қайсысында кӛпшілікке анағҧрлым тҥсінікті тілде жазылғанына талдау жасату
дҧрыс. Бҧл ӛз кезегінде білім алушыларды әдебиетпен жҧмыс істеуге
дағдыландырады.
Ӛзіндік жҧмыстың тағы бір тҥрі – эссе. Эссе тақырыбын ӛтілген
теориялық білімді ӛмір-тіршілікте қолдануымен байланыста берген тиімді.
Білім алушы сабақта ӛтілген материалдың адам ӛмірі ҥшін маңызымен және
қолданылу аясымен танысады. Мәселен, физика пәнінен эссе тақырыбын
«Ҥйкеліс және оның пайдасы мен зияны», «Іштен жану қозғалтқышының
тҥрлері және оның қоршаған ортаға әсері», «Электр энергиясы ӛндіру.
Баламалы энергия кӛздеріне экологиялық сипаттама» және т.б. тҥрде беру білім
алушылардың танымдық кӛзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Келтірілген
тақырыптар пәннің басқа пәндермен, сондай-ақ адам ӛмір-тіршілігімен
байланысын тереңірек тҥсінуге мҥмкіндік береді.
Білім алушылардың ӛзіндік жҧмысын ҧйымдастырудың тағы бір тҥрі -
ӛтілген материал бойынша тест тапсырмаларын қҧрастыруды ҧсыну. Тест
тапсырмаларын әр тҥрлі нҧсқада, яғни жауаптары «дҧрыс» және «дҧрыс емес»,
сондай-ақ бірнеше жауап ішіндегі дҧрыс жауапты табу сияқты тҥрде
қҧрастыруды талап ету. Оқытушы тест тапсырмаларының сапасын тексеріп,
оларды ӛзара ауыстырып беру арқылы білім алушыларға бір-бірінің білімдерін
бағалауға мҥмкіндік жасайды.
Білім алушылардың аудиториядан тыс ӛзіндік жҧмысы ретінде 1-суретке
реферат, баяндама, курстық жҧмыс, тҥрлі кейс- және ғылыми жобаларды
орындауды қосымша ҧсынуға болады. Бҧл пәннің ерекшелігіне қарай
таңдалады. Білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстарын ҧйымдастыру жолдарын
пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешенде толық келтіру маңызды.
Әр ӛзіндік жҧмысты орындағанда бағалау критерийі мҧқият жасалуы тиіс.
Оқытушының ҥздіксіз ізденісі мен талап қоя білуі, оның ішінде обьективті баға
қоюы шәкірттерге сапалы білім берудің кепілі екені негізгі мәселе.
19
1-сурет. Білім алушының ӛзіндік жҧмысын ҧйымдастыру.
Әдебиеттер:
1. Нигметжанова Г.К. Студенттің ӛзіндік жҧмыстарын тиімді
ҧйымдастыру// Вестник КАСУ, №1, 2008 ж. – 108-110 б.б.
2. Жаксылыкова Н.Е. Инновационные технологии и методы обучения в
профессиональном образовании //КазНАУ. Исследования, результаты.
Научный журнал, выпускаемый ежеквартально. № 3, 2012 г. – С.5-8.
3. Асқарова Г.Ш., Асанова Г.Ж. «Экология және тҧрақты даму» пәнін
оқыту барысында білім алушылардың белсенділігін арттыру //Уалихановские
чтения-18: Сборник материалов Международной научно-В 17 практической
конференции. – Кокшетау, 2014. – 336 с., Т.7.
БАӚЖ
Дәріс сабағы
Практикалық
сабақ
Зертханалық
сабақ
1. Белсенділендіру
сҧрақтары
2. Диктант
3. Кесте қҧру
4. Ассоциограмма қҧру
5. Эссе
6. Тест тапсырмалары
7. Глоссарий қҧру
8. Презентация
9. Талдау жасау
10. Зияткерлік карта
қҧрастыру
11. Қҧбылыстың
физикалық мағынасы
1. Теориялық білімді
пысықтау
2. Формуланы
қорытып шығару
3. Тақтада есеп
шығару
4. Кҥрделілігі әр
тҥрлі есептер
шығару
5. Ӛз бетінше есеп
шығару
6. Ӛлшем бірліктерді
тҥрлендіруді білу
7. Ӛлшем бірліктерді
бірліктердің ХЖ
бойынша тҥрлендіру
8. Талдау жасау
9. Бақылау жҧмысы
1. Теориялық білім
2. Қҧрал-
жабдықтардың
жҧмысы
3. Қҧралдардың
бӛлік қҧндары
4. Зертханалық
жҧмыстың орындалу
реті
5. Тәжірибенің
нәтижесін ӛңдеу
жолдары
6. Ҧсыныс жасау
Аудиториялық және аудиториядан тыс
20
ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ
ЖҦМЫСТАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР МАЗМҦНЫ
Әйкен Г.
Кӛкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті
aiken_gul@mail.ru
Әлемнің жетекші елдерінің кӛпшілігі білім беру жҥйесін, білім берудің
мақсатын, мазмҧны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын
болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды,
іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және
кәсіби біліктілікке – ақпаратты ӛзі іздеп табу, талдау және ҧтымды пайдалану,
жылдам қарқынмен ӛзгеріп жатқан бҥгінгі дҥниеде лайықты ӛмір сҥру және
жҧмыс істеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегі қайта қҧрулар, экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы
мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды тҥбегейлі ӛзгертті.
Орта білім беру жҥйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген
анағҧрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті)
теорияға негізделген тәсіл кең тараған.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының
пәнді терең тҥсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың сындарлы
теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тҧтқан мҧғалімнің ӛз сабақтарын
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ҧйымдастыруын талап етеді [1].
Сапалы оқытудың маңызды факторы мҧғалімнің оқушының тақырып
мәнін ӛз бетімен меңгеруін тҥсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі
оқытудағы сындарлы тәсіл бҧл ҥдеріске оқушының ӛзінің де қатысуын талап
етеді. Осылайша, оқушы да ӛзінің оқуы ҥшін жауапты болады. Оқушы мҧндай
жауапкершілікті кӛбіне сабақ беру барысында мҧғалім қалыптастыратын
ортада сезініп, қабылдайды [2].
Мҧғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде
қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырса ғана табысқа жетеді.
Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мҧғалімнің
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты [3].
Тӛменде физика сабағында орындалатын зерханалық жҧмыс ҧсынылған.
Мҧндай ҥлгідегі тапсырмалар оқушының зерттеу жҧмысында ӛзіндік мақсаттар
қоя отырып, зерттеу жҧмысын терең тҥсінуге жағдай тҧғызады. Берілген
критерий бойынша оқушы ӛз-ӛзін бағалай алады. Тапсырма мазмҧны белгілі
бір тақырыпты білу, тҥсіну қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейінде
жоғарғы мақсаттармен сыни ойлау дағдысынан қарастырылуы тиіс. Әдетте
дәстҥрлі тапсырмалар мазмҧны тӛмен деңгейдегі мақсаттарды қамтиды [4].
Достарыңызбен бөлісу: |