130
танысып ӛнімнің меншікті қҧнын, еңбек ӛнімділігін, шығын, тҥсім, т.с.с.
есептеулерді ҥйренеді. Мысалы ӛзім сабақ беретін «Есеп және аудит»
мамандықтарына математика пәнінен ӛтілетін тақырып мазмҧнына сәйкес
«нарықтық қатынастардың алғашқы элементтерін» тҥсіндіріп, кәсіпкерлік,
бизнестің негіздері жӛнінде оқытып келемін. Оқушылар белсенділігін арттыру
мақсатында әрбір жаңа терминді тҥсіндіру ҥшін мысал арқылы жергілікті
акционерлік қоғамдардың жҧмыс істеу жолдарын кӛрсету арқылы нақтылап
отырамын. Бҥгін қарастырылатын материалдар экономикалық процестерді,
есептерді шешудің негізі болып табылады.
Мысалы: 1) Заттың бағасы бірінші рет 20%-ке, екінші рет 10%-ке
арзандатылған соң 540 тг болды. Заттың алғашқы бағасы неше теңге болған?
2) Бірінші егістіктің әр гектарынан 40 ц астық жиналды. Ауданы 30 га
екінші егістіктен барлығы 960 ц астық алынды. Қайсы егістіктің бір гектарынан
алынған астықтың тҥсімі артық және қанша артық?
3) Сатушы базарда 2 кҥн бойы қызанақ сатты. Бірінші кҥні тҥске дейін
1кг-50 теңгеден 20кг, ал тҥстен кейін килограмын 30теңгеден - 60кг сатты.
Сҧраныс тәуелділігінің сызбасын сызыңдар. 1кг қызанақтың ӛзіндік қҧны 20
теңге, айналым шығыны (кӛлік, салық) 1кг-ға 7 теңге болғандағы сатушының
пайдасы қанша?
4) Кӛкшетаудан Қызылордаға 20 тонналық 30 вагонмен астық жӛнелтілді.
1 тонна астықтың қҧны 2000 теңге. Тиеу және тҥсіру шығындары 40000 теңге
қҧрайды. Астық тасымалдау қҧны 1 тоннаға 1 теңге 5 тиын. Қызылордада
астықты қандай бағамен сату керек?
Сонымен бірге есептерді оқушылардың қызығушылығын арттыру ҥшін
«ХАЛЫҚ БАНК», «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ», «ЕВРАЗИЯЛЫҚ БАНК»
арасында салыстырмалы тҥрде шығартқан дҧрыс. Мысалы: «Процент»
тақырыптарында да осы тектес әдістерді қолданамын.
Мысал: Автокӛлік сатып алу ҥшін банктен 5000 $ несие алуды
қарастырайық. Банктің ӛз қызығушылығы болу керек, сондықтан оның
шарттары мынадай: несиені ӛтеу мерзімі 3 жыл, пайыздық мӛлшерлеме – ай
сайынғы жылдық 12 %. Мәндерін қоя отырып есептесек R = 166.07.
Тӛлемдердің жалпы сомасы 36*166,07 = 5978,52 болады, яғни автокӛлік
қҧнын арттырады. Бҧл арттыру банктің «қызығушылығы» болып табылады.
Сонымен экономикалық бағыттағы есептің жҥйесін жетілдірудің жетекші
бағыттары:
а) есеп мазмҧнындағы ақпараттардың жаңалығы;
ә)
пәнаралық байланыстың сақталуы;
б) есеп мазмҧнының оқушыны қызықтыратындай болуы, яғни есеп
мазмҧнына пайдаланған материалдың оқушы ӛміріне
етене жақындығы;
г) есеп мазмҧнының тәрбиелік маңыздылығы.
Сонда біз оқушыларға экономикалық мазмҧндағы есептерді шығарту
кезінде: 1) балалардың пәнге қызығушылығы артады; 2) болашақ мамандығына
бағыт бағдар бердім; 3) сабақты нақты ӛмірмен байланыстырып болашақта
пайдаға асатынына кӛздерін жеткіздім; т.б.
131
Міне қазіргі бәсекеге қабілетті қоғамда жаңа нарықтық қатынастар
дамыған кезеңде мектеп оқушыларынан бастап экономиканың алға басуына
ҥлес қосуды ойлайтын болса біздің мемлекетіміз ең бай, ең қуатты мемлекет
болар еді дегенді айтар едім. Ӛмірде ӛзінің кәсібі бойынша әр тҥрлі
қҧралдарды, жҧмыстың сипаты бойынша қолдана алатын адам, әмбебап
тәсілдерді меңгерген адамға қарағанда артық нәтижеге жетеді.
Әдебиеттер:
1. К.Аганина, Ж.Абибуллаева. Мектепте экономикалық білім негіздерін
оқыту тәжірибесінен. «Математика және физика» журналы №3, 2003 ж.
2. «Педагогтың
кәсіби деңгейін ӛсіруде әдістемелік жҧмысты
ҧйымдастыру жолдары» Орақова А.Ш., Баймҧратова Ж.О., Алматы 2008 жыл.
3. Н. Назарбаев – «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» - Қазақстан халқына
жолдауы 2007 ж
.
4. Математика және физика. № 2,5. 2005 жыл
5. Математика және физика. № 3,4,5. 2008 жыл.
6. Интернет материалдары.
АҚЫРЛЫ ӚРІСТЕРДІҢ ҚОЛДАНУЛАРЫ
Ахметжанова К.О., Сердалы А.К.
Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті
akhmetzhanova_ko@enu.kz
,
aika_89_06@mail.ru
Анықтамалар мен белгілеулер [1] монографияда келтірілген.
Ақырлы ӛрістердің қолдануларының негізгі бағыттарының бірі - кодтау
теориясы. Қазіргі уақытта ақпарат жіберу мәселелері маңызды
мәселелерге
айналды. Сол мәселелердің ішінде - ақпаратты шулы арна бойынша сенімді
тҥрде жіберу мақсатында оны кодтау және кодсыздандыру. Әдетте, элементтері
ақырлы алфавиттен алынған ақырлы тізбекті символдардан тҧратын
хабарламаны жіберу керек. Мысалы, бҧл алфавит 0 және 1 символдарынан
тҧрсын, онда бҧл хабарламаны екілік жҥйеде жазылған сан ретінде
қарастырамыз. Жалпы жағдайда, осы ақырлы алфавитіміз ақырлы ӛріс болып
табылады.
Кодтау теориясының негізгі мәселесі -
байланыс арнасының шуы
нәтижесінде пайда болатын қателер ықтималдығының ең аз болуында.
Хабарлама жіберудің сенімділігін арттыру әдістері ақырлы ӛрістердің
қасиеттеріне негізделеді.
Кодтар екі ҥлкен класқа бӛлінеді. Қателікті тҥзетуші кодтар жіберілген
хабардың 1-ге жақын ықтималдықпен қалпына келтіруді мақсат тҧтады.
Қателікті айқындаушы кодтар 1-ге жақын ықтималдықпен нақты қателікті